Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 - сынып. Ырықсыз етіс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалімнің аты-жөні: |
Мухтарова Ш.Б |
||||||||||||
Пән/Сынып: |
Қазақ тілі, 6-сынып |
||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
|
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ырықсыз етіс |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||
Оқу мақсаты: |
6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. |
||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Тыңдалым мәтіні бойынша тапсырмалар орындау |
||||||||||||
Бағалау критериі: |
|
||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||
Басталуы |
I.Ұйымдастыру кезеңі II. Психологиялық ахуал Оқушылармен амандасу «Мен көңіл күй сыйлаймын» тренингі Үй тапсырмасын «Шынжыр» әдісі арқылы тексеру |
Мұғаліммен амандасып, «Мен көңіл күй сыйлаймын» тренингіне қатысып, үй тапсырмасын «Шынжыр» әдісі арқылы айтады. |
Төреші әдісі |
1 – 5 арасындағы баллдық шкала Класстер |
|||||||||
Ортасы |
Жаңа тақырыппен таныстыру Қызығушылықты ояту. «Көршіме айтамын» әдісі. Сұрақтарға жауап береді. - Етістік дегеніміз не? - Етістіктің қандай түрлері бар? - Етіс дегеніміз не? - Етістің түрлері? - Өздік етіс дегеніміз не? - Өзгелік етіс дегеніміз не? Ой қозғау. Ырықсыз етіс Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б. Тапсырмалар: 1-тапсырма. Берілген етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасында жазып сөйлем құраңдар. -жасау -құрастыру -ұйымдастыру -құю -алу -көрсету 2 – тапсырма. Берілген етістіктерді бөліп салыңдар. Айтты. Көрсетті, жасайды, сақтайды, тапсырдық, әкелді, жасалынды, көрсетілді, түсіндірілді,айдадық, құйды, қостым, айттым
3 – тапсырма. «Мақалбай атайдың мақалдары» Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер, құрамындағы етістерді табығдар. Бір лақ екі адамда талтаңдатады. Тұяқ тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер. Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер. 3.Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қонсы қондырмас. 4.Жолдасы жақсы жауға алдырмайды, Қара басын дауға қалдырмайды. 5. Өрісті жолға елге жеткізер, Өзен-су көлге жеткізер. Соқпақ жолға жеткізер, Жол молға жеткізер.
|
1«Көршіме айтамын» әдісі. Сұрақтарға жауап береді. - Етістік дегеніміз не? Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. - Етістіктің қандай түрлері бар? Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді. - Етіс дегеніміз не? Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі. - Етістің түрлері? Өздік, өзгелік, ыырықсыз, ортақ етіс - Өздік етіс дегеніміз не? Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. - Өзгелік етіс дегеніміз не? Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Тапсырмалар: 1-тапсырма. Берілген етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасында жазып сөйлем құраңдар. -жасау - жасалды -құрастыру - құрастырылды -ұйымдастыру - ұйымдастырылды -құю - құйылды -алу - алынды -көрсету - көрсетілді 2 – тапсырма. Берілген етістерді бөліп салыңдар. Өздік – айттым, қостым, айтты, көрсетті Өзгелік – жасайды, сақтайды,, құйды Ортақ - тапсырдық, айдадық Ырықсыз – жасалынды, көрссетілді, түсіндірілді 3 – тапсырма. «Мақалбай атайдың мақалдары» Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер, құрамындағы етістерді тауып, көрсетіңдер Бір лақ екі адамда талтаңдатады. Тұяқ тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер. Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер. 3.Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қонсы қондырмас. 4.Жолдасы жақсы жауға алдырмайды, Қара басын дауға қалдырмайды. 5. Өрісті жолға елге жеткізер, Өзен-су көлге жеткізер. Соқпақ жолға жеткізер, Жол молға жеткізер. |
Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді 2 балл
«Шапалақ» әдісі
Дескриптор: Берілген етістііктерді ырықсыз етіс тұрғасында жазады. 2 балл «Бас бармақ әдісі»
Дескриптор: -Берілген етістерді кестеге жазады 2 балл
\
Дескриптор: -Мақал – мәтел мағынасын түсіндіреі -құрамындағы етістерді табады 4 балл
«Төреші» әдісі |
Класстер АКТ |
|||||||||
Аяқталуы |
Кері байланыс: «Балама тестін» орындау.
Етіс – етістіктің бір түрі. Иә + Жоқ. Етістің бес түрі бар. Иә. Жоқ+ Ырықсыз етіс-қимылдың басқа біреу арқылы жасалғанын білдіреді. Иә. Жоқ+ Ырықсыз етіс жұрнақтары: -ыл, -іл, -л. Иә + Жоқ. СӨЗ АЙТЫЛДЫ – ырықсыз етіс. Иә + Жоқ. Үйге тапсырма: Құрамында ырықсыз етістік кездесетін өлең шумақтарын жазу |
Кері байланыс жасайды.
Үй тапсырмасын алады. Оқушылар бағаланады |
Мадақтау Жарайсыңдар! |
|