Материалдар / 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

9 «а» сыныбы

Сабақ тақырыбы: «Эссе, пікір айту, болжау жанры»

Сабақтың мақсаты: Публицистикалық стиль түрлері эссе, пікір айту, болжау бойынша түсініктерін пайдалана отырып, іс жүзінде қолдану.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Жаңа терминдер мен түсініктерді тапсырмаларды орындау арқылы меңгеру.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасай білуге баулу, іздене білуге бағыттау, бейнебаян арқылы шығармамен жұмыс істеу әрекеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа баулу, тілін сүюге тәрбиелеу, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Критериилер: - Мен публицистикалық стиль түрлерін орынды қолдана аламын.

  • Мен публицистикалық түрлерін ажырата аламын.

  • Мен өз ойымды қағаз бетіне сауатты түсіре аламын.

  • Мен өз айтқанымды дәлелдей аламын.

Нәтиже:

    1. Жаңа тақырыпты игеріп, білімдерін толықтыру.

    2. Жазбаша, ауызша жұмыстарда белсенділік таныту.

    3. Топта жұмыс істей алу.


кезеңдер

уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин.

Сәлемдесу.

1.Тіл тақырыбында өлең шумағын оқып, оқушыларды сабаққа дайындау.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

2.Топқа бөлу, эксперт тобын сайлайды (стикер арқылы)

Оқушыларға шығармашылықпен айналуға жағдай жасайды

Сәлемдесу.

Оқушылар өлеңді тыңдай отырып, тіл қасиетін түсінеді, сабаққа өздерін дайындайды.

Берілген қағаз қиындыларын түсіне және жазылған сөзіне қарай топтастырып, сол арқылы топқа бөлінеді.Сабақ тақырыбы мен мақсатын ашады.

Топқа бөлінеді. Эксперт тобының мүшесін анықтайды

«Топтастыру» стратегиясы

Өткенді қайталау

3 мин.

Мұғалім қайталау сұрақтарын береді.

1. Публицистикалық стильдің қолданылатын орны

2. Публицистикалық стильде қандай тілдік бірліктер қолданылады?

3. Публицистикалық стильде қандай сөйлемдер қолданылады?

4. Публицистикалық стильдегі қарым-қатынас мақсаты

5. Публицистикалық стиль түрлері

Жауабын ауызша айтады.



Әр дұрыс жауапқа эксперттер топқа ұпай береді.

АКТ

Үй жұмысын тексеру

5 мин



ЭКСПО – 2017 жайлы пікірлерін тыңдау


Нұсқаулықпен таныстырады,тыңдайды.


Әр топтан бір жұмыс оқылады, эксперт тобы бағалайды

Бағалау критерийлері:

Ойларын анық ашып, сөйлеу мәдениеті – үздік

Ойларын толық жеткізбей, дәлелдемелер айтса – жақсы

Толық емес орындалған тапсырма - орташа

Топпен жұмыс

Эксперт сөзі

Жаңа сабақты меңгеру

15 мин.

Бейнебаян көрсетеді М.Мақатаев «Отан» өлеңі


Нұсқаулықпен таныстырады.

Жауаптарын тыңдайды.

Қателер болса, түзеп түсіндіреді.

Топтар көрген бейнебаян бойынша шағын эссе жазады.

Әр топ айтылған ойларға пікір айтады.

«Болжау» тобы «Қазақстан - 2050» атты тақырыпта болжау айтады

Өздігінен тақырыпты меңгеру.


Топта жұмыс

Жаңа сабақты бекіту

12 мин.

Нұсқаулықтармен таныстырады.

Жауаптарың тыңдап, қателіктерін түзейді.

Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» -

100 жыл






96 беттегі 87-жаттығумен жұмыс жүргізеді

«Эссе» тобы жазушы стиль ерекшелігіне байланысты пікір айтады.

«Пікір айту» тобы осы сарында үндеу айтады.

«Болжау» тобы қаратпа сөздердің қолданысын айтады.


Мәтінмен жқмыс

Рефлексия

3 мин.

«шығу парағы» стратегиясы

«Шығу парағын» толтырады.

«шығу парағы» стратегиясы

«Шығу парағы»

Не ұқтым?

Не ұнады?

Ұсыныс

Үй тапсырмасын беру

2 мин.

Эссе, пікір айту, болжау түрлерін жазу алгоритмін құрып келу



Бағалау

2 мин.

Эксперт тобына сөз беріледі

Эксперт тобы бағалап пікір айтады

Бағалау парағы



«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ашық сабақ жоспары

Қазақ тілі




Сабақ тақырыбы: «Сұрау, өздік есімдіктері»

Сынып: 6 «а»


Пән мұғалімі: Рахимбаева А.К.












2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!