Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сынып Ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу ісінің орынбасары: С.Төлек
Күні: |
12.04.2018 |
Пәні: информатика |
Сыныбы: 6 |
||
Тақырыбы: |
«Презентация құру, безендіру шаблондары» |
||||
Мақсаты |
Microsoft Power Point бағдарламасы туралы оқушыларға түсінік беріп, Microsoft Power Point бағдарламасымен жұмыс жасауды, әртүрлі презентациялар жасауды және Microsoft Power Point бағдарламасының мүмкіншіліктерін үйрету; |
||||
Күтілетін нәтиже |
Презентациялар құру, безендіру, шаблондарды пайдалана білуді үйренеді. |
||||
Түйінді идеялар (кілтті сөздер) |
Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. М.Қашғари |
||||
Сабақ кезеңдері: |
Сабақ барысы |
Бағалау |
Ресурстар |
||
1.Кіріспе |
«Қуанамын мен де» (өзің көрсету) «Қуанасын сен де» (жанындағы досын көрсету) «Қуанайық достарым» (бір-бірінің қолдарынан ұстау) «Арайлап атқан күнге» (қолдарын жоғары көтеру) 3 мин |
Топ басшылары бағалайды |
Интербелсенді тақта |
||
2.Тұсаукесер |
|
Жұптасып тексеру, бағалау |
Стикер, маркер, интербелсенді тақта Семантикалық карта |
||
3.Негізгі бөлім |
|
Үш шапалақ Бас бармақ арқылы бағалау |
Таратпа материалдар |
||
4.Қорытынды |
«Кубизм» стратегиясы арқылы жаңа сабақты бекіту(Әр топтан бір оқушы шығып,кубикті лақтырады. Кубиктің жан-жағында сұрақтар нөмері берілген. Сол сұрақтарға жауап айтады) 5 мин |
Бағалау парағы |
Кубик |
||
Қосымша оқу Үйге тапсырма |
Интернеттен қосымша ақпарат іздеу 5 сұрақтан тұратын тест |
|
|
||
Рефлексия |
«Білдім», «Білемін», «Не білгім келеді?» инсерт кестесін толтыру 5 мин |
|
кесте |
||
Не сәтті өтті? Нені дамыта аласыз? |
Оқушылардың «Постер» әдісі бойынша қорғауы, өз ойларын жеткізе білді . Қорғау жұмыстарын, ойларын еркін жеткізе білуін. |
|
|
||
Не сәтсіз өтті? Нені өзгерткініз келеді? |
Таратпа материалдар өте көп болды (5 бет) Топтарға бөлу тәсілдерін, уақытты үнемдеуді. |
|
|
Сөзжұмбақ
1. Файл менюі экранның қай қатарында
орналасқан?
(тақырып)
2. Бос презентация құру үшін файл менюіндегі
қай команданы таңдаймыз?
(Құру)
3. Көшірілген объектіні слайдқа қою үшін
қандай батырманы басамыз?
(Енгізу)
4. Көшіру командасы тақырып қатарындағы қай
менюде орналасқан?
(Түзету)
5. Power Point программасымен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін техника?
(Компьютер)
6. Слайдтарды безендіру элементі
(Фон)
7. Фон командасына тақырыптар қатарындағы қай
меню арқылы шығамыз?
(Формат)
8. Презентацияның әр слайдын жеке қарауға,
өңдеуге мүмкіндік беретін режим
(Слайд)
9. Ендірілген объектілерде екінші түс ретінде
қолданылатын түс
(Ақниет)
10. Құю сұхбат терезесіндегі екінші терезе
(Градиентті)
11.
Эффект
тағайындау үшін қандай команданы орындаймыз? (Анимация
қосу)
:Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға MS Office дестесінің бір бағдарламасы-
MS Power Point- тың құрылымы, мүмкіндіктерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша, шығармашылық тұрғыда
ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі , практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады).
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайдтар, принтер, проектор- экраны,
парақшалар. .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушылармен сәлемдесу
б) Журналға белгі соғу
в) Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«MS Office» ассоциациясы
-
Microsoft Word дегеніміз не?
-
Microsoft Word программасын іске қосу жолдары
-
Microsoft Word терезесінің құрылымын атаңыз?
-
Microsoft Word құжатының кеңейтілімін ата?
-
Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтайды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақтаға күннің реті мен жаңа тақырыпты жазу
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.
Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:
Бастау-Барлақ Бағдарламалар- Microsoft Office -Microsoft Power Point
Power Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезесінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді
-
Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды
-
Стандартты құралдар үстелі- Power Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.
-
Пішімдеу құралдар үстелі- пішімдеу әміріне арналған батырмаларды қамтиды
-
Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған
-
Жұмыс аймағы- слайдтарды жасауға, онда нысандарды мәтінді, суреттерді диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.
-
Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды
-
Күй жолағы- құжат ақпаратын қамтиды
-
Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
Microsoft Power Point- та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.
Power Point- та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:
Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды.Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.
Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады.
1- кезең. Бақылау сұрақтары
-
Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?
-
Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
-
Автомазмұн шебері қалай қосылады?
-
Презентация дегеніміз не?
-
Бос презентация қалай құрылады?
-
Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
-
Слайдтарды қалай баспаға береміз?
2- кезең. Электрондық оқулықпен жұмыс