Материалдар / 6-СЫНЫП, БЖБ 3-ТОҚСАН «Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6-СЫНЫП, БЖБ 3-ТОҚСАН «Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
6-СЫНЫП, БЖБ 3-ТОҚСАН «Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
774
22 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тақырып:

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер.Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Цетрлік симметрия. Осьтік симметрия. Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Оқу мақсаты:

6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік

фигураларын кескіндеу;

6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар

басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы

нүктелер мен фигураларды салу;

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен,

координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

Бағалау

криттерийі : Білім алушы:

Параллель, перпендикуляр түзулердің анықтамасын біледі;

Кескіні бойынша жазықтықтағы және кеңістіктегі фигураларды ажыратады.

Тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелерді салады;

Кесінділердің немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық о осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады;


Ойлау дағдылары деңгейі:Білу,түсіну.

Қолдану

Орындау уақыты: 20 минут









Тапсырмалар:





























«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау



І нұсқа


  1. Дұрыс жауабын сәйкестендіріңіз :



1.Параллель түзулер


А) бір-бірімен тік бұрыш жасап қилысатын түзулер;

В) кез келген өзара қилысатын түзулер ;

2.Перпендикуляр

түзулер.

С) бір- бірімен қилыспайтын түзулер

[ 2 ]

2.Берілген кестедегі фигуралардың ішінен қайсысы жазықтықтағы және

кеңістіктегі фигуралар екенін табыңыз.




A

B



С

D

Жазықтықтағы фигуралар:______________________________

Кеңістіктегі фигуралар:______________________________

[ 2 ]

  1. Координаталық жазықтықта A(2;3) нүктесі берілген (1- сурет).Осы

нүктеге ОХ осіне, ОУ осіне және координаталар бас нүктесіне қатысты симметриялы нүктелерді белгілеңіз.


[3]


1- сурет

4.Координаталық жазықтықта мына А(-3;7), B(5;-1), C(3;6), D(-3;-3) нүктелерді белгілеңіз.

а) АВ және СD кесінділерінің қиылысу нүктесінің координаталарын табыныз.

b) АВ кесіндісінің абсцисса осімен және СD кесіндісінің ордината осімен қиылысу нүктесінің координаталарын табыңыз. [5]




«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлім бойынша жиынтық бағалау



ІІ нұсқа


1. Дұрыс жауабын сәйкестендіріңіз :



1. Параллель түзулер.


А) бір-бірімен тік бұрыш жасап қилысатын түзулер;

В) екі түзудің ортақ нүктесі бар болса ;

2. Қиылысатын

түзулер.

С) бір- бірімен қилыспайтын түзулер



[ 2 ]


2.Берілген кестедегі фигуралардың ішінен қайсысы жазықтықтағы және

кеңістіктегі фигуралар екенін табыңыз.






A

B

С

D

Жазықтықтағы фигуралар:______________________________

Кеңістіктегі фигуралар:_________________________________ [ 2 ]


3. Координаталық жазықтықта A(2;3) нүктесі берілген (1- сурет).Осы

нүктеге ОХ осіне, ОУ осіне және координаталар бас нүктесіне қатысты

симметриялы нүктелерді белгілеңіз.


1- сурет

[ 3 ]


4.Координаталық жазықтықта мына А(-2;6), B(4;-1), C(4;6), D(-2;-3) нүктелерді белгілеңіз.


а) АВ және СD кесінділерінің қиылысу нүктесінің координаталарын табыныз.

b) АВ кесіндісінің абсцисса осімен және СD кесіндісінің ордината осімен қиылысу нүктесінің координаталарын табыңыз.

[ 5]



Бағалау критерийлер кестесі


Бағалау критерилері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы


Параллель, перпендикуляр түзулердің анықтамасын біледі


1

Параллель түзулерді анықтайды

1

Перпендикуляр түзулерді анықтайды

1

Кескіні бойынша фигураны ажыратады, жазық және кеңістік фигураларын біледі



2

Жазықтықтағы фигураларды анықтайды


1

Кеңістіктегі фигураларды анықтайды.

1

Тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелерді салды




3



А нүктесіне ОХ осіне қатысты симметриялы нүктені салады


1

А нүктесіне ОУ осіне қатысты симметриялы нүктені салады


1

А нүктесіне координаталар басына қатысты симметриялы нүктені салады


1

Кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады

4


Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта салады

1


4 (a)

АВ және СD кесіндлерін жүргізеді

1

Кесінділердің қиылысу нүктесінің координаталарын табады.


1


4 (b)

АВ кесіндісінің абцсисса осімен қиылысу нүктесінің координаталарын табады.


1

СD кесіндісінің ордината осімен қиылысу нүктесінің координаталарын табады.

1

Барлығы

12





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!