400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

6-сынып Гиперсілтемелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Гиперсілтеме туралы тусінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:6

Күні: 22.04.2020ж

Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтемелер

Сабақтың мақсаты: 6.2.2 1 сілтемелерді ұйымдастыру

6.4.2.1 авторлық құқық,плагиат ұғымдарын түсіндіру


   Құжаттың көлемі үлкейген сайын, оның ішінен кажетті ақпаратты тез тауып алу мәселесі қиындайды. Қажетті бөлімге жылдам өтіп, оның қатесіне түзету енгізуге көп уақыт кетеді. Word мәтіндік редакторында осындай мәселені шешу үшін гиперсілтеме қолданылады.

Гиперсілтеме – құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне немесе жергілікті дискіде, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беретін гипер-мәтіндік құжаттың бөлігі.

Сілтеме қою электрондық мәтіндер мен құжаттарда оңай жүзеге асады.
   ​Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін, гиперсілтеме бергіміз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп алып, 
Вставка (Кірістіру) → Гиперссылка (Гиперсілтеме) командаларын орындаймыз (2-сурет).

Құрылымы гиперсілтемелер көмегі-мен құрастырылған  құжаттар мәтіні гипермәтін деп аталады.

Командалар орындалғанда Вставка гиперссылки (Гиперсілтемелерді кірістіру) сұхбат терезесі пайда болады (3-сурет). Гиперсілтемені құжатқа кіріктірудің 4 түрі бар.

 Мысалы, мәтіндік құжатта принтер сөзі кездесті делік. Сөзді ерекшелеп алып, осы тақырыптағы басқа файлмен немесе сондай деректерді қамтитын интернеттегі сайт адресіне гиперсілтеме орнатайық. Гиперсілтеме берілген сөздің түсі негізгі мәтіндегі қаріптерді түсі ауысады. Онда мәтіндегі гиперсілтемені іске қосу үшін CTRL пернесін басып тұрып, принтер сөзін тінтуірдің сол жақ пернесімен шерту қажет. Басқа гиперсілтемелерді беру үшін әрқайсысының өз сұхбат терезесінде тиісті командаларды орындаймыз.

Гиперсілтеме кіріктіру

1. Ерекшеленген объектіні сыртқы файл немесе веб-бетпен байланыстыру.
​2. Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру.
​3. Ерекшеленген объектіні жаңадан құрылатын жаңа құжатпен байланыстыру.
​4. Ерекшеленген объектіні электрондық поштамен байланыстыру.

   Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін құжатқа алдын ала Закладка (Бетбелгі) қоюымыз керек. Ол үшін 2-суреттегі Закладка (Бетбелгі) командасын орындасақ, оның сұхбат терезесі пайда болады (4-сурет).
   ​Сұхбат терезесінен көріп тұрғандай мәтіндік құжаттың 3 жерінде А, Б және С бетбелгілері қойылған. Енді құжат-тың бір бөлігінен бетбелгі қойылған тұсына жылдам өту үшін гиперсілтеме беретін тиісті объектіні таңдап, Гипер-сілтеме кіріктіру терезесіндегі (2-сурет) 2-әдіс арқылы А, Б, С бетбелгілерінің бірімен байланыстырамыз. Демек гиперсілтемелер көмегімен парақтары көп құжаттың бір бөлігінен екінші бір бөлігіне ауысуға болады екен.

   Гипермәтін ұғымын 1965 жылы Тед Нельсон енгізген. Оның тұжырымы бойынша, «Гипермәтін – мәтінді тармақтау немесе сұраныс бойынша әрекетті орындау» деген мағына береді. Әдетте, гипермәтін – оқыла-тын ақпаратты немесе оқылым тізбегін таңдауға мүмкіндік беретін, олардың арасында өту түйіндерін қамтитын мәтіндер жиынтығы.

   Гиперсілтемені құжаттан алып тастаудың бірінші тәсілі гиперсілтеме берілген объектіні тінтуірдің оң жақ  батыр-масымен шертуден пайда болған контекстік мәзірден Удалить гиперссылку (Гиперсілтемені алып тастау) командасын таңдау. Екінші тәсілі – гиперсілтеме берілген объектіні ерекшелеп, Вставка гиперссылки  (Гиперсілтемелерді кіріктіру) сұхбат терезесінен адрес жолағындағы сілтемені Удалить ссылку (Сілтемені жою) батырмасы көмегімен орындау. Гиперсілтемелер  электрондық қосымшалар, веб-сайттар, электрондық кітапхана және т.б. құрғанда өте қолайлы.

Гиперсілтеме – гиперссылка – hyperlink   
​Бетбелгі – закладка – bookmark


Оқу тапсырмалары:

  1. Гиперсілтеме мен гипермәтін дегеніміз не?

  2. Бір құжаттан мәтінге гиперсілтемені қалай кірістіруге болады?

  3. Плагиат дегеніміз не?

(Осы сұрақтарға жауапты дәптерлеріңе жазып алыңдар. §6,2 оқу 149-бет)




Сендерге сәттілік тілейміз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.04.2020
3180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі