Материалдар / 6 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар

6 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
199
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1-Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету

Сабақтың мақсаты:

  • Әлемдік және қазақ халқының зергерлік өнер туындыларын зерттеу;

  • Зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктері мен орындау технологияларын анықтау.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Ойын: «Атомдар-молекулалар». Оқушылардың әрбіреуі атомдар сияқты сыныпта абыл-сабыл жүреді. «Молекулалар – 2!» дегенде оқушылар екі адамнан біріге кетеді. «Атомдар» дегенде оқушылар қайтадан сынып бойымен абыл-сабыл жүре береді. «Молекулалар -3!» дегенде оқушылар қайтадан үшеуден топқа бірігеді. «Атомдар!» дегенде қайтадан бейберекет жүре бастайды. «Молекулалар-4!» дегенде қайтадан төрт адамнан топ құрайды.

Ойынды ойнау арқылы сабақты өткізу үшін қажетті топты құрастырып алуға болады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





РР.Оқушыларға әлемдік және қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қандай туындыларды тамашалап тұрсыздар?

  • Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

  • Қандай ұқсастықтары бар?

  • Қандай материалдардан жасалған?

  • Бұйымдардың функционалдық қызметі қандай?

(Т)Оқушылар қазақ халқының зергерлік өнер туындыларымен танысады, мысалы; білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек және алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы т. б.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз. Мысалы:

Қазақ халқының зергерлік бұйымдарының қандай түрлерін білесіздер?

Зергерлік бұйымдар қайда және қандай жерде қолданылуы мүмкін?

Зергерлік бұйымдар неден және қалай жасайды?

Бұл өнер түрінің қандай ерекшеліктері бар?

Бейнематериал тамашала.

Топтық жұмыс.

Зерттеу жұмысы.

Оқушылар шағын топтарда АКТ технологияларын қолдана отырып, зергерлік өнерін зерттеп, зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктері мен орындау технологияларын анықтайды. Оқушылар алынған мәліметтерге сүйене отырып, шағын топтарда талқылап, постер орындайды. Жұмыс нәтижесін аудиторияға ұсынады. Ұсынылған жұмыстарына баға беріледі.

1 топ – қазақ халқының ежелгі зергерлік бұйымдары зерттейді.

2 топ – қазақ халқының қыз-келіншектер арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.

3 топ – заманауи зергерлік бұйымдарды зерттейді.

4 топ – қазақ халқының ерлерге арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді. Таныстырылым:

  • Бір-бірін бағалау.

Сұрақтар қою.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

әлемдік және қазақтың ұлттық қолөнері мен өнер туындыларының ерекшеліктерін біледі.

зергерлік өнер туралы біледі;

Зергерлік өнер

1 Үлестірмелі материал


http://juvelirum.ru/tehniki-obrabotki-yuvelirnyh-izdelij/ukrasheniya-v-natsionalnom-stile-krasota-kak-traditsiya/

(әлемдік зергерлік өнері)

Зергерлік өнер сыры

https://www.youtube.com/watch?v=T9FXY7_J3_c

Зергерлік өнер https://www.youtube.com

/watch?v=L7XETvuL0Nc

Тапсырманы орындауға арналған үлестірмелі материалдарды қолдану ұсынылады.


Аяқталуы





Оқушылардың шағын топтағы орындалған жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдер арқылы бағалау.

  • «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түсіндіру.

Жазбаша немесе ауызша түрде кері байланыс беруді ұсыну.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру



















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Зергерлік бұйым нобайын орындау.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобай орындау;

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Бейнематериал тамашалау.

Зергер жұмысы туралы видео көрсету.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Зергер қалай жұмыс істейді?

  • Зергер үшін не маңызды?

  • Зергер бұйым жасау барысында неге назар аударады?

  • Қалай ойлайсыңдар, зергер болу үшін қандай болу керек?

Зергерлер идеяны қайдан алады?

Оқушылар амандасып,

бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, ойларын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар.

https://www.youtube.com/watch?v=GFLJcap3VKw





Ортасы





Бұйымды жасаудың кезеңдерін талқылау.

  1. Нобай құрастыру;

  2. Материалдарды таңдау;

  3. Бұйым жасау;

  4. Бұйымды әсемдеу.


Ой қозғау сұрағы:

  • Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

  • Композицияның қандай заңдылықтары бар?

  • Зергерлер әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

  • Зергерлік бұйым жасауда қандай металл түрлері қолданылады, неліктен?

  • Қандай асыл тастарды пайдалануға болады және адам ағзасына қандай пайдасы бар?

  • Сен өзің қандай қолайлы материалдарды қолданып зергерлік бұйым жасар едің?


Практикалық тапсырма.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін нобай орындауға кіріседі. Нобай альбомда орындалады.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын сараптап, оқушылар зергерлік бұйымдарға қолайлы материалдар таңдайды және бірнеше нобай үлгілерін жасайды. Нобай жасау барысында, таңдалған материалдарын ескеру қажет. Мысалы; фольга, сым түрлері, картон,түрлі түсті тастар, бисер, жіп түрлері т.б. Жұмыс барысында ұлттық нақыштар көрініс табуы қажет.Әр оқушы жасаған нобайларын іске асыру жоспарын құрастырады.

Жасаған нобайлары мен жоспарын жұпта талқылайды.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі







Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Бұйымның нобайы мен сызбаларын сызады.

Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныс.

Көркемдік материалдармен экперимент жүргізеді.

Голландтық өнертапқыш ластанған ауадан зергерлік бұйымдар жасап шығармақ https://www.youtube.com/watch?v=PSouWmG20XA



Аяқталуы



Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлербойынша бағаланады.

Рефлексия

«Үш минуттық пауза»

  • Мен өз ойымды ..... өзгерттім

  • Мен көптеген мәлімет білдім....

  • Мені таңқалдырғаны....

  • Мен сезіндім.....


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

  • Зергерлік бұйымдарды жасауға арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды зерттеу;

  • Көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушыларды таныстыру.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Топтық тапсырма.

Зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті материалдар мен техникаларды қарастыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қолда бар материалдарды қолданып жасалған қандай әшекейлерді білесің?

  • Қазіргі таңда әшекейлерді жасау үшін қандай материалдарды қолдану мүмкін?

Әшекейлерді жасауға арналған материалдар мен құрал-жабдықтарды қарастыр. Презентацияда берілген материалмен таныс.

Бейнематериал тамашала.

Сым және моншақтардан әшекей жасаудың тәсілі.

Эксперимент

Қолда материалдарды қолданып, әшекей жасап көр.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Әшекейді жасау неден басталады?

  • Әшекейді жасау үшін идеяны қайдан алуға болады?

  • Әшекей қолданылған материалдарына байланысты қандай пішінді болуы мүмкін?

  • Әшекейді жасаудың кезеңдері қандай деп ойлайсың?

Тапсырманы орындауға арналған критерийлер:

Тапсырманы орындауға арналған критерийлерді оқушылармен бірге құрастырып көріңіз.

Әшекейдің идеялық мағынасы бар

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі





Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті материалдар мен құрал-жабдықтармен танысады.

Көркемдік материалдарды қолданып, әшекей жасап көреді.

https://mamarabotaet.ru/stati/xend-mejd-kak-biznes/zakupka-materialov-dlia-sozdania-ukrashenij/

РР 4-10

https://www.youtube.com/watch?v=RC-WgKCHxts

(зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті құрал-жабдықтар)



Аяқталуы



Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырмасын тапсырманы орындауға арналған бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу ұсынылады. Бұл бағалау бірін-бірі немесе өзін-өзі бағалау ретінде де өтуі мүмкін.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Зергерлік бұйымдарды жасау үшін ең бастысы неге мән беру қажет?

Ескерту: келесі сабақта оқушылар орындалатын жобаларының нобайларын жасайды. Және сол нобай бойынша практикалық тапсырмаларын орындауға кіріседі. Сол себепті оқушыларға қандай әшекей? Және қандай материалдардан жасайтындықтары жөнінде ойланып келуін сұраңыз. Және қажетті материалдарды үйден алып келуін ескертіңіз. Олар: моншақтар, сымдар және т.б. болуы мүмкін.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.
















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бұйым дайындау.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.2-Ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

6.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымын жасау;

  • Өздік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қазақтың дәстүрлі зергерлік бұйымдарын өзге елдердің әшекейлерінен не ерекшелендіреді?

  • Ұлттық зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектер қолданылады?

  • Қазақтың зергерлік бұйымдарында қолданылатын тастардың түсі несімен ерекшеленеді?

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар, фольга, түрлі көз моншақтар және т.б.

https://www.youtube.com/watch?v=QTH_uIMiBcQ


11-20 мин




Ортасы






21-35 мин







(С)Қазақ зергерлік өнері

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшеліктерін тереңірек қарастырыңыздар.

(Т) Топтық жұмыс. Оқушылар топтарда заманауи ұлттық зергерлік бұйымның дизайнының эскизін жасауды ұсыныңыз.

Оқушылармен бірге тапсырманың дискрипторларын ойластырыңыз. Мысалы:

1 топ – Білезік.

2 топ – Өңіржиек.

3 топ – Шолпы немесе шашбау.

4 топ – Қапсырма.

Топтық жұмыстың таныстырылымы.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Ұлттық ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер?

  • Зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектерді қолдануға болады?

  • Әшекейлеріңізде қандай ою-өрнектерді қолданар едіңіздер?

  • Ою-өрнектерді қолдану барысында әшеей бұйымдарыңыздың образы қаншалықты түрленеді деп ойлайсыздар?


Оқушылармен бірге бұйымды жасау барысын талқылап өтіңіз.

Оқушылар топта немесе жұпта(жеке) әшекей бұйымдарын жасауды жалғастырады.

Оқушылардың көңілін бұйымды жасау барысында ұлттық нақышты көрсететін элементтің көрініс табуы қажет екендігіне назар салыңыз.

Практикалық жұмыс барысында оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі






Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымын жасайды;

Өздік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Источник: http://comode.kz/post/sovety-po-stilju/ukrashenija-v-kazahskom-natsionalnom-stile/

Творения казахского ювелира известны во всем мире

https://www.youtube.com/watch?v=iIEFDDJyQPg



Серьги из полимерной глины.

https://www.youtube.com/watch?v=f6UswEb4ZyI


5 мин

Аяқталуы



Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлербойынша бағаланады.

Рефлексия

«Бір сөзбен түсіндір»

«Бүгінгі өткен тақырыпты нақты әрі түсінікті суреттейтін бір сөз таңда»


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 9-10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бұйымды көркемдеп безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Сабақтың мақсаты:

  • Бұйымды жасау барысында қауіпсіздік техникасын қолдану.

  • Бұйымды әсемдеу.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.

Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Зергерлік бұйымдар

«Джигсо» әдісі

Топқа біріктіру

2 минут

Сабақ тақырыбын анықтау

1 минут


Талқылау үшін берілген сұрақтар:

  • Жұмыс орнын ұйымдастырудың шарттары.

  • Практикалық жұмыс барысында құрал-жабдықтар мен материалдар жұмыс орнында қалай орналасу қажет?

  • Көркем еңбек пәнінде оқушылардың еңбек формасы қандай болуы керек?

  • Қауіпсіздік техникасын сақтаудың шарттары қандай?

  • Қауіпсіздік техникасын не үшін сақтау қажет?

Бұйымды аяқтаудың соңғы кезеңдері.

  • Не аяқталмай қалды?

  • Бұйымыңда нені түрлендірер едің?

  • Бұйымыңның қандай элементтерін көркемдеуге болады?

Практикалық тапсырма.

Бұйымдарды көркемдеп безендіру.

Оқушылар жұпта, топта бұйымды безендірудің тәсілдері жөнінде ақылдаса алады. Дайын бұйымдарын таныстырудың әдістерін ойластыра алады. Безендірудің нұсқаларын қарастырып көріңіздер. Әшекейлерге арналған арнайы тіреуіш, қорапшалар және т.б.


Жұмыс аяқталғаннан кейін аудитория назарына ұсынылады.

Қорытынды сұрақтары:

1.Әшекей бұйымдарды ата?

2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?

3.Зергерлік бұйым жасаған кезде қандай әдіс тәсілдерді қолдандың?

4. Жұмыс барысында қиындықтар кездесті ме және қандай жетілдіру амалдарын пайдаландың?

Жұмыстар бүкіл сынып алдыңда талқыланып бағаланады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі




Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Ұлттық элементтерді бұйымға қолданады.

Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Керек болатын заттар; фольга, сым, картон, әшекейге арналған түрлі түсті тастар, бисерлар, қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар

Қазақтың ұлттық әшекейлері https://www.youtube.com/watch?v=20wZuCDpxQM

Зергерлік өнерді жаңғыртушы шебер https://www.youtube.com/watch?v=IPCq1mtmHUU

Полимерді ермек саздан сырға жасау.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

5 минут

Оқушыларды топтарға біріктірер кезде таратылған қағаз тілігі сабаққа кері байланыс кезінде қызмет етеді. Оқушылар қағаз тілігінің екі бетін толтырады.

Зергерлік бұйымдардың көрмесін ұйымдастыру.

Бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс.

Кішігірім эссе жазу



Практикалық ресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g













Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары. (Өздігінен ізденіс зерттеулері).

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету

6.1.6.1-Конструкциялық, табиғи, және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық пен механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын анықтау және сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Табиғи материалдарды анықтап, оларды қолдану аясын білу;

  • Табиғи материалдардың қасиеттерін зерттеу;

  • Қоршаған орта нысандарының композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік сипаттамаларын түсіну.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру бөлімі:Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау. Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.

Оқушылар амандасып,бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін–бірі бағалау.


11-20 мин



Ортасы




21-35 мин


Оқушылар нобайларына сәйкес шығармашылық жұмыстарын орындауды жалғастырады.

Рефлексивті күнделікті жүргізеді.

Сұрақтарға жауап бер:

*Интерьерді тоқылған бұйымдарды әсемдеудің қандай үлгілерімен таныссыңдар?

* Тоқылған бұйымдармен интерьерді қалай әсемдер едіңдер?

*Үйіне не тоқыр едің?

Бейнематериалды тамашала

"Вязаные вещи для домашнего декора".

Шеберлік сағаты: Меринос жүнінен үлкен ілмекті плед тоқу.

Эксперимент жүргіз.

Қолмен кішігірім бұйым тоқып көр. Ол үшін шалма біздің қажеті жоқ.

Рефлексивті күнделікті толтыр.

Жұмысыңды аяқта.

Келесі сабақта дайын бұйымыңды әсемдеп, сыныптастарыңа таныстырасың. Дайын бол!

Қажет болуы мүмкін қосымша материалдар.

Безендіру үшін түймелер, ленточкалар, бисерлер, ине мен жіп және т.б.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды

Дискриптор

Композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдіктің не екенін айтады.

Материалдардың қолдану аясы мен қасиеттерін анықтайды және сипаттайды.

Әртүрлі процесс және материалдармен эксперент жасайды

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, талдың қабығы,бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері және тағы басқа заттар

Ақмола облысының суретшісінің ағаштан айырыкша жұмыстарын дайындауы

https://www.youtube.com/watch?v=eSpQ9Ir7sX8

Табиғи инсталляциялар Энди Голдсуорти

http://animalworld.com.ua/news/Prirodnyje-installjacii-Endi-Goldsuorti-Andy-Goldsworthy-

Аяқталуы



Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

* не үйрендім?

*не түсініксіз қалды?

Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 12

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Табиғи материалдардан жасалатын бұйымның нобайын жоспарлау;

  • Табиғи материалдардан жасалатын шығармашылық жұмыстың нобайын орындау.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.

Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада тоқылған суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді. Ой қозғайды, ойларын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер







11-20 мин




Ортасы





21-35 мин

Бұйым тоқылып аяқталған соң, безендіруге кіріседі.

Безендіру үшін бірнеше идеялар қарастыр.

  • бисер;

  • түймелер;

  • маржандар;

  • термостразы;

  • ленталар.

Бұйымды әсемде.

Бейнематериалды тамашала. Бұйымды әсемдеу туралы бейнематериалды тамашала.


Бұйымды әсемдеудің тәсілін анықтап, жұмысыңды көрмеге дайында.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі




Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Табиғи материал туралы білім мен түсінігін көрсетеді;

Табиғи материалдардан жасалатын шығармашылық жұмысының кезеңдік жоспарын жасайды;

Бұйымды жасау үшін қолданатын материалдары мен құрал-жабдықтарын жоспарлайды;

Бұйымның нобайын жасайды.

Альбом, түрлі түсті қарындаштар

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар:

https://www.youtube.com/watch?v=0w4d_SR-rhg

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 13

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бұйымды көркемдеп безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • Өнердің көркем тәсілдерін бұйымды безендіру барысында қолдану;

  • Табиғи материалдан жасалған бұйымды безендіру.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.


Оқушыларды таныстыру.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер



11-20 мин




Ортасы





21-35 мин


(С) Сұрақтарға жауап бер:

  • Бұйымды безендіру үшін неден бастаған жөн?

  • Бұйымды безендіру не үшін қажет?

Бейнематериал тамашалау.

  • Декоративті панно қалай безендірілген?

  • Безендіру барысында қандай материалдар қолданылған?

(С) Жұмысты безендіру бұл шығармашылық жұмысты жасаудың басты кезеңі болып табылады. Безендірусіз жұмыс сәтті/әсем көрінбеуі мүмкін.

Ойлан.

  • Жұмысыңды қалай әсемдеуге болады?

  • Әсемдеу, безендіруге қандай материалдарды қолданған жөн?

Безендірілетін материалдың түсі, пішіні, фактурасы, бұйымның идеясына жақын болуы тиіс.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Табиғи материалдардан панноны қалай безендіруге болады?

  • Қандай құрал-жабдықтармен материалдар қолдануға болады?

  • Жұмысқа қандай желім қолданған дұрыс?

  • Желіммен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы қандай болуы мүмкін?

Оқушылармен бірге материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс барысын талқылап өтіңіз.

Жұмыс барысының кезеңдерін талқыла:

  • Әсемдеу үшін сурет таңдау;

  • Безендіру үшін материал таңдау;

  • Панноңыздың өлшемін анықтаңыз;

  • Рамкаңыздың өлшемі;

  • Рамканың негізін сызғышпен өлшеп, содан кейін ғана кесіңіз.

  • Қажетті элементтермен әсемдеңіз;

  • Желімді абайлап қолданыңыз;

Қауіпсіздік техникасы туралы ұмытпаңыз.

Практикалық тасырма

Оқушылар табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын әсемдеп, безендіруді жалғастырады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі




Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін табиғи материалдан жасалған бұйымды безендіру барысында қолданады.

Бұйымды безендіреді.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар:

Презентацияда.

Үлестірмелі материалдарда тастан бұйым жасаудың үлгісі көрсетілген.

http://www.allwomens.ru/44476-ramki-svoimi-rukami.html


Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.
















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 14

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.3.1.1. Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық жұмысты таныстыр;

  • Жұмысты жетілдіру үшін сындарлы пікір білдіру.

Көрме ұйымдастыру.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға шығармашылық көрменің ұйымдастыру кезеңдері менмақсатын таныстырады. Сонымен қатар, көрме оқушылардың өз шығармашылығында идеяларының берілу жолдарын көрсетеді.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар






6-20 мин




Ортасы



21-30 мин





30-40 мин

(С)Шығармашылық жұмысты таныстыру

Оқушылар шығармашылық жұмыстарының таныстырылымын кез келген үлгіде өткізе алады.

  • Ауызша;

  • АҚТ дағдыларын қолданып, электронды презентация дайындау;

  • Жұмыс барысы суреттелген постер дайындау;

  • Жұмыс альбомында практикалық жұмыс бойы жүргізілген рефлексивті күнделікті көрсету арқылы.


Таныстырылым.

Әрбір оқушыға/жұпқа/топқа шығармашылық жұмысты таныстыру үшін 3-4 минуттан беріледі.

Көрме ұйымдастыру.

  • Аудитория ішінде көрме ұйымдастыру;

  • Көрмеге қажетті жабдықтарды таңдау;

  • Афиша жасау;

  • Шақыру билеттерін жасап тарату;

  • Көрмеге қатысуға келген көрермендерден кері байланыс алудың амалын қарасыру.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі



Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Шығармашылық жұмыстарды рәсімдей алады;

Өз жұмыстарына аннотация жаза алады;

Көрме ұйымдастыра алады.

Ресурстар:

Түрлі түсті қарындаш, альбом, А3 қағазы, фломастерлер, гуашь,қылқаламдар және т.б.

Презентация «Көрме»


5 мин

Аяқталуы



Көрме шолу;

- орындалған жұмыстарды бағалау;

- оқушылардың жұмыстарына талдау жасау.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ