Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сынып мектеп кітапханасы ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы. Сын
есім.
Сабақтың
мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың күнделікті алған
білімдерін саралап, жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін
тапсырмалар арқылы тілдесім әрекетіне баулу. Сұраққа орынды және
толық жауап беруге төселдіру, өз бетінше сұрақ қоя алуға
үйрету.
Дамытушылық
мақсаты: Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Қисынды ойлау қабілетін жандандыратын тапсырмалар арқылы тілдесім
дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушыларды сыпайылыққа, кітапты күтіп ұстауға, сүйіп
оқуға, білімге жақын болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ -
жауап, түсіндіру, әңгімелесу, миға
шабуыл,
Көрнекілігі:
Мектеп суреті
Сабақ барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар,
алдарыңдағы белгілердің ішінен қазіргі көңіл - күйлеріңе қайсысы
жақын, сол суретті таңдай
қойыңдар.
Көңіл - күйім
өте жақсы Көңіл - күйім жақсы Көңіл - күйім
жоқ
Сабақтың мақсатымен, барысымен
таныстыру.
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа
сабақ
• Жаңа тақырыпқа
даярлау
Айтылым.
Ой
шақыру.
1. Балалар,
біздің деніміз сау болу үшін жақсы тамақтанамыз. Мектепте қай жерде
тамақтанамыз?
2. Мектеп
асханасы қандай?
3. Ол қай
қабатта орналасқан?
Жаңа
тақырып.
- Ендеше,
дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
«Мектеп кітапханасы. Сын
есім.»
Тілдесім
Әңгімелер жинағы
- сборник рассказов
көне -
древний
Тартымды –
притягательный
бірге барайық -
вместе пойдем
Ойлап тапты –
придумали
тарады -
распростронилась
Салынды - был
построен
Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
Тыңдалым.
1 - тапсырма.
Сөйлесуді рөлге бөліп оқу.
5 - тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу.
Жазылым
2 - тапсырма.
Сын есімдермен сөз тіркестерін
құрастыру.
Мен қызықты
кітап оқыдым. Кітапханаға көп жаңа кітап келді. Кітапханашы көне
кітаптармен таныстырды. Ертегі кейіпкері әдемі. Орталықтағы
кітапхана тамаша. Ол ақылды адам
екен.
Сергіту
жаттығуы
3 - тапсырма.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Сенің
мектебіңде кітапхана бар ма? 1. Менің мектебімде кітапхана
бар.
2. Ол қандай? 2.
Ол әдемі, үлкен және жарық.
3. Кітапханада
қандай кітаптар бар? 3. Кітапханада әңгімелер жинағы, ертегілер,
ақын-жазушылардың кітаптары
бар.
4. Саған қандай
кітаптар ұнайды? 4. Маған ертегілер
ұнайды.
4 - тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сөйлем
құрастыру.
Мынау -
кітапхана. Кітапхана үлкен және жарық. Онда кітаптар, журналдар,
газеттер көп. Кітапханада оқушылар кітап таңдап
тұр.
Бекіту
сұрақтары: 1. Мәтін не
туралы?
2. Қағазды
кімдер ойлап тапты?
3. Қағазды
Еуропаға кімдер әкелді?
4. Қазір
қағаздың неше түрі бар?
Үйге тапсырма: 86 - бет, 5 - тапсырма -
әңгімелеу, жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем
құрастыру.
Сабақтың
тақырыбы: Мектеп
кітапханасы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін
көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара
байланыстырып, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру;Кітапхана
туралы білімдерін кеңейту.
Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын
өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын
молайту
Дамытушылық
: Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, етістіктің райларын
пысықтау, тапсырмалар орындау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе
білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыру.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке
үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Танымдық :
Сөйлеу , ойлау , көру қабілеттерін дамыту
.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Қолданылатын әдістер: шығармашылық ізденіс,
баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі,
СКТТ.
Негізгі
әдіс : ізденіс
Сабақты
толық меңгеру үшін дамыта оқыту, ақпараттық,ИКТ технологияларды
қолдандым.
Сабақтың
көрнекілігі: интербелсенді тақта,
слайдтар.
Сабақтың
барысы: Мұғалім сөзі, сабақтың мақсаты және жоспарымен
таныстыру.
1Ұйымдастыру
кезеңі
2.Үй
жұмысын тексеру
3.Жаңа сабақ, мәтінмен
жұмыс
4.Сұрақ-жауап
5.
Тапсырмалар
6.Қорыту.
7.Үй жұмысын
беру
8.Рефлексия.Бағалау
ІІ.
Мотивация.
Егерде біз
күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күә
боламыз. (говорят если день начнешь с улыбки, то он
обязательно будет хорошим. Давайте дети передадим друг другу нашу
улыбку и начнем урок)
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Қазір
қандай жыл мезгілі? Қазір көктем
мезгілі.
2.Бүгін
аптаның қай күні? Бүгін аптаның сейсенбі
күні.
3.Бүгін қай
ай, қай күн? Бүгін наурыздың он
үші.
4.Бүгін ауа
райы қандай? Ауа райы бүгін ашық,
жылы.
Балалар,
өткен сабақтың жалпы тақырыбы қандай болды? Еске
түсірейк.
«Мұңы
білгенін жөн»
Үй
тапсырмасымен тексеру: (Интербелсенді тақтада слайдтар
)
1. Біздің мектеп нешек
қабатты?
2. Қазақ
тілі кабинеті қайда орналасқан?
3. Бірінші қабатта не
орналасқан?
4.Мектеп
қайда орналасқан?
5. Орыс тілі кабинеті нешінші
қабатта?
6.
Кабинеттер қалай жабдықталған?
«Қайталау –оқу
анасы»
Граматиканы
қайталау -Етістіктің қандай райлары бар?(ашық, қалау, шартты,
бұйрық)
Ашық рай
(изъявительное наклонение) үш шақтың жасалу жолдары арқылы
жасалады:Мен келдім.Мен келемін.Мен
келетінмін.
Бұйрық рай
(повелительное наклонение)етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы
жасалады:Мен барайын. Сен бар.Сіз барыңыз.ол
барсың.
Шартты рай
(условное наклонение)іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын
білдіреді.-Са,-се жұрнақтар + жіктік жалғау арқылы жасалады: Күн
ашық болса, мен келемін.Әжең келсе, сен
барасың.
Қалау рай
(желательное наклонение) іс-қимылды орындаушының тілегін, ниетін
білдіреді.Ғы,-ғі;-қы,-кі жұрнақтар +тәуелдік жалғауы арқылы
жасалады:Біздің сабақ оқығымыз
келді.
Жаңа
білімді игеру
Сабақтың
эпиграфы: (Слайд) 1. Қабат-қабат
қатталған,
Асыл сөзбен
апталған .
Парағы бар
сөйлейтін,
Ол қазына
өлмейтін. (кітап)
Кіріспе сөз-видеоролик бойынша қысқаша сөз
айту:
Мынау
біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да
бар.Кітапхана қорыны- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп
тұрады.
Жаңа
сөздер
Мәтінмен
танысу алдында біз сендермен жаңа сөздермен жұмыс
жүргіземіз.
Мұғалім
оқиды,оқушылар хормен қайталайды.
Кілт-ключ
Кітапхана қоры-библиотечный
фонд
инабатты-вежливый
өз істерін-
свои обязанности
келіп
тұрамын-прихожу
жүйелі-системный
анықтама-
справка
дайындалуға-готовиться
пайдалануға-пользоваться
керекті-
нужные
«Көп ойлан,
жақсы сөйле – пайдалы болсын»
Мәтінмен
жұмыс:
Біздің
кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және
басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп
тұрамыз.
Іші өте
таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда
өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін Дворецкая Светлана
Станиславовна жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе
кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай
жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай
библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар.
Ол –кітапхана қорының негізгі
кілті.
Оқушылар
тізбектеп оқиды, аударады, жаңа сөздердің астын
сызады.
«Жедел
жауап аялдамасы»
Сұрақ-жауап:
1.Кітапхана нешінші қабатта? Кітапхана екінші
қабатта
2.Онда
қандай кітаптар бар? Онда қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде
кітаптар бар
3.Біздің
кітапханада кім жұмыс істейді?Кітапханада дворецкая Светлана
станиславовна жұмыс
істейді
4.Кітапханада не істеуге болады? Кітапханада
сабаққа дайындалуға болады
5.Кітапхана қорының негізгі кілті не? Негізгі
кілті- жүйелі алфавиттік каталог
Тапсырмалар:
1.Мәтіннен сөйлемнің аудармасын
тап:
1.В
библиотеке много разных газет и журналов.Там созданы хорошие
условия для подготовки к уроку. Он является основным ключом
библиотечного фонда.
Біздің кітапхана екінші қабатта
орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар
бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.Іші өте таза, жылы,
әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте
мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін Дворецкая Светлана
Станиславовна жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе
кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай
жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай
библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар.
Ол –кітапхана қорының негізгі
кілті.
3.Берілген
сөздерді СККТ бойынша фонетикалық талдау жасаңыз:кітапхана,
журнал
Кітапхана
0=_---
Берілді:
кітапхана
Шешімі:
9О=---------
1.тілдің
қатысыны қарай -4О=_____________
Жақтың қатысыны
қарай-4O=______________
Еріннің қатысына
қарай-4О=_____________________
5О=-----------_________
журнал
0=_---
Берілді:
журнал Шешімі:
6О=---------
1.тілдің
қатысыны қарай -2О=_____________
Жақтың қатысыны
қарай-2O=______________
Еріннің қатысына
қарай-2О=_____________________
4О=-----------_________
БІЛЕГІҢЕ
СЕНБЕ, БІЛІМІҢЕ СЕН.
1.Мақал-мәтелдерді аяқтап
жазыңыз.
Кітап пен
ғылым –тілсіз ....(мұғалім)
Кітап алтын
....(қазына)
Күш –
білімде,
Білім
...(кітапта).
Кітап -
білім бұлағы,
Білім
-....( өнер шырағы).
Кітап көзі жұмыққа
арзан,
көзі ашыққа
.....(маржан).
Кітап -
қаймақ, білім - ....(оймақ )
Кітап - оқығандікі, білім
.....(тоқығандікі).
(мұғалім,қазына,кітапта, өнер шырағы, оймақ,
маржан, тоқығандікі)
2.Мәтінге 5 сұрақ
дайындандар:
1.Біз күнде
қайда барамыз?
2.Дворецкая
Светлана Станиславовна қайда жұмыс
істейді?
3.Кітапханада қандай кітаптар
бар?
4.Кітапхана
қандай?
5.Кітапханада немен пайдалануға
болады?
3. Сөз
тіркесін құраңыз :
Инабатты
Жүйелі
Пайдалануға
Басқа
Керекті
Журнал
Кілті
Дайындалуға
Сабаққа
Болады
Адам
Каталог
Тілдерде
Келіп тұрамыз
Жиі
негізгі
«Тапқыр болсаң, айтып
көр»
1.Мәтіннен
түбірлес сөздерді табыңыз :кітапхана,кітапханаға,
кітапханада,кітапхананың
2. Мақалды тап: Кітап-алтын
қазына
К,а,і,қ,а,н,а,з,п,т,а,ы,н,л,ы,т
Сабақты
қорытындылау:
1.Кітапхана
қайда орналасқан? Кітапхана екінші
қабатта
2.Кітапханада не бар? Газет-журналдар және
кітаптар бар
3.Кітапхана
қорының негізгі кілті не? Негізгі кілті- жүйелі алфавиттік
каталог
4.Кітапханашы қандай адам?Кітапханашы өте
мейірімді, инабатты адам
5. Кітаптар қандай тілдерде? Онда қазақ,
орыс, ағылшын және басқа тілдерде
Үйге тапсырма: «Мектеп кітапханасы»
тақырыбына Эссе жасау
«Мәдениетті, инабатты» сөздеріне СКТТ
фонетикалық талдау жасау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер
қандай әсер алдыңдар не ұнады не ұнамады айтып, смалик арқылы
көрсетіңдер.
Ашық сабақ тақырыбы: Мектеп кітапханасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық:ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой- өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік:білім алуға ынталандыру, оқушыларды кітап оқуға, кітапханашы еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ- жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, өзін- өзі тексеру, бірін- бірі тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды»- деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетейік.
- Сыныпта кім кезекші?
- Кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталатып, сөзжұмбақты шешу.
1 флипчарт /интерактивті тақтада нөмірлерімен берілген суреттерді оқушылар аударып толтырады/ .
1. Дверь
2. Дневник
3. Книга
4. Ручка
5. Парта
6. Письмо
7. Доска
8. Журнал
9. Учитель
- Ортасында қандай сөз шықты?
- Кітапхана
- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбымыз «Мектеп кітапханасы» және зат есімнің көптік жалғауларын қайталау. Зат есім көптік жалғаулары қалай жалғасатындарынеске түсіру. 2 флипчарт.
II. Сабақтың барысы:
1 кезең. Мәтінмен жұмыс. Алдымен мәтінді өзім мәнерлеп оқып шығамын.
Мектеп кітапханасы
Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.
2 кезең. Сөздікпен жұмыс. Оқушылар алдарында жатқан мәтіндегі танымайтын сөздерін ақ параққа теріп жазады да тақтаға іліп қояды. Содан соң жаңа сөздер слайды ашылады да балалар танысады. 3 флипчарт.
1. Мұғалім оқып береді.
2. Оқушылар қайталайды.
- Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?
3 кезең. Мәтін арқылы көптік жалғауларын еске түсіру. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді дәптерлеріне теріп жазып, талдау.
-Осы жұмысты не үшін, не мақсатпен орындадық?
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Сергіту мәтіндегі сан есімдерді атаңдар.
4 кезең. Сәйкестендіру. Интербелсенді тақтадағы зат есімдердің сәйкес жалғауын тап.
Мектеп -лар
Көше -дар
Кітапхана -лер
Терезе -лар
Оқушы -тер
Шығарма -лер
Журнал -лар
Ертегі -дар
Ақын -лер