Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 сынып қазақ тілі БЖБ2 1 Тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып қазақ тілі "Ұлттық және отбасылық құндылықтар" бөлімі бойынша жиынтық бағалау. БЖБ2 1тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аты-жөні: _____________________________________________________________

Ұлттық және отбасылық құндылықтар” бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Мәтінді оқы.

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады. Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттың қорғаны – бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани мұрамыз. Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген.                        

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. 

Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Әрине, халқымыздың ұлттық құндылықтары өте көп. Оларды іріктеп, бес бағытта қарау заман талабы секілді.

Бірінші құндылық  – тәуелсіздік және тарихи таным деп атаған жөн. Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем таныды және мойындады. 

Екінші құндылық – ел мен жер деп білемін. Қазақта: «Егесіз ел азар, иесіз жер тозар» деген мақал бар. Ұлан ғайыр даланы бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтады.  Қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен қорғады. Қазақтың жері – қасиетті. 

Үшінші құндылық – тіл, әдебиет және руханият. Тіл мен әдебиет – ұлттың жаны мен жады, оның бет-бейнесі, өткені, бүгіні мен болашағы. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,-деп тілдің ұлт үшін қандай маңызы бар екенін  бір ғана ауыз сөзге сыйдырған еді.

Төртінші құндылық – ұлттық дәстүр және отбасы. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы –  тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. 

Бесінші құндылық – білім мен біліктілік. Білімді ел – озады, ғылымсыз ел – тозады. Ұлттық құндылықты қалыптастыратын да, дамытатын да білімді, білікті кәсіби мамандар.

Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. Ұлтты құрметтеу –  атап өткен барша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құрмет көрсету, сақтау.


  1. тапсырма Сұрақтарға жауап бер.

  1. Халықтың басты қазынасы нені жатқызамыз?

___________________________________________________________________________________________________

  1. Тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір ғана ауыз сөзге сыйдырған кім?

___________________________________________________________________________________________________

  1. Ұлттық құндылықтарды құрметтеу неден басталады?

____________________________________________________________________________________________________

  1. Ұлттық құндылықтарымызды ата.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(4 ұ)


  1. тапсырма. “Адасқан ақпараттар” кестесінде берілген ақпараттарды оқып, дұрыс, бұрысын анықтаңыздар.(6 ұпай)


Ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

Екпін дегеніміз сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буындыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы



Қазақ тілінде сөз екпіні тұрақты емес.




Сөздегі бір дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуын дыбыс екпіні деп атаймыз.




Қазақ тілінде ой екпіні тұрақты.




-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарына екпін түспейді




Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар болады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2024
1613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12