Материалдар / 6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-кезең
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-кезең
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2023
290
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Олимпиада тапсырмалары


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 



6-СЫНЫП

 

I Көркем мәтінмен жұмыс. 

  Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты...

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Ертегіні жалғастырып, соңына дейін оқыңдар. 

2. Кендебайға мінездеме беріңдер. 

3. Ертегінің мазмұнына жоспар құрыңдар. 

4. «Кендебай батырдың ерлігі» деген тақырыпта эссе жазыңдар. 80-90 сөз


II Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңдар. 

Қ. И. Сәтпаев 1899 жылы сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында қазіргі Қ. Сәтпаев аулында туған. Ауылда хат таныған соң, 1911 жылы Павлодардағы 2 сыныпты орыс-қырғыз (қазақ) училищесіне түседі. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шығады. 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданында халықтық сотта қызмет етеді. 1921-1926 Томск технологиялық институтында профессор Усовтан білім алады.  1926-1941 жылдары Қарсақпай мыс қорыту комбинатында еңбек етеді. Жезқазған, Қарсақпай, Ұлытау кен орындарын зерттеген, Ертіс-Қарағанды каналының,  Қазақстанның металлогендік картасын жасаған. 1946 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясын құрып, тұңғыш Президенті болады.  1957-1964 жылдары Кеңес Одағы Ұлттық геологтар  комитеті бюросы төрағасының орынбасары, әлемнің металлогендік картасы бойынша комиссия мүшесі болады. Ғалым  1964 жылы дүниеден өтті. 

Қаныш Сәтпаев қазақ мәдениетін де терең білген. Қазақ әндерін жинап зерттеуші Затевичке ұлттымыздың 25 әнін жазып береді. «Едіге» жырын бастырып шығарады.  Халқының болашағы үшін еңбек еткен Қ. Сәтпаевтың Англияға барғандағы әңгімесі аңыз болып тараған. Англияның сол кездегі Премьер- Министрі У. Черчилльдің: «Барлық қазақтар Сіз сияқты тұлғалы, сұңғақ бойлы ма?»,-деген сұрағына: «Жоқ, Премьер-Министр мырза, менің халқым менен де биік, мен кішісімін», - деген сөзі ұлтын сүйетін рухани дүниесі бай тұлға бейнесін биіктете түседі. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев жайында жазушы М. Сәрсеке «Қаныш Сәтпаев» романын жазды. Бұл кітап «ЖЗЛ» («Танымал тұлғалар өмірі») сериясымен жарық көрген. Романда ғалымның өмірбаяны жан-жақты суреттеледі. Әсіресе Жезқазған, Қарсақпай кен орындарын ашудағы еңбектеріне көп көңіл бөледі. Сонымен бірге ғалымның Ұлы Отан соғысы кезінен бастап Қазақстандағы ғылымды дамытудағы еңбегіне айрықша орын береді. Қаныш Сәтпаевтың тікелей қажырлы еңбегімен Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрылуы баяндалады.

1. Мәтіндегі Қ. Сәтпаев туралы ақпаратқа қандай сипат тән?

A. Өмірбаяндық

B. Еңбектерін талдау

C. Шығармашылығын бағалау

D. Білім алған жерлерін көрсету

E. Ғылыми еңбектеріне шолу


2. Мәтінге құрылған жоспарды ретімен қойыңдар.  

A. Ұлтын сүйген тұлға.

B. Ғылымдағы еңбектері.

C. Ғалым жайындағы шығарма

D.Білім алған мектептері.

E. Қ. Сәтпаев – тұңғыш Ғылым Академияысының  Президенті


3. Мәтінді өз ақпараттарыңмен толықтырыңдар.


III Талдау жұмыстары

1. «Жоқ, Премьер-Министр мырза, менің халқым менен де биік, мен кішісімін» Сөйлемге  мағыналық (лексикалық) талдау.

2. Қаныш Сәтпаевтың тікелей қажырлы еңбегімен Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрылуы баяндалады. 

Сөйлемдегі сөздердің құрамына (морфологиялық) талдау жасаңдар. 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!