Материалдар / 6 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәніннен метепішілік олимпиада тапсырмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәніннен метепішілік олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәніннен метепішілік олимиада тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2023
407
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып

1. «Батырлық» сөзінің синонимін табыңыз.

А) өжеттік

В) жомарттық

С) дарқандық

D) табандылық

Е) парасаттылық


2. Сөздердің дұрыс жазылу нормалары көрсетілетін сөздік түрін табыңыз.

А) түсіндірме сөздік

В) орфографиялық сөздік

С) орфоэпиялық сөздік

D) фразеологиялық сөздік

Е) аударма сөздік


3. Бірігу жолымен жасалған ұлттық ойын түрін табыңыз.

А) итмұрын

В) алаөкпе

С) ұлтабар

D) доптаяқ

Е) асадал


4.Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) мұжжарғыш

В) сөссіз

С) жәйау

D) жирен көк

Е) қортынды


5.«Келбет» сөзінің синонимі бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) дидар

В) көрік

С) ажар

D) әдеп

Е) шырай


6.Берілген теңсіздікке сәйкес жауапты табыңыз. Үнді>ұяң

А) заңды

В) елге

С) бөрік

D) сабақ

Е) әлемге


7. Дефис арқылы жазылатын сөзді табыңыз.

А) аппақ

В)күрк күрк

С)асыр салып

D)алқызыл

Е) көкпеңбек


8.Антонимді табыңыз.

А) жомарт - сараң

В) атажұрт – атакәсіп

С) ажарлы - сұлу

D) көңілді - көңілсіз

Е) қарашаш – тақтағақара


9. Тіркес екпіні түсетін сөзді табыңыз.

А) ғажа-а-ап

В) зерек

С) қайырымды

D) бала-шаға

Е) ертең


10.Омоним сөздерді табыңыз.

А) бұлақтың көзі, иненің көзі

В) таудың басы, аяғыңды бас

С) ана тілі, қазақ тілі

D) темір кілт, көңілдің кілті

Е) ұйқысы қану, ойыны қану


11. Дефис арқылы жазылатын шылауды табыңыз.

A) Көресің бе?

B) Сенің де барғаның дұрыс.

C) Ол келмесе ше?

D) Қап, құлап қалады ау!

Е) Ақнұр мен Айнұр тез келді.


12. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) ағаш

В) түс

С) айт

D) арық

Е) жүз


13.Екпін түсетін дыбысты табыңыз.

A) е

B) ғ

C) л

D) й

Е) т


14. Буынға бөлгенде, екі буыны да мағыналы сөз болатын нұсқаны анықтаңыз.

А) арық

В) ертең

С) батыр

D) ұзақ

Е) буын


15.Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) ыдыс (аяқ)

В) сап (сары)

С) әр (кім)

D) жер (жүзі)

Е) аман (есен)


16. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) жәйсіз

В) әрқашан

С) кінәлы

D) жаздыгүні

Е) жапрақ


17. Сыңарлары антоним болатын қос сөзді табыңыз.

А) ағайын-туыс

В) құрбы-құрдас

С) зәре-құт

D) қысы-жазы

Е) дос-жаран


18. Сөйлемдегі бір сөзді тұтас оқшаулап, бөліп айту екпіннің қай түріне жатады?

А) Ой екпіні

В) Тіркес екпіні

С) Дыбыс екпіні

D) Сөз екпіні

Е) Барлығы дұрыс


19. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.

А) Батырым-ау, аман-есен көрісетін күн туды ма?!

В) Шіркін қазақтың әсем сазды әуендерін-ай!

С) Батыр болсаң жауды қайтар Шешен болсаң дауды қайтар.

D) Меніңше алған беталысымыз дұрыс, бағытымыз айқын.

Е) Мен «Аяз би» ертегісін қызыға оқып шықтым


20.Дефис арқылы жазылатын сөз

А) бала шаға

В) күні бойы

С) мед колледж

D) Ақ тау

Е) ал қызыл


21.Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қайсысы сөз етілмеді?

А) еңбек

В) қанағат

С) төзім

D) талап

Е) терең ой


22.Алып Ер Тұңғаға арналған жырдағы әдет-ғұрыпты анықтаңыз.

А) бата

В) асар

С) жоқтау

D) дәм ауыз тию

Е) шілдехана


23. «Аяз би» ертегісінде Жаман қайсысын сынады?

А) қаз

В) сиыр

С) жусан

D) хан ордасы

Е) гауһар тас



24.Ал енді ... алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін.

Бос орынға қажетті сөзді табыңыз.

А) шеңгел

В) қырғауыл

С) сауысқан

D) алабота

Е) қарақоға


25.Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, ... хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

А) екі

В) үш

С) төрт

D) бес

Е) алты


26.Ханның «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?» деген сөзінің мәнін табыңыз.

А) Үйіңде неше жаның бар?

В) Сенің шашыңа ақ кіргелі неше жыл болды?

С) Адамына тап болсаң, айтқаныңнан асырар.

D) Сақалыңа ақ кіргелі неше жыл болды?

Е) Көзіңнен жас аққалы неше жыл болды?



27.«Қашықтасың туған жер – қалың елім» деп, атамекенін сағына жырға қосқан кім?

А) Әбу Насыр әл-Фараби

В) Доспамбет жырау

С) Абай Құнанбайұлы

D) Ыбырай Алтынсарин

Е) Мағжан Жұмабаев


28.Доспамбет жырауды кім деп білеміз?

А) ел басқарған хан

В) ел қорғаған батыр

С) ғұлама ғалым

D)күйші, қобызшы

Е) ісмер, шебер


29.Күдеріден бау тағып, Кіреуке киер күн қайда?

Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» толғауындағы «күдері» сөзінің мағынасын анықтаңыз.

А) садақ оғының бір түрі

В) батырлардың қаруларының бірі

С) садақтың түп жағы

D) қорғану үшін киетін темір сауыт

Е) жұмсартылған бұлан не бұғы терісі


30.Доспамбеттің туған жерін табыңыз.

А) Азау маңы

В) Стамбул

С) Түркістан

D) Отырар

Е) Бақшасарай






 




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!