Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§6.Биосферадағы биохимиялық үдерістер-заттар айналымы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
9 сынып №6
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Табиғаттағы көміртек пен
азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен
шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі. §6.Биосферадағы
биохимиялық үдерістер-заттар
айналымы.
БЖБ (20-мин)
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Тірі ағзалардың көп түрлілігі.Биосфера және экожүйе |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 9 «а,ә,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі. §6.Биосферадағы биохимиялық үдерістер-заттар айналымы. БЖБ (20-мин) |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.3.1.4 - азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру |
Сабақтың мақсаты: |
азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құрады және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындайды; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бұрынғы атаулар» әдісі. Қоректену тізбегі, қоректік деңгей, продуценттер, консументтер, экологиялық пирамида, сандық пирамида, биомасса пирамидасы, энергия пирамидасы |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. «Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады. |
Қосымша балл үшін дескриптор: -кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
Оқушылардың назарын аудару |
«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады. Қандай заттар органикалық заттар деп аталады? Олар қандай міндетті элементтерден тұрады? Органикалық заттар қандай ереже бойынша бір-біріне айналуы мүмкін? Неліктен ғаламшарымыздағы тіршілікті «көміртектік» деп атайды? Фотосинтез, топырақ, қарашірік дегеніміз не? |
Кіру билетінде берілген сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады. |
Қосымша балл үшін дескриптор: -сұрақтарға жауап береді- 2 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
9.3.1.4 - азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Қазіргі атаулар» әдісі Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Заттар айналымы, атомдардың биогендік миграциясы, биогеохимиялық цикл, биотикалық айналым, қандай да бір элементті бекіту (фиксация) |
«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады, ой қозғау жүзеге асырылады. |
Қосымша балл үшін дескриптор: -кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Қосымша балл үшін дескриптор: -бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл; |
Интерактивті панель бейнефильм |
Практикалық тапсырмалар беру. |
Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдіс- тәсілі: ең бірінші оқып танысып алады, оқып болған соң жұппен тапсырманы орындап болған соң, сыныпта бәрі бірдей тақырыпты талқылайды. 1-тапсырма. Суретке қарап табиғаттағы көміртегі айналымының жүру үдерістерін анықтап, кестеге жазыңдар. 2-тапсырма. «Суретті талда!» тәсілі арқылы суретке қарап табиғаттағы азот айналымының жүру үдерістерін анықтап, кестеге жазыңдар. |
Оқушылар ең бірінші оқып танысып алады, оқып болған соң жұппен тапсырманы орындап болған соң, сыныпта бәрі бірдей тақырыпты талқылайды. Табиғаттағы көміртегі айналымының жүру үдерісін анықтайды. Табиғаттағы көміртегі айналымының жүрі үдерісін кестеге жазады. Табиғаттағы азот айналымының жүру үдерісін анықтайды. Табиғаттағы азот айналымының жүрі үдерісін кестеге жазады. |
1 тапсырма дескрипторы: - табиғаттағы көміртегі айналымының жүру үдерісін анықтайды; - табиғаттағы көміртегі айналымының жүрі үдерісін кестеге жазады; 2 тапсырма дескрипторы: - табиғаттағы азот айналымының жүру үдерісін анықтайды; - табиғаттағы азот айналымының жүрі үдерісін кестеге жазады; |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
Бағалау |
Білім алушыларға арналған жеке жұмыс. «Жасушалық биология.Тірі ағзалардың көп түрлілігі.Биосфера және экожүйе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау |
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды. |
Дескриптор ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Презентация Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім...................... Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы.............. Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды. Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін. |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. Тірек сызба: §7.Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §8.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі. |
Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Жұмыс дәптері Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
(АП) Ақпарат парағы |
§6. Биосферадағы биохимиялық үдерістер - заттар айналымы |
• Элементтер жансыз табиғаттан тірі ағзаларға қайтадан түсетін және кейін жансыз табиғатқа қайтатын үдеріс: ➢ Атомдардың биогендік миграциясы ➢ Биогеохимиялық цикл ➢ Элементтердің биотикалық айналымы |
• Барлық органикалық заттардың негізін құрайтын элемент: Көміртек • Көміртек атмосферада болады: Көмірқышқыл газы түрінде (СО2) • Негізінен фотосинтез барысында сіңіріледі: Көмірқышқыл газы – СО2 |
• Мұхит суынан көміртекті сіңіріп, өздерінің қатты жабынын түзіп, оны кальций карбонаты (CаСО3) не әктас түрінде жинақтайды, көміртекті «бекітеді»: ➢ Маржандар ➢ Ұлулар мен кейбір бақалшақты біржасушалылар |
• Көміртек айналымына қарағанда күрделі: Азот айналымы • Міндетті құрамбөлік ретінде барлық нәруыз бен нуклеин қышқылдары құрамына кіреді: Азот • Азот айналымының маңызды міндеті: Атмосферадан газтәрізді күйден, өсімдіктерге сіңімді топырақ қосылыстарының құрамына айналуы |
• Азотты бекітудің 2 типі бар: ➢ Атмосфералық бекіту ➢ Биологиялық бекіту |
•Атмосфералық бекіту – найзағай болғанда көбінесе азот оксиді: N2 – NO2, түзіледі. Ол кейін тотығып, сумен әрекеттескен кезде топыраққа түсетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу нитраттар (NO3) түзеді • Биологиялық бекіту – ағзалардың негізгі екі тобы: бұршақ тұқымдас - түйнек бактериялары және фотосинтездеуші цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) арқылы • Ауа құрамындағы азотты аммиакқа NH3 айналдырады: Биологиялық бекіту |
• Азотты қосылыстардың бір бөлігі жануарлар арқылы топыраққа түседі де, не арқылы түрленеді: ➢ Аммонификациялаушы бактериялар ➢ Нитрификациялаушы бактериялар |
• Органикалық заттардың шіріген, ыдырап жатқан басқа нелер әсерінен кейін газтәрізді азотқа (N2) айналады да, кері атмосферага қайтарылады: Денитрификациялаушы бактериялар |
• Топырақ микрофлорасына жатады: ➢ Шіріткіш және басқа топырақ бактериялары ➢ Әртүрлі саңырауқұлақтар (біржасушалы және көпжасушалы) ➢ Кейбір қарапайым (біржасушалы) жануарлар |
• Шөгінді жыныстар – минералды және органикалық болады • Минералды жыныстар – жансыз табиғат құрамбөліктерінің шөгуі не сулы ерітінділерінің кристалдануы арқылы түзіледі • Органикалық шөгінді – табиғи жағдайлар әсерінен жинақталған және түрленген тірі ағзалар денелерінің құрамбөліктері |
• Калций карбонаты – әктас, бор, ұлутас сияқты тау жыныстары жинақталады: ➢ Теңіз жануарларының денелерінде ➢ Қарапайымдылар ➢ Ұлу бақалшақтарында ➢ Маржан полиптері |
• Диотомит – біржасушалы диатом балдырларының сауыттарынан тұратын тау жыныстары • Мұнай мен Табиғи газ – қазіргі планктон мен суда тіршілік ететін басқа ағзаларға ұқсас тірі ағзалар мекендеген ертедегі суқоймалардың оттексіз ыдырау нәтижесі • Таскөмір – ертедегі адып қырықжапырақтар мен сол уақыттағы орманда өскен басқа өсімдіктердің жер қойнауында жинақталуы және шөгуі нәтижесі |
• Көміртектің бекітілуі және жинақталуы нәтижесінде түзілген жанғыш заттар: ➢ Мұнай ➢ Таскөмір ➢ Табиғи газ |
(БП) Бағалау парағы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдіс- тәсілі: ең бірінші оқып танысып алады, оқып болған соң жұппен тапсырманы орындап болған соң, сыныпта бәрі бірдей тақырыпты талқылайды. 1-тапсырма. Суретке қарап табиғаттағы көміртегі айналымының жүру үдерістерін анықтап, кестеге жазыңдар
2-тапсырма «Суретті талда!» тәсілі арқылы суретке қарап табиғаттағы азот айналымының жүру үдерістерін анықтап, кестеге жазыңдар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыстың жауабы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Жасушалық биология.Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9.4.2.1 Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру; 9.4.2.2 Микрофотографияны қолданып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу; 9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың ерекше белгілерін ағзаларды анықтауда қолдану (анықтауыштар бойынша); 9.3.1.4 Азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Тапсырма.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.Тапсырма
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3-тапсырма 1.Патшалық__________________ 2.Бөлім______________________ 3.Класс______________________ 4.Тұқымдас__________________ 5.Туыс______________________ 6.Түр_______________________ Кілт сөзі: Лалагүлділер, жоғары сатыдағылар, грейг қызғалдағы, өсімдіктер даражарнақтылар, қызғалдақ, В).Көміртектің ауадағы мөлшері қанша болуы керек,шамадан асып кеткен жағдайдағы зиянды әсерін анықта. ________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Балл қою кестесі
|