Материалдар / "70-80 жылдардағы Қазақстан" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"70-80 жылдардағы Қазақстан" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнінің мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
714
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 70-80 Жылдардағы Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: 70-80 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі және ұлт аралық қатынас, халықтың әлеуметтік жағдайы, саяси оқиғалардың юасталу себептерін, барысы мен оның маңызын пысықтау;

Дамытушылық: оқушылар болған жағдайға өз көзқарасын айта біледі, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай біледі. Шығармашылық қабілетін дамытады.

Тәрбиелік: 70-80-жылдардағы студенттердің ерлігі, батырлығы, намысшылдығы, отаншылдығы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Көрнекілігі: маркер, қағаз, фишкалар

Сабақтың түрі: СТО стратегиялары

Барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Қайталау сабағы

Сынып оқушылары дөңгелек үстел бойына оытырып, сонан соң әр оқушының қызметі анықталады.

  1. Оқушы – сілтеме табушылар ( дауыстап оқыған мәтіннің қызық жерін табу)

  2. Оқушы – ізденуші (оқылған мәтінге қатысты кез келген ақпарат жинақтайды)

  3. Оқушы – дәнекер (мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстырады)

  4. Оқушы – із қуушы (мәтіндегі кейіпкерлердің ізін қуып, олардың іс-әрекетінен хабардар болып отырады)

  5. Оқушы – сұрақ қоюшы ( ой талқысы басталмас бұрын, сонда айтылатын мәселе туралы топты сөйлету үшін сұрақ қояды)

  6. Оқушы – сөз тапқыш ( сөйлеуге қажетті мәтіндегі жаңа сөздерді жазып отырады)

  7. Оқушы – реттеуші ( ой талқысына қатысушыларға реттік кезекпен сөз беріп, сөйлеушілерді реттейді)

  8. Оқушы – сипаттаушы ( мәтіндегі әрбір кейіпкердің мінез-құлқын, түр-помышын, кім екендігін сипаттап береді)

  9. Оқушы – бейнелеуші суретші (мәтіндегі кейіпкерлердің суретін соларға қатысты іс-әрекеттерді салады)

  10. Оқушы – жазушы ( ой талқысындағы смөйлегендердің сөзіне қарай әңгіме жазады)

  11. Оқушы – баяндаушы (ой талқыны бүкіл сыныпқа қайта баяндап береді)

Стол үстіндегі бағаланатын фишкаларды әр оқушы жауап берген соң топтың бағалануына қарай алады.

Өте жақсы – сары фишка

Жақсы – жасыл фишка

Қанағаттанарлық – қызыл фишка

Нашар – жарты қызыл фишка

Алдымен мұғалім мәтінді өзі дауыстап оқиды. Мәтінді үш бөлімге бөліп оқып, сонан соң әр бөлімнен кейін ой талқысына салады.

70-80- жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір және ұлтаралық қатынас (мәтін)

КОКП-ның бүлінуі, оның әлеуметтік-экономикалық саясаттығы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Федералдық мемлекет ретінде болжалып, 1922 ж. құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Ондағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс-жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдаланбады. Мәдениетті дамытудағы табыстарға қарамай, рухани қайта түлету проблемасы көлеңкеде қалып қойды. 70-80 жылдары ұлттық салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлт республикаларында, қоғамдық саяси өмірде евроцнтризм басым болды. Орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау процесі жүрді, мұның өзі Одақтас республикалардың құқықтарын мойындамауға алып келді. Көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды. 1977 жылы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді.

Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық тіл қолданылып, ал ұлт тілі ұмытылды.

Орыс тілін қазақтар 60 пайызға меңгерсе, қазақ тілін өзге қлттар 1 пайызын меңгерді, кітаптың 95 пайызы орыс тілінде басылды, теледидар хабарлары 70 пайызға орыс тілінде шықты. Орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. Ата-дәстүр, әдет-ғұрып аяқ асты болды, жастар діннен безді.

ІІ.

1979 жылғы Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы қоза түскен қарама – қайшылықтың көрінісі еді. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шещім 1979 ж.көктемде КОКП Орталық комитеті Саяси бюросының мәжілісінде Республиканың үкіметі мен Жоғары Кеңесінің келісімінсіз қабылданған болатын. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып бекітілді. Осы шешімге қарсы маусымның 18-19 жұлдызында студент жастар алаңға жиналды. Ереуілге төрт мыңға дейін адам қатысты. Ақмоладан кейін шағын митингілер Атбасарда, Көкшетауда, Ерейментауда өтті. Алайда Республика басшылығы ереуіл туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін салды. Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, жүйенінң ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі 1986 жылдың желтоқсанында әлі буыны бекімеген жас демократияның әміршілдік – әкімшілдік жүйемен ашық қақтығыына алып келді. Республика басшылары қазақ жастарына ұлтшыл деген айып тақты. Оқиғаға қатысқан 8500 жуық адам ұсталып жаза тартты. 1720 адам жарақат алды, 1200 адам жұмыстан қуылды, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды. Оқиғаға қатысты бірнеше адам мерт болды. Олардың арасынан жас демократ бейнесі қазақ жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілікті. Өзге ұлт өкілінің билік биллік басына келуі жастардың алаңға шығуына себеп болды.

1989 жылдың маусым айында Маңғыстау облысының жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды. Жылдар бойы жиналып қалған әлеуметтік мәселелер адамдарды ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен кавказдық келушілер арасынлағы қарама – қайшылықтан басталды. Вахтамен жұыс істейтіндердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Саяси жанжалдың шығу төркіні ұлт араздығынан емес, әлеуметтік мәселелердің дұрыс әрі әділ шешім таппағандығынан еді.

1989 шілде Ресейдегі Кузбасс, Украигадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті. Кеншілер алғашында экономикалық талаптар қойды, кейіннен бұларға саяси талаптар қосылды. Ереуілшілерді тыныштандыру үшін келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.Шадовтың уәделеріне олар қанағаттанбады. Осы кезде Қазақстан КП Орталық комитетінің бірініші хатшылығына сайланған Н.Назарбаев шұғыл түрде ұшып келіп, кеншілермен кездесу өткізді. Екі жақта орталық ведомстволардың биліктеріне наразылық білдіріп, экономикалық дербестікті жақтап, келісімге келді.

Мәтін талқыланып болған соң оқушылар бағаланады.

Ой толғау бөлімі.

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы

Ереуілдердің ұқсастығы мен даралығын анықтау.

Ұқсастық

Даралық




Үйге тапсырма

«Желтоқсан көтерілісі» тақырыбына байланысты сұхбат жүргізу.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!