7, 9-мамыр "Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7, 9-мамыр "Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие жұмысында 7, 9-мамыр күндері өткізілуге тиісті іс-шара жоспары көрсетілген. Тәрбиелік мәні зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қараөткел ауылы №2 мектеп гимназиясы









Тәрбие сағаты:




Өткізген: Негметжанова Р.К.







2021-2022оқу жылы




Тақырыбы: «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»

«7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, видеоролик, қабырға газеттері т.б.

Барысы: Әнұранның орындалуы

Ой толғау: Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалау ( М. Алмас өзі дайындаған материалы жайлы айтып, таныстырады)

  • Ал балалар, бейнероликтен Қандай мәлімет алдыңдар?

  • Бейнеролик кім туралы?

  • Ол қандай адам болған?

  • Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, қай жылы аяқталды?

  • Ұлы Отан соғысы жылдары халық үшін қандай әсерін тигізді?

  • Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

  • Бұл соғыс немен аяқталы?

  • Жеңіс күнін қашан тойлаймыз?

  • Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл? (77 жыл)

  • Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс дегенді қалай түсінесіңдер?

«Әлия мен Мәншүк» өлеңін Ы.Іңкәр мен С. Сәнім оқиды.

  • Отанымыздың қорғаны кімдер? (о.п)

- Өте жақсы балалар, алдымызда тағы бір мейрам келе жатыр. Ол қандай мереке? Ол кімдердің мейрамы?


- Олай болса біздің болашағымыз Ер азаматтардың қолында екен.


Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларына амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Аяжан:

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Лунара:

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Сөз кезегі сыныбымыздың старостасы Серік Сәнімге беріледі! (ұлдарды құттықтау!)

Мұғалім: Ал енді балалар ойын ойнайық! Олай болса сыныбымыздың ержүрек жігіттерін ортаға шақырайық!

1. Білім-білігін тексеру (Отан,Туған жер, батырлық туралы мақал-мәтел айту)

2. Ойын ұйымдастыру.

Айгерім:

Бүгінгі мерекеде жар салады,

Құрметтеп замандасын қарсы алады.

Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,

Билейді, ойнап күліп, ән салады.

Ән: А Диана мен Б. Манастың орындауында «Болашағы біз елдің» әнін тамашалайық.

Мұғалім:Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан. Олай болса, Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін! Деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.























Аяжан

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.


Лунара

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.





Айгерім

Бүгінгі мерекеде жар салады,

Құрметтеп замандасын қарсы алады.

Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,

Билейді, ойнап күліп, ән салады.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2022
1445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі