Материалдар / 7- орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәні «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесіі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау жұмысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

7- орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәні «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесіі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау жұмысы (БЖБ (2) 3-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
251
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» бөлімі

бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты :

7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;

7.5.1.7 септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және

жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы:

кейіпкердің іс-әрекеті мен образын талдайды

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;

септеулік шылауларды орынды қолданады

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.Төмендегі тапсырманы орындаңыз

 Ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Бір күні олар жерден бір уыс тары тауып алыпты. Үшеуі ақылдаса келе тарыны жерге егіп, көбейтіп алып, үшке бөліп аламыз деп шешеді. Түлкі бір жарды көріп:

- Мен осы жарды сүйеп тұрайын, құлап кетер – деп, жарды саялап жатып алады. Тасбақа жерді тырналап, тары егеді. Ал кене піскен егінді жиып алады. Олар көп тары алады. Олар түлкіні шақырады. Түлкі келіп, егінді көріп:

- Тарыны үшеуіміз бөліссек қаншадан тиеді? Аз мөлшерде шығатын шығар. Одан да үшеуміз жарысып, кім озса егін соған бұйырсын, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келеді. «1,2,3» деп түлкі жүгіре бергенде, кене түлкінің аяғына жабысып алады Түлкі мәреге бірінші боп жетеді. Сонда кене:

- Әй, мені басып өлтіресің бе?!, – деді.

Түлкі:

- Сен қашан жетіп алғансың? – деп сұрайды.

Кене:

- Сен бағана «1,2,3» дегенде-ақ мен келіп алғанмын, – деп жауап береді. Екеуі дауласып жатқанда, ентігіп тасбақа келеді.

Тасбақа:

- Әй түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа маған екі қара бүркіті және тазы иттері бар ат мінген екі адам келді. «Түлкі жолдасыңды тауып бер» деп мені қорқытты. Түлкі, мен сен туралы айтқан жоқпын. Енді олар маған сенбей, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі: «мені айта көрмеңдер, мына тарыны екеуің тең бөліп алыңдар, мен сендерге ризамын. Аңшылар мені сұраса, «түлкінің қайда жүргенін білмейміз деңдер», – деп, түлкі қашып кетеді. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі бөліп алыпты.


  1. Мәтінге ат қой ______________________________________________

  2. Ертегідегі қай кейіпкердің ісі сендерге ұнамады? Өз ойыңды

дәлелдеп түсіндір. _____________________________________









  1. Қай кейіпкерді еңбекқор, ақылды, тапқыр деп суреттер едіңдер? Өз ойыңды дәлелдеп түсіндіріп жаз.







  1. «Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей » тақырыбы бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп, шағын эссе жазыңыз.

Сөйлемдеріңде септеулік шылауды қолдан, астын сызып көрсет.




тапсырма

Дескриптор

балы

Білім алушы

Кейіпкердің іс –әрекеті мен образын талдайды

1

- мәтінге ат қояды

- өз ойын жүйелі , толық дәлелдейді.

-кейіпкерлерді анықтайды, суреттейді


1

2

2



Сурет бойынша өз ойын баяндайды, септеулік шылауларды қолданады

2

-тақырып бойынша өз ойын анық, жүйелі баяндайды

-септеулік шылауларды қолданады



3


2

Барлығы

10



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!