Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
7- сыныптың қазақ тілі пәні бойынша 3-тоқсан жиынтық бағалау тапсырмалары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні қазақ тілі
Сыныбы: 7
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификасы
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:
Қ ысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма № |
Қамтылатын мақсаттар |
*Тапсыр малар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Жалпы орындау уақыты |
*Балл саны |
Жалпы балл |
1 |
7.1.1.1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.4.4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану
|
Қ ысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратып, интервью барысында проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өз жауабын салыстыру, талқылау арқылы негіздеп отыруы қажет. Және мәтінмен танысқаннан кейінгі көңіл-күйін, деректер туралы ойларын одағай сөзді қолданып білдіреді. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін одағай түрлерін қатыстыра отырып, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасқа өзіндік пікірін жеткізуі бағаланады. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 5 минут беріледі) |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі.
әр білім алушыға 5 минут беріледі |
5\5 |
10 |
2
3 |
7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 7.2.5.1 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.4.4.3 Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану |
Қ ысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
2- тапсырманы орындау барысында мәтіндік және графиктік ақпаратты қолдана отырып, проблемалық сұрақ құрастырады.Оған «ПОПС» әдісі бойынша жауап жазады. Сөйлем ішінде шылау түрлерін қолданады. 3-тапсырма Берілген 2 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстырады. |
7 минут
8минут |
15 |
5
5 |
10 |
4
5
6 |
7.3.3.1.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.3.2.1..Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.3.4.1.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.3. 5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.4.1.1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтар |
4- тапсырма Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап 40-50 сөзден тұратын шағын мақала жазады. 5- тапсырма Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін (Ақпарат, қажетті, ГМО, әлеуметтік желі) синонимдік қатармен ауыстыра отырып 30- 40 сөзден тұратын жинақы мәтін жазады. Мәтінде жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. 6- тапсырма Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, «Дұрыс тамақтану- адамзат денсаулығының басты шарты» тақырыбына байланысты мәселені оңтайлы шешу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіріп, 100сөзді дискуссивті эссе жазады. |
7
6
12 |
25 |
3
2
5 |
10 |
Барлығы |
|
40 минут |
|
|
Тапсырмалар және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдалған мәтін бойынша жұп болып, бір-біріңізден интервью алыңыз.
1. Тыңдалған мәтін Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
2. Мәтінде көтерілген мәселенің өзектілігі неде деп ойлайсыз?
Оған ақпараттан қандай факті мен көзқарасты дәлел ретінде ұсына аласыз?
3. Мәтінде көтерілген ойдың, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжай аласыз ба? Болжамыңызды негіздеп беріңіз.
4. Мәтіннен қандай проблемалық сұрақ туындап отыр деп ойлайсыз?
Проблемалық сұраққа мысал келтіріңіз.
5. Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болады деп есептейсіз?
6. Мәтінмен танысқаннан кейінгі көңіл-күйіңізді, деректер туралы ойыңызды қандай одағай сөзді қолданып білдірер едіңіз?
1 - мәтін
Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол - интернет.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Десек те, егер бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін орындаса, денсаулыққа зиян тимейді. Көзбен компьютердің ара қашықтығын 60 - 70 см болып, көзге әр 20 - 25 минут сайын жаттығулар жасауды ұмытпағаны жөн. Жұмыс кезінде ақ халат кисе, ультра күлгін сәулесінен сақтайды. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. (170сөз)
http://bilim-all.kz/jospar/2512-Internettin-paidasy-men-ziyany (өңделген)
2- мәтін
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. ГМО-ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.
ГМО әдіс қалай
жүргізіледі?
Әрбір өсімдіктің және әрбір жануардың ағзасында өзіндік белгілері
болады. Және оның әрқайсысына белгілі бір ген жауап береді. Егер,
қандай да бір белгіге жауап беретін генді алып тастасақ, белгі
біржолата жойылады. Ал, оған жаңа бір генді енгізсек, өсімдікте
немесе жануарда жаңа қасиет пайда болады. Мысалы, картопқа
сарышаянның генін қосады. Нәтижесінде ешқандай құрт түспейтін
картоп алады. Сондай-ақ, қызанақ өндіру үшін полярлық түйетабан
(камбала) балығының генін пайдаланады. Есесіне бұл өнім суыққа
төзімді келеді. ГМ-қызанақтың жаңа түрін тіпті солтүстіктің қақаған
аязында да өндіруге болады. Гендік модификацияланған тәтті картоп
ақуыз және тағы да басқа қоректік заттармен байытылғандықтан А
дәруменінің жетіспеушілігінен емдеуге болады. Гендік инженерия
көкеністер мен жемістерді былай қойып, жануарлар дүниесіне қол сала
бастады. Мәселен, бұлшық етті сиырлар, сирағы денесінен үлкен тауық
еттері, жасанды жолмен алынған тауық жұмыртқалары.
(166сөз)
http://akikat.kazgazeta.kz/ (өңделген)
[10]
Оқылым
2-тапсырма
Мәтіндік және графиктік ақпаратты қолдана отырып, проблемалық сұрақ қойыңыз, оған «ПОПС» әдісі бойынша шылау түрлерін қолданып, жауап жазыңыз.
Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир» (3 миллионнан астам қазақстандықтар тіркелген), 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook» -ті жатқызуға болады. Өкінішке қарай, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти алған жоқ. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Дегенмен де, Казнеттің ең танымал сайттарын қарау күніне 100 мыңдай ғана болады екен.
http://medianet.kz/files/articles/6c/ (71сөз) (өңделген)
П- «Мен былай деп........».
О- «Себебі ............».
П-«Мен бұны мысал арқылы дәлелдей аламын.......».
С-« Осыдан қорытынды жасаймын............»
3-тапсырма
Берілген идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
1-мәтін
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр.
(99сөз) http://el.kz/kz/news/archive/ (өңделген)
2-мәтін
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Тілі бөлек болғанымен тілек
бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл,
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. (Махмет
Қажиахметов)
https://www.zharar.com/xfsearch/
[10]
Жазылым
4-тапсырма
Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап шағын мақала жазыңыз. ( 30-40сөз)
Дұрыс тамақтану
https://stud.kz/prezentatsiya/id/13758 (өңделген)
5-тапсырма
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңыз. (20-30сөз)
Мәтінде жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес
орфографиялық норманы сақтаңыз.
Тірек сөздер: ақпарат, қажетті, ГМО, әлеуметтік желі.
6-тапсырма
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, «Дұрыс тамақтану- адамзат денсаулығының басты шарты» тақырыбына байланысты мәселені оңтайлы шешу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз. (дискуссивті эссе) (100сөз)
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1-тапсырма
|
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда жеңіл қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген проблемалық сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Интервью барысында ойын дәлелді фактілер келтіріп, тұжырымын жүйелі жеткізеді. |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген проблемалық сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, дәлелдер келтіреді, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
|
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға нақты мысал келтіріп жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
|
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
|
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
тапсырмалар |
жауап |
балл |
2 |
Мәтіндік және графиктік ақпаратты қолдана алады. |
1 |
Проблемалық сұрақ қояды. |
1 |
|
Сөйлем ішінде шылау түрлерін қолдана алады. |
1 |
|
Сөз оралымын сақтайды. |
1 |
|
Нақты дәлелдер келтіре алады. |
1 |
|
3 |
Публицистикалық және көркем әдебиет стилінің өзіндік ерекшелігін ажыратады. |
1 |
Тақырыбын, құрылымын салыстыра алады. |
1 |
|
Тілдік ерекшелігін талдай алады. |
1 |
|
Ортақ белгілерін ажыратады. |
1 |
|
Мақсатты аудиториясын анықтайды. |
1 |
|
Барлығы |
10 |
Жазылым
тапсырмалар |
балл |
сипаттамасы |
4 |
3
|
Графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазған шағын мақалада оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
2
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
|
1 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. |
|
5 |
2 |
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып жазған жинақы мәтінде оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
1 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
|
6 |
5 |
Дискуссивті эсседе оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
4 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
|
3 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. |
|
2 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
|
1 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
|
10 балл |
Барлығы |