Материалдар / 7 класс Биология тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 класс Биология тест

Материал туралы қысқаша түсінік
7 класс ішекқуыстылар тарауына арналған тест тапсырмалары. Тақырыпты қорытындылауға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2018
1177
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7 класс Биология тест .

Ішекқуыстылар типі.

1. Гидраның асқорыту жасушасының орналасқан қабаты:

а) эктодерма

в) энтодерма

с) мезодерма

д) гиподерма

2. Гидраны жауынан қорғайтын және жемін аулауға қатысатын жасушасы:

а) жүйке жасушасы

в) апта жасушасы

с) тері-бұлшықет жасушасы

д) асқорыту жасушасы

3. Гидраның тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер:

а) өкпе қапшықтары

в) тыныс саңылауы

с) бүкіл денесімен сіңіру арқылы

д) өкпемен

4. Қармалауыштары арқылы «адымдап» , «төңкеріліп» қозғалатын жәндік:

а) шұбалшаң

в) айқұлақ

с) гидра

д) жүзім ұлуы

5. Медузалар денесі неше қабаттан тұрады:

а) бір

в) екі

с) үш

д) төрт

6. Адам үшін төмендегілердің қайсысы қауіпті:

а) түбірауыз

в) актиния

с) желкенше

д) гидра

7. Гидраның энтодермасында қандай жасуша түрлері болады:

а) жабын

в) қармалауыштар

с) атпа жасушалар

д) безді, бұлшық ет

8. Медузалардың құрылысында төмендегі мүшелердің қайсысы болады:

а) ас қорыту қуысы

в) асқазан

с) ауыз

д) ішек

9. Төмендегілердің қайсысында қаңқа бар:

а) қызыл маржан

в) актиния

с) гидра

д) эвглена

10. Медузалар қалай қозғалады:

а) пассивті

в) шатырдың жиырылуы арқылы

с) кірпікшелер арқылы

д) талшықтар арқылы

11. Берілген ішекқуыстылардың қайсысында табан бөлігі жоқ:

а) гидра

в) қызыл маржан

с) обелия

д) цианеа

12. Гидра қорегін қалай ұстайды:

а) қармалауыштарымен

в) аузымен

с) қимыл мүшелерімен

д) бүкіл денесімен

13.Гидра қалай тыныс алады:

а) өкпесімен

в) желбезектерімен

с) бүкіл денесімен

д) аузымен

14. Маржандар қайда мекендейді:

а) өзендерде

в) тоқтау суларда

с) теңіздерде

д) тұщы су қоймаларында

15. Медузалар үшін қай асқорыту жүйесі тән:

а) өсімдік жемділік

в) жыртқыштық

с) өсімдік, жануар қалдығы

д) бактериофагтық

16. Көпқармалауыштар мен медуза арасындағы айырмашылық:

а) жасуша құрылысы

в) қимылдау сипаты

с) қоректену жолы

д) көбею жолы

17. Медузаның жүйке жүйесі:

а) болмайды

в) диффузиялық тип

с) түтікшелі

д) бағанды

18. Гидраның атпа жасушалары ең көп жиналатын орны:

а) ауызда

в) ауызда, қармалауышта

с) бүкіл денесінде

д) энтодермасында

19. Гидра немен қоректенеді:

а) ұсақ су жәндіктермен

в) балдырлармен

с) су өсімдіктерімен

д) фотосиндездейді

20. Атпа жасушалар пайдалану соңынан:

а) өледі

в) тірі қалады

с) саны кемиді

д) сақталып қалады

21. Актиния қайда мекендейді:

а) теңіздің терең суында

в) теңіз түбінде

с) тұщы су қоймаларында

д) өзендерде

22. Бекініп, отырықшы тіршілік етеді:

а) гидралар мен медузалар

в) актиниялар мен коралдар

с) медузалар

д) инфузориялар

23.Шоғырлы ішекқуыстыларға жатады:

а) гидралар мен медузалар

в) актиниялар

с) маржандар

д) кораллдар

24. Медузалардың қозғалыс амалы:

а) талшықтардың жәрдемімен

в) тері-бұлшықет арқылы

с) жүзбеқанаттар арқылы

д) реактивті

25. Аттол түзуге қатысады:

а) маржандар

в) актиния

с) гидра

д) цианея

26. Әдемілік ретінде қолданады:

а) обелия

в) қызыл маржандар

с) гидра

д) актиния

27. Отырықшы дара теңіз қармалауышы:

а) маржандар

в) гидра

с) актиния

д) аурелия

28. Ең үлкен медуза:

а) цианея

в) айқышты медуза

с) аурелия

д) тамырауыз

29. Гидраның атпа жасушаның уы неге ұқсас:

а) кобра уына

в) жылан уына

с) қалақайдың уына

д) жабайы араның уына

30. Улы медузалар:

а) тамырауыз

в) айқышты медуза

с) аурелия

д) барлық жауап дұрыс

31. Ішекқуыстылар үшін қай асқорыту типі тән:

а) жасушаішілік

в) қуыстық

с) ішектік

д) жасушаішілік және қуыстық

32. Гидраның энтодермасында қандай жасушалар бар:

а) атпа жасушалар

в) жүйке жасушалары

с) асқорыту жасушалары

д) жыныс жасушалары

33. Гидра құрылысының қарапайымдылардан айырмашылығы:

а) біржасушалы

в) шоғырлы құрылысты

с) жасушалары екі қабатты

д) жасушалары бірнеше қабатты

34. Тұщы су гидрасы қайда мекендейді:

а) тоғандар мен өзендерде

в) терең суда

с) теңізде

д) ұлу бақалшағында

35. Гидра қорытылған қоректің қалдығын қалай шығарады:

а) қылаулатқышпен

в) ауыз тесігі арқылы

с) шұрықтар арқылы

д) бүкіл денесімен

36. Атолл түзуге қатысады:

а) маржандар

в) актиния

с) аурелия

д) цианея

37. Отырықшы дара теңіз көпқармалауыштылары:

а) маржандар

в) гидра

с) аурелия

д) актиния

38. Көпжасушалы ағзалар жасушаларының сыртқы қабаты:

а) энтодерма

в) эктодерма

с) кутикула

д) мезодерма

39. Көпжасушалы ағзалардың ішкі қабаты:

а) энтодерма

в) эктодерма

с) кутикула

д) мезодерма

40. Ішекқуыстылардың қозғалмайтын өкілі:

а) гидра

в) маржан

с) медуза

д) актиния

41. Ағзаның қайта қалпына келуіне қатысатын ішекқуыстылардың жасушалары:

а) жүйке

в) аралық

с) атпа

д) асқорыту

42. Әктен түзілген қаңқаларынан рифтер түзілетін ішекқуыстылар:

а) гидралар

в) актиниялар

с) көпаяқты маржандар

д)медузалар

43. Ең ірі ішекқуысты жәндік:

а) гидра

в) медуза

с) цианеа капиллата

д) актиния

44. Риф түзілу теориясын 1842ж қай ғалым жариялады:

а) К.Линней

в) Ч.Дарвин

с) И.П.Павлов

д) Луи Пастер

45. Рифтердің неше түрі бар:

а) 3

в) 2

с) 4

д) 5





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!