Материалдар / 7 санының қасиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 санының қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеті санының қасиетін зерттеу бұл ғылыми жұмыста көрсетілген негізгі мақсат. Адам өмірі сандармен тығыз байланысты. Сондықтан сол сандардың ішіндегі жеті санының адам өміріндегі алатын орны анықталған. Ғылыми, адамгершілік, тәрбиелік тұрғыдан жеті санының құндылығын зерттеген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жетекшінің сипаттамасы





Жеті санының қасиетін зерттеу бұл ғылыми жұмыста көрсетілген негізгі мақсат. Адам өмірі сандармен тығыз байланысты. Сондықтан сол сандардың ішіндегі жеті санының адам өміріндегі алатын орны анықталған. Ғылыми, адамгершілік, тәрбиелік тұрғыдан жеті санының құндылығын зерттеген.






С.Байғозиев атындағы

70 жалпы орта білім

беретін мектептің

бастауыш сынып

мұғалімі, жетекшісі: Назанова Нурипа









Түркістан облысы Сарыағаш ауданы С.Байғозиев атындағы

70 жалпы орта білім беретін мектептің 4 ә сынып оқушысы Жангирбай Аружанның «Жеті санының қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жұмысына


Пікір

Қазақстан Республикасының білім беру жұмысының мазмұнына тың көзқарас қалыптасып келе жатқан маңызды кезеңде жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат – мүдделеріне сай оқытып, тәрбиелеудің өзіндік өзектілігі күн сайын арта түсуде.

«Жеті санының қасиеті» атты 4 «Ә» сыныбының оқушысы Жангирбай Аружанның ғылыми жұмысымен таныстым. Бұл ғылыми жұмыс оқушының жас ерекшелігіне сай жазылған. Ғылыми жұмыста көрсетілген негізгі мақсат жеті санының қасиеті мен адам өміріндегі алатын орны зерттелген. Ғылыми, адамгершілік, тәрбиелік тұрғыдан зерттеген. Оқушының еңбегін ескере отырып, жұмысты ғылыми жоба жарысына жіберуге және оны қорғауға лайықты деп есептеймін.








Сынып жетекшісі: Н.Назанова



Жоспар

І. Кіріспе

Сиқырлы сандар туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Жеті ата

    2. Жеті қазына

    3. Аптаның жеті күні

    4. Кемпірқосақтың жеті түсі

    5. Ислам дініндегі жеті байламдар

ІІІ. Қорытынды

Жеті саны туралы байламдар

Жеті санына байланысты нақыл сөздер







Аңдатпа

  1. Зерттеу мақсаты:

Бұл ғылыми жұмыста көрсетілген негізгі мақсат жеті санының қадір - қасиетін зерттеу.



  1. Ғылыми көзқарас болжамы:

Біздің өміріміз сандармен тығыз байланысты, сондықтан сол сандардың ішіндегі жеті санының адам өміріндегі алатын орны мен ерекшеліктерін анықтау.



  1. Жұмыстың нәтижесі:

Жеті санына байланысты байламдарды түсіне отырып, ғылыми, адамгершілік, тәрбиелік тұрғыдан зерттейді.














    1. Кіріспе бөлім

Сиқырлы сандар

    1. Негізгі бөлім

Жеті санына байламдар

    1. Қорытынды бөлім

Жеті санына байланысты нақыл сөздер


Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифагор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетінін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар біэдің заманымызға дейін 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «үш», «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді.
Зерттеудің мақсаты:
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген нәтижелерді атап көрсету.

Жобаның міндеттері:
– Қасиетті сандармен танысу.
– Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
– Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен.
Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.


Жеті қазына. Қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.



Өлімге себепкер жеті күнә:
1. Тамақсаулық.
2. Жалқаулық.
3. Нәпсіқұмарлық.
4. Өркөкіректік.
5. Ашу.
6. Қызғаншақтық.
7. Сараңдық.
«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.
Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптарына жетіген жатады.

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап «Жетіген» аталған.









Қорытынды


Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 жоқ, 7 жетім, 7 жұт, 7 өлімге апаратын күнә. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.


Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік,

ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
















Пайдаланған әдебиеттер:




1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!