Материалдар / 7 сын 1 тоқсан әлеуметтік -тұрмыстық бағдарлау құндылықпен.docx
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сын 1 тоқсан әлеуметтік -тұрмыстық бағдарлау құндылықпен.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сын 1 тоқсан әлеуметтік -тұрмыстық бағдарлау құндылықпен дайындалған.docx
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2024
133
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Киім және аяқ киім

Сабақтың тақырыбы:

Киім, аяқ киім және бас киім түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.1.1 аяқ киім түрлерін, оның қажеттілігін білу;

7.2.1.2 бас киімді күту және сақтау ережелерін білу;

7.2.1.3 бас киім атауларын білу;

7.2.1.4 бас киімді мезгілге және жағдайға қарай таңдай білу;

Сабақтың мақсаты:

  • аяқ киім түрлерін, оның қажеттілігін біледі;

  • Отбасындағы өзіңіздің әлеуметтік рөліңізді (ұлыңыз немесе қызыңыз, немере не немере, ағаңыз, апайыңыз) анықтай біледі;

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушыны фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Бағалау критерийлері:

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

  • Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мын ребусты шешуіміз керек.

Тапсырма.

М  І  К  И          С   Б   А   И  М  К  І      Қ  А  Я  І  К  М  И

4   3  1  2            3   2    1   2    4  1   3      3   1  2  3   1  4   2

Яғни, «Киім, бас киім, аяқ киім түрлері» тақырыбын қорытындылаймыз.

-Ол үшін біз 2 топқа бөлінеміз.

-«Білгірлер», және «Тапқырлар» тобы.

-Сендерге әртүрлі тапсырмалар беріледі. Дұрыс тапқан топтар жұлдызшалармен марапатталады.

2.Маусымға сай аяқ киімдерді атаңдар.

Күз Қыс                         Көктем           Жаз

Плащ                                  тон                           жемпір           көйлек

Су етік                                қолғап                      плащ             футболка

Жемпір                               байпақ                      суетік            майка  т.б.

Ойын «Артығын тап».

Сарамандық жұмыс.

Аяқ киім түрлерін атау.

Оқушыларға аяқ-киім түрлерін көрсету, атай білу. Жыл мезгілдерінің аяқ киімін айтқызу. Мысалы күзде жаңбырда етік, жазда күн ыстық болғанда киетін аяқ киімді атау, қыста киетін аяқ киім қалай аталады.т.с.с.

Аяқ киімдердің құрамы: тері, резинка, шүберек…….. атау.

 

Тест сұрақтары.

Тест сұрақтары:

Қыс мезгілінде киетін киім ?

  • Тон

  • Куртка

  • Плащ

Жауында киетін киімді ата ?

  • Көйлек

  • Кофта

  • Плащ

Бас киімді немен тазалаймыз ?

  • Тіс щеткасымен

  • Арнайы щеткамен

  • Сумен

Аяқ киімді күтуде қандай затаар қажет ?

  • Аяқ киім щеткасы

  • Аяқ киім кремі

  • Аяқ киім губкасы


Мадақтау.

Бағалау.

Дескрипторлар:

- Шешімін табады.

- Маусымға сай аяқ киімдерді атайды.

-тест сұрақтарына жауап береді.

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.










Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды.









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://bilimger.kz/58730/

https://ust.kz/word/asyq_sabaq_kiim_jane_ayaq_kiim_kutimi_6_synyp-262206.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.








Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Киім және аяқ киім

Сабақтың тақырыбы:

Киімді, аяқ киімді күту

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.2.1 киімнің ерекшеліктері мен күтуіне байланысты шартты белгілерді (таңбаны) таңып білу;

7.2.2.2 кір жуудың, кептірудің, үтіктеудің ерекшеліктерін білу;

7.2.2.3 заттаңбада берілген шартты белгі бойынша киімді жуудың, кептірудің, үтіктеудің ерекшеліктерін анықтай білу;

Сабақтың мақсаты:

  • Күнделікті үйдегі міндеттерді орындай біледі;

  • Заттаңбада берілген шартты белгі бойынша киімді жуудың, кептірудің, үтіктеудің ерекшеліктерін анықтай біледі.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу. «Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушымен шағын әңгіме қозғау.

- Өткен сабақта біз киімді күтудің ережелерімен таныстық.

Мезгілдік киімдерді күтудің қосымша ережелері қажет деп ойлайсыздар ма? Неліктен?

Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Сұрақтарға жауап бер:

- Киім таңбашаларында қандай ақпарат көрсетілген?

- Қандай матадан жасалған бұйымдарды қайнатуға болмайды?

Неліктен?

- Кір жууға қандай белгілер қатысты?

- Тазартуға қандай белгілер жатады?

Топтық жұмыс.

Жыл мезгілдеріне байланысты топтарға бөлу (қыс, жаз, көктем, жаз) Практикалық тапсырма.

Мезгілдік киімді күту бойынша постер дайындаңдар.

· Күту мен эксплуатацияның ережелері;

· Жөндеу бойынша ерекшеліктер;

· Сақтау ережелері

Постерлерді таныстыру.

Бір-бірлеріңнің постерлеріңді бағалаңдар.

· Ең эстетикалық постер;

· Ең танымдық постер;

· Ең жақсы презентация.

Жаңа сөздермен жұмыс – щетка не үшін керек?

Киім, аяқ киім тазалауға. Лак, крем аяқкиімгежаңатүр беру үшін, тазалау үшін керек. Майлау, сылау керек. Аяқ киім күтімі, бауын шешіп, байлауға жаттығулар жасату.


Дескрипторлар:

- Аяқ киім күтімі туралы біледі.

- Ойын жалғастырып жазады.

3. Рефлексия:

Аяқ киімді не үшін тазалаймыз? Қалай тазалаймыз, немен тазалаймыз. Құралдарын атап бер.


Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.



Оқушы жауаптары тыңдалады.







Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.





Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Аяқ киім күту бағыттарын зерттейді

Белгілі бір шамамен тапсырмаларын орындайды

https://ustaz.kz/materials/word/asyq_sabaqkiim_ayaq_kiim_kutimi_men_olardy_saqtay_saqtay_erejeleri-287282.html



Аяқталуы




Кері байланыс

- Топ мүшелерінің ішінде белсенді сыныптасыңды анықта.

- Өз таңдауыңды түсіндір.

- Сен үшін сабақта қандай ақпарат жаңа болды?

- Өз киіміңді қалай күтер едің?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Тұрғын үй

Сабақтың тақырыбы:

Тұрғын үй түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.3.1.1 киіз үй құрылысының ерекшеліктерін білу (дөңгелек, тез жиналады, жеңіл, жылы, тасымалдауға ыңғайлы); 7.3.1.2 жатын бөлме, жатын бөлме жиһаздарын білу;

Сабақтың мақсаты:

  • Киіз үй құрылысының ерекшеліктерін біледі;

  • Жатын бөлме, жатын бөлме жиһаздарын біледі.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушымен шағын пікірталас жүргізу.

Бағалау критерийлері:

  • отбасылық дәстүрлерді бағдарлай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Оқушыларға «Қызықты мозайка» ұсынылады.

Қызықты мозайка – оқушыларға ойын арқылы алдыңғы сабақтағы ережені еске түсіру.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Тұрғын үй түрлері

Үй – бұл адамның демалып, өмір сүретін орны. Пәтерді жабдықтау өте күрделі, жауапты жұмыс. Бұл арнайы біліммен қоса талғамды, әдемілікті сезінуді, анық аналитикалық ақылды талап етеді. Үйді отбасындағы әрбір адам бір-біріне кедергі келтірмей, өз жұмысымен еркін айналыса алатындай етіп жабдықтау керек.

Киіз үй жиналмалы және жазылмалы ағаш қаңқадан, киіз жабындардан және үйдің барлық бөлігін бекітетін таңғыш шалмалар мен бау-басқұрлардан, арқандардан құралады. Ағаш қаңқасы төрт бөліктен тұрады: кереге - киіз үйдің шеңберлі қабырғасын түзейтін ажырамалы буындар, уық - күмбез сырғауылдары, шаңырақ — күмбез төбесіндегі шеңбер; қос жармалы есік. Мақсатына, мөлшері мен құрылымына қарай қазақтар киіз үйді үш топқа бөледі: түрғын жай, салтанатты жай және көш кезінде пайдаланылатын киіз үй. Мұның өз қисыны бар: олар сыртқы түрі мен мөлшері жағынан бір-бірінен едәуір өзгеше.

Тұрғын киіз үй - бұл ең бір кеңінен таралған әмбебап баспана. Оны Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі халқының көпшілігі ғасырлар бойы қолданып келген. Бұл киіз үйде екі ұрпақ өкілдерінен тараған бір әулет тұрады. Дәстүрге сәйкес киіз үйдің іші белгілі бір мақсатқа сай келетін бөліктерге бөлінеді: қонақтар мен үй иелері жайғасатын, сондай-ақ жиһаз бен тұрмыстық заттар орналасатын орындар айқындалады. Киіз үйдің бұл түрін «үй» деген ортақ атаумен атайды. Ол қосалқы төрт түрге бөлінеді: қара үй (3 қанат киіз үй), қоңыр үй (4 қанат киіз үй), боз үй (5 қанат киіз үй) және ақ үй (6 қанат киіз үй). Атына қарағанда (қара, қоңыр, боз, ақ), бұл киіз үйлер дәрежесіне қарай ретімен орналасқан болса керек: ең кішісі әрі түсі қара болып келетін киіз үй - кедей отбасының баспанасы, ал ең үлкені әрі түсі ақ - бұл әл-ауқаты жоғары отбасының кең де әсем киіз үйі. Алайда киіз үй мөлшері мен оның киіздерінің саны қожасының әл-ауқаты мен оның қоғамдағы алатын орнына соншалықты тәуелді деп санау дұрыс емес. 

Киіз үйдің екінші түрі - қонақ түсуге арналған киіз үй, салтанатты киіз үй немесе орда. Бұл топта да төрт қосалқы түр бар: ақ ала орда (8 қанат киіз үй), ақ орда (12 қанат киіз үй), алтын орда (18 қанат киіз үй), алтын үзік (18-ден астам қанаты бар киіз үй). Әдеби деректерде 30 қанат киіз үй - алтын үзік туралы мәліметтер кездеседі, алайда ең қарапайым есептің нәтижесінде осынша қанаты бар түркі киіз үйінің болуы мүмкін емес екенін көруге болады. Себебі, мұндай киіз үй жасау үшін ішкі тіреуіштерді қолдану қажет болады, ал бұл моңғол үлгісіндегі киіз үй болмақ, әрі ол жылжымалы болмас еді. Бұл жерде, сірә, фольклорлық дәстүр орын алып отырған болса керек, онда халық ауыз әдебиетіне тән болып келетін әсірелеуге деген бейімділікпен бізге Жошы хан мен оның ұрпақтары - қазақ хандары мен сұлтандарының ордалары туралы айтады. Үлкен киіз үй, ордалар қазақ даласында XIII ғасырдан XIX ғасырдың орта тұсына дейін, орыс әкімшілігі сұлтандардың саяси ықпалын жойып жібергенше пайдаланылып келді.

Хан-сұлтандардың жазғы көшпелі ордалары өзен-көлдердің жағасында еркін орналасқан. Көз жауын алатын киіз үйлі қалашықтар. Мұндай қалашықтарды құрудың қатып қалған ережелері болмаған. Қоныстың қақ ортасында орда киіз үй тігіліп, оның жанында қонақ түсіруге арналған салтанатты киіз үйлер орналастырылатын болған. Олардан сәл аулақтау жерде, әдетте қоныстың әр тұсында сұлтанның әйелдерінің киіз үйлері тігілген. Оларды қоршай тұрғынжайға және шаруашылыққа арналған киіз үйлер орналасқан. Бұл үйлерде ағайын-туған мен қоңсылар жайғасып, сондай-ақ қонақтар мен үй ішіндегілерге арнап тамақ дайындалған. Қалашықтың сыртқы шекарасын бойлай сллтан сарбаздары мен қызметшілерінің қызметін қоса атқаратын өзіндік бір қауым - төлеңгіттердің және басқа да жауынгерлердің киіз үйі тігілген.

Дәстүрлі көшпенділер қоғамы дүниеге келген әр баланы өз мәдениетінің болашағы ретінде қарсы алған. Ұланғайыр далада халық аса шашыраңқы тұрса да, адамның қолымен жүзеге асырылатын көшпенді және жартылай көшпенді шаруашылық жүргізу жағдайында шаруа маңындағы жұмыс қолының саны зор рөл атқарған. Салт-дәстүр мен өнеге-білім берудің негізгі жолы миф, аңыз, аңыз-әңгіме, эпос, шежіре арқылы дамыған ауыз мәдениеті болды. Осындай білім иелері де өте жоғары бағаланып, осының барлығы қоғамның жеке тұлғаға, адамға үлкен ілтипатпен қарауына себеп болған. Адам өмірінің әр кезеңі айрықша мереке ретінде атап өтіліп, оның көпшілігі киіз үйде өткен. Ең алғашқы әрі ең күрделі жол-жоралғы тобы баланың дүниеге келуімен байланысты екен. Мұнда жалпы киіз үйдің өзі ғана емес, оның құрылымының жеке элементтері де маңызды рөл атқарған. Атап айтқанда, киіз үйдің бақаны жас босанатын әйелге сүйеніш ретінде қолданылған. Бақан әйел толғатқан кезде есіктен біршама алыстау, киіз үйдің оң жақ бөлігіне орнатылатын болған. Бақаннан киіз үйдің кереге көзіне жүген тартылып, ол босанатын әйелдің қолтығы астынан өткізілген. Толғақ кезінде ол осы арқанды сүйеніш еткен. 

Киіз үй бейнесінің өмірлік күш пен өсіп-өнуді қамтамасыз етуге бағытталуы үй ішіндегі жабдықтың түр-түсінен де көрініс тапқан. Қазақтың киіз үйінде, басқа да түркілік көшпенді және жартылай көшпенді халықтардың баспанасындағыдай мата қиықтарында, кілемдерде, перделерде бейнеленген ою-өрнек көбінесе ашық түспен берілген, соның ішінде қызыл түс баланың өмірге келуімен, көбеюмен, тіршілікпен байланысты болған. Осыған ұқсас төсекжаймен байланысты қолданылатын кейбір ырымдар да көп тараған. Жаңа қосылған жұбайлардың төсекжайына бала көтермеген бедеу әйелдерді жақындатпаған. Төсекжайды бірінші түні көп балалы, елге сыйлы, қолы берекелі әйелге салдырған.

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, альбом ішіне нобай салады.


Дескрипторлар:

  • әңгіме құрастырады

  • Ойын жеткізеді.


3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы тұрғыг үй туралы сұрақтарға жауап береді.








Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

































Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, альбом ішіне нобай салады.


















Дискриптор

Сән саладағы тұрғыг үй бағыттарын зерттейді.

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22_nauryiz_2015/26617/



Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.














Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Тұрғын үй

Сабақтың тақырыбы:

Тұрғын үйді жинау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.3.2.1 терезелерді жуа білу;

7.3.2.2 терезедегі перделерді күте білу;

7.3.2.3 жылу батареяларын күте білу (шаңдарын сүрту, жуу);

7.3.2.4 жарықшамдарды күте білу (сүрту, жуу);

7.3.2.5 тұрғын үй- жайды мезгілдік жинай білу;

Сабақтың мақсаты:

  • терезелерді жуа білу, терезедегі перделерді күте біледі;

  • жылу батареяларын күте біледі;

  • жарықшамдарды күте біледі;

  • тұрғын үй- жайды мезгілдік жинай біледі.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Еңбекқорлықтуралы не білеміз?

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.


Бағалау критерийлері:

  • Тұрғын үй түрлерін атай білу, оларды тазалай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Тұрғын үй гигиенасын айта кетсек.

Пәтер - адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор.

Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді:

Сырттағы ауа;

Толық жанбаған газ өнімдері

Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар;

Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар;

Тұрмыс химиясы;

Темекі түтңнңнен бөлінетін заттар;

Орынжайды санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы және т.б.

Сондықтан да  пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет.

ІV. 1-Тапсырма: Сөздерге анықтама беріңдер.

Интерьер неге байланысты болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тұрғын үй тазалығы

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Әсемдік жасалуы элементтерін ата

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-Тапсырма:  бөлме ішін салу.

Сабақты бекіту.

1.Эстетикалық әсемдеу дегеніміз не?

Тұрғын орынжайды күн сайынға жинауға қандай жұмыстар кіреді?

Интерьер түрлерін атаңдар?

Ауыл мен қала тұрғын үй интерьерінің айырмашылығы неде?

 Рефлексия.



Білемін Үйрендім Білгім келеді

Тұрғын үй тазалығы не екенін білдік.

Бөлме ішін қалай әшекейлеуге түсіндім Әр түрлі инерьерді білгім келеді.

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнебаян материалдарын пайдаланып, есте сақтау қабілеті бойынша дәптерге түсіреді.

Дескрипторлар:

- Үй тазалығын сақтай біледі;

-ойларын дәптерге түсіреді.


3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Үйге тапсырма

Өз бөлмелерінің суретін салып келу.

Оқушы үй тазалығы туралы сұрақтарға жауап береді.










Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

Источник: https://www.tarbie.kz/10057



Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!