Материалдар / 7 сынып 2 тоқсан әлеуметтік. docx
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып 2 тоқсан әлеуметтік. docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып 2 тоқсан әлеуметтік. docx
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2024
75
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Отбасы

Сабақтың тақырыбы:

6.1 Отбасы мүшелері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.6.1.1 өзінің, жақын туыстардың, немере қарындас- ағаларының фамилиясын, атын, әкесінің атын білу; 7.6.1.2 олардың туысқандық дәрежелерін атай білу;

Сабақтың мақсаты:

  • Өзін және өзінің отбасы мүшелерін: атасы, анасы, ағасы, әпкесі және әжесін атын біледі;

  • Отбасындағы өзіңіздің әлеуметтік рөліңізді (ұлыңыз немесе қызыңыз, немере не немере, ағаңыз, апайыңыз) анықтай біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Отбасы мүшелерін атай білу, туысқандық атауларын білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Отбасы дегеніміз не?

(отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).

Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).

Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады).

2. Әңгіме (отбасының суреті бойынша)

Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? (әңгімелеседі, бірге отырып тамақ ішеді, бір-бірін сыйлайды, балалар үлкендерді тыңдайды, бірге демалады).

Отбасына тигізетін қолғабысың туралы әңгімелеп берші. (Оқушы әңгімелей бастайды

Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болуды кімнен үйренесіңдер? (оқушы атасынан, әжесінен, әке-шешесінен, аға-тәтесінен үйренетінін айтады. Отбасынан өрбитін адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені одан әрі жалғастыра беруге болады).

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, альбом ішіне нобай салады.

Дескрипторлар:

- Ұқыпты салады

- Түрлі-түсті бояйды

- Берілген стильге сай орындайды

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.










Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды.









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://u-s.kz/publ/2304-men-otbasym.html



Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.
































Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Отбасы

Сабақтың тақырыбы:

6.2 Отбасылық қарым-қатынас

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.6.2.1 күнделікті үйдегі міндеттерді орындай білу;

7.6.2.2 отбасы мүшелеріне қамқорлық жасай білу;

7.6.2.3 отбасын құру, отбасылық қарым- қатынас мәдениеті, отбасылық дәстүрлерді үйрену сұрақтары бойынша хабардар болу;

Сабақтың мақсаты:

Күнделікті үйдегі міндеттерді орындай біледі;

Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасай біледі;

Отбасын құру, отбасылық қарым- қатынас мәдениеті, отбасылық дәстүрлерді үйрену сұрақтары бойынша хабардар болады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Үй шаруашылығын басқаруға, отбасы мүшелеріне қамқорлық жасай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Ата-әженің мейірімі қандай әсерге бөлейді?

· Әке мен ананың жылылығы деп нені айтамыз?

· Отбасында қалайша татулық орнатуға болады?

· Бауырмалдық дегенді қалай түсінесің?

· Өзің туғандарыңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?

Жаңа ақпарат.

Отбасылық қарым-қатынас. Қарым-қатынасты жақсартуда олар қаншалықты маңызды?
«Отбасылық дәстүрлер — бұл отбасында қабылданған ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір нормалар,әдеп, әдет-ғұрыптар мен көзқарастар». Бұл болашақта балалар өз отбасына алып барып, өз балаларына жеткізетін үйреншікті әдет-ғұрып.
Отбасылық дәстүрлер адамдарға не береді?
 Олар баланың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Өйткені, дәстүрлер белгілі бір әрекеттердің қайталануына негізделеді, демек, тұрақтылықты білдіреді. Балақай үшін осындай, болжауға мүмкін нәрселер өте маңызды, осының арқасында ол үлкен түсініксіз әлемнен қорқуын қояды. Бәрі тұрақты және ата-анасы жанында болса, неден қорықсын? Оған қоса, дәстүрлер балаларға қатал тәрбиелеушіден бөлек, ата-аналарды бірге көңілді уақыт өткізуге болатын дос ретінде көруге үйретеді.
 Ересектер көзінде отбасылық дәстүрлер туыстары арасындағы бірлік сезімін нығайтады, оларды жақындатады, сезімдерін күшейтеді.
 Бұл отбасының мәдени дамуына септігін тигізеді. Жанұя жай ғана жеке «мен»-дердің жиынтығы емес, елдің мәдени мұрасына үлес қосатын, қоғамның толыққанды бір ұяшығы ретінде қалыптасады.

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, Отбасылық қарым-қатынас туралы жазады.


Дескрипторлар:

- Отбасылық қарым-қатынас тураы біледі.

- Ойын жалғастырып жазады.

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.



Оқушы жауаптары тыңдалады.







Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://u-s.kz/publ/2304-men-otbasym.html



https://ust.kz/word/otbasyndagy_qarym___qatynas_madenieti_3_synyp_sabaq_jospary-79988.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.




























Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Отбасы

Сабақтың тақырыбы:

6.2 Отбасылық қарым-қатынас

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.6.2.4 ақшалай қаражат бюджетінің құрамдас бөліктерін анықтай білу ( кіріс және шығыс);

7.6.2.5 отбасы кіріс көздерін, шығыс негіздерін анықтау;

7.6.2.6 отбасылық бюджетті жоспарлай білу (күнделікті, айлық шығысты жоспарлау)

Сабақтың мақсаты:

  • Ақшалай қаражат бюджетінің құрамдас бөліктерін анықтай біледі ( кіріс және шығыс);

  • Отбасы кіріс көздерін, шығыс негіздерін анықтайды;

  • Отбасылық бюджетті жоспарлай біледі(күнделікті, айлық шығысты жоспарлау)

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • отбасылық дәстүрлерді бағдарлай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Оқушыларға «Қызықты мозайка» ұсынылады.

Қызықты мозайка – оқушыларға ойын арқылы алдыңғы сабақтағы ережені еске түсіру.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

   Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.

   Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

   Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,

Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар;

Жаңартылуы керек жиһаз, жөндеу жұмыстары, көңіл көтеретін іс-шара шығындары секілді қосымша шығындар жазылуы тиіс.

   Кесте дайын болғаннан кейін айлық табысыңыздың шығындарыңызға жетіп-жетпейтіндігін байқай аласыз. Егер табысыңыз шығындарды жабуға жетпей жатса, қажеттіліктерімізді маңыздылығы мен жеделдігіне қарай ретпен тізіп жазамыз да, сол тізім бойынша ақшамызды жұмсаймыз. Сонымен қатар, жоспардын тыс, күтпеген жағдайлар үшін ақша бөліп қойғанымыз жөн. Бөліп қойған бұл «арнайы қорымыз» күтпеген қиындықтар туындаған жағдайда бізге үлкен көмегін тигізеді.

   Ақша жұмсау барысында кестеде белгіленген мөлшерден аз жұмсалған жағдайда оны толықтыруға тырысудың қажеті жоқ. Мысалы, азық-түлік үшін 20000 теңге ақша бөлдік дейік, бірақ азық-түлікке 17000 теңге ғана жұмсалса, «қалған 3000 теңгені де жұмсауға міндеттімін» деп ойламауымыз керек. Артылған ақшаны келесі айға қосуға, басқа маңызды бір қажеттілікті жабуға немесе «арнайы қорымызға» қосып қоюымызға болады.

  • Отбасы бюджетін айтарлықтай үнемдегіңіз келе ме? Онда,

  • Киімдеріңізді бөліп үтіктемей бәрін бірге үтіктеңіз;

  • Ыдыс-аяқты да бөлмей, бірге жуыңыз;

  • Керексіз жарықтардың жануына жол бермеңіз;

  • Жуынғанда судың ағысын баяулататын арнайы құралғы тағыңыз;

  • Азық-түлікті аларда арзан алу үшін арнайы дүкендерге баруға ерінбеңіз;

  • Супермаркеттерге барарда алдын ала тізім дайындаңыз және тек сол тізім бойынша сауда жасаңыз.

    Жоғарыда айтылған кеңестер көзге көп көріне бермейтін шағын нәрселер. Алайда, сол кеңестерге көңіл бөлу арқылы отбасы бюджетіңізді 25 пайызға дейін үнемдей аласыз.  

      Соңғы кездері несие алудың оңайлауы, 0 пайыздық несие мүмкіндіктері  көптеген отбасылардың отбасылық бюджетіне кері әсерін тигізуде. Банктер осындай мүмкіндік берді екен деп өзімізді сол мүмкіндіктерді пайдалануға міндетті сезінбеуіміз керек. Тек қана қажеттілік туындаған жағдайда ол мүмкіндікті қарастырғанымыз жөн. Егер бұл мүмкіндіктер бізге ысыраптың есігін ашатын болса, ертең банктерге тәуелді «құлға» айлалуымыз әбден мүмкін. Бұл «құлдық» біздің отбасымыздың шырқын бұзып, шаңырағымыздың шайқалуына дейін апаруы мүмкін.

   Ақшаңызды осылай жоспарлы түрде жұмсағанда ғана отбасы бюджеті орнықты болмақ. Жалақыңыз да қажетсіз ұсақ-­түйекке шашылмай, өз керегіңізге жұмсалады. Ақшаның жетіспеуінен орын алатын отбасылық кикілжіңдер де тыйылады.

Бейнематериал көру

Бейнебаянда берілген сурет бойынша «отбасы бюджеті» тақырыбында сюжетті әңгіме құрастыру тапсырылады.



2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, альбом ішіне нобай салады.

Дескрипторлар:

  • әңгіме құрастырады

  • Ойын жеткізеді.


3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.








Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://u-s.kz/publ/2304-men-otbasym.html



Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/omirdin_ozi/21414/



Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Отбасы

Сабақтың тақырыбы:

6.3 Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.6.3.1 азаматты жекелеме куәләндіруші құжаттарды білу және атау (туу туралы куәлік, жеке куәлік);

7.6.3.2 жеке сәйкестендіру нөмірін білу

Сабақтың мақсаты:

  • Азаматты жекелеме куәләндіруші құжаттарды біледі және атайды (туу туралы куәлік, жеке куәлік);

  • Жеке сәйкестендіру нөмірін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Тауарлардың аттарын атай білу, таңдаған тауарды пайдалана білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат.

Жеке сәйкестендіру нөмірі қысқ. ЖСН (орыс. Индивидуальный идентификационный номер) - Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларға берілетін сандық код.

ЖСН бір-ақ беріледі және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында болады.



Жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не осы Заңда айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат.

Туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат.

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнебаян материалдарын пайдаланып, есте сақтау қабілеті бойынша дәптерге түсіреді.

Дескрипторлар:

- құжатты есте сақтайды;

-Дәптерге түсіреді.


3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.










Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://u-s.kz/publ/2304-men-otbasym.html



Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!