Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып "Дара тұлға-Бауыржан Момышұлы " тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып "Дара тұлға-Бауыржан Момышұлы " тақырыбы "Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым" бөлімі бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 5-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Дара тұлға- Бауыржан Момышұлы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Бауыржан Момышұлы туралы жазылған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен стилін жалпы салыстыру.

Көпшілігі: Бауыржан Момышұлы туралы екі түрлі стильде жазылған мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын салыстыру ;

Кейбірі: идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

талдау

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім (2-құндылық)

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

Алдыңғы білім

Соғыс жылдарындағы Қазақстан

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту





























Сабақтың ортасы:



















Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделіп, назары сабаққа аударылады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Б. Момышұлының ұлағатты сөздері:

«Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ», «Ерлік тайсалмас табандылық пен қайтпас қайсарлықтан шығады»

«Халықтық тәжірибе – бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына»

Әр топ мүшелері өз дәптеріне топқа берілген ұлағатты сөздерді жазып алып, мағынасын ашады. Оны топта оқиды.

Осылай сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.

І. ОҚЫЛЫМ АЛДЫ

1-тапсырма. Ой шақыру. «Құпия сөз»

шеврон- жең белгі

1-сөйлем. Солдат шевронды ұзақ таңдады.

2-сөйлем. Шеврон әр әскери солдатқа міндетті.

3-сөйлем. Солдат шевронын түсіріп алды.

4-сөйлем. Шевронды тағу үшін ине жіп іздеді.

5-сөйлем. Ол өзінің жең белгісін-шевронын тағып, ертңгі әскери қызметке дайын болды.

Дескриптор:

  • Б. Момышұлының ұлағатты сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді;

  • «құпия сөздің» мағынасын ашуда ойланады, өз болжамын ұсынады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

ІІ. ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Оқушыларға екі мәтін таратылады. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Тапсырма

Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

1-мәтін

Қаһарман

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,

Адамзатты алға бастар Ар заңы!

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –

Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,

Бойға жиған ақылы мен сабырын,

Өмір бойы шындық үшін күресіп,

Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

Жауынгерді айналдырып құрышқа,

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,

Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,

Туған елді өз үйім деп таныған,

Жалындаған жастар керек еліме

Батыр баба қасиеті дарыған!

(«Егемен Қазақстан» Айбатыр СЕЙТАҚ)

2-мәтін

Оқулықтағы ОҚЫЛЫМ мәтіні

Екі мәтіннің ұқсастығы




Екі мәтіннің айырмашылығы



Түрі



Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)


Мақсаты


Мазмұны


Стилі



Тілі




Мәтіннің тіліне, мақсаты мен мазмұнына сараптама жасау жолдары:

  1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз;

  2. Оқу барысында мәтін стиліне (ресми және бейресми) назар аударыңыз;

  3. Мәтіннің аудиториясын анықтаңыз; яғни бұл мәтінді кімдер оқитыны туралы болжаңыз. Әдетте, аудитория жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарай жіктеледі;

  4. Осы мәтін арқылы автор оқырманға қандай ой тастағысы келетінін ойлаңыз. Автордың ойы сіз сараптама жасап отырған мәтіннің мақсаты болады;

  5. Мәтін абзацтарын қысқа мазмұндаңыз; мәтінді мазмұндауда бір-біріне қарама-қайшы пікірлерді атап өтуіңізге болады. Ол кезде төл сөз бен төлеу сөзді пайдаланғаныңыз дұрыс. Соған байланысты автор көзқарасын да келтіруге болады.

  6. Әр абзацтың бір-бірімен байланысын анықтаңыз; әр абзац, әдетте, бір-бірімен логикалық жағынан байланысады немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысады;

  7. Мәтіннің тіліне сараптама жасауда тақырып бойынша термин сөздер мен кәсіби сөздерді анықтап, сол арқылы автордың қай стилде жазып отырғанын растай аласыз. Адамның көңілкүйін білдіретін сөздер, әдетте, көркем әдебиет стиліне тән екендігі ұмытпаңыз.

  8. Әр абзацтың соңғы етістігіне талдау жасаңыз. Олар әр түрлі шақтық формада тұруы мүмкін. Олардың ол формада тұруына түсініктеме беріңіз.


Бағалау критерийі:

Дескриптор:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • стиль түрін анықтайды;

  • мәтіндерді салыстыра алады;

  • тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;

  • мәтіндердің негізгі идеясын анықтай алады.

  • бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалай алады.


ҚБ. «Нысана»

ІІІ. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. «Құндылықтар спектрі» әдісі

  1. Топтар жұмыстарын ауыстырады.

  2. Б ір-бірінің жұмысын дескрипторға сай тексереді.

3.

Фигуралары арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • стиль түрін анықтайды;

  • мәтіндерді салыстыра алады;

  • тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;

  • мәтіндердің негізгі идеясын анықтай алады.

  • бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалай алады.


Сынып оқушылары түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

Әр топ мүшелері өз дәптеріне топқа берілген ұлағатты сөздерді жазып алып, мағынасын ашады. Оны топта оқиды.



Б. Момышұлының ұлағатты сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді;

«құпия сөздің» мағынасын ашуда ойланады, өз болжамын ұсынады.




Оқушыларға екі мәтін таратылады. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2024
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12