400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып Дүние тарихы 3-тоқсан БЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып Дүние тарихы БЖБ 3-тоқсан жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы



8-сынып «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 3-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Қытайдағы бірінші апиын соғысы болған жылдарды көрсетіңіз.

А) 1840-1842 жж.

В) 1845-1847 жж.

С) 1856-1860 жж.

D) 1860-1862 жж.

Е) 1862-1864 жж [1]



  1. Екінші апиын соғысының себебін көрсетіңіз.

А) Қытай елімен келісімге келу

В) Қытай экономикасын күйрету


С) Қытайды жартылай отарға айналдыру

D) Қытаймен дипломатиялық байланыс жасау

Е) Қытайда апиын сату [1]



  1. Қытайды отарлауды кеңейту үшін «екінші апиын соғысын» бастауға бірлескен мемлекетті көрсетіңіз.

А) Англия В) Ресей

С) Жапония D) Франция

Е) Америка [1]



4.Қытайдағы апиын соғыстарының нәтижелерін көрсетіңіз:

А) Ағылшындар жеңіске жетіп, Цинь империясын тізе бүктірді

В) Апиын сатуға шек қойылды

С) Ресей азаматтары Янцзы өзені бойында сауда жасауға мүмкіндік алды

Д) Еуропалық ағылшындар Қытайды күшпен ашты

Е) Маньчжурлық Цинь әулеті құлдырады

Ж) Қытай мемлекеті ауыр дағдарыстан шықты

З) Қытай экономикасы нығайды

И) Франция Қытаймен Айгүн келісімшартын жасады [2]

[5]



5.Берілген оқиғалар арқылы Италия мен Германия мемлекеттерінің қалыптасуын ажыратып, кестеге жазыңыз. Аталған мемлекеттердің маңыздылығын атап көрсетіп, қорытынды пікір жазыңыз.

А. Германияны біріктіру мәселесінің шешілуі Пруссия канцлері болған Бисмарк есімімен байланысты болды

В. Франция-Пруссия соғысын пайдаланып, Италия бірікті

С. 1871жылы қаңтарда Герман империясы құрылды

Д. Италияның бірігуінде үлкен рөл атқарған тарихи тұлға – Кавур

Е. Пруссияның герман жерлерін біріктіру мәселесіндегі ең маңызды қарсыласы Австрия империясы болды

Ж. Сардиния корольдығы Италияның бірігуі жолындағы күрес орталығына айналды

З. Римнің қосылуымен Италияның бірігуі аяқталды




Италия

Германия



Қорытынды пікір

[8]


6. «Еуропалық отаршылдық экспансиясының шығыстың дәстүрлі қоғамына тигізген ықпалы» тақырыбында эссе жазыңыз.

Мына сөз тіркестерін пайдалан (Еуропа елдері, басқару жүйесі, шетелдік банктер, отар ел, «ашық есік» саясаты) [1]


Эссе критерийлері:

1.Қытай жерін өз отарына айналдырған еуропалық 4 мемлекетті атау; [1]

2. Еуропалық державалардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырда Қытайды ықпал аймақтарына бөлісуін көрсету; [1]

3.Жапон-қытай соғысы туралы көрсету; [1]

4. Қытайдағы шетелдік банктердің үстемдігін көрсету; [1]

5.Еуропа мемлекеттерінің Шығыс елдері қоғамының өзгеруіне басты ықпалын көрсету; [1]

6.Қорытынды ой жазу [1]



[7]


7. Төменде берілген тарихи оқиғаның ақиқат/ жалған екенін анықтаңыз:


№

Ұғымдар

Ақиқат

Жалған

1

«Халықшылдық» - шаруаларға иек артып социализмге қол жеткізуге ұмтылған қоғамдық қозғалыс бағыты



2

«Либерализм» - кең саяси және экономикалық еркіндіктерді заңды әдістермен қорғайтын қоғамдық-саяси ағым



3

«Оңтүстік одақ» - сословиелік бөліністі енгізіп, азаматтық бостандық жариялау ұйымы



4

«Социал-демократия» -  Әлеуметтік теңдік пен шынайылықты қалыптастыру ағымы



5

«Жер және еріктілік» - қоғам өмірін өздігінен ұйымдастыру, ұлт мәселесін халық көзқарасы арқылы шешу ұйымы



6

«Консерватизм» - Ескі жүйені сақтай отыра, шаруаларды сақтау және жергілікті басқаруды енгізу



7

«Құтқару одағы» - халықты басыбайлылықтан азат ету ұйымы




[5]


Балл қою кестесі

Тапсырма№

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1-4

1 – A

1

1

1

2

Бір дұрыс жауапқа 1 балл


Үш дұрыс жауапқа 2 балл

2 – C

3 – D

4 - ADE

5


Италия

Германия

В. Франция-Пруссия соғысын пайдаланып, Италия бірікті

Д. Италияның бірігуінде үлкен рөл атқарған тарихи тұлға – Кавур

Ж. Сардиния корольдығы Италияның бірігуі жолындағы күрес орталығына айналды

З. Римнің қосылуымен Италияның бірігуі аяқталды

А.Германияны біріктіру мәселесінің шешілуі Пруссия канцлері болған Бисмарк есімімен байланысты болды

С.1871жылы қаңтарда Герман империясы құрылды

Е. Пруссияның герман жерлерін біріктіру мәселесіндегі ең маңызды қарсыласы Австрия империясы болды

Қорытынды пікір: Біріккен мемлекетте конституциялық монархия қалыптасты



8

Мазмұнына сай басқа да дұрыс жауап жазылса қабылданады

6

Тақырыптағы мына сөз тіркестеріне сүйенеді: «Еуропа елдері, басқару жүйесі, шетелдік банктер, отар ел, «ашық есік» саясаты»

1

Мазмұнына сай басқа да дұрыс жауап жазылса қабылданады

1884-1885 жылдардан бастап бүкіл Қытай жері еуропалық державалардың өзара ықпал ету аймақтарына айналды. Франция Оңтүстік Қытайда, Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцзянда билік жүргізді.

1

Еуропа елдері Цинь империясын түпкілікті әлсіретіп, толық өз ықпалдарында ұстау саясатын жүргізді. Қытай экономикасына үстемдік орнатып, жартылай отар елге айналдырды. Франция Қытайға соғыс ашып Вьетнамды, ал Жапония Тайвань мен Пянху аралдарын тартып алды.

1

Жапон-Қытай соғысы «өзін-өзі күшейту» саясатының күйрегенін, Қытайда аумақтық бөлшектену кезеңі басталғанын көрсетті. Отаршыл мемлекеттер қысымын күшейте түсті.

1

Қытайдың қаржы-экономикалық саласында шетелдік банктер үстемдік етті. Отаршылдар арасында күрес өршіді, теміржол саласына бақылау орнатты. Жергілікті қытайлық кәсіпорындар мүлдем тиімсіз салаларда сақталып, қауқарсыз халде дамыды.

1

Қытай қоғамында елдің тәуелсіздігін сақтап қалу міндеті тұрды. Ел ауыр дағдарысты бастан кешірді, жемқорлық жайлап, халық ауыр тұрмыстық жағдайда болды.Қытайда реформалық қозғалыс басталды.

1

Қорытынды: Шетел басқыншылығының салдарынан туындаған ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі саяси ахуалдар шиеленісті.Қытай өкіметі жатжерлік отаршылдарға қарсы бағытталған өзінің іс-әрекетін күшейтті.

1

7

№

Ұғымдар

Ақиқат

1

«Халықшылдық» - шаруаларға иек артып социализмге қол жеткізуге ұмтылған қоғамдық қозғалыс бағыты

+

2

«Либерализм» - кең саяси және экономикалық еркіндіктерді заңды әдістермен қорғайтын қоғамдық-саяси ағым

+

4

«Социал-демократия» -  Әлеуметтік теңдік пен шынайылықты қалыптастыру ағымы

+

5

«Жер және еріктілік» - қоғам өмірін өздігінен ұйымдастыру, ұлт мәселесін халық көзқарасы арқылы шешу ұйымы

+

6

«Консерватизм» - Ескі жүйені сақтай отыра, шаруаларды сақтау және жергілікті басқаруды енгізу

+


5


Жалпы балл

25





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі