Материалдар / 7 сынып физика факультатив жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып физика факультатив жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып факултатив жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2024
263
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін Келісемін Қаралды

директор дир. ҒӘЖ жөн. кафедра

Қ. Кадирбаева орынбасары отырысында

«__» _____________ А. Керимбаева қаулы № ___

«__» _____________ «__» ___________












ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС




Тақырыбы: Қызықты физика

Сыныбы: 7 а,ә,ж

Пәні: физика

Пән мұғалімі:Қаппар Назым Бейсебайқызы









2018-2019 оқу жылы












Түсінік хат


Бағдарлама мектептің физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физика пәніне деген қызығушылығын арттырып, пәнді терең түсінуі үшін қажет. Бағдарлама оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжіриебелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арықылы жеке тұлға қасиетін қалыптастырады.

Физика – экспериментпен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады. Сол себепті жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу жолында бұл курстың маңыздылығы зор.

Бағдарлама құруда 7-класс оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.

Курстың өзектілігі: физика құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен идамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;

Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеудің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім беріледі.

Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.

Сонымен қатар бұл курс оқушылардыңі шығармашылық қабілетін дамытуға, негізгі физика бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

Бұл курстың теориялық бөлімі оқушылардың қазіргі заманғы техника туралы біліктерін жалпылауға, техникалық құрылғылардың негізгі принциптері туралы білімдерін жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сабақтар лекция, әңгіме, техникалық құрылғылар және приборларды құрастыруға арналған өзіндік жұмыстар, өздері дайындаған прибормен зертханалық жұмыстар жүргізу түрінде өтіледі.

Теориялық сабақтар барысында зерттелініп отырған құрылғылар мен приборлардың физикалық принциптерін, толық қарастыру қажет, өйткені бұл процесс оқушының салыстыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушының құрастыру кезіндегі жеке жұмысында технологиялық міндеттерді шешудегі шығармашылық дағдысын қалыптастырады.

Курстың мақсаты және міндеттері:

Курстың негізгі мақсаты: - ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

  • Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды қйымдастыру;

  • Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу;

  • Пәнаралық байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін маңыздылығын ұғындыру;

  • Белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жаңашылдықққа баулу;

  • Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

  • Оқушылардың негізі физика курсындағы білімідерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру;

  • Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі – табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интелектуалды дамуын қалыптастыру.

Курстың практикалық маңыздылығы:

Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығаруға, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

Курстың құрылымы:

Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған.

Сабақты жүргізу әдістері:

Теориялық, практикалық, семинар, экскурсия сабақтар

Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:

  • физикалық құбылыстарды талдау;

  • физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;

  • физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу;

Біліктері:

  • оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

  • алған өлшеу нәтижелерін талдап жүйелеу;

  • физикалық есептерді шығара алу жауапты талдау;

  • қарапайым есептер құрастыра білу;

  • есеп шығарудың аналитикалық, графиктік, экғсперименттік әдістерін меңгеру;

есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай, анықталатын физикалық шаманың һлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек.

Болжам: Егер осы бағдарлама жүзеге асса, онда оқушылар физика пәнін тереңдете біліп, меңгереді.

Күтілетін нәтиже: Курсты оқудың соңында оқушылар физикалық құбылыстарды зерттей алу, электронды оқу құралдары арқылы, физхикалық приборлар арқылы эксперимент жасай білу, техникалық есептерді дұрыс жүргізе алу, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу, есептердің шығару әдістерін білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.

Курстың мазмұны:

  1. Физика – табиғат туралы ғылым. 4 сағ.

  2. Заттың құрылысы 2 сағ.

  3. Қозғалыс 5 сағ.

  4. Денелердің өзара әрекеттесуі 7 сағ.

  5. Қысым 9 сағ.

  6. Жұмыс қуат энергия 7 сағ.

Оқушылардың білімін бағалау:

Тест жұмысы:

  1. Заттың құрылысы 2. Қозғалыс 3. Қысым 4. Жұмыс. Қуат. Энергия

Бақылау жұмысы:

  1. Физика – табиғат туралы ғылым. 2. Қозғалыс.

Арнайы курс негізгі қазақ орта мектебінің 7 сынып 12-13 жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.







Күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Тақырыбы



Мақсаты



Күні

Дата

Date

Сағат саны



Физика – табиғат туралы ғылым




34


1

Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.

Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника.Қазiргi әлемдегi физика.


7.1.1.1- физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру;





1


2

Аспан денелері туралы ғылым. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату.





1


3

Бақылау жұмысы. Табиғат және адам.

7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату.



1


4

Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Бірліктердің халықаралық жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру


7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) и мега (M);




1

Заттың құрылысы






5

Атомдар және молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия құбылысы.





1

6

Масса және заттың тығыздығы.

Қазіргі әлемдегі нанотехнология

7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу




1

Қозғалыс





5

7

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру




1

8

Планеталардың қозғалысы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру




1

9

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол.

7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру




1

10

Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық.

7.2.1.3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу

7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу




1

11

Бақылау жұмысы. Заттың құрылысы. Қозғалыс





1


Денелердің өзара әрекеттесуі





7

12

Инерция. Күш – денелердiң өзара әрекеттесуiн сипаттайтын шама.





1

13

Тартылыс құбылысы. Бүкiл әлемдiк тартылыс заңы. Ауырлық күші.





1

14

Дененің салмағы. Салмақсыздық





1

15

Деформация. Гук заңы. Динамометр.





1

16

Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.





1

17

Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу





1

18

Серпімді деформацияларды зерделеу.





1


Қысым





9

19

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.





1

20

Паскаль заңы.





1

21

Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.





1

22

Қатынасыдыстар. Су құбыры





1

23

Атмосфералыққысым.





1

24

Торричелли тәжірибесі. Барометр





1

25

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар.





1

26

Архимед күші.





1

27

Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер. Су көлiгi.





1


Жұмыс.Қуат. Энергия





7

28

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат.





1

29

Энергия. Денелердіңпотенциалдықжәнекинетикалықэнергиялары.





1

30

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланғансеріппеніңпотенциалдықэнергиясы.





1

31

Механикалық энергия. Механикалықэнергияныңсақталузаңы.





1

32

Күшмоменті. Тепе-теңдiкшарттары. Иіндітаразылар.





1

33

Көлбеу жазықтық. Механиканың «Алтын ережесі». Механизмдердіңпайдалыәрекеткоэффициенті.





1

34

Ең қуатты машиналар. Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс.





1







































Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. Байбосынов Ж., Изтлеуова А.А. Физика тест есептері және оны шешу жолдары, Актөбе – 2010

  2. В.Горшковский Польские физические олимпиады Москва,1982

  3. Ж.О.Бақынов Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-8, Алматы-2013

  4. Абдрахманова Ә., Тілеубай С.Ө., Садықов Ғ.Қ. Физика, Алматы – 2013

  5. А.С.Енохович Справочник по физике и технике Москва, 1983

  6. Садвакасова Г.Ғ., Терлікбаев Ж.Ә. Физикадан деңгейлік есептер Алматы-2013

  7. Т.А.Қоразов Механика, Ақтөбе-1999

  8. Физика, Оқу әдістемелік құрал, Астана-2010

  9. Баймаханова С.Т. Физика, жұмыс дәптері, Алматы-2008

  10. Ударцева В.М., Ударцев С.В., Физика және астрономия, Жұмыс дәптері

  11. Дүйсенбаев Б., Қазақбаев Д. Физика анықтамалық құрал Алматы, Рауан-1996

  12. В.Кем, Б.Кронгарт Есептер жинағы «Физика және астрономия»


Мұғалімге арналған әдебиеттер:

  1. А.А.Покравский Аударғандар: Ү.Уақасова, К.Желеуова Орта мектептегі физика практикумы Алматы, Мектеп, 1983

  2. Алдияров Қ.Т., Кубенова Ш.И., Изтлеуова А.А., Айтмағанбетова Ә.Ә. «Физика және астрономия» оқу –әдістемелік құрал 7 класс, Ақтөбе-2007

  3. Р.Башарұлы, Ж.Бақынов «Физика және астрономия» дидактикалық материалдар 7 класс, Алматы «Атамұра»2003

  4. Шаштығарина С.М., Асанбай Б.З. Ынтымақтастық оқытуда коммуникативтік дағдыларды жетілдіру жолдары Ақтөбе-2013

  5. Байбосынов Ж., Изтлеуова А.А. Физика тест есептері және оны шешу жолдары, Актөбе – 2010

  6. В.Горшковский Польские физические олимпиады Москва,1982

  7. Ж.О.Бақынов Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-8, Алматы-2013

  8. Абдрахманова Ә., Тілеубай С.Ө., Садықов Ғ.Қ. Физика, Алматы – 2013

  9. А.С.Енохович Справочник по физике и технике Москва, 1983

  10. Садвакасова Г.Ғ., Терлікбаев Ж.Ә. Физикадан деңгейлік есептер Алматы-2013

  11. Т.А.Қоразов Механика, Ақтөбе-1999

  12. Физика, Оқу әдістемелік құрал, Астана-2010

  13. Баймаханова С.Т. Физика, жұмыс дәптері, Алматы-2008

  14. Ударцева В.М., Ударцев С.В., Физика және астрономия, Жұмыс дәптері

  15. Дүйсенбаев Б., Қазақбаев Д. Физика анықтамалық құрал Алматы, Рауан-1996

  16. В.Кем, Б.Кронгарт Есептер жинағы «Физика және астрономия»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!