Материалдар / 7 сынып Географияны зерттеу нысаны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып Географияны зерттеу нысаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған. Жас мамандарға тиімді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
560
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: «№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы ЖОМ»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Токхожаева Айбаршын Бейсеновна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы : Географияны зеттеу нысандары


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасының сілтемесі)

7.1.1.1 Географияның зерттеу нысандарын анықтайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Географияның зерттеу нысандарын анықтай біледі.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Географияның зерттеу нысандарына сипаттама бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

География ғылымының маңыздылығын өз тұжырымымен дәлелдей біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы :

Білу: География ғылымы және оның салаларын біледі.

Қолдану: Оның зерттеу нысандарын анықтайды.

Талдау: «География» ұғымының мағынасын ашып, талдайды.

Жинақтау: Оқушылар география ғылымының маңыздылығын ашып, өз көзқарастары туралы білімін жинақтайды.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оқушылар: Географияны зертту нысаны туралы мәліметтерді жеткізу (айтылым). Тапсырмаларды мұқият тыңдай алу (тыңдалым). Кейбір терминдерді оқулықтан оқу (оқылым). Кейбір дерек көздерін түртіп отыру (жазылым).

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін қолданылатын тілдік тіркестер: география, физис, экономия, т.б . Жаңа терминдер арқылы ой-өрістерін кеңейтеді.

Құндылықтарды дамыту

Мәңгілік ел идеясының "Зайырлы қоғам және жоғары руханият" құндылығын негізге ала отырып оқушылардың арасында өмір бойы білім алуға, ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Пән аралық байланыстар

Тарих: география ғылымының даму тарихы


АКТ қолдану

Проектор, слайдтар

Алдыңғы оқу

6 сынып бойынша алған білімдерін қайталау

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут




Оқу құралдарын дайындау, зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін шаттық шеңберін құру.

Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Қолданылуы: Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

«Мозайка» әдісі бойынша топқа біріктіру.


Үй тапсырмасын «Қар кесегі» әдісі бойынша сұрап, бағалау.

Мақсаты: Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.

Тиімділігі: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.

Қолданылуы: Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

Оқу құралдары, парақтар.








Сабақтың ортасы

25 минут















«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.

Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Қолданылуы: Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

Мына суреттен не көріп отырмыз?

  • Қандай дерек көздері бізге географиялық ақпарат береді деп ойлайсыздар?

  • Белгілі бір географиялық объект бойынша ақпараттар қалай жиналады?

  • Географиялық зерттеу ақпараттарын не үшін жинау қажет?


Жаңа сабаққа слайд арқылы қысқаша мағлұмат беру.

Жаңа сабақты меңгерту.

1 топ «Кластер» әдісі арқылы постер қорғау.

Мақсаты: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.

Тиімділігі: Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Қолданылуы: Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)

2 топқа: «Өрмекші» әдісі арқылы постер қорғау.

Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.

Тиімділігі: Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді

Қолданылуы: Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

3 топқа: «Фишбоун» әдісі арқылы постер қорғау

Мақсаты: Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау

Тиімділігі: Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

Қолданылуы: Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

Тақта, бор, оқулық, үлестірме тапсырмалары.

Picture 2

















АКТ

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=13985

плакат, маркер,


Кластер, Өрмекші,

Балық қаңқасы арқылы постер


Picture 2












Сабақтың соңы

10 минут







SWOT - талдау. География ғылымы. Географияны зерттеу нысандарына не жатады? деген сұрақтарға өз ойларын жеткізеді, бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды.

Мақсаты: Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.

Тиімділігі: Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.

Қолданылуы: Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.


Дескриптор: Білім алушы:

  • География ғылымының салаларын анықтайды;

  • Зерттеу аумағына байланысты нысандарды салыстыра біледі.


Үйге тапсырма.

«Географияны зерттеу нысандары» тақырыбын оқып, қосымша мағлұматтар жинап келу.

Бағалау критерилері арқылы бағалау.

«Білім ағашы» арқылы кері байланыс.


SWOT - талдау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз.


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-топтық «диалог, қолдау көрсету» әдісі.

- жұптық жұмыс бір-бірімен ой бөлісу

- жеке жұмыс күрделі сұрақтар қою.

«Басбармақ» әдісі бойынша

Топтық бағалау парақшасы арқылы

Смайлик арқылы бағалау

Үнемі мақтау мадақтау арқылы оқушылардың жігерін арттыру

Кері байланыс: «Білім ағашы»


Қаламсапты дұрыс ұстау, партада дұрыс отыру. АКТ мен байланысты.

Достық қарым-қатынас орнату.

Сынып ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия





Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Оқушылар барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?

Сабақ саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікірінізді білдіру үшін пайдаланыз. Өз сабағыныз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты дұрыс бір бағытта қойылған

Ия, барлығы да оқу мақсаттарына қол жеткізе алады.


Сабақта саралау жұмыстары жүргізіледі, деңгейлік тапсырмалармен

Сабақтың уақыттық кезеңі дұрыс ұйымдастырылса сақталады.

Ауытқулар топ ережесін сақтамаса болуы мүмкін

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


  1. Тақырыпты топпен талқылау

  2. SWOT – талдау арқылы қорытындылау.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


  1. Сын тұрғысынан ойлау.

  2. АКТ ны пайдалану.



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!