Материалдар / 7 сынып Кәсіби еңбек. 1 тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып Кәсіби еңбек. 1 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып Кәсіби еңбек. 1 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
212
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіби еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 1-2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Материалтану. Еңбек заттарын дайындау

Сабақтың тақырыбы:

Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау. Көркемдік құрастыру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.1.2.1 мұғалімнің көмегімен жұмысқа керекті материалдар мен құралдарды іріктеу;

7.1.2.2 санитарлық ережелерді сақтау;

7.1.2.3 жұмыс орнын ұйымдастыру;

7.1.2.4 жұмыстың қауіпсіздік ережелерін сақтау;

7.2.1.1 Модельдеу және құрастыру объектісін анықтау;

7.2.1.2 сызба және эскиздер дайындау;

7.2.1.3 жұмыс жоспарын құрастыру, материал іріктеу;

7.2.1.4 белгіленген жоспарға сүйену;

Сабақтың мақсаты:

Мұғалімнің көмегімен жұмысқа керекті материалдар мен құралдарды іріктейді;

Жұмыс орнын ұйымдастырып, қауіпсіздік және санитарлық ережелерін сақтайды.Сызба және эскиздер дайындайды;

Жұмыс жоспарын құрастыру, материал іріктейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Мұғалімнің көмегімен жұмысқа керекті материалдар мен құралдарды іріктейді;

  • Есте сақтау қабілетін арттырады.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: смайлик арқылы

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, ойға түйген пікірін дәптерге жазады.

Оқушы «Кластер» әдісін қолдануда ойын жинақтап, белгілі бір дәлелдерді пайдалана отырып, проблеманы шешуде өзіндік пікірін ұсынады.

Қажетті материалдарды ажыратып, қолданудың тиімді әдістерін анықтайды және құралдар мен жабдықтарды таңдауда, қаупсізік ережелері және санитарлық ережелерді сақтау туралы постер дайындап, қорғайды.

Дескриптор:

· Материалдарды ажырата білуге назар аударуы;

· Құрал-жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін айтады;

· материал түрлерін таңдайды;

Қалыптастырушы бағалау: көтермелеу әдісі арқылы бағалаймын Сергіту сәті: «Анама сыйлық апару»

Оқушының жаңа сабақты меңгергенін қамтитын сұрақтар:

  1. Материалдарды ажыратып, қолданудың тиімді әдістері не үшін қажет?

  2. жұмысқа керекті материалдар мен құралдарды іріктеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтадың ба?

Тапсырма орындау

Берілген шаблон арқылы композицияның заңдылығын ескере отырып альбом ішіне сызба мен нобай суреттерін салады. Мұғалімнің көмегімен жұмыс жоспарын құрастырып, материал іріктейді.

Талдауға арналған сұрақтар

-  Неге Сіз осы сызба мен эскизді таңдадыныз? Дәлелде

Дескриптор:

· Шаблон бойынша сызба таңдай алады;

· материалдардың қажетті тұстарын айтады;

· материал түрлерін таңдайды;


Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.


Ойға түйген пікірін дәптерге жазады.








Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.







Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://infourok.ru/saba-zhospari-aza-halini-ltti-olneri-oyurnek-zhne-aasha-salinatin-oyurnekter-423118.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.










Кәсіби еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Еңбек заттарын дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:

2.2 Әшекейлі шығармашылық

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.2.1 Әшекей өрнектер құрастыру, геометриялық пішіндер мен мүйіз тәрізді элементтерді пайдалану;

7.2.2.2 Қазақ ою-өрнектерін ажырату, «Құс қанаты», «Төртқұлақ», «Шаршы»;

7.2.2.3 Шаршы, шеңбер, ромб, сопақша, жолақшада шексіз ою-өрнектерді құрастыру;

7.2.2.4 Жолақты жиекте әшекей жасау;

7.2.2.5 Тұйықталған ою-өрнектерді құрастыру;

7.2.2.6 Әшекейлерді әрлеуде түстерді таңдап үйлестіру;

7.2.2.7 Сызбаның бағытын, суреттін шетін сақтай отырып, түстермен өрнектің элементтерін бояу.

Сабақтың мақсаты:

Әшекей өрнектер құрастыру, геометриялық пішіндер мен мүйіз тәрізді элементтерді пайдаланып, ұлттық ою-өрнектерді құрастырады; Әшекейлерді әрлеуде түстерді таңдап үйлестіреді;

Сызбаның бағытын, суреттін шетін сақтай отырып, түстермен өрнектің элементтерін бояйды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Әшекей өрнектер құрастыру, геометриялық пішіндер мен мүйіз тәрізді элементтерді пайдаланып, ұлттық ою-өрнектерді құрастырады, түстерді үйлестіріп бояй алады;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: басбармақ арқылы бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Жаңа ақпарат.

Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік

  1. Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.

  2. Ою-өрнектің қолданылуы, топтарын слайд арқылы көрсетіп түсіндіру. Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады. Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
    Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.

Сарамандық жұмыс: Өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Оқушы әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  2. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)

  3. Оқушыға тапсырма: қағазға өрнек қиып, жапсырмалап, түстерін сәйкестендіріп бояп шығады.

Дескрипторлар:

- Ойын жинақтап, оюлар салады;

- Әшекейлерді әрлеуде түстерді таңдап үйлестіреді.

Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Сабақты қорыту

Оқушылардың жұмыстарын талдау.
Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.



Оқушы жауаптары тыңдалады.










Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://bilim-all.kz/article/13074-Mumkindigi-shekteuli-balalardy-zhalpyga-bilim-beretin-ortaga-qarai-beiimdeu

https://u-s.kz/publ/9176-oyu-rnekter-oyu-ds.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Кәсіби еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Еңбек заттарын дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:

Матамен жұмыс


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.3.1 Бұйымды әшекейеп тігу үшін маталарды, жіптерді таңдай білу;

7.2.3.2 Қол тігістерін орындау технологиясые меңгеру; көктеу, сабақты, ілмелі, кірес тәрізді торламалы;

7.2.3.3 қол тігісімен қиылғандарды жабық біріктіру тігістерін өңдеу; қиғаш, крест тәрізді, астыртын;

7.2.3.4 Қол тігісі арқылы қиықтарды біріктіру;

7.2.3.5 Қолмен көркемдеп тігу туралы түсініктің болуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Бұйымды әшекейеп тігу үшін маталарды, жіптерді таңдай біледі;

  • Қол тігістерінің түрлерімен танысады, тігіп үйренеді,
    тігістің түрлерін тігуге жаттығады;

  • Қол жұмыстарына тігіс түрлері туралы түсінік алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Бұйымды әшекейеп тігу үшін маталарды, жіптерді таңдай біледі, тігіс түрлерін үйренеді.

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: смайлик арқылы

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Оқушыға «Қызықты мозайка» ұсынылады.

Қызықты мозайка- жаңа тақырып ой сілтеу

(Қол жұмысында қолданылатын құрал-жабдықтар)
а) Бізді, оймақты не үшін қолданамыз?
ә) Ине не үшін қажет және оның неше түрі бар?
б) Қайшы неден жасалады және оның неше түрі бар?
в) Өлшеуіш лента, бор не ұшін қажет?


Жаңа сабақты түсіндіру
Киім бөліктерін біріктіру және қиындыларын өңдеу үшін жіппен тігу, желімдеу, балқытып біріктіру әдістері қолданылады.
Тігіс орындалуына байланысты қол тігіс және машина тігістері болып бөлінеді. Қолмен тігілген тігістер тұрақты, уақытша, жай және күрделі болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу.
Түзу тігістер - құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады.
Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек-кезек өткізеді. Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік-үзік болып көрініп тұрады.
Көшірме тігіс - сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0,5-0,7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.
Қиғаш тігістерге: қиғаш көктеу, шетін ала тігу, бүгіп жапсыру тігістері жатады.

Шетін ала тігу- қолмен тіккенде жіпті тартпай, матаның шетін инемен шаншып солдан оңға қарай тігеді. Жіпті бос тастай, жиі тігу керек.

Бүгіп жапсыру- матаны ішіне қарай қайырып, шетін сәл бүгеді, ине үстіңгі матаның бір жібінен өтіп, одан ары қарай қайырманың ішінен өткізіледі. Инені жиі, арасына 2-3 мм қалдыра шаншу керек.
Киім тігуде көйлек пен белдемшенің етегі, шалбардың балағы, жағаның қиындысы айқасталған тігіспен жапсырылады. Бұл жерде көбіне тігіншілер бұйым тігісін жатқызу мақсатында, яғни қырын шығару мақсатында қолданады. Айқас тігуде инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.

Айқасталған тігіс - солдан оңға қарай тігіледі. Инені матаның ішкі жағының 2-3 жібінен өткізеді, оны өзіне қарай қайырып тастап, инені матаның оң жақ беті бойынша қиғашынан, оң жақтағы бірінші қатарға тік түйрейді. Одан соң бір жақтағы тігіс екінші жақтағы екі қабат тігісінің ортасына түсу үшін мата жібінің жоғарыдағыдай мөлшерін (2-3 жіп) түйреп алады, тігіс аралықтары 0,5-0,7 см.
Торламалы тігіс күрделі тігіс болып саналады. Негізінен торлауға және сетінегіш матаның жиегін тігуге қолданылады. Тігіс оңнан солға қарай тігіледі.
Қайып тігу - беріктік, әрі әдемілік үшін қолданады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Егер машинамен тігу мүмкін болмаса қайып тігу әдісі қолданылады.

Қолмен іс тігушінің негізгі құралары: ине, қайшы, үлгі, оймақ.


Сарамандық жұмыс
Қауіпсіздік ережесі.
1. Қылыштасты ағайынды екі батыр,
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр.
Ағайынды екеуінің кескілесі,
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (Қайшы)
2. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (Ине)
Технология пәні ептілікті, икемділікті, шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін есте ұстаған жөн. «Талаппен бастап, талғаммен аяқта» осы мақалда үлкен мән-мағына бар.


Сергіту сәті.

Кәне, қол тігістерін орындай отырып, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз, қолөнерді сөз өнерімен ұштастырайық.
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастырыңыз
1. “Жіп жіңішке ...... үзіледі”. (жерінен)
2. “Жіптің ұзыны жақсы, Сөздің ........ жақсы”. (қысқасы)
3. “Тігіншіні ....... асырайды”. (ине)
4. “Тігінші кем істейді, ............. тегістейді”. (үтік)
5. “.......-........ бар әйелдің,Үсті-басы жыртылмайды”. (ине-жібі)
6. Үйренгенің ......... құт, Істегенің еліңе құт. (өзіңе)
7. Көз көруге тоймас, Көңіл ........ тоймас. (өнерге)

Бекіту сұрақтары:
1. Тігіс орындалуына байланысты нешеге бөлінеді?
2. Қол тігісінің неше түрі бар?
3. Қай тігіс кестеде көп қолданылады?
4. Қайып тігу не ұшін қолданылады?


Дескрипторлар:

  • Тігіс түрлерімен танысады;

  • Ойын жеткізеді.


Қорытынды

Жұмыс орындарын жинау

-Бүгін не үйрендің?

-Сұрақтарың бар ма?

Бағалау

Оқушының жұмысын тексеріп бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: Тігіс түрлерін қолданып матаға түсіріп үйрену.


Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.








Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://ust.kz/word/asyq_sabaq_matamen_jumys_4_synyp-46941.html /



https://u-s.kz/publ/9176-oyu-rnekter-oyu-ds.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.














Кәсіби еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Еңбек заттарын дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық қолөнер

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.5.1 Геометриялық, космогоникалық, зооморфты, өсімдік тәрізді қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің төрт тобын атау және ажырату, геометриялық ою түрлерін орындау;

7.2.5.2 Бұйымды геометриялық ою-өрнектермен дайындаудың технологиясы туралы түсінігінің болуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігі қалыптасады;

  • Ұлттық ою-өрнектерінің төрт тобын атап және ажыратып, геометриялық ою түрлерін орындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Тауарлардың аттарын атай білу, таңдаған тауарды пайдалана білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Орнамент- «әсемдеу», «сәндеу» деген латын сөзі. Қазақ тілінде бұл термин «ою-өрнек» деп алынып жүр.

Қазақ халқында ою-өрнек өнері ежелден - ақ ұлттық өнердің халық танымын, қазақ халқының ұлан-байтақ даласын мекендеген көшпенділердің дәстүрі мен әдеп-ғұрпын анық көруімізге болады. Ою-өрнек өнерінің тарихи даму жолын бір жүйеге келтіру үшін тынымсыз еңбек еткен бір қатар ғалымдар ою-өрнектерді мына топтарға бөліп жіктеді:

1.     Өсімдік типтес ою-өрнектер.

2.     Зооморфтық ою-өрнектер.

3.     Космогониялық ою-өрнектер.                                                                       

Соның нәтижесінде бүгінгі таңда қазақ халқында 230-дай ою-өрнек атаулары белгілі болып отыр.

Біздің ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырып кеткен өрнек тілін халқымыздың жазба тілге алғаш рет аяқ басқан қадамы десек те болады. Бірнеше таңбалар құрылып, жазудың жүйесін беретінін байқаймыз. Ал оюлар жүйесіне зер салсақ, дәл жазулар жүйесі тәрізді таңбалар жиынтығынан құрылып, белгілі ойды немесе нақты идеяны нұқсайды. Олар өзіндік бір мағынаға ие бола алады. Бұл дерекке дәлел ретінде ұзақ сапарға бара жатқан баласына «тұмарша», «бөрі құлақ» өрнегін бейнелеген кестесін беру арқылы «тұмар сені әр кезде пәлекеттен қорғап, жебеп жүрсін» деген мағынаны білдіретін ананың ақ ниетін келтірсек те жеткілікті.

.

Қазақ халқының батырлары Жоңғар шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп қалғандығын жасырын түрде ою-өрнекпен бейнелеген сан алуан көркем шығармалардан байқаймыз. Мысалы, «бұршақ» салса-тұтқынға түстім, «найза» оюын оң жаққа бағыттап бейнелесе – әзірге жай адамдары тыныш, ал керісінше солға қаратып өрнектесе – жай қайтадан аттанбақшы, «су» немесе «ирек» оюын бейнелесе – өзеннің жағасынан өтіп бара жатырмыз деген мағыналарды білдірген.

Халық ауыз әдебиетіндегі аңыздардың бірінде Жошы ханнның жалғыз ұлының қаза болғандығы жайлы суреттеледі. Қайғылы жағдайды ханға естіртуге ешкімнің батылы бармай, кілемге бейнеленген оюлар арғылы түсіндіреді . Ұлынан айырылған хан өз ойымен тұспалдапты деп жазылған аңыз бүгінгі таңға дейін маңыздылығын жойған емес.

Ғашығының «бітпес», «құс қанаты», «жұлдыз»оюларын өрнектеген кесте орамалын алуы жігітке өмірдегі асқан бір бақыт болған. Себебі, бұл өрнектер- «жарық  күнім аяқталғанша тек сенімен бірге боламын. Сен менің талмас қанатымсың, жұлдызымсың» деген ойды білдіретін инабатты қазақ қызының сезімі.

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналығы. Азамат баласы көне замандардан өзінің көңілін, атап айтсақ, қуанышы мен қайғысын ою-өрнек арқылы түсіндіріп, жеткізіп отырды. Табиғат пен тіршілікті, дала мен тауды, тіпті адамның өзін оюға айналдырды. Сонымен, қабырғаларға тұтылған түскиіз бен кілемге өрнектелген оюларға назар аударатын болсақ, бейнелеген ою-өрнектер арқылы қолөнер шеберлерінің ой-пікірің байқаймыз.   Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде, біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны – көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою.

Ағаш, киіз тәрізді материалды ойып, тесіп, бедермен, сүйек, металдан жасаған сәндік жосықтарды шеберлер «ою» дейді де, кестелеп, термелеп, жанымалап шығарған ою ырғақтарын «өрнек» дейді.

Оқушы берілген тапсырма бойынша суреттерді бір-бірімен салыстыра отырып пішімге салады.

Оқушыға өрнектердін пішіндеріне қалай орналасатынын түсіндіріп тапсырма беру.

Өздік жұмыс.

Геометриялық пішіннің түстерін өзгертін пропорциясына байланысты, жаңа композиция құрастыру.

Бейнематериал көру

Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнебаян материалдарын пайдаланып, есте сақтау қабілеті бойынша дәптерге түсіреді.

Дескрипторлар:

- Өрнектерді есте сақтайды;

-Дәптерге түсіреді.

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді

Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды









Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://infourok.ru/saba-zhospari-aza-halini-ltti-olneri-oyurnek-zhne-aasha-salinatin-oyurnekter-423118.html


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.






Кәсіби еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Еңбек заттарын дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:

Еңбек заттарын талдау және бағалау


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.3.3.1 Өз жұмысын және жолдастарының жұмысын бағалауға, талдауға ұмтылу;

7.3.3.2 Қол жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін белгілеу;

7.3.3.3 Оқыған терминдерді сөздік есепте қолданып, орындалған жұмыс туралы есеп жасау.

Сабақтың мақсаты:

  • Өз жұмысын және жолдастарының жұмысын бағалауға, талдауға ұмтылады;

  • Қол жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін белгілейді;

  • Оқыған терминдерді сөздік есепте қолданып, орындалған жұмыс туралы есеп жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Өз жұмысын және жолдастарының жұмысын бағалауға, талдауға ұмтылып, қол жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін белгілейді.

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: смайлик арқылы

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Көрме ұйымдастыру үшін көркем материалдарды қолданып жұмыстарды әсемдеу және АКТ қолдана отырып электронды көрме ұйымдастыру

Электронды көрме ұйымдастыру (дизайн, функционалдылық)

Жеке идеяларын көрсетумен дамытуда оқушылар өз ойларын айтып, алған әсерлері мен шығармашылық шабыттарын сезінеді.

Оқушы шығармашылық жұмысқа тақырыпты, орындау техникасын және қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды өздігімен (мұғаліммен келісе отырып) таңдайды. Оқушы өзінің шешімдерін көрсетіп, материалдар мен тәсілдерді пайдалануды жүзеге асырады.

Оқушы өз жұмысында суреттеу құралдарын қолдана отырып өз идеяларын жеткізуі қажет. Жұмыс барысында оқушылар электронды көрме арқылы бір-бірінің жұмыстарын талдап, мұғалім кеңесін алып, берілген ұсыныстар негізінде аяқтайды.

Қорытынды

Жұмыс орындарын жинау

-Бүгінгі көрмеден не әсер алдың?

-Жұмыстарыңның қай жері ұнады?

Қай тұстарда олқылықтар болды?

Бағалау

Оқушының жұмыстарын бағалау, мадақтау.



3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.








Оқушы әңгімелей бастайды.


Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.



Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://ust.kz/word/asyq_sabaq_matamen_jumys_4_synyp-46941.html /

ttps://www.google.com/search?q=геометриялық+ою+түрлерін&sxsrf=ALiCzsYq7D9aTY9LM2Y9Z5zLkYpm-C4fRA:1667911383116&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=2ahUKEwien4eMzp77AhXll4sKHQgpB_QQ_AUoAXoECAEQAw&biw=1500&bih=612&dpr=0.9


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!