7-сынып қазақ тілі №1 БЖБ ІІ тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып қазақ тілі №1 БЖБ ІІ тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып қазақ тілі №1 БЖБ ІІ тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

1-НҰСҚА


1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.

Достар

Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды,"- деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды",- деп тасқа қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?"- деп сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.

2-тапсырма.Тест.

1.Есімшенің жұрнағы

А)Барса

Ә)Барды

Б)Баратын

В)Бармады

2.Есімшені белгіле

А)Толы

Ә)Әлпештеп

Б)Ұя

В)Өрнектелген

3.Жіктік жалғаумен жалғанған есімше

А)Ашқан

Ә)Көретін

Б)Кетер

В)Келетінсің

4.Есімшенің септелген түрі

А)Берген

Ә)Әперген

Б)Айтқандардың

В)Оқығалы

5.Сөз тіркестерінен есімшені тап

А)Барып қайт

Ә)Айтылар сөз

Б)Ойнап келіп

В)Алыстады



3-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Бірлігі жарасқан сынып» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.


Тезистік жоспар:

  1. Тақырыпқа сәйкес сыныптың өзге сыныптардан ерекшелігі туралы;

  2. Сыныптағы оқушылар туралы ақпарат, олардың сынып бірлігіндегі рөлі туралы;

  3. Қорытынды ой.




Бағалау критерийі

тап

Дескриптор

Балл

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру




1

Білім алушы


Проблемалық сұрақтар құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ.



1

1

1

Тест

2

1.Б

2.В

3.В

4.Б

5.Ә

1

1

1

1

1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазу





3

Жағдаят бойынша тақырыпқа сай жазады;

Тезистік жоспарды негізге алады;

Ақпараттық сипатта жазады;

Орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды;

Публицистикалық стильді сақтайды.


1

1

1

1

1


Барлығы

13

















































2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

2-НҰСҚА


1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.

Достар

Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам, қанша досың бар?- деп сауал қойыпты. Сонда ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы: «Жолдас балаларымның барлығымен тату-тәтті доспын. Ешқайсысы мен туралы бөтен ойламайды. Бір-бірімізден еш нәрсе аянып қалмаймыз. Қолымыздан келгенше жәрдемдесіп тұрамыз»,- деп бірнеше жауаптарды үсті-үстіне жаудыртып айтып береді. Сонда баласының әңгімесін сабырмен тыңдап болып, «Е-ее, қарағым. Сен айтқан пікірлермен достықты толыққанды бағалауға болмайды. Мен саған мына бір аңыз әңгімені айтып берейін. «Бірде жігіт досын сынамақ болып, қорадағы қойын сойып қапқа салып досына апарып көрсетіп, мен мына адамды жазым етіп алдым, енді мен жазаға тартылуым мүмкін. Сен отбасыма, мал-мүлкіме қорған бол, бала кезден егіз қозыдай тел өскен жолдасым деп саған аманат етіп тұрмын,- дейді сұраңқы жүзбен күмілжи сөйлеп. Мұндай жағдайды күтпеген жолдасы абдырап қалып, қазір мен үйге барып келейін деп үйінен мылтық ала шығып қаптағы салулы тұрған қой етін үсті- үстіне атып жібереді де міне енді екеуміз бірдей болдық. Сенің басыңа жағдай туындап тұрғанда жалғыз тастай алмаймын. Нендей қиыншылық болса да бірге көтереміз»,- деп шынайы жанашырлығын танытады. Көрдің де ұлым, дос деген осындай басыңа іс түскенде танылады. Әйтпесе, былайғы күні бәрі жақын, бәрі дос болып жүреді,» - деп сөзін аяқтайды. (http://old.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-94099)

2-тапсырма.Тест.

1.Есімшенің жұрнағы

А)Барса

Ә)Барды

Б)Барып

В)Бармақ

2.Есімшені белгіле

А)Ашты

Ә)Әлпештеп

Б)Кездеспек

В)Тартып

3.Жіктік жалғаумен жалғанған есімше

А)Ашқан

Ә)Көрмессің

Б)Кетер

В)Келген

4.Есімшенің септелген түрі

А)Берген

Ә)Жазбағандардан

Б)Айтпаған

В)Оқығалы

5.Сөз тіркестерінен есімшені тап

А)Келер күн

Ә)Барып келді

Б)Ойнап келіп

В)Алыстады


3-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Бірлігі жарасқан сынып» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.

Тезистік жоспар:

1)Тақырыпқа сәйкес сыныптың өзге сыныптардан ерекшелігі туралы;

2)Сыныптағы оқушылар туралы ақпарат, олардың сынып бірлігіндегі рөлі туралы;

3)Қорытынды ой





Бағалау критерийі

тап

Дескриптор

Балл

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру




1

Білім алушы


Проблемалық сұрақтар құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ.



1

1

1

Тест тапсырмасы

2

1.В

2.Б

3.Ә

4.Ә

5.А

1

1

1

1

1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазу





3

Жағдаят бойынша тақырыпқа сай жазады;

Тезистік жоспарды негізге алады;

Ақпараттық сипатта жазады;

Орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды;

Публицистикалық стильді сақтайды.

1

1

1

1

1

1


Барлығы

13




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі