Материалдар / 7-сынып қазақ тілі нөлдік срез тапсырмалары 2024-2025
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7-сынып қазақ тілі нөлдік срез тапсырмалары 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен нөлдік срез тапсырмалары , нөлдік бақылау тапсырмалары 7-сынып 0 дік бақылау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
2456
20 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәні бойынша кірме кесінді жұмыс

7-сынып


Оқу мақсаты

6.1.5.1 оқылған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірменбайланыстыру.

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдықжәне жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


І нұсқа


  1. тапсырма

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Былғары қолғап шебері

Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

А) Сұрақ:

  1. Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?

  2. Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  3. Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?

  4. Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?

  5. Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?

  6. Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?

Ә) Мәтіннен есімдіктің қандай түрлері кезеседі, теріп жазып көрсетіңіз, салт және сабақты етістіктерді тауып, ажыратып жазыңыз.

  1. тапсырма

1-мәтін мен 2-мәтінді салыстырып, олардың стилін, жанрлық, тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.

  • Қалайсың, Айжан!

  • Сәлем!

  • Не істеп жатырсың?

  • Ештеңе, қазір көше жаққа барам деп отырмын.

  • Аа, ол жақта не бар?

  • Наурызға концерт болып жатыр деді. Біздің көрші барып келді. Күшті болып жатыр дит. Барсайш менімен бірге.

  • Аа, иә, барайық. Менің де сол барсам ба, бармасам ба деп, алдымен сенен сұрап жатқаным ғой. Сен қашан шығасың?

  • Қазір бір жарты сағаттан соң ба деп отырмын.

  • Мені тоса тұр, иә? Қазір бір шаруалар болып тұр. Соны тез бітірп сен жаққа қарай өтемін.

  • Аа, жақсы! Общем, хабарласайық. Звондайсың ғой?

  • Ок.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндер қандай стильде жазылған?



Жанрлық ерекшеліктері неде?



Тілдік қолданыстарында қандай ерекшеліктер бар?





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл





Білімалушы


Оқылған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап жазады, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады


1

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады

3

мәтіннен есімдіктерді табады

1

салт және сабақты етістіктерді ажыратады

1

Ауызекіжәнекөркемсөйлеудіңқұрылымдық, жанрлықерекшеліктерінажыратады

2

мәтіндердің стилін анықтайды;

2




мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

2


мәтіндердің тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетеді.

1

Барлығы




10




ІІ нұсқа

1-тапсырма

Мәтіндерді мұқият оқып, оларды тақырыбы, мазмұны тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі - Хақан, шешесі - Нұрила. Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады.

2-мәтін

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы



Мазмұны не туралы?



Мәтіндердің сөз қолданыстарында қандай ұқсастықтар бар? Мысал келтіріңіз











2-тапсырма. Әр мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле отырып, жоспар құрыңыз. Әр бөлімге атау беріңіз.



1-мәтін бойынша жоспар:

  1. Кіріспе бөлім___________________________________

  2. Негізгі бөлім____________________________________

  3. Қорытынды бөлім_______________________________



2-мәтін бойынша жоспар:

  1. Кіріспе бөлім___________________________________

  2. Негізгі бөлім____________________________________

  3. Бағалау критерийі

    Тапсырма

    Дескриптор

    Балл





    Білім алушы


    Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады


    1

    Мәтіндердің тақырыптарын анықтайды;

    Мәтіндердің қысқаша мазмұнын көрсетеді;

    Мәтіндердің тілдік қолданыстарынан мысалдар келтіреді;

    2



    2



    2

    Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

    2

    1-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады;

    2

    2-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады.

    2


    Барлығы



    10

    Қорытынды бөлім_______________________________








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!