Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қмж 7 сынып 2-тоқсан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Достық – асыл қасиет |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру; |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Осы бөлімде танысатын мақсаттармен танысады. |
Болжау |
Ауызша бағалау |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1. Достықы туралы жазылған шығармаларды оқыдың ба? 2. Саған дос не үшін керек? Мәтінді тыңдап, автор мысалға келтірген оқиғаның дамуы мен аяқталуы жайында жұп болып ой бөлісіңдер. «Досым, сүйікті досым!». Шын жүректен қадірлеп, жақсы көрген адамыңа хат жазсаң, яғни сағына тіл қатсаң, осы сөз кеп аузыңа түседі. Бұл сенің өзегіңді жарып шығады. Ең жақсы, ыстық сезімді бейнелейтін осы бір сөз қандай мағыналы, қандай асыл еді дейсің! Шынында, достасу, дос болу-өміріңнің қызығы ғой. Жолдасы, досы жоқтың өмірі еш. Жалғыздықтың күні қараң. Достық-шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгершілік жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін сен жақсы білесің, оқушы! Достық жүрген жерде жалған сезімге орын жоқ. Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы да Маркс пен Энгельстің достығы. (Мұқан Иманжанов. «Ақиқат пен аңыз») ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 4. Тарихта болған ұлы тұлғалар-Абай мен Евгений Михаэлистің, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің, Мағжан Жұмабаев пен Максим Горькийдің, Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың достығы жайында мәтінді оқып, күрделі жоспар құрыңдар. Адамзат бойындағы ең ізгі, ең шуақты қасиеттерінің бірі- достық. Достық арқылы адамның жүрегі тыныштық тауып, өзінің тұлғалық қасиеті қалыптаспақ. Ал қазақ халқы достыққа берік, жолдастыққа адал болуы арқылы өзінің ақ ниеті мен таза көңілін көрсеткен. Кітап іздеудің,оны оқудың соңында жүріп, Абай 1880 жылы Петербордан айдалып келген төңкерісшіл, халықшыл Евгений Перович Михаэлис деген зиялы адаммен таныс болады. Бұл таныстықтың соңы үлкен достыққа ұласады. |
Сұрақтарға жауап береді. Мәтінді тыңдап, автор мысалға келтірген оқиғаның дамуы мен аяқталуы жайында жұп болып ой бөліседі. Мәтінді оқып, күрделі жоспар құрады. |
Дескриптор -мәтінді тыңдап, автор мысалға келтірген оқиғаның дамуы мен аяқталуы жайында жұп болып ой бөліседі. -мәтінді оқып, күрделі жоспар құрады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер. 1.Бүгін не үйрендің? 2. Достық туралы қандай мағлұмат алдың? 3. Достық туралы мақал-мәтелді айта алдың ба? 4. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 5. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
Үйге тапсырма: Достық туралы мақал-мәтелдер жаттау. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Достық деген не? |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Үйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: «Кім жүйрік?» ойыны. Достық туралы мақал-мәтелдерді кім көп білсе, сол жеңеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Болжау |
Ауызша бағалау |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ Суреттер арқылы болжам жасайды. . 1.Достықтың адам өмірінде алатын орны қандай деп ойлайсыз? 2. Достық кімдердің арасында болады? Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз. 1-мәтін Жан қиыспас дос болса Сыйласумен жүрерсің. Шашылып жатса сыртынан Жинасумен жүрерсің. Ұзатпай хал сұрасып, Жақындасып жүрерсің. Жақсы, жаман іс болса, Ақылдасып жүрерсің. Кемісі болса кешіріп, Татуласып жүрерсің. Сырттан айтқан сәлемін Мақұлдасып жүрерсің... Болмашыға сыр берсе, Бұқаша көз сүзерсің. Ақырында айтысып, Достан күдер үдерсің. ( Құлан Алдабергенұлы «Бес ғасыр жырлайды» 2-мәтін Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары д а к өп б олады ж әне ж ер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы. (141 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/ ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 1.Кестені толтырыңдар.
«Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жинақтап, дискуссивті эссе жазыңыз. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
Суреттер арқылы болжам жасайды.
Мәтіндерді оқиды. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табады.
Кестені толтырады.
«Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жинақтап, дискуссивті эссе жазады.
|
Дескриптор мәтіндерді салыстырады ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады; - идеясы мен стилін анықтайды; -тілдік құралдарды ажыратады. эссе құрылымын сақтайды; − тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; − өзіндік көзқарасын білдіреді; − мәселенің шешу жолын ұсынады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер. 1.Бүгін не үйрендің? 2. Достық туралы қандай мағлұмат алдың? 3. Достық туралы мақал-мәтелді айта алдың ба? 4. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 5. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Достық туралы өлең жаттау. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Достық –өмірлік нұсқа |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты пысықтау: Достық туралы өлеңдерді жатқа оқу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1. Достық жайында айтылған шешендердің қандай сөзін оқыдың? 2. «Достық-өмірлік нұсқа» дегенді қалай түсінесің? Мәтінді тыңдап,оқиғаның басталуын, дамуы мен қорытындысын анықта. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық. – Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет. «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес». Достық-өмірлік нұсқа. Достық адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны- өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама-қарсы ұғым-қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қайғысын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу- өмірлік мақсаттардың бірі. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 3. Сұрақтарға жауап бер. 1. Әйтімбет пен жанындағылар не туралы сөйлесті? 2. Достықтың қандай түрлері бар екен? 3. Амал достық деген не? 4. Достықпен сыйыспайтын қайсы мінездер? 5.Саясатта достық бола ма? »Достық баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты». деген пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін қолдана отырып, ойтолғау жазыңдар. |
Сұрақтарға жауап береді. Мәтінді тыңдап,оқиғаның басталуын, дамуы мен қорытынды сын анықтайды. »Достық баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты». деген пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін қолдана отырып, ойтолғау жазады. |
Дескриптор Мәтінді тыңдап,оқиғаның басталуын, дамуы мен қорытынды сын анықтайды. -етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тілдесім барысында қолданып, ойтолғау жазады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер. 1.Бүгін не үйрендің? 2. Достық туралы қандай мағлұмат алдың? 3. Достық туралы мақал-мәтелді айта алдың ба? 4. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 5. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
Үйге тапсырма: Ғаламтор желісінен достық туралы аңыз-әңгімелер оқу |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Достықтың түрлері |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру |
|
Сабақтың мақсаты |
жинақтайды
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін бірге шырқайық! Өткен сабақты пысықтау: Ғаламтор желісінен достық аңыз-әңгімелер оқу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін бірге шырқайық! Мәтінді мұқият оқып, тақырыбын қой. Жоспар құр. Елде бір сыйлы қария өмір сүріпті. Жалғыз ұлы бар екен. Әкесінің дәулетіне секіріп, аттан түспей серілік құрып, жолдас-жораларын көбейтіп, күніге той, қызыққа батып жүріп алыпты. Бір күні әкесі шақырып алып: -Балам, мен болсам,ұлғайып келем, өстіп қызық-думан құрып жүре бермекпісің, үйленсеңші,-дейді. -Ой, әке, қарап жүргем жоқ, жолдас,дос көбейтіп жүрмін ғой. Әкесі: -Досың көп пе сонда?-деп сұрайды. Баласы: -Көп, сол достарымның бәрі мен дегенде ішкен асын жерге қояды, айтқанымнан шықпайды,-дейді. Әкесі: -Ендеше, сол достарыңды сынап қайталық,-дейді. Соны айтып, өзі бір атқа, ұлын екінші атқа мінгізеді. Атан түйенің жады ағашына су құйған мес салынған қапты көлденең салады да, жетекке алады. Әкелі-балалы кеуі жүріп отырып, ұлының жан досының үйіне келеді. Сыртта оңашалап сөйлеседі. «Баламның досы екенсің, әдейілеп ат басын тіреп тұрмыз»,- дейді үлкен кісі. – Басымызға іс түсті, малдан айырылдық. Оның үстіне мына кісіні байқамай өлтіріп алдық, ісімізді жалғатыр». Досы:- Бұл істі мойныма ілмекпісіңдер ме?.. Аулақ, аулақ!-деп безектеп шыға келеді. Мақұл десіп, келесі ауылдағы досына және ең сенімді деген тағы бір досына келіп, болған жайды баяндайды. Көмек сұрайды, Олардың бәрі де ат тонын ала қашып, «Аулақ жүріңдер»,-деп қуып жібереді. Баланың ұнжырғасы түсіп кеткен. Әкелі-балалы тіркесіп үйіне келеді. Сонда әкесінің отбасында отырып былай дейді: «Балам, көзің жетті ме, сенің көп досыңның бірі-малдың досы, бірі-дәулетіңнің досы, бірі- жастық базарыңның досы, бірі-әншейін күн өткізудің досы, ендігісін өзің біл!» (Дүкенбай Досжанов) ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН Жоспар Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ а) ә) Қорытынды бөлім ________________________ 6.Мәтін бойынша дос болудың себептерін анықтап, диаграммаға түсір. 8.«Дос табу қиын, ал оын сақтау одан да қиын» деген тақырыпқа жұп болып, диалог құрыңдар. Сұрақтарыңның 5-тен кем болмауын және жауапта нақты деректердің қамтылуын қадағалаңдар. 10. Төменде берілген мақалдар мен фразеологизмнің қандай жағдаятта айтылатынын анықтайтындай шағын әңгіме құрастыр. 1. Көп көтерген жүк жеңіл. 2. Төбесі көкке жетті. 3. Адалдық-достықтың ұлы заңы. |
Әнді бірге орындайды. Мәтінді мұқият оқып, әңгімелейді, тақырыбын қояды. Күрделі жоспар құрады.. Мәтін бойынша дос болудың себептерін анықтап, диаграммаға түсір. «Дос табу қиын, ал оын сақтау одан да қиын» деген тақырыпқа жұп болып, диалог құрады. |
Дескриптор түрлі оқылым стратегияларын пайдаланады; - өз ұстанымына қатысты ой-пікірлерін айтады; - көтерілген мәселеге пікірін білдіреді. − мәтіннің құрылымын сақтайды; − жоспар құрады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер. 1.Бүгін не үйрендің? 2.Амал достықтың себептері болатыны жөнінде бұрын білген бе едің? 3. Тапсырмаларды орындауға қиналған жоқсың ба? 4. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 5. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
Үйге тапсырма: 10-тапсырма,67-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Ұлы адамдардың ұлы достығы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты пысықтау: Төмендегі берілген мақалдар мен фразеологизмнің қандай жағдаятта айтылатынын анықтайтындай шағын әңгіме құрастыр. 1.Көп көтерген жүк жеңіл. 2.Төбесі көкке жетті. 3.Адалдық-достықтың ұлы заңы. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Сен кімдердің досытығын өзіңе үлгі етесің? 2. Ұлы адамдардың достыңын не үшін білуіміз керек? Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмастырыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз. Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз. Дос болам десең, досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десең, мендегі доспен достасқан, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. Достарың көп пе? Апыр-ау, неткен жақсы едің? Досым аз менің... Досым-ау, менің, тапшы емін! Достарыңмен достастыр мені, асылым, Достастыр мені, болайын құлың нақ сенің! (Мұқағали Мақатаев). Достық деген таусылмайтын қазына, Көктемеде солып қалар гүл емес. Қарамайды ол сыйдың көп пен азына, Нағыз достар, тіпті, сый да тілемес. Сырлас болсаң, есігімді кір қақпай, Шын дос болсаң, шақырмай кел, тілегім. Шын шақырсам, саған ұқсап тіл қатпай, Жауымның да келетінін білемін. ( Төлеген Айбергенов). Бірімізді біріміз қуат көріп, Бірімізден біріміз шуақ көріп, Бірімізге біріміз пана болып, Мен іні боп, сен қимас аға болып, Дарқан көңілім шалқитын дала болып! Кәусарынан достықтың қанып ішіп, Бір тілектің бойынан табылысып. Сәл көрмесек сабылып, сағынысып, Жолығуға асықтық алып ұшып. ( Мұхтар Шаханов) ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН Өлеңдердегі ортақ ойларды қай сөз қолданыстары беріп тұрғанын талда. «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, өлеңдердің мазмұны бойынша пікіріңді жаз (уақыт мөлшері: 7-8 минут) 1.Өзіндік пікір (идея)-бір сөйлем. 2.Дәлел-екі сөйлеммен келтіру керек. 3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал-екі сөйлем. 4. Өз пікіріне қарсы пікір-бір сөйлем. 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал-екі сөйлемнен тұру керек. 6. Қорытынды –екі сөйлемнен тұрады. Өлеңдер мазмұны бойынша «Шынайы достық» тақырыбында эссе жазыңдар.
|
Сұрақтарға жауап береді. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырады. Сұрақтарың жұбыңымен алмастырады. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырады. Келісу, келіспеу себептерін талқылайды. Өлеңдердегі ортақ ойларды қай сөз қолданыстары беріп тұрғанын талдайды.. «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, өлеңдердің мазмұны бойынша пікірің жазады. Өлеңдер мазмұны бойынша «Шынайы достық» тақырыбында эссе жазады. |
Дескриптор негізгі тірек сөздерді анықтайды; екі проблемалық сұрақ құрастырады; сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді. өзгенің жауабын өз жауабымен салыстырады; келісу, келіспеу себептерін талқылайды. эссе құрылымын сақтайды; тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; - өзіндік көзқарасын айтады; мәселенің шешу жолын ұсынады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Үйге тапсырма: 4-тапсырма, 69-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Шынайы достық |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру |
|
Сабақтың мақсаты |
жинақтайды
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты пысықтау: Өлеңдердегі фразеологизмдерді және эмоционалды сөздерді тауып, эмоционалды мәнін «Қос жазба» күнделігіне толтыр.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады.
|
2 балл
|
|
||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1.«Шынайы достықты» қалай түсінесіңдер?
2.Мәтінді оқып, қандай жанрда жазылғанын анықта. Сыныптасыңа сұрақтар қой. Толық жауап ала алдың ба? Шоқанның інісі Мақы (Мақажан) суретші болды. Ол Петербургтегі керең-мылқаулар м ектебінде оқып, білім алған. Кейін түрлі ғылыми мекемелер мен кітапханаларда суретші болып қызмет істеді. Інісінің дарынды екенін байқаған Шоқан Мақыны көркемөнер академиясының шеберханасына орналастырады. Ол онда суретшілік өнермен шұғылданады. Мақы Петербургте он бір жыл тұрған. Шоқан арқылы Мақы Петербург пен Омбыда көптеген ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен таныс болған. Г.Н. Потанин былай деп жазды: «Көкшетаудан шығып, Уәлихановтардың ауылын іздеп келе жатып мен қазіргі көзі тірі ағайынды төртеуінің біреуімен қалтқысыз байланыс жасайтын болсам, нақ осы Мақымен байланысам ғой деп ойладым» . Шоқаннан тағылым алған Мақы кетер-кеткенше орыс халқын өзіне жақын тұтып, оның озық мәдениетін қастерлеумен өткен. Атақты архитектор Шота Уәлиханов-осы Мақының немересі. Шоқанның тағы бір інісі Мақмұт та ағалары сияқты орыс ғалымдарымен, жазушы, инженерлерімен жас кезінен араласқан. Сол достық қарым-қатынастарын өмірінің аяғына дейін үзген емес. Г.Н. Потанин Уәлихановтардың отбасымен 1895 жылғы Сырымбеттегі кездесуін өте жылы еске алады. Шоқанның жақын досы Потанинді Уәлихановтар әулеті шын ықылыспен қарсы алып, оның құрметіне той-думан жасап, сауық құрған, Г.Н. Потанинге арнайы бәйге ұйымдастырып, түрлі халық ойындары мен сұңқар салып, құс аулау сияқты этногрфиялық ойындар көрсеткен. Халық ертегілері мен эпикалық өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жазып алуы үшін әйгілі әншілер мен жыршыларды шақыртқан. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 1.Мәтін бойынша жоспар құрыңдар. Жоспар Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ а) ә) Қорытынды бөлім ________________________
8. Сұрақтарға жауап бер. 1. Мәтіннің кейіпкерлері сендерге таныс па? 2. Мәтінде кімдердің достығы туралы айтылады? 3. Потанин ертегілер мен эпикалық жырларды кімдерден естіген?
9. Мәтіндегі тұлғалар туралы өз пікірлеріңді топқа бөлініп айтыңдар. Ғаламтор материалдарын пайдаланыңдар. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны... деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім». |
Сұраққа жауап береді.
Мәтінді оқып, қандай жанрда жазылғанын анықтайды. Сыныптасыңа сұрақтар қояды. Толық жауап ала алдың ба?
Мәтін бойынша жоспар құрады.
Мәтін бойынша сұраққа жауап береді.
Мәтіндегі тұлғалар туралы өз пікірлерің айтады Ғаламтор материал дарын пайдаланады.
|
Дескриптор -сұрақтарға дұрыс жауап береді; -тақырып бойынша пікірін білдіреді. − күрделі жоспар құрады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
||||
|
Үйге тапсырма: 12-тапсырма,71-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Сүйіспеншілік – шынайы сезім |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты пысықтау: 13-тапсырма. Әдебиеттен қандай ұлы адмдардың достығы жөнінде оқығандарыңды бір-бірлеріңе жұп болып әңгімелеңдер. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Сүйіспеншілік туралы не білесіңдер? 2. Көркем әдебиеттен қандай жағдаяттарды еске алар едің? «Шәмші әндерін» бірге шырқайық! 2.Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды есте сақта. Тақырыбын қой. Шәмшінің «Ақмаңдайлым» әні XX ғасырдың төбесінен тамшылап тұрған лирика (Мұхтар Әуезов) Қазақ өнерін білгісі келетіндер Қастеевтің суреттерін, Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек (Ғабит Мүсірепов). Шәмші-өазақ өнеріне үлкен жаңалық және ұлттыө бояуы қанық өлмейтін туындылар олажлаған аса дарынды сазгер екендігін өнерпаз... Оны ел «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп, орынды мақтан етеді (Қасым Қайсенов). ... Не істесек те бір-бірімізге адал болдық. Ол інілік жолын білетін. Мен ағалық жолымды сақтадым. Менің әндеріме ғашық еді. Мен де оның вальстеріне іңкәр көңілімді айтып жеткізе алмайтынмын... Шәмшідей таңғажайып вальс тудыра алмай, жетпістен асып барамын. Маңдайға жазғаннан асқан ештеңе жоқ.Барына шүкір! (Нұрғиса Тілендиев) Шәмші Қалдаяқов асқан дарын иесі еді, Шәмшінің бауырмалдығы, шектен тыс қарапайымдылығы, биязылығы, барға қанағат ететін тоқпейілділігі оны өзгелерден биік етіп көрсететін (Өзбекәлі Жәнібеков). Ақиқатына келгенде, Шәмшінің тәңір жаратқан таланты асқақ. Әсем әндері қай атақ,қандай сыйлықтардан да жоғары (Әсет Бейсеуов). Шежіресі мол шерлі дала Шәмші әндерімен қашанда шуақтанды. Оның әні де, ыстық рухы да бізбен бірге. Халқымыз барда, Шәмшінің әндері де мәңгілік болып қала береді (Мыңжасар Маңғытов). Айналып өтуіміз мүлде қисынсыз бір шындық бар. Шәмшінің сол кездегі халық арасындағы беделі мүлде таңғаларлық дәрежеде болатын. Қазіргідей қаптаған телеарналардың, сан-салалы ғаламторлардың жоқ кезі. Алыс-жақын ауылдарда,колхоз-совхоздарда, қалаларда өтетін қуанышты жиын-тойлардың, мерекелердің бәрінде қазақтардың шамамен 90-95 пайызы тек Шәмшінің әндерін шырқайтын. Туған ұлтының мұншалықты деңгейде шексіз сүйіспеншілігіне бөленген Шәмшіден өзге сазгер әлі күнге дейін қазақ топырағында болған емес (Мұхтар Шаханов). ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 1.Мәтіннен есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тауып, кестеге толтырыңдар. Оларды тілдесім барысында қолданып, мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
3. Шәмші Қалдаяқовқа деген сүйіспеншіліктерін бәріне ортақ ой қайсы? Пікір айтушылар кімдер?
4. Мәтіндегі сүйіспеншілік қандай эмоционалды сөздер арқылы берілгендігін кестеге салып түсіндір.
5. «Шәмші-ел аузында» тақырыбында кластер құрастыр.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Әнді тыңдай отырып, мәтін не туралы болатынын болжайды.
Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды есте сақтайды. Тақырыбын қояды.
Мәтіннен есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тауып, кестеге толтырады. Оларды тілдесім барысында қолданып, мәтіннің мазмұнын айтады.
Шәмші Қалдаяқовқа деген сүйіспеншіліктерін бәріне ортақ ой қайсы? Пікір айтушылар кімдер?
Мәтіндегі сүйіспеншілік қандай эмоционалды сөздер арқылы берілгендігін кестеге салып түсіндіреді.
«Шәмші-ел аузында» тақырыбында кластер құрастырады. |
Дескриптор -әнді тыңдап, тақырыпты блжайды. мәтіннен есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тауып, кестеге толтырады. Оларды тілдесім барысында қолданып, мәтіннің мазмұнын айтады.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады.
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: «Мен таныған Шәмші...» эссе жазу. |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Шынайы сүйіспеншілік |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру |
|
Сабақтың мақсаты |
жинақтайды
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты пысықтау: «Мен таныған Шәмші...» эссе жазу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1.«Шынайы сүйіспеншілік» дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай туралы не білесіңдер? Мәтінді оқып, жоспар құр. 2008 жыл 28 қаңтар. Күн-жұма. Бүгін Шелль қаласындағы зиратқа жерленген Мария Шоқайдың басына баруды жоспарлаған едік. Мария Шоқайдың зираты кіре-берісте, қақпадан онша алыс емес жерде екен. Зиратқа кірген бойда көңілім толқып, жүрегім дүрсілдеп сала берді. Бұл, бәлкім, Мұстафа Шоқайдың адал жары, оның көрген ауырпалықтарын қайыспай, зор адамгершілікпен бірге бөліскен Марияға деген шексіз ризашылық пен құрмет белгісі болар. Жаңбыр жауған кезде-ақ: «Әй, бұл Мұстафа мен Марияның көз жасы немесе сағыныш тамшылары шығар»,-деп ойлағанмын. Мәшинеден түсіп, Мария Шоқайдың зират басына барған кезде құйып тұрған жаңбыр кілт тоқтады. Кәдімгі ағып тұрған судың шүмегін кілт бұрай салғандай. Марқұмның қабіріне гүл шоқтарын қойдық. Мария Шоқай да қайраткер. Мұстафаның жанында жүріп, әрі ақылшысы, әрі қамқоршысы, әрі жары болса, қайраткер болмай, кім болады? Марияның Шоқайтанудағы орны ерекше. Шоқайдың жеке құжаттарын, бүкіл мұрасын сақтап, тиісті орындарға табыстаған-осы Мария екен. Марияның Мұстафа Шоқайдың мұрасын сақтап қалғаны-өз алдына. Мұстафа Шоқай қайтыс болған соң, оның жаназасын шығартып, ислам діні,яғни шариғаттың бүкіл талаптарын жүзеге асыра отырып, жерлегені не тұрады? Мұның өзі Марияның Мұстафаға деген сүйіспеншілігі ғана емес, оның дінін құрметтегені. Мария Берлинде Мұстафаны жерлеп, Парижге оралған соң, 1942 жылдың 5 ақпанында мешіткуе барып, марқұм күйеуінің қырқын беріп, рухына бағыштап құран оқытты. Өзі бақилық болғанша Мұстафаға үнемі құран бағыштап, рухын ардақ тұтты. Біз қабірдің шаңын сүртіп, төңірегін тазалап, мәшинеге беттедік. Көлікке отырысымен жаңбыр қайта құйды. Апыр-ай,а! Бұл не болғаны сонда? Әлде бұл біздің алыстан келіп, зиярат еткенімізді Табиғат ана да құптап, қолдағанының айғағы ма? Кім біледі, бәлкім, солай шығар... ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 1.Мәтін бойынша жоспар құрыңдар. Жоспар Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ а) ә) Қорытынды бөлім ________________________ 8. Сұрақтарға жауап бер. 1. Мәтіндегі ой кімдер туралы айтылған? 2. Мария Шоқайдың жарына деген сүйіспеншілігі неден көрінеді? 3. Мария Шоқайды неліктен қайраткер дейміз? Мәтінді «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып талда. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. |
Сұраққа жауап береді. Мәтін бойынша жоспар құрады. Мәтін бойынша сұраққа жауап береді. Мәтінді «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып талдайды. |
Дескриптор -мәтін мазмұнын өз сөзімен айтады. -тақырып бойынша пікірін білдіреді. − күрделі жоспар құрады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Үйге тапсырма: 11-тапсырма, 74-бет |
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Сүйіспеншілік бастауы – туған жерді сүю |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Үйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: 11-тапсырма. Энциклопедиялық әдебиетті пайдаланып, Мұстафа Шоқайдың туған елге деген махаббаты туралы мәтін жаз. Мәтінде Мария Шоқай естелігін пайдалан. Жазғандарыңды парталасыңмен салыстыр. Кімнің ақпараты толық екенін түйінде. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Болжау |
Ауызша бағалау |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1.Туған жер туралы ақын-жазушылардың қандай шығармаларын білесіңдер? 2. Қандай мақал-мәтел, қанатты сөздерді білесіңдер?
Мәтінді оқыңдар. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз. 1-мәтін Мынадай бір аңыз бар. Қапияда жау қолына тұтқын боп түсіп, құлдыққа сатылған бұғанасы қатпаған жас бала жылдар өте келе, кіндік қаны тамған топырағын, әлпештеп өсірген ата-анасын ұмытуға айналады. Жат өлкеге бауыр басып, жақсы-жаманды бастан кешіп, төзімі мен ақыл-қайратының арқасында ақыры бөтен жұрттың билеушісі атанады. Жылдар жылжып өтіп, шау тартқан шағында ат арытып алыстан келген керуен туған жердің бір түп жусанын жеткізеді. Жұпар иісі бұрқыраған жусан билеушінің есіне бала күнгі ұмыт болған бейкүнә дәуренін, туған жер төсінде қызғалдақ теріп өскен мұңсыз күндерін қайта түсіреді. Көзінен жасы бұршақтап, санасында сартап болып жатқан сағыныш сезімі бұрқ етіп оянып, шыдас бермейді. Енді оны кесе-көлденең тұруы мүмкін емес еді. Талайларға арман болған тақ пен тәжді тәрк етіп, баққа, байлыққа да бұрылып қарамай, тұлпарына ер салып, туған жеріне суыт аттанған екен деседі. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Мәселен, Мұхтар, сенің Отырарың мен менің Шекерімнің қаншама жас жеткіншегі қазір де әлемнің төрт бұрышын шарлап кетті. Біразы білім алып, тұрақтап қалып, кәсіби мамандықтарын жетілдіру үстінде. «Атың барда ел таны желіп жүріп» деп бабаларымыз айтқандай, қажырлы, қайратты шақта көкірек көзін ашып, дүниенің ойы мен қырын шолғанға не жетсін! Десе де, Жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де-туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес. Қасиетіңнен айналайын туған жер! Бізсіз гүлдеп, бізсіз өмір сүре алар, ал біздің рухымыз онсыз биік самғамақ емес. Иә, туған жер барда-біз бармыз. 2-мәтін Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. https://www.zharar.com/kz/shygarma/esse/38659-zher.html ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 1.Кестені толтырыңдар.
6-тапсырма Оқылған мәтін бойынша төмендегі кестені толтыр.
7.Ш. Айтматов айтқан аңыз-әңгіме кім туралы айтылған? Ізденіп, ой бөлісіңдер. Ойбөліске қойылатын талаптар: -тақырыптан ауытқымау; -берілген уақыттан асырмау;-сөз әдебін сақтау; -дауыс ырғағы, кідіріс, дыбыстардың үндестігін сақтау; -мақал-мәтел, фразеологиялық тіркестерді қолдану; -өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу. Қарамен берілген сөздердің мағынасын синонимдері арқылы ашып жаз.
Мына жолдарды кіріспе етіп алып, «Туған жерім» тақырыбына эссе жаз. Қасиетіңнен айналайын туған жер! Бізсіз гүлдеп, бізсіз өмір сүре алар, ал біздің рухымыз онсыз биік самғамақ емес. Иә, туған жер барда-біз бармыз. |
Суреттер арқылы болжам жасайды.
Мәтіндерді оқиды. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табады.
Кестені толтырады.
Ш. Айтматов айтқан аңыз-әңгіме кім туралы айтылған? Ізденіп, ой бөліседі.
Қарамен берілген сөздердің мағынасын синонимдері арқылы ашып жазады.
Мына жолдарды кіріспе етіп алып, «Туған жерім» тақырыбына эссе жазады.
|
Дескриптор мәтіндерді салыстырады ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады; - идеясы мен стилін анықтайды; -тілдік құралдарды ажыратады. эссе құрылымын сақтайды; − тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; − өзіндік көзқарасын білдіреді; − мәселенің шешу жолын ұсынады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: 10-тапсырма, 77-бет |
|
|
|
Бөлім: |
4.Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Дос таңдай білу |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Үйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Артынан қалған көз жас» әңгімесі Махаббат пен достық бір күні жолда кездеседі. Махаббат, өзіне сенімді түрде Достықтан: «Мен саған қарағанда жақсырақ, сенен артық сүйкімдімін. Дүниеде сен не үшін қажетсің?» – деп сұрайды. Достық – “Сен кеткенде артыңнан қалған көз жасты сүрту үшін….” депті. Өткен сабақты пысықтау: 10-тапсырма, 77-бет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
«Артынан қалған көз жас» әңгімесі |
Ауызша бағалау |
«Артынан қалған көз жас» әңгімесі |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 Дос қандай болу керек? |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1. Дос қандай болу керек? Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытыңыз. Өте жақын екі дос болған екен. Біреуі – Берік: елгезек әрі пысық болса, екіншісі – Серік: ұялшақ әрі момақан болады. Берік кедей, Серік болса ауқатты отбасынан шыққан болады. Бірақ кедей-бай демей екі дос туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді. Серік барлық нәрсесімен Берікпен бөлісіп өседі. 7 жасында басталған достықтары университетке түскен жылдары да жалғасады. Университеттің соңғы жылдарында Серіктің ата-анасы жол апатына ұшырап, қайтыс болады. Серік қайғы ішінде біраз уақыт жұмыс таппай қалады. Қаржы жағдайы күрт өзгереді. Берік болса жақсы жұмысқа орналасып, лауазымды қызметте болады. Серік досының қасына барып көмек сұрауды қанша ойласа да, олай істеуге батылы да намысы да бармайды. Одан әрі ақшасыздыққа шыдай алмай, соңында досының кеңсесіне барады. Кеңседегі хатшы қыз Беріктің орнында жоқ екенін, кейін хабарласуын сұрайды. Ертеңіне барса да тура осындай жауап алады. Ақырында хатшы қыз оған Берік жазған хатты ұстатады. Хатында Берік досына көмектесе алмайтынын жазады. Серік жаман күй кешеді. Көшеге шығып естігендеріне сене алмай мұңайып жүреді. Бір кезде Серіктің қасына жасы үлкен кісі жақындап: “Балам, ауыр науқасым бар. Кедей болғаным үшін дәрі ала алмай жүрмін”, – деп Серіктен көмек сұрайды. (Серік өзінен жағдайы төмен адамдарға көмектеседі.) Серік соңғы ақшасын шығарып жаңағы кісіге керекті дәрілер алып береді. Жомарттығына қайран қалған кісі негізінде кедей емес, бай кісі болатын. Көп ұзамай ол қайтыс болып, барлық мұрасын Серікке тастап кетеді. Әрі қарай не болғанын болжап, әңгімені аяқтаңыз. Өз нұсқаңызды салыстырыңыз. Серік қайтадан бай болса да, досының көмектеспей, теріс қарағанын ұмыта алмады. Досының кеңсесінің қасынан үлкен үй салғызады. Бір күні үйінің алдында жасы үлкен қайыршы әйелді көреді. Қайыршы аш болғанын, ешкімі жоқ екенін айтады. Серіктің жаны ашып, оның да ешкімі жоқ, қаласа оның үйінде тұрып үй жұмыстарына қарауын сұрайды. Әйел қуанып, келіседі. Бір күні әйел “Неге жақсы бір қызбен танысып үйленбейсің?” деп сұрайды. Серік ондай қызды танымағанын, егер де оның ойлаған біреуі бар болса, таныстыруын сұрап қалжыңдайды. Бірнеше ай толмай Серік көмекші әйелдің көмегімен үйленетін болып шығады. Тойға дайындық басталады. Досын әлі де ұмыта алмай жүрген Серік тойға шақыру билетін Берікке де жібереді. Той күні Серік микрофонды қолға алып бар өкпесін елге айтады; осылай да осылай бір досым болған, кішкентайынан оған көмек көрсетіп жүрдім, оны шын досым деп санайтынмын, ол үшін еш нәрсемді аямайтынмын. Бірақ менің жағдайым жаман болғанда, досым көмектескісі келмеді! Алайда менің досыма деген өкпем жоқ. Өйткені шынайы доспыз! – деп айтады. Алдында үндемей отырған досы орнынан тұрып микрофонды қолға алып былай дейді: (Достар арасындағы болған жағдайдың сыры.) “Менің де бір кездері жақын досым болды. Мен қиналғанда үнемі көмектесіп тұрды. Досым жұмыссыз жүрген кезде маған келіп жұмыс сұрады. Байлыққа үйренген біреудің біреуден (досынан болса да) жұмыс сұрауы қаншалықты қиын екенін сездім. Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім. Күндердің бірінде досымның алдынан шыққан кәрі кісі – менің әкем болатын. Әкем қатты науқастанып жүрген кезі еді, досыммен танысып барлық ақшасын оған мирас етуін қаладым. Үйіне келген қайыршы әйел – менің анам. Досымның жалғыз қалғанын біліп, оған әрі үйін тазалап, әрі тамағын дайындап оған көмек көрсетуін қаладым. Қазір үйленуге таңдаған жары да – менің қарындасым. Досыма жақсы қарай алатын, оған адал жар болатын туған қарындасым. Қадірлі қонақтар, міне біз осындай шынайы доспыз!“ – дейді. Мәтін бойынша сұраққа жауап береді. •Берік пен Серікті шынайы достар деп айтуға бола ма? •Олардың шынайы достығын не дәлелдейді? •Автор осы оқиға арқылы қандай ой айтқысы келді? •Мәтіннің негізгі ойы мен мақалдың байланысы қандай? Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі – баға жетпес байлық. Жоспар құруға үлгі схема. І. Кіріспе бөлім. 1. Тезистік сөйлем: Кедей-бай демей шынайы достар туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді. ІІ. Негізгі бөлім. 1.Тезистік сөйлем: Қаржы жағдайы күрт өзгереді. А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досынан көмек сұрайды. Б) Тезисті қолдаушы сөйлем. Досы көмектесуден бас тартады. 2.Тезистік сөйлем:Серік өзінен жағдайы төмен адамдарға көмектеседі. А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Науқас кедей адамға дәрілерін алып береді Б) Тезисті қолдаушы сөйлем: Қайыршы әйелді үйіне кіргізіп, паналатады. 3. Тезистік сөйлем. Достар арасындағы болған жағдайдың сыры. А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім. Б) Тезисті қолдаушы сөйлем:Берік ата-анасы мен қарындасы арқылы досына көмектеседі. ІІІ.Қорытынды бөлім Біз осындай шынайы доспыз! Мәтінді оқып, мәтін бойынша жоспар құрыңыз. • Мәтінді бөлімдерге бөліңіз. • Бөлімдерге тақырыпша қойыңыз. • Бөлімнің негізгі ойын қысқа тезис түрінде беріңіз.
|
Сұраққа жауап береді.
Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытады.
Мәтін бойынша жоспар құрады.
Мәтін бойынша сұраққа жауап береді.
|
Дескриптор - оқиға желісін болжайды; - әңгімені аяқтайды; - түпнұсқамен салыстырады. мәтін бойынша жоспар құрады.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
|
|
|
||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Эссе «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз
|
|
|
|
Бөлім: |
4.Достық пен сүйіспеншілік.Морфология |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Нәтиже сабақ БЖБ №1 |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Достық туралы бірер сөз Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. Махамбет ақын Өткен сабақты пысықтау: «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын ішінара айтады. |
Үй тапсырма сы-2 балл |
Қанатты сөздер |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Сүйіспеншілік деген сөздің синонимін білесің бе? 2. Туған жерді сүю деген не? Әнді үнтаспадан тыңда. Логикалық екпін түсіп тұрған тірек сөздерді тап. Шықшы тауға, қарашы кең далаңа: Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шарашайсың ба, құмарың бір қана ма? Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер. Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! Нендей күйге жүрегімді бөледің? Сенде тудым,сенде өстім мен, сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде,-дер едім. Қасым Аманжолов
ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 1.Өлең жолдарынан есімше, көсемшені табыңдар. Көсімшелерді есімшеге айналдырып жазыңдар.
2.«Кімнің ойы жүйрік?» ойыны. Қасым Аманжоловтың ойын топ құрып, қара сөзбен жалғап жаз. Тапсырманы тақырыптан ауытқымай орындаған топ жеңеді.
Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі қандай сөйлемдермен берілген?
|
Сұрақтарға жауап береді.
Әнді үнтаспадан тыңдайды.
Өлең жолдарынан есімше, көсемшені табады. Көсімшелерді есімшеге айналдырып жазады.
«Кімнің ойы жүйрік?» ойыны. Қасым Аманжоловтың ойын топ құрып, қара сөзбен жалғап жазады. |
Дескриптор -Әнді үнтаспадан тыңдайды. -өлеңнен көсемше лерді табады -көсемшені есімшеге айналдыра ды. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағын» пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап бер. « Достық пен сүйіспеншілік» бөлімі бойынша не үйрендің? Тапсырманы өзіңе ұнарлық деңгейде орындай алдың ба? Өз жұмысыңа, сыныптастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма? ( Өзіңнің және сыныптастарыңның білімін бағала). Осы бөлім бойынша тағы не білгің келеді? Осы бөлім бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың? |
«Шығу парағын» пайдаланып сұраққа жауап береді.
|
|
|
||||||||||||
|
Үйге тапсырма: 4-бөлімді қайталау |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Музыка – табиғи өнер |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау; 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Бөлім туралы мәлімет алады. |
Ауызша бағалау |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Сурет не туралы? 2.Қорқыт ата туралы не білесіңдер? 3.Қандай шығармаларын білесіңдер? Өлеңді тыңдап, қандай тақырыпта жазылған монолог екенін анықта. Бір күні шошып тұрып көргендей түс, Кесіп ап қарағайдан қылды қобыз. Қыл тағып қобызына сөйлетіп еді, Алтайды күңірентіп шықты лебіз. Қобыздан мұңды дыбыс сорғалады, Маймаңдап ә дегенде жорғалады. Біресе асау тайдай ойнақ салды, Біресе сары нардай ырғалады. Біресе жүйрік желдей кетеді есіп, Асқарды аттап өтті, дария кешіп. Біресе әлдекімге тіл қатқандай, Желменен жапырақтай күбірлесіп. Қобыздан осылайша шықты сарын, Бірде мұз, бірде дауыл, бірде жалын. Қарағай мен қыл сырнай не деуші еді, Шығарды сарынменен Қорқыт зарын. Мағжан Жұмабаев
ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 1.Өлең мазмұны бойынша жұп болып диалог құрыңдар. Диалогтің сұрақтары: -Қобыздан қандай әуе төгіледі? -Ақын әуенді қандай образдарға теңейді? -Музыка нені бейнелейді? -Музыканы адам не үшін таңдайды? 2.Ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Қобыз» туралы мақала жазыңдар. |
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдап, қандай тақырыпта жазылған монолог екенін анықтайды.
Өлең мазмұны бойынша жұп болып диалог құрады.
Ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Қобыз сарыны» туралы мақала жазады. |
Дескриптор - өлеңді тыңдап, қандай тақырыпта жазылған монолог екенін анықтайды. -өлеңде көтерілген мәселені табады. -ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Қобыз сарыны» туралы мақала жазады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер.
|
|
|
Үйге тапсырма: «Қобыз» сөзіне бесжолды өлең құрастыру. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қазақ музыка өнерінің арналары |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: «Қобыз» сөзіне бесжолды өлең құрастыру. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
|
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1.Суретте қандай оркестр бейнеленген? 2.Оркестрмен өтетін концертке қатысып көрдің бе? Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын анықта. Тақырып қой. Музыкалық туындылар орныдалатын ұжым-оркестр. «Оркестр» деп музыкалық туындыны түрлі аспаптарда қатар ойнайтын музыканттар тбын айтамыз. Оркестрдің өте үлкен «Симфониялық оркестр» деп аталады. Симфониялық оркестрдің құрамында ішекті, үрмелі, соқпалы музыкалық аспаптар болады. Ол классикадан бастап, поп музыкаға дейінгі барлық әуендерді орындайды. Ішекті аспаптардың барлығы оркестрдің алдында орналастырылады. Бас, соқпалы және үрмелі аспаптар артқы қатарда тұрады. Мөлшері жағынан ішекті аспаптар үлкен болады. Концерттерде күйсандық (фортепиано), скрипка немесе виолончель сияқты дара аспаптар оркестермен сүйемелденеді. «Гамелан» деп аталатын Индонезия оркетрінде 75-ке жуық аспап қамтылған. Симфониялық оркестрде көбінесе батыс классикалық музыкасы немесе опера орындалады. Симфония-3 немесе 4 түрлі бөліктен тұратын музыкалық жанр. Опера музыка жанрына жатады. Оркестр ойнап тұрған музыкаға қосылып ән шырқауды «опера» дейміз. Музыканың бұл жанры 1600 жылдар шамасында Италияда дүниеге келген. Операны орындайтын басты кейіпкерлер белгілі бір драмалық шығармадағы кейіпкердің рөліне еніп, көрерменге солардың сезімін, көңіл күйін жеткізеді. Операда би өнері де жиі қолданылады. Әсіресе Францияда операда ән мен би қатар жүреді. Операның кей түрлерінде ауызекі сөйлесу түрі-диалог те қолданылады. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 1. «Кім ізденгіш?» ойыны. Суретте қандай оркестр бейнеленген? Осы оркестр туралы ізденіп, мәлімет жина. Көп ақпарат берген топ жеңеді. Өлең мазмұны бойынша жұп болып диалог құрыңдар. Диалогтің сұрақтары: -Қобыздан қандай әуе төгіледі? -Ақын әуенді қандай образдарға теңейді? -Музыка нені бейнелейді? -Музыканы адам не үшін таңдайды? 2.Ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Астана Опера» туралы мақала жаз. Мақалада фразеологизмдер мен эмоционалды сөздерді пайдалан. 3.«Қазақстандағы оркестрдің түрлері» деген тақырыпқа кластер құрастыр. Әрқайсысын сипаттап айт. |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын анықтайды. Тақырып қояды.
«Кім ізденгіш?» ойыны. Суретте қандай оркестр бейнеленген? Осы оркестр туралы ізденіп, мәлімет жинайды. Көп ақпарат берген топ жеңеді.
Ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Астана Опера» туралы мақала жаз. Мақалада фразеологизм дер мен эмоционалды сөздерді пайдаланады.
«Қазақстанда ғы оркестрдің түрлері» деген тақырыпқа кластер құрастырады. Әрқайсысын сипаттап айтады. |
Дескриптор -ғаламтордан не газет-журналдан ақпараттарды іздеп, «Астана Опера» туралы мақала жазады. мақалада фразеологи змдер мен эмоционалды сөздерді пайдаланады.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба? Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бер.
|
|
|
Үйге тапсырма: 7-тапсырма, 81-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Музыкалық бағыттар мен аспаптар |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау 7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: 7-тапсырма. Оқылым мәтініндегі қарамен жазылған сөдерді синонимәмен ауыстырып, тақырыптан ауытқымай шағын мәтін жаз. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ Сұрақтарға жауап бер 1.Қандай музыканы тыңдағанды ұнатасың? 2. Музыкалық аспаптардың бәрін тізіп айтып шыға алсың ба? Мәтінді бір оқушының мәнерлеп оқуында тыңда. Дауыс ырғағы мен кідірістің дұрыс жасалғанына көңіл аудар. Музыкалық бағыттар Әрқилы кезеңдерді дүниенің төрт бұрышында музыканың түрлі жанрлары өмірге келді. Музыкадағы джаз жанры XX ғасырдың басында АҚШ-тың Жаңа Орлеан штатында туындады. Джазды Батыс Африка мен Еуропа музыкаларының қосындысы деп қарастыруға болады. Онда саксофон, керней, тромбон, кларнет (ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспап түрлері бар. Классикалық музыка, кантри музыкасы, діни әуендер, рок, поп, үнді классикалық музыкасы және электронды музыкалар да әлемге танымал музыка жанрларына жатады. Осылардың арасында қазіргі кезде поп пен электронды музыка көбірек сұранысқа ие. Музыканың түрлі жанрлары әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін әртүрлі адамдардың шабыты мен қиялының нәтижесінде пайда болды. Бірақ музыка тілі ортақ. Қай жерде өмірге келгеніне қарамастан, біз оны тыңдап, ләззат аламыз. «Самба» деп аталатын бразилиялық ырғақ әлемнің барлық музыканттарына өз ықпалын тигізеді. Қатты әрі жылдам ойналатын музыка ырғағында би билеу көп адамдарға ұнайды. Қазақта күй жанры өзінің қайталанбас әуенімен әлемге белгілі болды. Өнердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, адамзаттың даму тарихында қилы кезеңдерді бастап өткергеніне куә боламыз. Технологиялар қарқынды дамыған қазіргі заманда, өнердің түрлері де өзіндік сипатын өзгертті. Дегенмен ертедегі өнер түрлері ұмтылмақ емес. Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтап, келешек ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу- біздің міндетіміз. ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 1. Мәтіндегі музыка жанрына қатысты терминдік атаулардың түсініктемесін іздеп тауып, «Қос жазба» күнделігінде толтыр.
2.Қарамен жазылған фразеологизмдерді синонимімен ауыстыра отырып, мәтін мазмұнын өз сөзіңмен жаз. Бір-біріңнің жұмысыңды тексеріңдер. |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді бір оқушының мәнерлеп оқуында тыңдайды. Дауыс ырғағы мен кідірістің дұрыс жасалғанына көңіл аударады.
Мәтіндегі музыка жанрына қатысты терминдік атаулардың түсініктемесін іздеп тауып, «Қос жазба» күнделігінде толтырады.
Қарамен жазылған фразеологизмдерді синонимімен ауыстыра отырып, мәтін мазмұнын өз сөзімен жазады. Бір-біріңнің жұмысыңды тексереді |
Дескриптор -мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды; -қарамен жазылған фразеологизмдерді синонимімен ауыстыра отырып, мәтін мазмұнын өз сөзімен жазады. Бір-бірінің жұмысың тексереді
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады.
|
|
|
||||
|
Үйге тапсырма: «Мен ұнататын музыкалық жанр» ойтолғау жазу.
|
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
Дулатова А.Н. |
|
Күні: |
08.12 |
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қобыз туралы аңыз |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: «Мен ұнататын музыкалық жанр» ойтолғау жазу. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар |
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ Суреттерге қарап, музыкалық аспаптардың кластерін құра. 1.Мәтінді түсініп оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңдар. Күндердің күнінде бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие аян беріпті.Әулие: Уа, Қорқыт сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атаның жілігіндей, шанағы қара бақырдай, көні аруананың терісіне, тиегі ортекенің мүйізінен, ішегі бес айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңды қобыз болсын. Сол қобыз қиялыңа қанат, жолыңа шырақ, жаныңа араша болар!». Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянып, көкірегі күйге толып, көмейінен сөз саулағандай халде екен. Сол бетінде қобыз жасауға кірісіп, әулиенің қойған барлық шарттарын орындайды. Сонан соң қобызды қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе қобыз сарнап қоя беріпті. Ұшқан құс, жүрген аң, ескен самал бәрі тоқтай қалып қобыз үнін тыңдайды. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН Қорқыт туралы не білесің? Сыныптасыңа айтып бер. 1.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді тауып, етістіктің қай шағында тұрғанын анықтаңдар.Қою қаріппен жазылған сөзі бар сөйлемдерді теріп алыңдар. Қою қаріппен жазылған сөздерді синонимдерімен ауыстырып, дәптерге жазыңдар.Етістіктің қай шақта екенін анықтаңдар. |
Суреттерге қарап, музыкалық аспаптардың кластерін құрайды.
Мәтінді түсініп оқып, проблемалық сұрақтар құрастырады.
Қорқыт туралы не білесің? Сыныптасыңа айтып береді.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді тауып, етістіктің қай шағында тұрғанын анықтайды |
Дескриптор -мәтінді түсініп оқиды; Проблема лық сұрақ құрасты рып жазады мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздерді табады; - етістіктің қай шақта екенін анықтайды. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж |
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады. |
|
|
Үйге тапсырма: 8-тапсырма, 84-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
Дулатова А.Н. |
|
Күні: |
12.12 |
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың музыкалық аспаптары |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау; 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу; |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: 8-тапсырма. Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаз туралы шағын мәтін құра. Мәтінде фразеологизмдерді пайдалан. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар |
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер? 2. Музыкалық аспаптардың суретін сал. Мәтінді тыңдап, автор көзқарасы мен мәтінде көтерілген мәселені анықтаңдар Қазақтың музыкалық аспаптары да әлемдегі кең таралған аспаптар сияқты үрмелі, ішекті, соқпалы болып бөлінеді. Олардың басты түрлері мыналар: 1.Шертер-екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған. 2. Қылқобыз- ысқышпен ойнайтын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Мұндай қобыздарда көбінесе бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейту үшін әдейі темір теңгешелер тағатын болған. Қобыз үш, төрт ішекті болып келеді. 3. Домбыра- қазақ халқының арасына кең тараған қос ішекті, шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелддеуіне арналған, күй тартуға арналған түрлері болады. 4. Сыбызғы- үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады. Ол бақташылар арасында кеңінен тараған. 5. Даңғыра-ұрып ойнайтын музыкалық аспап. Даңғараның ағаш шеңберінің бір беті ғана темірмен қапталады. Оны көбінесе бақсылар пайдаланған. 6.Асатаяқ- ұрып ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірілген күйі. Кейде асатаяққа алты қоңырау да тағады. Асатаяқтың шанағының ішіне темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер іледі. Ертеде асатаяқты бақсылар өз ойындарын сүйемелдеуші құрал ретінде пайдаланған. 7. Қамыс сырнай-қамыстан жасалған, үрлеп ойнайтын аспап. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығарады. 8. Саз сырнай- алты тесікті, үрлеп ойнайтын аспап. Сазбалшықтан күйдіріліп жасалады. Бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен өрнектеледі. ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН 1.Қазақтың музыкалық аспаптарын әлемдік аспаптармен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын айт. 2.Қазақтың ұлттық музыка аспаптары мұражайын жарнамалайтын мәтін құрастыр, суретте. 3.Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б аспап атауларын таныстыру мақсатында мақала жазыңыздар. (Қазақтың халық музыка аспаптар мұражайына саяхатты алуға болады). Сөз саны 150-200 сөз. |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді тыңдап, автор көзқарасы мен мәтінде көтерілген мәселені анықтайды. Қазақтың музыкалық аспаптарын әлемдік аспаптармен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылы ғын айтады. Қазақтың ұлттық музыка аспаптары мұражайын жарнамалай тын мәтін құрастыр, суреттейді. Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б аспап атауларын таныстыру мақсатында мақала жазады. |
Дескриптор мәтінді мұқият тыңдайды; - автор көзқарасын анықтайды; - көтерілген мәселені анықтайды. -мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды; - көркемдегіш құралдарды қолданады; - мақаланы тақырыпқа сай жазады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017 |
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады. |
|
|
Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 85-бет. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Домбыра – халық мұрасы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: 5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалуы және олардың қызметі» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырыңдар. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Домбыраның қандай түрлері бар? 2.Домбыра тарта аласың ба? М.Әуелбекованың орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әні тыңдауға ұсынылады. 1.Мәтінді оқып, ақпарат көздерін анықтаңыз. Қажетті 5-6 деректі іріктеңіз. Домбыра-қазақтың халық аспабы. Домбыра-қазақ халқының әрбір үйінің төрінде тұратын аспап. Домбыраның екі түрі бар: батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігіне байланысты. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындайтын батыстық домбыраның мойны жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа мойынды домбырамен орындалған шерпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен ішектерді шерту арқылы орындалады. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра ойналатын жанрлардың ең бастысы-күй. Күй-қазақ халқының сан ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұрасы. Ол орындалатын аспап түрлеріне қарай домбыра күйі, қобыз күйі және сыбызғы күйі болып бөлінеді. Күй-мазмұны мен құрылысына қарай әр алуан болып келетін музыкалық жанр. Домбырашылық өнердің негізі-күйшілік. Оның өзі құрылымдық желісі мен орындау мәнеріне қарай төкпе және шертпе күйшілік дәстүрге бөлінеді. Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұрасы-халық күйлерін қазіргі заманғы нота жүйесіне дейін жеткізген күйші-сазгерлер болғаны анық. 2.Ғаламтор желісінен домбыра туралы ақпараттар тауып, авторына сілтеме жасай отырып, іріктелген ақпараттарды өз ойыңызбен байланыстырыңыз. 1.Мәтіннен етістіктің шақ, рай тауып жазыңдар.
2.Мәтінді талда. Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле. Өз ойларыңды қорытындылап жаз.
4.«Кім білгір?» ойыны. Төрт топқа бөлініп, қазақ халқының домбыра күйі, қобыз күйі және сыбызғы күйі туралы білім жарысын ұйымдастыр. Қай топ көбірек айтса, сол топ жеңеді. Қосымша ақпарат. Аңыздарға сүйенсек.Домбыраның шығу тарихы туралы аңыз бойынша ерте заманда Алтай өлкесінде ағалы-інілі екі дәу өмір сүріпті. Кіші інісінде домбыра болыпты, ол домбырада ойнағанды өте жақсы көріпті. Домбырада ойнаса, айналасындағы бәрін ұмытады екен. Ал, үлкен ағасы менменшіл және атаққұмар болыпты. Бір күні ол атының шыққанын қалап, суық және асау өзен бойынан көпір салудыойлайды. Тас жинап, көпірді сала бастайды. Ал, кіші інісі домбырада ойнай береді. Солай,күндерден күн өте береді. Кіші інісі ағасына көмектеспей, сүйікті аспабында ойнай береді.Үлкен ағасы ашуға мініп, домбыраны інісінен жұлып алып, тасқа бір ұрады. Тамаша аспап сынып, әуеннің үні өшеді, бірақ таста оның ізі қалады. Көпжылдар өтті. Адамдар таста қалған домбыраның ізін тауып алып, сол бойынша жаңа домбыралар жасай бастады, сөйтіп, көп уақыттан бергі өшіп қалған домбыраның үні жаңғырды.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқып, ақпарат көздерін анықтайды. Қажетті 5-6 деректі іріктейді
Ғаламтор желісінен домбыра туралы ақпараттар тауып, авторына сілтеме жасай отырып, іріктелген ақпараттарды өз ойыңызбен байланыстырады.
Мәтіннен шақ, рай түрлерін табады.
Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле. Өз ойларыңды қорытынды лап жазады.
|
Дескриптор -ақпарат көзін анықтайды; -қажетті 5-6 деректі іріктейді. -деректерді қолданады; -мәліметтердің авторына сілтеме жасайды; өз ойымен байланыс тырады. етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады. |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017 |
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша бер. 1.Бүгін не үйрендің? 2.Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 3.Пікірталасқа қойылатын талаптарды орындай алдың ба? 4.Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек? |
«Шығу парағын» толтырады. |
|
|
||||||||||||
|
Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 87-бет |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Күй – музыканың ерекше жанры |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау 7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: Музыка аспаптарының атауын түрлеріне қарай топтап жаз. Осындағы бір аспап жайлы шағын мәтін жаз. Бұғышақ, қамыссырнай, домбыра, керней, дабыл, асатаяқ, қоссырнай, жетіген, мүйізсырнай, шертер, қылқобыз, сазсырнай, сыбызғы, даңғыра, қоңырау, шаңқобыз, тастауық, ұран, дауылпаз, дулыға, үскірік, кепшік, шың, ысқырауық, шыңдауыл.
Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
1.Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер? 2. Атақты қандай күйшілерді білесіңдер?
Аңыздарды екі оқушының мәнерлеп оқуында тыңда. Дауыс ырғағы мен оқу мәнерінен қандай сезімді жеткізіп тұрғанын ажырат. 1 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы болса керек. Халық басына күн туып, елінен, жерінен айырылған, ауыл дүрбелеңге түскен сол бір шақта орта дәулетті біреудің ақ інгені блған екен. Ботасы оққа ұшады да, иесі ақ інгенге жүгін артып, күнді күнге, түнді түнге ұрып босып, ауа көшкен елмен бірге кетеді. Бір жерге жетіп, көліктердің белін суытып, адамдарды демалдырады. Кешке таман ақ інген өзге түйелердің ішінде жоқ болып шығады. Іздеп таппадық. Ақ інген сол кеткеннен мол кетіп, ботасының жемтігі қалған жаққа қарай бет алған жолда азықсыраған қалмақтардың қолына түседі. Ашыққан жау шибөріше қаптап, тарпа бас алып жығып, төрт аяғын байлап, бауыздауға ыңғайланған сәтте, інген өте бір аянышты дауыспен ыңырси боздап, екі көзінен жас сорғалап, бейне адаша жылаған екен. Сол кезде өздері аға тұтар біреуі: «Астыларыңдағы аттарыңды сойсаңдар да, ол інгенге тиіспеңдер»,-дейді. Жау қолынан босанған боз інген алдымен оң жағына қарап, бір боздап, алған бағытына қарай желе жөнеледі. Ботасының жемтігін тапқан соң, бір тал шөп жұлмай жатып, сол жерде өлген екен. Осыны бейнеленген кү «...» деп аталыпты. 2 Бір байдың екі баласы аң аулап жүргенде біреуін аю жеп қойыпты. Ағасы інісінің өлгенін көріп, қайғырып, інісін жеген аюды атып алмақ болып аңдиды. Бір кезде аю билей басып, анда-санда тұра қап, жорғалап келе жатады. Балақ жүндері сусылдап, қозғалған сайын үстінен жалтылдап от ұшқындайды. Аңдып отырған жігіт аюды атып, терісін сойып алып, үйіне келеді. Әкесіне іні өлімін естірте алмайды. Әкесі: -Кәне, балам, қандай аң аттың?-деп сұрайды. Үлкен ұлы керемет домбырашы екен. Аюдың терісін әкеліп, әкесінің алдына тастайды а, күй шертеді. Күйді тыңдап отырған бір ақсақал ауыр күрісінп, байға баласының өлімін естіртіп, көңіл айтады. Сондағы жігіттің шерткен күйі осы «...» екен. ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН
1.Етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, аңыздардың мазмұнын әңгімелеңдер.
2.Көп нүктенің орнындағы күйлердің атауын тауып айт. Ойларыңды мәтіндегі нақты дерекпен дәлелде.
3.Аңыз желісі бойынша жоспар құрып, оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын баянда. |
Сұрақтарға жауап береді.
Аңыздарды екі оқушының мәнерлеп оқуында тыңдайды. Дауыс ырғағы мен оқу мәнерінен қандай сезімді жеткізіп тұрғанын ажыратады.
Етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, аңыздардың мазмұнын әңгімелейді.
Көп нүктенің орнындағы күйлердің атауын тауып айтады. Ойларыңды мәтіндегі нақты дерекпен дәлелдейді.
Аңыз желісі бойынша жоспар құрып, оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын баяндайды. |
Дескриптор аңыздарды екі оқушының мәнерлеп оқуында тыңдайды. -дауыс ырғағы мен оқу мәнерінен қандай сезімді жеткізіп тұрғанын ажыратадыетістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, аңыздардың мазмұнын әңгімелейді.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017 |
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады. |
|
|
||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Күй туралы аңыздар оқып келу. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
Дулатова А.Н. |
|
Күні: |
19.12 |
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Күй құдіреті |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: Күй туралы аңыздар оқу. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар |
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1. Қандай күйлерді білесіңдер? 2. Күй туралы аңыздарды білесіңдер? Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын анықта. Идеясы не? «Телқоңыр» күйі Дәулеті шалқыған, елге беделді артқан бір ұлықтың төскейді қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген қоңыр аты болыпты. Ұлық: «Қоңыр аттың жүрісін күйге түсірген домбырашы болса, атан жетектетіп, ат мінгізіп, киіт кигізем»,-деп бүкіл елге жария етеді. Көршілес рудың ұлығы қоңыр жүйрікті ұрлап алмақ болып, бір қу жігіттің қасына домбырашы қосып аттандырады. Домбырашы төгілте күй шертеді. Манадан тәтті күйден таусылмастай нәр алған ауыл адамдары оралса, кермедегі қоңыр жүйрік жоқ. «Қайтіп айырылдыңдар?» деген сұрауға адамдар болған оқиғаны айтып, жауап береді. -Домбырашы қандай күй шертті?-деп сұрайды ұлық. -Домбырашы мынадай күй шертті,-деп күйді ұғып қалған біреуі шерте жөнеледі. Алып қашқан ат жүрісін, аттың сұлу шабысын елестеткен күй тыңдаушыларды баурап алады. Ұлық күйініп аз отырады да, сенімді деген екі жігітін шақырып алып: -Атқа қоныңдар да, сол төреге барыңдар. Ат басындай жамбы-төреге сәлемдемем. Қоңыр жүйрікті сұрамаңдар, берсе алмаңдар,-депті. Төре екі жігітті құрметті қонақ қылып, сәлемдемесін қуана алады. Екі жігіт аттанарда төре бұйымтайларын сұраса, «Ұлығымыз сәлем деді» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. -Ұлықтарыңа сәлем де! Айыбымды кешкен екен, мен де аяғына жығылдым. Егіздей көрінетін екі қоңырдың екеуі екеуімізде тұрмай, біріне-бірі сән беріп сонда тұрсын!-деп қос қоңырды жетектетеді. Бір-бірінен аумайтын қос қоңырдың пішініне, сымбатына, жүйріктігіне құмартқан күйшілер «Телқоңыр» күйін шығарады. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН Ғаламтор желісінен «Күй туралы аңыздарды» оқып, мазмұнын әңгімелеп беріңдер. Авторына сілтеме жасаңдар. Диалогті монологке айналдырып жаз. Мәтіндегі көркем тілді сақта. Тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі ақпаратты, синоним сөздермен ауыстырып отырып, «Күй құдіреті» жинақы мәтін жазыңдар. Бір-біріңді тексеріңдер. |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын анықтайды. Идеясы не?
Ғаламтор желісінен «Күй туралы аңыздарды» оқып, мазмұнын әңгімелеп береді. Авторына сілтеме жасаңдар.
Диалогті монологке айналдырып жаз. Мәтіндегі көркем тілді сақтайды..
Тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі ақпаратты, синоним сөздермен ауыстырып отырып, «Күй құдіреті» жинақы мәтін жазады. Бір-бірің тексереді. |
Дескриптор ғаламтор желісінен «Күй туралы аңыздарды» оқып, мазмұнын әңгімелеп береді. Авторына сілтеме жасайды. тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі ақпаратты, синоним сөздермен ауыстырып отырып, «Күй құдіреті» жинақы мәтін жазады. Бір-бірің тексереді |
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017 |
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады. |
|
|
Үйге тапсырма: 9-тапсырма, 91-бет |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Музыка-әлемдегі ең жоғарғы өнер |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау; 7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: 9-тапсырма. Қазақтың күй аңыздарды жайында өздерің қалаған адамнан диктофонмен сұхбат ал. Оны сыныптасыңа әкеліп тыңдат. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. . |
2 балл |
Музыка лық аспаптар |
Сабақтың ортасы 35 мин |
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ 1.Музыканың адам баласына әсері туралы ойланып көрдің бе?? 2. Өзің қай кезде музыка тыңдағанды жақсы көресің? Мәтінді тыңдап, мазмұнындағы негізгі деректерді жалпы мәліметтен айырып, талда. Өмірімізде әуендердің алатын орны өте зор. Адамдар оны күнделікті өмірдің барлық жерлерінде: дүкенде, көлікте және жұмыста тағы басқа жерлерді кезіктіріп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігі де музыка мен басталады. Лев Толстой. «Музыка- әлемдегі ең жоғарғы өнер»,-дейді. Музыка-адам балсының ойлап тапқан ең керемет жаңалықтарының бірі. Зерттеушілердің айтуынша, музыка жұмыс өнімділігін арттырады. Жақсы әуен адамның өнімді жұмыс істеуіне және шығармашылықпен айналысуына көмектеседі. Британдық зерттеушілер хирургтердің 90 пайзы ота жасау кезінде музыканы тыңдайтындығын айтты. Канаданың Bиндзор университетеінің зерттеушілері ірі өндіріс орындарында музыка тыңдаудан жұмысшылардың жұмыс істеу өнімділігі артқанын, жұмыстан кейін шаршау сезімі төмен болғандығын айтады. Музыка адамға ләззат сыйлайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, өзімізге ұнайтын музыка тыңдаған кезде ағзамыз бақыт гармонын бөледі екен. Әл-Фарабидің «Музыка ұлы кітабындағы» ойлары музыканың адам үшін энергия мен бақыттың көзі екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің өзі музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды. Ол аспаптардың жаңа түрлерін жасап, жетілдірді. Әл-Фараби көне аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап, соны қайта жаңғыртумен байланыстырды. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлердегі желдің уілдеп соғуы, қамыстың сылдыры т.б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскірік соғуына байланысты туған. Айтуынша, үрлеп тартылатын аспаптардың ащы дауысын, ұрып ойналатын аспаптардың күшті дауысын ұрыстарда, аңға шыққанда және шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген. Мұнымен қоса, ол музыканың үш түрі бар екені туралы жазған: біріншісі, жай ғана рақат сезімін туғызатын, екіншісі, құмарлықты, ынтықтықты білдіретін, үшіншісі, біздің қиялымызға бағытталатын музыка. ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН Тыңдалған мәтін мазмұнындағы әл-Фарабидің пікірлерін қалай түсінгеніңді айтып дәлелде. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны... деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім». «Музыканың адамға әсері» деген тақырыпта етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, мақала жазыңыз. Күй туралы бесжолды өлең құрастыру |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді тыңдап, мазмұнындағы негізгі деректерді жалпы мәліметтен айырып, талдайды. Автор көзқарасын талдайды.
Тыңдалған мәтін мазмұнындағы әл-Фарабидің пікірлерін қалай түсінгеніңді айтып дәлелдейді. «Музыканың адамға әсері» деген тақырыпта етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, мақала жазады. Күй туралы бесжолды өлең құрастырады. |
Дескриптор мәтінді тыңдап, мазмұнындағы негізгі деректерді жалпы мәліметтен айырып, талдайды. автор көзқарасын талдайды. «Музыка ның адамға әсері» деген тақырыпта етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып, мақала жазады.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017 |
Сабақтың соңы 5 мин |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтыр. Маған... қиын болды. Мен... тапсырмаларын орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, «Шығу парағын» толтырады. |
|
|
Үйге тапсырма: Күй желісі бойынша сурет салу. |
|
|
|
Бөлім: |
5.Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Нәтиже сабақ |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақты пысықтау: Күй желісі бойынша сурет салу. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады. |
Үй тапсырмасын айтады. |
2 балл |
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин |
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ 1.Бала дүниеге келгенде қандай әндер айтылады? 2. Бала өсе келе қандай әндерге ұласады? Мәтінді оқып, жоспар құр. Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары Халқымыздың бала дүниеге келгеннен бастап, өмірінің әрбір маңызды кезеңін әнмен әрлеп, күймен көмкеріп, көңіл көтеру, қуанышты оқиғаны ерекше мәнді ету салтқа айналған. Шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, келін түсіру, қыз айттыру, Ұлыстың ұлы күні, Ораза айт, Құрбан айт секілді мейрамдардың барлығы да музыкасыз өтпеген. Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жыры, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек», «Бақа, бақа, бақ-бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері-дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баласын әуен арқылы сөз мәнін пайымдауға баулиды. Осы арқылы бала ана тілінің дыбысталуы мен халық әуендерінің алғашқы әуезділігімен таныса бастайды. Осыдан барып баланың жүрек тұбінде алдымен ата-анасына, әлгі әуендерді отырған туысқандарына сүйіспеншілік пайда болады. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты ойын өлеңдері- балалар есейе бастағанда ойын кезінде айтатын өлеңдер. Бұл ойындар балалар арасында туысқандық байланысты, достықты, өзара қамқорлық, істі орындауға ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу секілді міндеттерді атқарған. Өйткені балалар ойын кезінде өлеңнің әуенін барлығы бірге үндесіп айтады. Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН 2.Мәтінді талда. Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле. Өз ойларыңды қорытындылап жаз.
Мәтінде айтылған музыкалық элементтердің алғашқыларын етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып жаз.
«Қазақтың әдет-ғұрып әндері қалай дамыды?» деген тақырып бойынша тірек сызбаны толтыр. Топқа бөлініп, бір-бір тақырып төңірегінде жоба жасап, қандай әуендер ойнатылатынын көрсетіңдер.
Ұлылардың музыка туралы айтқан пікірлеріне сілтеме жасап, эссе жаз. Эсседе фразеологизмдерді, мақал-мәтелдер, эмоционалды сөздерді пайдалан. Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі (А. Жұбанов) Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс (Л. Бетвовен). Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді. (Р. Роллан). Музыканы халық тудырады, ал біз, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейміз (М.И. Глинка). Музыка... әрбір адамға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, ол адамның сезімі мен ойын байытады (Д.Д. Шостакович). |
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқып, жоспар құрады.
Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
Мәтінді талдайды. Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгілейді. Өз ойларың қорытынды лап жазады.
Мәтінде айтылған музыкалық элементтердің алғашқыларын етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып жазады.
«Қазақтың әдет-ғұрып әндері қалай дамыды?» деген тақырып бойынша тірек сызбаны толтыр. Топқа бөлініп, бір-бір тақырып төңірегінде жоба жасап, қандай әуендер ойнатылаты нын көрсетеді..
Ұлылардың музыка туралы айтқан пікірлеріне сілтеме жасап, эссе жаз. Эсседе фразеологизм дерді, мақал-мәтелдер, эмоционалды сөздерді пайдаланады.
|
Дескриптор - мәтінді оқып, жоспар құрады. -мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады мәтінде айтылған музыкалық элементтер дің алғашқы ларын етістіктің шақ, рай түрлерін қолдана отырып жазады.
|
ОҚУЛЫҚ Г.Қосы мова., Рахметова.–Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017ж
|
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«Шығу парағын» пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап бер. «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша не үйрендің? Тапсырманы өзіңе ұнарлық деңгейде орындай алдың ба? Өз жұмысыңа, сыныптастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма? ( Өзіңнің және сыныптастарыңның білімін бағала). Осы бөлім бойынша тағы не білгің келеді? Осы бөлім бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың? |
«Шығу парағын» пайдаланып сұраққа жауап береді.
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: 5-бөлімді қайталау |
|
|
|