400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып. үйірме «Торсық» - түрлі-түсті қағаздан жасалған аппликация.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып. үйірме «Торсық» - түрлі-түсті қағаздан жасалған аппликация.docx
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек

Мектеп: № 201 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Гүлдана

Сынып: 7 сабақ 4-5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Пластикалық бөтелкеден бұйымдар жасауды үйрену (қобдиша, сауыт, т.б.)

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйрену (оның ішінде АКТ қолданып);

  • Қалдық заттарды тиімді пайдалануға қалыптастыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға,

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуғакөңіл бөлу қажет

(Ұ) Оқушылардан қоршаған ортадағы көркемдік жазбамен безендірілген бұйымдардың атауын сұрайды. Оларға сабақ тақырыбын анықтайтын сұрақтар қою

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





(Т) Оқушылар сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі көркемдік жазба және оның түрлерімен танысады.

Проектордың көмегімен торсықтың суреттерін көрсету.

Торсық –орталық азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе қырғыз, қазақ, түркімен, халықтары пайдаланған.Торсық түйенің, бұғының , өгіздің мойын терісінен жасалады. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойыны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Ауызына ағаштан тығын тығады. Ол жоғалып қалмас үшін қайыстан бау тігіп, бір ұшын торсықтың мойынына бекітіп қояды.Ол әдемі сәнді көріну үшін ою өрнектермен әшекейлейді. Ою өрнек өте ежелгі өнер, тарихи ғылыми деректерге сүйенсек қазақ халқының ою өрнектері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою өрнектің атауы мен түрі өте көп соның ішіндегі «Қошқар мүйіз, Бота көз,Тарақ, Құс қанатты, Гүл» сияқты оюлары берілген. «Қошқар мүйіз» оюы – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі. Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы:«қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді.

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

Тарақ – Осындай геометриялық үлгідегі өрнекпен әшекейленген басқұрлар, алашалар айқында ырғақты нақыш-мәнерімен ерекшеленеді сары, қоңыр, қызылі көк, қара түстергше боялады. Құс қанатты оюы – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.

Сарамандық жұмыс

Жұмысқа дайындық: Балалар, қазір қолымыздағы бар табиғи материал – жапырақтың көмегімен «Менің мектебім» аппликациясын жасаймыз. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесіне назар аударуымыз керек. Оқушылардан сұрау:

Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?

Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:

1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.

2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.

3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.

4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.

5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.

6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Дифференциациялау – егер сыныпта практикалық дағдылары төменірек дамыған оқушылар болса, онда оларға қарапайым оңай жұмыстар тапсырылады. Ал тәжірибелік дағдылары жоғары дамыған оқушыларға күрделілеу жұмыстары тапсырылады. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін оларға сұрақтар қойылады.

1. Сенің туыңдың қалай аталады?

2. Аппликацияңды жасау үшін қандай материалдарды пайдаландың?

3. Саған аппликация жасау қиын болды ма?

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі






Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйренеді.

https://schools.kundelik.kz/lesson.aspx?school=1000001363542&lesson=2011848903106620108


Аяқталуы





Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.08.2024
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі