400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-кезең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олимпиада тапсырмалар


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 


7-СЫНЫП

 I Көркем мәтінмен жұмыс. 

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
... Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты,
Төрт түлігі сай бопты.
Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық, ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы.
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
Тоғай сайын мың жылқы.
Есебі жоқ көп жылқы —
Жиделі Байсын даласы.
Өз алдына бір бөлек
Торысы мен қарасы.
Аңдай болып көрінген
Бозы менен аласы.
Соншама бай болса да,
Жоқ еді ердің баласы.

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Жырды жалғастырып, соңына дейін оқыңдар. 

2. Алпамысқа мінездеме беріңдер. 

3. Жырдың мазмұнына жоспар құрыңдар. 

4. «Ердің ісі елі үшін» деген тақырыпта эссе жазыңдар. 90-100 сөз.


II Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңдар.

Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасыр басындағы ұлт руханиятындағы жаңғыру кезеңінің ірі тұлғасы. Ұлттың еркін  дамуы мен өркендеуіне саяси өзгерістер, ғылым мен білім, оқу- ағарту саласы, қоғамдық-әлеуметтік қызмет, баспа ісі керек екені анық. Қоғам қайраткері, ақын, Алаш көсемдерінің бірі А. Байтұрсынұлы ұлттың өркендеуіне қажет тұтас кешенді қызметтердің негізгі идеяларын жүйелеп қана қоймай, бар ғұмырын теңсіздік, еркіндік жолындағы күреске арнады. «Ел - бүгіншіл, менікі ертең үшін», - деген А. Байтұрсынұлының күрескерлік идеясы бір күндік, бір мезгілдік емес, тұтас ұлттың бар ғұмырын толық қамтитындай. Ахмет Байтұрсынұлының жұрт бостандығы жолындағы күрескер бейнесі өзгеге ұқсамас бөлек бітімімен ерекше. Ақынның ұлт бостандығы үшін күрескер азаматының бейнесі терең ақылымен, биік тұлғасымен, өзгеге үлгі болар парасатымен артық. Рухани бостандық пен азаттық үшін ұлттың өз әліпбиі,  дамыған ғылымы, тәуелсіз еркін ойын айғақтайтын баспасы мен әдебиеті, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ана тіліндегі мектебі болуы керек деген қағиданы ұстанған А. Байтұрсынұлы осы салаларда еңбек етті.

  Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне ыңғайлай отырып, жаңаша қазақ жазуының әліппесін жасайды. 1912 жылы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы  24  әріптен тұратын жаңа әліпбиді «қазақ жазуы» деп атады. Орыстың фонолог ғалымы Н.Ф. Яковлев «Әліпби құрылымындағы математикалық жүйе» деп аталатын зерттеуінде А. Байтұрсынұлы әліпбиінің дыбыстарды жүйелеу, үндестік заңын сақтауда аса тиімді қалыпты жасағандығын айтады. Қазақ тіліне арнаған зерттеулері «Тіл – құрал» деп аталды. Қазақ әдебиетінің теориясын негіздеген «Әдебиет танытқыш» еңбегі 1926 жылы Ташкентте басылыпты. Ғалым ұсталып кеткен соң кітап аса тарай қоймайды. Дегенмен қазақ әдебиеттануының негізі, басты категориялары мен терминдері осы «Әдебиет танытқыштан» бастау алады. А. Байтұрсынов – қазақ тарихындағы тұңғыш тіл ғалымы, тұңғыш әдебиет зерттеушісі, тұңғыш ұлт мүддесін көтерген кәсіби газетті ұйымдастырушы және сол газеттің халық мақсат-мұраттарына жұмыс істеуіне, жұрт тілегіне бар ғұмырын арнаған адам. 

1. Үшінші азат жолдың тірек сөздерін жазыңдар. 

2. Мәтін мазмұнынына сай ретімен орналастырыңдар.  

A. Әдебиет теориясының негізін жасады.  

B. Қазақ әліпбиін құрастырды.

C. Күрескерлік, ағартушылық бағытты ұстанды.  

D. Рухани бостандық пен азаттық үшін қажеттіліктер.                         E. А. Байтұрсынов – қазақтың тұңғыш ғалымы.


3. Берілген сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар. 

  1. Қазақ әдебиетінің теориясын негіздеген «Әдебиет танытқыш» еңбегі 1926 жылы Ташкентте басылыпты. 2. Ғалым ұсталып кеткен соң кітап аса тарай қоймайды. 3. Дегенмен қазақ әдебиеттануының негізгі, басты категориялары мен терминдері осы «Әдебиет танытқыштан» бастау алады.


III Талдау жұмыстары

1. Рухани бостандық пен азаттық үшін ұлттың өз әліпбиі,  дамыған ғылымы, тәуелсіз еркін ойын айғақтайтын баспасы мен әдебиеті, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ана тіліндегі мектебі болуы керек деген қағиданы ұстанған       А. Байтұрсынұлы осы салаларда еңбек етті. 

 Сөйлемге  синтаксистік  талдау жасаңдар.

2. Қазақ тіліне арнаған зерттеулері «Тіл – құрал» деп аталды. Сөйлемдегі сөздердің құрамына (морфологиялық) талдау жасаңдар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі