7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең

Тақырып бойынша 30 материал табылды

7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

2 КЕЗЕҢ

7-СЫНЫП

Н. Қ. ханымға 

Рақатсыз өтсе де өмір жасым, 

Бұл жөнімнен Құдайым айырмасын. 

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң, 

Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым! 

Су да болар ол жолда, тау да болар, 

Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар. 

Мынау пайда, мынасы зиян демек, 

Ол ерліктің ісі емес, сауда болар. 

Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар, 

Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар. 

Қайраттанып, қажымай тырмыссаң да, 

Шыққызбайтын жолыңды өрлер де бар. 

Шаршайды деп ойлама шалдыққаннан, 

Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан. 

Жұрт, қолымнан келмесе, өкпелемес, 

Барын сақтап, мен аяп, алып қалман. 

...Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. 

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, 

Ел бүгіншіл, – менікі ертеңгі үшін (А. Байтұрсынұлы) 

!? 1. Ақын өлеңдеріндегі күрескерлік идеяның ерекшелігін жазыңдар. Ақынныңөз өмірімен,күрескерлік жолымен байланыстырыңдар. 

2. Өлеңдегі лирикалық кейіпкерге мінездеме беріңдер. 

3. Өлең кімге арналған. Н. Қ ханым кім? Қазақ тарихындағы орны қандай? 4. «Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, – менікі ертеңгі үшін» жолдарынқалайтүсінесіңдер ? Өз ойларыңды 6-7 сөйлеммен жазыңдар. 

5. Өлеңге талдау жасаңдар. 

1) өлеңнің тақырыбы; 

2) идеясы; 

3) қоғаммен байланысы, жазылған кездегі, қазіргі; 

4) лирикалық кейіпкер ерекшеліктері; 

5) ақын тілінің көркемдік құралдар қолданысы. 

2. а) Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар, 

Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар. Жолдарына лексикалық талдау жасаңдар. ә) Шалдығатын, шалдыққанға, мұқалмас, шыққызбайтын, ұзақсынып, шалдыққаннан, барынсөздеріне морфологиялық талдау жасаңдар.

3. «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген тақырыпқа әдеби –талдау эссе жазыңдар70-80сөз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2023
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі