Материалдар / §7.Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §8.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі.

§7.Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §8.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.3.2.1 - пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру. 9.3.2.2 - пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
19
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сынып №7

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §7.Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §8.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §7.Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. §8.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.2.1 - пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.

9.3.2.2 - пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін және пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісі.


Заттар айналымы, атомдардың биогендік миграциясы, биогеохимиялық цикл, биотикалық айналым, қандай да бір элементті бекіту (фиксация)

Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Оқушылардың назарын аудару

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Табиғи ландшафт, рекльтивация, қазбаларды өндіру, радиоактивті элементтер, өндірістік немесе технологиялық қалдықтар.


«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады, ой қозғау жүзеге асырылады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың мақсатын таныстыру

9.3.2.1 - пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

9.3.2.2 - пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/FQg8OOhq6p0


https://www.youtube.com/watch?v=UN0vl2QdHBE

Оқушыларға бағыт бағдар беру

Топтық жұмыс.

«Тірек-сызба» технологиясы: ең бірінші берілген тақырыппен оқып танысып алады, оқып болған соң топпен тапсырманы орындайды.



1-тапсырма.

Тақырыбы: «Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері»

Сұрақтары:

А) Пайдалы қазбаларды алудың жағымсыз салдары мен оның жақын аумақтағы адамдардың тіршілік сапасына әсері арасындағы байланысты анықтау.

Б)Пайдалы қазбаларды өңдеудің жағымсыз өнімдерінің қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін сипаттау.

Оқушылар ең бірінші берілген тақырыппен оқып танысып алады, оқып болған соң топпен тапсырманы орындап болған соң, сыныпта бәрі бірдей тақырыпты талқылайды.


1 тапсырма дескрипторы:

- Пайдалы қазбаларды алудың жағымсыз салдары мен оның жақын аумақтағы адамдардың тіршілік сапасына әсері арасындағы байланысты анықтайды – 2 балл;

- Пайдалы қазбаларды өңдеудің жағымсыз өнімдерінің қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін сипаттайды – 2 балл;


Интерактивті панель, презентация



Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Практикалық тапсырмалар беру.

2-тапсырма.

Тақырыбы: «Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі»

Сұрақтары:

А)Пестициттердің қасиеттері мен оларды қолдану арасындағы байланысты анықтау.

Б)Қандай да бір пестицид түрлерінің қолданылуы себебін атау.

Оқушылар ең бірінші берілген тақырыппен оқып танысып алады, оқып болған соң топпен тапсырманы орындап болған соң, сыныпта бәрі бірдей тақырыпты талқылайды.








2 тапсырма дескрипторы:

- Пестициттердің қасиеттері мен оларды қолдану арасындағы байланысты анықтайды – 2 балл;

- Қандай да бір пестицид түрлерінің қолданылуы себебін атайды – 2 балл;


Интерактивті панель, презентация



Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Бағалау

Білім алушыларға арналған жеке жұмыс.


1-тапсырма «Сөйлемді толықтыр»

2-Тапсырма. Төмендегі суретте пестицидтерді қолдану кезіндегі кезіндегі биоаккумуляция құбылысы берілген.

3-тапсырма. Пестицидтердің зиянын түсіндіріңіз.


Қажетті сөзді тауып, берілген сөйлемді толықтырады.

Пестицидтерді қолдану кезіндегі биоаккумуляция құбылысын түсіндіреді. Пестицидтердің зияны туралы тұсіндіреді.











Дескриптор :

қажетті сөзді тауып, берілген сөйлемді толықтырады- 2 балл;


Дескриптор:

-пестицидтерді қолдану кезіндегі биоаккумуляция құбылысын түсіндіреді – 2 балл;


Дескриптор:

- пестицидтердің зияны туралы тұсіндіреді – 2 балл;

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері




Сабақтың соңы




Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б


Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба: «Жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы және олардың салдары»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж






ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


(АП) Ақпарат парағы

3-БӨЛІМ. АДАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

§8.Пестицидтердің қоршаған ортаға ж/е адам денсаулығына әсер етуі

Пестицидтер – ауылшаруашылығы өсімдіктерін қорғау үшін қолданылатын, арнайы жасалған химиялық заттар

Пестицидтерді типі бойынша 3 топқа бөледі:

Инсектицидтер

Фунгицидтер

Гербицидтер

Гербицидтер Арамшөпті жоюға бағытталған

Инсектицидтер Буынаяқтыларды негізінен Бунақденелілер Кенелер Өрмекшілерді жоюға бағытталған

Фунгицидтер Саңырауқұлақтарды Өсімдіктердің паразиттерін жоюға арналған

Петициттерді қолмен шашады: Үлкен емес алқаптарға, жылыжайларға, бақшаға

Шаңын жеңіл моторлы ұшақпен шашады: Үлкен егіс алқаптарына

Пестициттерді суқойма суына қосу арқылы жояды: Безгек ауруын тасымалдаушы Безгек масасын

Пестицидтердің қасиеттері

1. Улылығы Летальдылығы 50%-дан жоғары тиімді, улы

2. Таңдап әсер ету Басқа түрлерді жоймай, тек белгілі бір «нысан ағзаларды» қатаң түрде жоюуы Бидайдың өсуіне кедергі келтіреді: Гүлкекіре Мақтаның өсуіне кедергі келтіреді: Бидайық, Қоян арпасы

3. Тұрақтылығы Бұзылмайды, қоршаған ортада жинақтала береді

Пессималдық факторлар:

Қоректің болмауы,

Бәсекелестік,

Микроэлементтердің не судың жетіспеушілігі

Жыртқыштар мен паразиттердің болуы

Пестицидтердің әсері:

Тура не Тікелей

Жанама не Тікелей емес

Пестицидтердің зиянкес ағзаларды жоюға арналған әсері: Тура не тікелей

Қарсы қолдану қарастырылмаған ағзалардың топтарына әсері: Жанама не Тікелей емес




(БП) Бағалау парағы

Жеке жұмыс

1-тапсырма «Сөйлемді толықтыр»

1.Кенелер мен өрмекшілерді жоюға арналған пестицид________________

2.Кейбір бактерияларды жоюға арналған пестицид _________________

3.Арамшөптерді жоюға арналған пестицид _______________________

4.Пестицидтердің бірінші қасиеті________________

5.Пестицидтердің екінші қасиеті_______________

6.Пестицидтердің үшінші қасиеті________________


2-Тапсырма. Төмендегі суретте пестицидтерді қолдану кезіндегі кезіндегі биоаккумуляция құбылысы берілген.











Суретті пайдаланып биоаккумуляция ұғымын түсіндіріңіз.


Пестицидтерді қолданудың үш кемшілігін сипаттаңыз.


3-тапсырма Жеке жұмыс

.


















Еуропаның егістік алқабына ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресу мақстында тонналап пестицидтер себілген. Одан мыңдаған км қашықтықтағы пингивиндердің май ұлпасынан ДДТ пестицидын қалай тапқан.?








Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!