Материалдар / 8,9 сандарын қосу және азайту. 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8,9 сандарын қосу және азайту. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8,9 сандарын қосу және азайту. 1 сынып 8,9 санын қосуды және азайтуды, біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесі, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты тапсырмалар берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
1605
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Пәні:

математика

Бөлім

2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту

Сабақтың тақырыбы:

8,9 сандарын қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

8,9 санын қосуды және азайтуды орындайды.

біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады.

қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады

Сабақтың барысы:

Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

10 минут

Ынталандыру.

Қол алысып, қане, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Мұғалім оқушыларды достасу туралы диалогке тартады.

Өзектендіру. «Доп лақтыру» әдісі.

Мұғалім допты бір оқушыға лақтырады.

Допты қағып алған оқушыға тапсырма ұсынады. Мұғалім допты келесі оқушыға лақтырады. Ойын осылай бірнеше рет жалғасады.

7 санын қосу кестесін сұрайды.

1 + 7 2 + 7 3 + 7

7 + 1 7 + 2 7 + 3

7 санын азайту кестесін сұрайды.

Мақсат қою.

Бүгін біз 8, 9 сандарын қосу және азайту кестесін үйренеміз.

Оқушылар өздерінің достарыммен қалай достасқаны туралы айтып береді.







Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


8,9 санын қосу және азайту кестесін айтады.



Сабақ мақсатын біледі

Ауызша мадақтау


10 минут

Жаңаны ашу. «Миға шабуыл» стратегиясы. Оқулықтағы

1-тапсырма орындау ұсынылады. 8 және 9 сандарын қалай қосуды және азайтуды есіңе түсір. Кестенің қалай құрылғанына назар аудар.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, 8 және 9 сандарын қосу, 8 және 9 сандарына қосудың кестелік жағдайларын қарастырамыз. Сонымен қатар, қосуға кері амал ретінде саннан 8 және 9 сандарын азайтудың кестелік жағдайларын қарастырамыз. Есептеуді орындайды.

Есіңде сақта.



Оқушылар сұрақтар құрастырады және жауап береді.





8 және 9 сандарын қалай қосуды және азайтуды есіңе түсіреді.

8 және 9 сандарын қосудың кестелік жағдайларын есіңде сақтайды.



Оқушылардың жұмысы «басбармақ» әдісі бойынша бағаланады.






15 минут

Жаңаны қолдану

Оқулықтағы 2-тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.

Қосу және азайтуға өзара байланысты мысал құрастырады және жазады.

Ол үшін қосу кестесін және 9, 10 сандарының құрамын пайдаланады.


Оқулықтағы 3 тапсырма оқушылар өз бетімен орындайды. Алдымен ауызша жұмыс жүргізіледі.

Бірінші қосылғыш 1

Екінші қосылғыш – ?

Қосындының мәні – 9


Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? (Қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз) 9-1=8

Бірінші қосылғыш 8

Екінші қосылғыш – 2

Қосындының мәні – ?


Қосындының мәнің қалай табамыз? (Бірінші қосылғышқа екінші қосылғышты қосамыз)

8+2=10

Азайғыш - 9

Азайтқыш - ?

Айырманың мәні -1

Азайтқышты қалай табамыз? (Азайғышқа айырманың мәнін қосамыз)

Сандардың құрамын айтады. Азайтуға мысалдар құрастырады.

2+8=10 1+8=9 1+9=10 8+2=10 8+1=9 9+1=10

10-2=8 9-1=8 10-1=9 10-8=2 9-8=1 10-9=1

Оқушылар қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні, азайғыш, азайтқыш айырманың мәні сөздерімен айтып, тапсырманы орындайды.

9-1=8 1+8=9

8+2=10 2+6=8


9-1=8 9-8=1

10-2=8 10-8=2

10-9=1

«басбармақ» арқылы

өзін-өзі бағалау


Оқулық


Баспа негіздегі

жұмыс дәптері

7 минут

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Оқулықтағы зерттеушілік тұрғыдағы

4-тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

3+2>□

Теңсіздік орындалуы үшін бос орынға қандай сандарды қоя аламыз?

Ол үшін қосындының мәнін табамыз (5). Бос орынға қойылатын сан 5-тен кем кез келген сан болады. Яғни 4, 3, 2, 1, 0.

Теңсіздік орындалуы үшін бос орынға қойылатын сандарды анықтайды.

3+2>4 8–6>3

9–3<2 2+4<1

Өзара бірін бірі бағалау

Оқулық,

Қима қағаздар

Рефлексия

3 минут

Сабақтан алған әсерін басбармақ арқылы көрсетеді





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!