8- сынып өзін- өзі тану пәні 33- сабақ "Қандай әсем әлем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8- сынып өзін- өзі тану пәні 33- сабақ "Қандай әсем әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін- өзі тану пәні мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 33

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Қандай әсем әлем

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Қоғам меншігін қамқорлау, толеранттылық (кеңпейілділік), қоршаған ортаны қорғау.

Мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігін сақтаудың маңызын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларғақоғам меншігін қамқорлаудың қажеттілігін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы толеранттылық (кеңпейілділік) қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://bilim-all.kz

2.http://bilimsite.kz

http://poiskm.co/show/

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.Мақсаты; шыдамсыз,импульсивті балаларды өзін –өзі устауға үйрету.

Педагогтың белгісі бойынша балалар допты шеңбер бойынша бір –біріне береді. «Тоқта»деген белгі берілген кезде тоқтатылады.Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтай алмаған балалар ойыннан шығарылады.


2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. Өзіңіз жасаған ігі істеріңіз туралы жазып келіңдер.

2. Жаңа сабақ. №33, «Тылсым дүние» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Айнашқа не нәрселер жұмбақ болды?

  2. Айнаш малдың өсу ерекшелігіне не себептен таң қалды?

  3. Айнаш неге мектепке аруды армандады?

  4. «Дүние», «тылсым» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  5. Өз өмірлеріңде құпия оқиғалар болды ма? Мысал келтіріңдер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

«Сұлулық дегеннің тамыры табиғат».

Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлы - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. 

Батыр  Бауыржан Момышұлы  – алмас  қылыштай  өткір де  қайсар, дана да данышпан, шешен  әрі  ақын, «сөз  қадірін  өз  қадірі, өз  қадірі  ел  қадірі»  деп бағалаған  айбынды  азамат..      

Сұрақтар:

  1. Табиғат сұлулығы дегенде нені түсінесіздер?

  2. Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

  3. Адамның табиғат алдындағы парызы неде?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Табиғат - күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«Адам баласы жаратылысынан табиғат пен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы-адамзат амандығы» екенін естен естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті- табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».


Ыбырай Алтинсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.

Сұрақтар:

1. Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды?

2. Олар нені көрді?

3. Үш жолаушы бұлақ басындағы тастан қандай жазуды оқыды?

4. Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай? 

5. Әңгімеде қай құндылық туралы айтылып тұр?

6. Табиғаттың жақсаруына көмектесер едіңіз?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Қазақстан экологиясы туралы бейнебаянды тамашалап, өзің тұратын ауылдың (қаланың) экологиялық ахуалын түзету үшін не істер едіңдер? Плакат жасау.

1 – топ: «Жер»;

2 – топ: «Ауа»;

3 – топ: «Су»;

4 – топ: «Топырақ».


  1. Топпен ән айту.

Саржайлау 
с. М.Мақатаев; ә. Н.Тілендиев 

Жазира, жасыл кілем өрнектеген 
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! 
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем 
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем 

Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! 
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем 
Басқаның жерұйығын неғылайын 
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! 

Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 

Жадырап, жұтайыншы тау самалын 
Осы еді ғой сағынып аңсағаным 
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым 
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын 

Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 

Жанымды жырға бөлеп таң атырған 
Әкем едің ақ таңда жаратылған 
Төліңнен айналайын жаңа туған! 
Айналайын еліңнен дара тұрған! 

Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым


  1. Үйге тапсырма

Биылғы оқу жылы барысындағы қоғамға жасаған қызметтеріңді презентация арқылы қорғаңдар.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
1347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі