400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

8 класс Көркем еңбек пәнінен ҚМЖ .

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық пішім негізіндегі киім үлгілері. ҚМЖ. 8 класс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысының білім басқармасының

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 277 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітілді»

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _____________ Н.Жанузакулы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім

Сабақ 16

Сәндік қолданбалы өнер

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Абдразакова Жанар Сандибековна

Күні:

8 «А» - 8.01.

8 «Ә», 8 «Б»- 12.01.

Сынып:. 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Халықтық пішім негізінде киім дизайны.

(тұтас жеңдер)


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттар

8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау

8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)



Сабақтың мақсаттары

- әртүрлі мәдениетте пайда болған киім модельдерін салыстырады;

- киімдегі әртүрлі тұтаспішімді жең түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады;

- киім дайындаудың өндірістік процесін зерттейді.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту

оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;

өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;

топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(уақыты)

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Халықтық ұлттық костюмдері қандай элементтерден құралады?

  • Халықтық пішім негізінде халықтық костюмдердің конструкциялық ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?

  • Халықтық костюмдердің жеке элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін атай аласыңдар ма?

  • Оларды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдар пайдаланылғанын сипаттаңдар.

Бұл сұрақтардың ішінен топтардың әрқайсысына біреуін таңдап алуды ұсынуға болады


Оқушылардың топта ойланып, сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдерінің ерекшеліктерін еске түсірулері тиіс.


Қолпаштау, толықтыру арқылы




Сабақтың ортасы

(уақыты)

Мұғалім оқушылардың назарын халықтық пішімге, жеңі тұтаспішімді бұйым - жилетке аударып және олардың жобалық бұйымдарының қолтық ойындысы осындай болатынын ескерте отырып, жұмысты қорытындылауы қажет. Сонымен қатар халықтық пішімнің мақсатты пішімімен ерекшеленетініне назар аударуға болады. Көп жағдайда ол қарапайым, ыңғайлы, өйткені белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адамға пішінін ыңғайлы жасауға және матаны толық пайдалануға талпынады. Мұндай кеудеше еркін қозғалуға, ауыр жұмысқа әрі мерекеге де киюге ыңғайлы.

Халықтық киімде тік пішімді және қиғаш қиықты пішіндегі киімдер кесдеседі. Мысалы, киімнің негізгі бөлігі, көптеген халықтардың жейдесі тікбұрышты мата кесегінен пішілген. Оның пішіні, жеңі, қолтық астындағы ендірме (көйлектің қолтығына қойылатын қиынды) және иығы әртүрлі ұзындық пен ендіктегі тікбұрыш болып келеді. Әсіресе бұл қиықсыз және бүрмесіз туника тәрізді, халықтық киімнің ең ежелгі пішініне тән.

Жеңнің пішіміне қарай (консрукциялық құрылымы) үш топқа бөлінеді, және ұзындығына қарай да бөлінеді.Әр топтың жең үлгілеріне мысал келтіре отырып, олардың сызбалары мен тігілу, қиылу жолдары арқылы қандай молеь түрлеріне өзгертіп алуға болатындығын көрсету.

Тұтас пішімді жең халықтық пішімнің ерекшелігі саналады, өйткені ыңғайлы әрі констукциясы (пішілуі мен тігілуі) өте жеңіл.

Мұғалім оқушылармен кеудеше сияқты ұлттық костюм элементіне атап айтқанда, ненің тән екендігін талқылауы қажет.

  • - конструкциясының ыңғайлылығы, белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адам денебітімінің құрылысы, бұйымның тұрмыста қолданылуы;

  • - конструкциялық сызықтары мен әшекейінің орналасуы (кесте, ызба және т.б.);

  • - белгілі түстердің үйлесімді гаммасы (қызыл, ақ, көк, жасыл, әртүрлі реңктегі сары, сарғыш, қызылкүрең, қызғылт және т.б.);

  • - шиеленіскен сәнділік;

  • - дәстүрлілік;

  • - функциональдық пен мақсаттылық, тәжірибелік пен әсемділік бірлігін түсінуі өте маңызды.


Суретші-сәнгерлер үшін аталған барлық ерекшеліктердің маңызы жоғары, шығармашылықта басшылыққа алатын басты қағидасы. Оқушыларға топтарда берілген ақпаратты талқылап қана қоймай, киім сән үлгілерінің көрсетілімі тақырыбында ғаламтор-сайттардағы сән үлгілерінің шығарылымы және сән журналдарынан алынған әртүрлі қиындылар мен ақпаратқа сүйене отырып, мысалдар келтіру ұсынылады.

Оқулықпен, сән журналдарымен жұмыс жасайды.

Жең түрлерін ажырата алады.

Түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің жең пішімдерін анықтайды және салыстырады.

Жауап берген оқушыны шапалақтау арқылы бағалап отыру.

1:4 М. әртүрлі қамзол, т.б киім үлгілері









Сабақтың соңы

(уақыты)

Рефлексия

Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады


Сұрақтар арқылы бекіту:

Халықтық пішімнің қандай ерекшелігі бар?

Берілген суреттерге қарап жеңнің конструкциясын анықтау және олардың айырмашылығын айту.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі