Материалдар / 8 класс Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

8 класс Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2022
1521
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына»

Күні

16.05.22

Класс жетекші:

Оспанова Г. Т

Класс: 8 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына»

Сабақтың мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынастарын қалыптастыру

Ресімдеу

Интерактивті тақта арқылы слайд көрсету

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Кеспеқағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


«ТӘРБИЕ САҒАТЫ» Журналы. Сынып жетекшілеріне арналған республикалық басылым.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Сабаққа дайындау

Жағымды психологиялық ахуал орнату


Компьютер




Сабақ басы (10 мин)


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Отбасы туралы өз құндылықтарымызды, ой – пікірімізді «Шынын айтсам...» атты тренинг арқылы өрбітейік.
Мен шынын айтсам... Отбасым – маған өте қымбат, өйткені біз мейірімдіміз.
Мен шынын айтсам... Ата – анамды әркез мақтан тұтамын, өйткені мен олардың болашағымын.
Мен шынын айтсам...


Видеоматериал көрсету

https://youtu.be/bSN4Sg2Tg7E






Ортасы (20 мин)



«Ой толғау»
Келіңіз, пікір алысыңыз
1 Отбасы –тәрбие бастауы
2 Қазақ халқының қай салт-дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған?
3 Ұят-адам қасиетін бағалайтын сезім
4 Ұл-ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға көзқарас
5 Шешесін көріп- қызын ал, Ыдысын көріп –асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет –журнал оқу. Білімді сатып алуға бола ма?
7 Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық.





Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады


Соңы (5 мин)



Қорытынды:

М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен » -өседі деген.
Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19-шы қара сөзінен)

«Үйге қонақ келсе- тамағыңды берме , қабағыңды бер»
Қонақты қума шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептеген.
Қартайған шағындаАлаша хан мал-мүлкін теңдей төртке бөліп , үш баласы-Ұлы, Орта және Кіші жүзге бөліп беріп, қалған төртінші бөлігін «қонақ сыбағасы» деп ортақ меншікке қалдырыпты.
Тәуке ханның 7 жарғысында қонаққа дұрыс қонақасы бермесе айып салынған.

Ұят –адам қасиетін бағалайтын сезім.Ол сезім отбасында адамдардың әңгімесінен есту арқылы бала кезден адам бойына ұялайтын ең нәзік , терең сезім.Ол адамның бедел абыройымен тығыз байланысты.Бедел мен абыройға қарапайым еңбегің арқылы, байыпты сөзің арқылы, мейірімді мінезің арқылы,әдеп сақтауыңмен, жөнсіз әрекеттерден бойыңды аулақ ұстауыңмен, үлкенді сыйлап құрметтеуіңмен, достық-жолдастық қарым –қатынасыңмен, ибалығыңмен, ынта –жігер талабыңмен, жақсыны жаманнан айыра алуыңмен, жақсы көру, жек көру ләззатыңмен жете аласың. Ұялу мәдениеттілік, білімділік.

Жас ұрпақ өз әкесінің атына кір келтірмей, ана тіліне көлеңке түсірмей жүрсе ол бақыт!
«Көрген білгенін айтпаса –кәрі кінәлі, оның айтқанын ешкім тыңдамаса-жас кінәлі»
Олай болса, атадан қалған мұраны, анадан қалған өсиетті бағалай біл, Жас ұрпақ демекпіз!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!