Материалдар / §8. Нәруыздың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

§8. Нәруыздың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
111
2 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №5


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. §8. Нәруыздың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

§8. Нәруыздың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу.

Сабақтың мақсаты:

нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Фибриллярлы нәруыздар

Глобулалы нәруыздар

Қарапайым нәруыздар

Күрделі нәруыздар

Нәруыз қызметтері

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін атау.



«Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін анықтайды.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-суреттегі нәруыздардың түрлерін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Сабақтың ортасы




Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Нәруыздың бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=D2XgIVxohFE


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

«Карусель»әдісі

Бір – бірімен бөліседі.

Теориялық материалмен өздерінің постерлерін ұштастыра отырып, «Карусель» әдісі арқылы әр топпен жұмыс жасату(әр топ өз материалдарымен басқа топтарды аралап түсініктеме береді

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.


1-топ. «Нәруыздың бірінші реттік құрылымын сипаттаңыз»

2-топ. «Нәруыздың екінші реттік құрылымын анықтаңыз»

3-топ. «Нәруыздың үшінші реттік құрылымын салыстырыңыз»

4-топ. «Нәруыздың төртінші реттік құрылымын түсіндіріңіз»

«Карусель» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Дескриптор:

- нәруыздың бірінші реттік құрылымын сипаттайды - 5 балл;

-нәруыздың екінші реттік құрылымын анықтайды– 5 балл;

- нәруыздың үшінші реттік құрылымын салыстырады – 5 балл;

- нәруыздың төртінші реттік құрылымын түсіндіреді- 5 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



А3,А4 формат қағазы, маркер

Бағалау

Жеке жұмыс.

Бақылау тапсырмасы


Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді.

Дескриптор:

- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді – 5 балл;


Интерактивті панель, презентация



Жұмыс дәптері

Үлестірме парақтар

Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Интерактивті панель, презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс

«Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы»

Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды. Берілген тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Оқушылардың назарын аудару. «Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін атау.


Бағалау


Жеке жұмыс. Бақылау тапсырмасы


Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:_______________________________________сыныбы___

1. Ақуыздың қызметін анықтаңыз

А. өсімді талшықтарды түзеді

Б. бұлшықеттердің жиырылуын және барлық тірі ағзалардың қозғалуын қамтамасыз етеді

В. көп заттардың еріткіші болып табылады

Г. А дәруменінің сіңірілуіне себепші болады


2. Ақуыздың ..............құрылымы бұзылғанда аминоқышқылдарға дейін ыдырайды.

А. бірінші реттік

Б. екінші реттік

В. үшінші реттік

Г. төртінші реттік


3. Ақуыздың бірінші реттік құрылымы дегеніміз

А. полипептидті тізбектің орама пішінге келуі

Б. полипептидті тізбектің жіпшумақ (глобула) пішінге келуі

В. полипептидті тізбектегі аминоқышқылдардың тәртіппен кезектесуі


4. Ақуыздың орама пішініді екінші реттік құрылымын мына байланыстар ұстап тұрады

А. пептидті

Б. ионды

В. сутектік

Г. ковалентті


5. Қандай байланыстар ақуыз молекуласының бірінші реттік құрылымын анықтайды

  А. аминоқышқыл радикалдарының арасындағы гидрофобты

Б. полипептидті жіпшелердің арасындағы сутектік

В. аминоқышқылдардың арасындағы пептидті

Г. — NH — және — СО — топтарының арасындағы сутектік


6. Ақуыз молекуласының төртінші реттік құрылымы ........ әрекеттесу нәтижесінде түзіледі

А. бір ақуыз молекуласының үлескілерінің S-S байланыс түрі бойынша

Б. жіпшумақты түзетін бірнеше полипептидті жіпшелердің

В. бір ақуыз молекуласының үлескілерінің сутектік байланыстар арқылы

Г. ақуызды жіпшумақтың жасуша жарғақшасымен


7. Ақуыз молекуласының екінші реттік құрылымының пішіні

А. орама

Б. қос тізбекті орама

В. жіп шумақ

Г. жіпше


8. Бактерия немесе вирустың ағзаға енгенде, өндіріліп шығарылған ақуыздардың қызметі қандай

А. реттеуші

Б. рецепторлық

В. қорғаныш

Г. ферментативті


9. Пептидті байланыс түзіледі ............ арасында

  А. аминоқышқылдардың

Б. глюкоз қалдықтарының

В. су молекулалары

Г. нуклеотидтердің


10. Берілген мысалдар мен ақуыздың қызметтерінің арсында сәйкестік орнатыңдар

қызыметі

мысалдары

1. Өршіткіш

А. Сыртқы белгілерге жауап қайтаратын ақуыздар

(родопсин, дәм сезу рецепторлары)

2. Тасымал

Б. Иммуноглобулиндері мен қан сарысуының

фибриногені (қанның ұюы)

3. Реттегіш

В. Химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын

ферменттер (энзимдер) - (каталаза, пепсин, трипсин)

4. Рецепторлық

Г. Табиғаты ақуызды гормондар (АКТГ, инсулин, өсу

гормоны)

5. Қоректік

Д. Бұлшықет ұлпасының ақуыздары (актин, миозин)

6. Құрылымдық

Е. Жұмыртқа альбумині, сүттің казеині

7. Жиырылғыш

Ж. Дәнекер ұлпасының ақуыздары (коллаген), мүйізді

түзілістер шаш, тырнақ (кератин)

8. Қорғаныш

З. Табиғаты ақуызды улар (көп жағдайда жыланның улары

сияқты әсер ету механизмы барферменттер); 

дифтериялық және ботулиникалық токсиндер

9. Токсиндер

И. Заттардың тасымалы (гемоглобин, қанның

липопротеиндері)




Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

В

И

Г

А

Е

Ж

Д

Б

З





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!