Тақырыбы: « Аяулы
анашым»
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге
күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерінатай
отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан
аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Ұлдар баяу әуенмен залға
кіреді. Кенет залға әсем безендірілген күйме келіп тоқтайды.
Күймеден әдемі киінген ханшайымдарды ұлдар қолдарынан ұстап,
орындықтарына отырғызады.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, қонақтар
«Күншуақ» ІІ –ші кіші тобының «Аяулы анашым» атты мерекелік
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгін наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың
негізі,
Әдемі сөз
баланың
Анаға айтар
лебізі.
Сіздерді көктем айының алғашқы
мерекесі 8-наурыз – Халықаралық аналар күнімен құттықтамыз! Әрқашан
дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай
бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалауға рқөсат
етіңіздер.
Балалар, қараңдаршы айналаға,
қандай әдемі. Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктем
мезгілі.
-
Дұрыс балалар. Көктем
мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-
Көктем мезгілінің алғашқы
мерекесі қандай?
-
Аналар
мерекесі.
-
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Ендеше барлығымыз аналарымызға арнап ән айтып
берейік.
Ән:
«Мама»
Жүргізуші: Біздің балалар әнмен бірге
тақпақты да жақсы айтады.
Тақпақтар: Ә.Айару, Азамат,
Нұрасыл, Айым, Алихан, Т. Айсұлтан.
Жұргізуші: Тыңдаңдаршы
балалар, құстардың сайраған дауысы, әдемі тынық табиғаттың дауысы
естілген сияқты. Бұл кім болды екен?
Залға әдемі әуенмен Ару көктем
кіреді.
Ару
көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендерде
менің алғашқы мерекем «Аналар» күні болып жатыр деп ойлап, соған
куә болайын деп келдім.
Жүргізуші: Қош келдің. Ару көктем. Иа
бізде «Анаалар» мерекесі болып жатыр. Көктем сен білесің бе, біздің
балалар сондай өнерлі, өздері аналарынағ әжелеріне көмектесетін,
қолғанат балалар.
Би: «Анаға
көмек»
Ару
көктем: Өздері кіп-кішкентай болса
да, сондай өнерлі, ақылды көмекшілер екен. Балалар сендер менімен
бірге ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: « »
Жүргізуші: Балалар, бүгін тек
аналарымыздың ғана мерекесі емес, әжелеріміз бен апаларымыз, апай,
қарындастарымыздың да мерекесі, ендеше әже-апаларымызға арналған
әнімізді айтайықшы.
Әзілді би: «Сән көрсету»
(қыздар)
Ән.
«Әже»
Жүргізуші: Біздің әсем қыздарымыздың да
мерекесі ғой. Қане олардың аналарына қандай сый дайындағанын
көрейікші.
Би:
«Қуыршақтар»
Тақпақтар: Інжу, Арлан,
Айша, Нұрәли, Алдияр, Асанәлі, Бекарыс,
Аяжан, Әкежан,
Рамазан.
Ата-аналармен біРге ойын: «
Анаңның портерін сал»
Ойын ойнамас бұрын біздің
балалардың сіздерге дайындаған шағын бейне роликті
тамашалаңыздар.
Шарты: ортаға 4ана шығады, 4 анаға
4 ортасы тесілген қағаз беріледі. Ол қағазды аналар беттеріне
кигізіп ұстап тұрады. Сонымен қатар 4 бала шығады. 4 балаға 4
маркер беріп сол қағазға анасының суретін салғызады. Ең соңында
аналар өз бейнелерін көріп қуанышқа
бөленеді.
Жүргізуші: Ару көктем сенің де қайтатын
уақытың болған шығар. Ендеше біздің балалардың өзіңе арна лған
«Көктме вальсі» атты биімізді тамашалап, жолға бірақ
шық.
Би: «Көктем
вальсі»
Жұргізуші:
Жүрегіме жыр
шашып,
Нұр төгетін Сіз
екен,
Құтты болсын
анашым,
Құтты болсын мерекең – дей
келе, біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен
жасалған сыйлықтарын қабыл алыңыздыр! Осымен біздің шағын мерекелік
ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттырңызды қиып келіп
көргендеріңізге көп рахмет!