Материалдар / 8 сынып Биология пәні. Тақырыбы «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып Биология пәні. Тақырыбы «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың есту мүшесі туралы білімдерін кеңейту. Оқушылар сыртқы, ортаңғы,ішкі құлақ бөлімдерінің негізгі ерекшеліктері мен құрылысы туралы мағлұмат ала отырып дыбыс толқынының таралу жолы және құлақ гигиенасын туралы біледі. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштай алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
1146
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Күні  27.11.2017

Мектебі:18

Мұғалім: Джанбырбаева Лиза


Биология пәні. Тақырыбы «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»




   Сынып  8 «А»

   Қатысқандар саны-        Қатыспағандар саны-

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушылардың есту мүшесі туралы білімдерін кеңейту. Оқушылар сыртқы, ортаңғы,ішкі құлақ бөлімдерінің негізгі ерекшеліктері мен құрылысы туралы мағлұмат ала отырып дыбыс толқынының таралу жолы және құлақ гигиенасын туралы біледі. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштай алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есту мүшесінің құрылысын, бөлімдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақты толық сипаттайды. Қызметі мен гигиенасын біледі..

Кейбір оқушылар:

Дыбыс толқынынның таралу жолы схемасын меңгеріп айта біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: (не істей алады?)

Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады, өзін-өзі бағалап, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыртқы,ортаңғы,ішкі құлақ, құлақ қалқаны, дыбыс жолы, дабыл жарғағы, дыбыс сүйекшелері:балғашық, төс, үзеңгі,шытырман, кіреберіс, ұлудене

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Құлақ қанша бөлімнен тұрады, құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады.Сыртқы құлақ, ішкі құлақ, ортаңғы құлақ бөлімдері. Есту мүшесінің гигиенасы

Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба?

Құлық қалай пайда болады. Қандай шара қолдану керек.

Жазылым бойынша ұсыныстар.

Ортаңғы құлақта бірімен бірі байланысқан үш сүйекше бар Салмағы 0,05г Балғашық, үзеңгі, төс.

Ішкі құлақтың  қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман деп атайды.



Алдыңғы оқу


Сезім мүшелері, Рецептор, анализатор, көздің құрылысы. Қарашық, көзбұршақ, таяқша, құтышалар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



Басталуы




I.Ұйымдастыру кезең. М «Біліп қана қою аз, сол біліміңді істе қолдана білуің керек, ниеттенуің ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек»   Мұғалім  оқушыларды сабаққа  белсенді қатысуға шақырыды. Ынталандырады.

Топқа бөлу: «Жасырын сурет»әдісі арқылы. (2мин)

II. Үй тапсырмасын сұрау

1.Миға шабуыл .

Тапсырма: Суретті сөйлет «Көру мүшесіне байланысты

Сұрақтар шеңбері (10мин)

I топқа1. Бақылау сұрағы: суреттен не көріп тұрсың?/көздің суреті беріледі/. Сипатта.

2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: егер көзге бөгде зат түссе не істеу керек?

3. Талдау сұрағы: көздің қосымша мүшелері қандай қызмет атқарады?

4. Қиял ғажайып сұрақтар: көзге байланысты теңеу сөздер  айта аласың ба?

II топқа

 1. Бақылау сұрағы: Суретті баянда(көздің ішкі сыртқы құрылысы)

 2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Егер көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе не істеу керек?

 3. Талдау сұрағы:  Көздің түсі неге байланысты?

 4. Қиял ғажайып сұрағы: Көзбен барлық затты көреміз. Нені көрмейміз?

III топқа

 1. Бақылау сұрағы: Берілген суретті қалай баяндайсың/көздің құрылысы/?

 2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Көзіңді қалай сақтау керек?

 3. Талдау сұрағы:  Құтыша мен таяқша туралы не айтуға болады?

 4. Қиял ғажайып сұрағы:  «Көзіңнің қарашығындай сақта» сөз тіркесінің мағынасы қандай?

IV топқа

 1. Бақылау сұрағы: Суретті баянда(Қырақтық және сығырлық кезінде сәуленің орналасуы сызбанұсқасы)

 2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Жақыннан көргіштік және оны болдырмау үшін не істеу керек?

 3. Талдау сұрағы:  Көз қарығуы(конъюнктивит) ауруы туралы не айтуға болады?

 4. Қиял ғажайып сұрағы: Адам көзінің диаметрі мен салмағы шамамен алғанда қанша? (2,5 см, салмағы 8 гр)

2. Тест жұмысы «Socrative» программасы арқылы оқушыларды жеке бағалау (8 мин)




  Слайд













Кеспе қағаз. Түрлі түсті қағаздан жасалған  нысананың  үлгісі















А3қағазы, түрлі түсті фломастер
















Ортасы


III. Жаңа тақырып өту

Сабақтың эпиграфын айту

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен ми дағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман әр істі сол тексермек

/Шәкерім/


Жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерге «Ой шақыру» әдісін пайдалану/ слайдта көрсетілген суреттер арқылы/

ІY. Бекіту бөлімі

Оқушыларға тапсырма:

1топ: Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Көру мен есту


«Постер» жасау

2топ: «Сыртқы құлақ»

3топ: «Ортаңғы құлақ»

4топ: «Ішкі құлақ» (15 мин)




слайд

























А3 бет, фломастерлер,









.

Аяқталуы


ІV. Қорытынды бөлім

«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ(Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады)
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. 1топ оқушысы сол жасырылған терминді табады да, сол терминге байланысты келесі топқа сұрақ қояды. 2топ сұраққа жауап береді.2топ 3топқа, 3топ 4топқа (5мин)

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Оқушыларды бағалау (жұлдызшы,төртбұрыш,үшбұрыш бейнеленген үлестірме қағаздар арқылы)

«Бағалау терезесі» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қағазға жабыстырады.Кері байланыс

Интерактивті тақтада жасырылған терминдер









Стикерлер

Қосымша ақпарат. Адам қоршаған ортадағы ақпараттың 14-16% есту мүшесі арқылы қабылдайды.Ортаңғы құлақта орналасқан төс сүйегі – адам ағзасындағы ең кішкентай сүйек. Құлақта 2000 без болады. Адам 40-45 децибел шамасындағы дыбыстарды қиналмай қабылдайды. Теңіз ұлуының бақалшағын құлаққа тақап тыңдаған кезде естілетін «теңіз шуы», шын мәнінде құлақ қан тамырлар бойымен ағып жатқан қанның дыбысы.

Саралау

(сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?)

Бағалау

(оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс



Фомативті бағалау. Нысанадағы әр түске смайликтер жабыстырады

Валеология

Электронды оқулық

Рефлексия

   1. (Сабақ /оқу мақсаттары шынайы болды ма?
   2. Бүгін оқушылар не білді?
   3. Сыныптағы ахуал қандай болды?
   4. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
   5. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
   6. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?)



Сабақта оқушылардың қатысы, қызығушылықтарының жоғары болуы бүгінгі сабақта алға қойған мақсаттың шынайы да нақты болуы ..

Есту мүшесінің құрылысын, бөлімдерін, жаңа терминдермен танысты.Сынып оқушылары топпен жұмыс жасауда бірлесіп, бірін бірі тыңдай отырып, ортақ шешім жасай білді. Сабақты жоспарлау кезінде түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың өз ойларын  өмірмен байланыстыру.Үй тапсырмасын сұрау кезіндіе Socrative программасы арқылы және «сұрақтар шеңбері» әдісін қолдандым. Берілген уақытта жоспарлы жұмыстарға үлгердім. Өз жоспарыма түзетулер мен өзгертулер  енгізген жоқпын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!