8-сынып Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады? тақырыбындағы оқу мақсатына сай жасалған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниежүзі тарихы Мектеп баспасы 2019ж, Авторлары Н.А.Алдабек, К.Н.Макашева, Қ.И. Байзақова



Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады?

8.2.4.3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау

Тапсырма 1 Мағынасын аш

Тыныштандыру саясаты-

Оғаш соғыс-

Мажино сызығы-

Үштік пакт-

Тапсырма 2 Хронология

1939 ж 1 қыркүйек-

1939 ж 3 қыркүйек-

1939-1940 ж-

1939 ж 30 араша-

1940 ж 13 наурыз-

1940 ж 10 мамыр-

1940 ж 22 маусым-

Тапсырма 3 Картамен жұмыс

Дж саяси картасынан ІІ д\ж соғысқа қатысы бар елдерді табыңдар

Тапсырма 4 Мәтіндік сұрақ

«Фашистік Германия Польшаны талқандап жатқан кезде, Батыс майданда «тыныштық» орнады. Қандай да бір белсенді әскери қимылдардың жоқтығымен сипатталады. Фашистік Германия Батыста шабуыл жасауға әлі дайын болған жоқ, Ал Англия мен Франция қорғаныс тактикасын тиімді санады. Француз әскері сым бөгеттері бар ұзақмерзімді қорғаныс жүйесі – Мажино бекіністер шебіне орналасты. Франция мен Англия Германияның басқыншылығы КСРО-ға қарсы бағытталады деп үміттенді»

Мәтінге сүйеніп Англия мен Францияның әрекетсіздігінің атауы мен уақытын көрсетіңіз:

а\ «Оғаш соғыс», 1939-1940 жылғы қыс бойы

в\ «Оғаш соғыс», 1940-1941 жылғы жаз бойы

с\ «Тыныштандыру саясаты, 1938-1939 жж

д\ «Бейтараптық», 1939-1940 жылғы қыс бойы



Тапсырма 5 Контекстік сұрақтарға жауап бер

1. «Жаулап алынған мемлекеттерде фашистер Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистік блок мемлекеттерінің басты мақсаттарын – әлемді аумақтық қайта бөлу, тәуелсіз мемлекеттерді құлдыққа салу, халықтарды қырып-жою, әлемдік үстемдігін орнатуды жүзеге асыру үшін «Жаңа тәртіп» орнатты. «Жаңа тәртіпті» ұйымдастыру кезінде Үштік пакт мүшелері өздерінің тұтас билігін орнату үшін бағындырған және тәуелді мемлекеттердің тәуелді мемлекеттердің қорларын мобилизациялауға талпынды. Неміс фашистері Еуропа картасын өзгертті. Саяси картадан тұтас мемлекеттер жойылды. Кейбірі жерінін айырылса, өзгелері бөліктерге бөлініп, тарихи бірлестік ретіндегі өмірін тоқтатты. Францияны оккупацияланған солтүстік және орталығы Вишидағы оккупацияланбаған оңтүстік аймақтарға бөлді. Құрылған мемлекеттерде гитлерліктер өздеріне бағынатын елдерде жаңа тәртіп орнатты. Толық немесе жартылай оккупацияланған мемлекеттермен жаулаушылар, әдетте, халықтың ұлттық мүдделерін сатып кеткен ірі буржуазия мен помещиктер өкілдерінен алынған қуыршақ үкіметтерді құруға тырысты».

1. Соғысқа дейін фашистік Германияның қамқорлығында құрылған «қуыршақ» мемлекет: (бұл мемлекет Чехословакияны бөлшектегеннен кейін құрылды)

А. Венгрия В.Словакия С. Польша Д. Грекия

2. Чехословакия бөлшектелгеннен кейін германдық «протекторатқа» айналған мемлекет (тер): А. Швеция В. Швейцария С. Чехия Д. Грекия Е. Македония

3. Германия шабуылы нәтижесінде Югославияда құрылған «тәуелсіз» мемлекет (тер)

А. Италия В. Испания С.Бельгия Д. Дания Е. Хорватия

4. Балқан түбегін Германия бөлшектеуі нәтижесінде Италия қол астына өткен мемлекет:

А. Косово В. Черногория С. Македония Д. Грекия

5. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Италия мен Германия бөліскен мемлекет:

А. Словакия В. Албания С. Косово Д . Словения





Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Мағынасын аш

Тыныштандыру саясаты- агрессорға жеңілдіктерге негізделген саясат. 

Оғаш соғыс- 10 мамыр 1940 ж дейін Англия және Франция ешқандай әскери қимылдар жүргізген жоқ, сол себептен бұл кезеңді «оғаш соғыс» деп атайды.

Мажино сызығы- Германия, Люксембург және ішінара Бельгия шегарасында орнатылған ұзақ уақытқа бекітілген Франция жүйесі.

Үштік пакт- 1940 жылы 27 қыркүйекте қол қойылған Германия, Италия және Жапония арасындағы әскери одақ туралы келісім.

Тапсырма 2 Хронология

1939 ж 1 қыркүйек-Германия Польшаға соғыс ашты

1939 ж 3 қыркүйек-Англия мен Франция Германияға соғыс жариялады

1939-1940 ж-Оғаш соғыс

1939 ж 30 қараша-КСРО Хельсинкиді бомбалап бастады

1940 ж 13 наурыз-КСРО мен Финляндия германияның араласуымен бітім туралы келісімшартқа қол қойды

1940 ж 10 мамыр-Германия Францияға басып кірді

1940 ж 22 маусым-Франция Гитлермен келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болды

Тапсырма 3 Картамен жұмыс

Дж саяси картасынан ІІ д\ж соғысқа қатысы бар елдерді табыңдар Оқушылар табады

Англия, Франция, Польша, Германия, КСРО, Финляндия, т.б

Тапсырма 4 Мәтіндік сұрақ

Жауап: А

Тапсырма 5 Контекстік сұрақтарға жауап бер

1 в 2 с 3е 4в 5д







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2024
854
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі