400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 сынып География Үйден оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал географиядан үйден оқытуға беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 8

Үйден оқыту

Мұғалімі: Газизова Айгуль Ерболатқызы

Сабақ тақырыбы

Антарктида. Антарктиданың географиялық жағдайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.18 жартышар физикалық картасында Антарктиданың географиялық жағдайын және жағалау көрінісін көрсету; Оңтүстік полюсті физикалық картада көрсету

Сабақ мақсаттары

оқушы білуі керек:

  • Антрактиданы физикалық картадан көрсету

  • Басқа материктерден айырмашылығы мен жануарларын атау

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

- картадан Антрактиданы көрсете алса

- негізгі ерекшелігін атай алса

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология: антрактида, пингвин, жанартау,

Пәнаралық байл

биология

Бастапқы білім

Австралия. Географиялық жакғдайын және жағалау көрінісі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Сабақтың басы


Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Ж ердің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

 Антарктика – Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

Антарктика – Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2ºС) тіркелген;

Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м);

Антарктикада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);

Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

А нтарктика табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ер жүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктика табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымызлағы тіршілік дамуының өткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді.

Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтар құрсалған.

Антарктиданың басқа материктерден ерекшелігі: мұнда тұрақты халық жоқ және оның құқықтық жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде бір мемлекеттің қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында әскери сипаттағы кез - келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда баян етілген.































Сабақтың ортасы

  1 – тапсырма. Жануарлар картасынан Антрактида материгінің жануарларын анықтау.


Дискриптор

  • Антрактиданың жануар әлемін анықтайды.









2 – тапсырма. Карта еліне саяхат.
Антрактида материгінің физикалық картасын пайдаланып, жер бедерінің түрлері мен жауын-шашын аз және көбірек жауатын аудандарды табу.

Дискриптор

  • Эребус жанартауын анықтайды

  • Винсон тауы анықтайды

  • Бентли ойысы анықтайды

  • Аз және көп жауатын аудандарды көрсетеді.

  • Уэддел, Амундсен, Беллинсгаузен теңіздерін көрсетеді.

  • Антарктида материк көрсетеді


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушы рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
49 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
5139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі