Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
8-сынып Химияны үйренейік бағдарлама ҚМЖ
Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып химия оқу бағдарламасына негізделген, оқушылармен элективті курс ретінде өтіп білімін тиянақтауға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Мамыр 2022
514
5 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Химияны үйренейік
факультативтік бағдарламасы
(әдістемелік нұсқаулық)
ХИМИЯНЫ ҮЙРЕНЕЙІК
ГульнарАбдуллаева Ахметкалиевна
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
химия-биология пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік
саясат негізінде ең алғаш әр баланың қабілетіне қарай дамуы жеке
адамның дарындылығын таныту мәселесі өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі.
Химия ғылымы ежелгі заманнан пайда болған ғылым. Химия да
басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан
туған. XVIII ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген,
ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғана танылған. Химия негізінен
элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді.Химияның
табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын
дамытудағы маңызы зор.Химия нені зерттейді.Әлемдік өркениеттің,
ғылым мен техниканың қарыштап өсуі, үздіксіз алға жылжуына
байланысты химия ғылымының да рөлі барған сайын арта
түсуде. Сондықтан ол өзге де ғылым салалармен астасып, адамзат
қоғамының дамуына игі әсерін тигізуде.
Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді.
Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін
пайдаланып алуан түрлі өнімдер өндіреді.Қазіргі кезде химиялық
әдістерді пайдаланып өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік
мөлшерде жүзеге асырылудаХимия жетістіктерін пайдаланып қазіргі
химия өнеркәсібі 50мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер
өндіреді. Соңғы кезде зор көңіл бөлініп отырған қоршаған ортаны
қорғау мәселесінде химияның алатын орны ерекше. Өндірістік суларды
тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдықсыз жұмыс
істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия ғылымы мен өнеркәсібінің
маңызы зор.[ 1] Химия курсында химия ғылымының дамуы, заңдары
мен теорияларына, химиялық процестер мен өндірістерге жүйеленген,
тереңдетілген түрде жалпы шолу берілген. [ 1]
Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама қазіргі заманда химия
пәнін оқытуда 8 сынып бағдарламасына сай жазылған және материалды
оқушылардың өз бетінше оқуына арналған.Біз ұсынып отырған
авторлық бағдарлама оқу бағдарламасы негізінде жасалғандықтан
берілген материалды тереңірек түсінуге көмектеседі және орта мектепте
химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттырады. [ 1]
Курстың мақсаты:Жаратылыстану ғылымының бір саласы
ретінде
химия
ғылымының
дамуы
жәнехимиялық
түсініктердіңқолданылуытуралы білім беру.
Курстың міндеті:
Химия ғылымы және оның дамуы туралы біршама толық түсінік
беру.
Химиялық - теориялық білім беруде әртүрлі деңгейдегі
мәліметтерді оқыту.
Химия пәнінен сандық есептеулер жүргізу және тәжірибелер
жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмалар орындау.
Зертханалық жұмыстарды орындау.
Химия пәні бойынша олимпиадалық есептер шығару жолдарын
көрсету.
Химиялық реакциялар жасау жолдарын және тәжірибелік
жұмыстарды орындау.
Пәнге қызығушылығын дамыту.
Химиялық терминдердітүсіну, қолдану.
Химия
ғылымы
саласы
бойынша
баспасөз
материалдарымен,ақпарт көздерімен жұмыс жасау.
Күтілетін нәтижелері:
Химия ғылымы және оның дамуы туралы түсінік алады.
Химиялық - теориялық білім алуда әртүрлі деңгейдегі
мәліметтермен танысады.

жұмыстарды орындайды.
Химия пәнінен сандық есептеулер жүргізеді және тәжірибелер
жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды орындай алады.
Зертханалық жұмыстарды орындайды.

үйренеді.
Химия
ғылымы
саласы
бойынша
баспасөз
материалдарымен,ақпарт көздерімен жұмыс жасайды.
Пәнге қызығушылығын артады.
Химиялық терминдерді түсініп, қолдана алады.
Өзектілігі: жаһандық технологиялық үрдістің дамуы кезеңінде
химия пәнін оқыту және оны қолдана алу өзекті болып табылады.
Қолданылатын технология: Сыни тұрғыдан ойлау, Шаталовтың
тірек сызбасы, Блум таксаномиясы, АКТ, жобалау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, ЖДИКСО,
көшбасшы, инсерт,семантикалық карта, БББ кестесі, жұптық, жеке
жұмыс үшбу хат.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
(Барлығы 34 сағат, аптасына -1 сағат)
Кіріспе. 1 сағат. Курстың мақсаты,
Қазақстанда химия ғылымының дамуы туралы.
қажеттілігі
туралы.
Қоршаған орта. Таза және қоспа заттар. 1 сағат. Заттар туралы
ұғым, олардың химиялық құрамы. Қоспа заттардың құрамы және
жіктелуі.
Қоспадан заттарды тазарту әдістері. 1 сағат. Қоспаның түрлері
мен оны тазарту жолдары
№1 зертханалық жұмыс. Заттардың физикалық қасиеттерін
зерттеу. Реакциялануы.
Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық
реакцияның жүру белгілері мен жағдайларын анықтау 1 сағат.№2
зертханалық тәжірибе. Құбылыстар түрлерін ажырату, зерттеу
Атомның құрамы мен құрылысы. 1 сағат. Атом ядросының
құрамы мен құрылысы. Планетарлық моделі.
Электрондардың
құрылысы,
энергетикалық
деңгейде
атомдардың орналасуы. 2 сағат.Химиялық элементтер атом
құрылысы, электрондық формуласы
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы. Биологиялық
рөлі.1сағат. Адам мен жануарлар, өлі табиғаттағы химиялық
элементтер, оның маңызы. Радиоактивті элементтер туралы
Химиялық элементтердің ашылу тарихы. 1 сағат. Қазіргі
ғылымның жетістігі, химиялық элементтердің ашылуы
Химиялық элементтердің периодтық жүйеде орналасуы. 2 сағат.
Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтерге және оның
қосылыстарының сипаттамасы.
Химиялық элементтердің ұяластары. 1 сағат. Топ, период
бойынша химиялық элементтерді жіктеу
Химиялық формулалар бойынша есептер.2 сағат. Күрделі
заттардың молекуласы,құрамы массалық үлесін масалық қатынасын
табу, химиялық формуланы қорытып шығару.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары 2 сағат.
Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар құрамы мен жіктелуі. Химиялық
қасиеттерін анықтау №5 зертханалық жұмыс. Индикаторлармен,
қышқыл, сілтімен жұмыс.
Жоба қорғау.1 сағат. /Ұсынылған тақырып бойынша жоба қорғау/
Химиялық байланыс түрлері. 2 сағат Атомдар арасында байланыстың
түзілуі.Электртерістіктің маңызы. Ковалентті, иондық, металдық,
сутектік байланыс түрлері.
Кристалдық торлар. 1 сағат. Кристалдық тор түрлері мен оның
маңызы.
Жоба қорғау./СО2. Алмаз, графит, натрий хлориді, күміс/ 1 сағат.
Газ заңдарына есептер шығару 2 сағат.Авогадро заңы.
Газдардың молярлық көлемі, салыстырмалы тығыздығын, көлемдік
қатынасын анықтау.
Ерітінді. Ерітінділер түрлері. 2 сағат. Қаныққан, қанықпаған ерітінді
дайындау.№4 зертханалық жұмыс. Ерітінділер дайындайды, массалық
үесін анықтайды.
Химиялық реакция типтері 2 сағат.
Қосылу, айырылу,
орынбасу, алмасу, тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазу, реакция
типтерін анықтау, теңдеуді теңестіру.№3 зертханалық жұмыс.
Химиялық реакциялар: газ бөліну, тұнба түсуді анықтайды.
Тотығу –тотықсыздану реакциялары мен оларды теңестіру. 2
сағат
Тотығу дәрежесін анықтау,реакция теңдеулерін теңестіру.
Эксперименттік есептер шығару.1 сағат.№1 практикалық
жұмыс
Оксидтер, негіздер,қышқылдар,түздар сапалық рекцияны анықтау
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. 2 сағат.
Зат массасын, зат мөлшерін, массалық үлесті есептеу
Геологиялық химиялық қосылыстар. 1 сағат. Пайдалы
геологиялық химиялық қосылыстар.Металдар мен бейметалдардың
қосылыстары.
Қайталау сабақ. 1сағат.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
р/с
Мазмұны
І
1
Кіріспе
«Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының
бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және
маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер.
Қоршаған орта. Таза және қоспа заттар Қоспадан
заттарды тазарту әдістері№1 зертханалық жұмыс.
Қоспадан заттарды тазарту әдістері №1 зертханалық
жұмыс
Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

реакцияның жүру белгілері мен жағдайларын анықтау
№2 зертханалық жұмыс
Атомдар. Молекулалар. Заттар
Атомның құрамы мен құрылысы Бор диаграммасын
жасау
Электрондардың құрылысы, энергетикалық деңгейде
атомдардың орналасуы
2
3
ІІ
4
ІІІ
5
6-7
Сағат
саны
1
1
1
1
1
2
Өтілеті
н күні
8
9
10-11
12
IV
13-14
V
15
16
17
VI
18-19
20
21
22-23
VII
24
25
26-27
28-29
30
31-32
33
34
Кейбір химиялық элементтердің табиғатта таралуымен
биологиялық рөлі.
Химиялық элементтердің ашылу тарихы.
Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Химиялық элементтердің периодтық жүйеде орналасуы
Химиялық элементтердің ұяластары
Аралас есептер
Химиялық формулалар бойынша есептер
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

тақырыбына тест
Жоба қорғау Мына қосылыстардың Су молекуласыН2О көміртек (IV) оксиді –СО2 Fe2O3 aтомдарының
моделін жасау
Химиялық байланыс түрлері
Химиялық байланыс түрлері
Кристалдық торлар.
Жоба қорғау. Мына заттардың кристалдық торларының
моделін жасау СО2. Алмаз, графит, натрий хлориді,
күміс
Газ заңдарына есептер шығару
Бейорганикалық химия курсы бойынша эксперименттік
есептер
Ерітінді. Ерітінділер түрлері
Ерітінді. Ерітінділер түрлері тақырыбына тест
Химиялық реакция типтері№3 зертханалық жұмыс.
Химиялық реакциялар: газ бөліну, тұнба түсуді
анықтайды
Тотығу –тотықсыздану реакциялары мен оларды
теңестіру
Эксперименттік есептер шығару.№1 практикалық
жұмыс Оксидтер, негіздер,қышқылдар,түздар сапалық
реакцияны анықтау
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Зат массасын, зат мөлшерін, массалық үлесті анықтауға
есеп
Геологиялық
химиялық
қосылыстар
Пайдалы
геологиялық химиялық қосылыстар.
Қорыту сабағы
Барлығы
1
1
2
1
2
1
1
1
2
1
1
2
1
1
2
2
1
2
1
1
34
№1 Тақырыбы: «Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының
бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы
туралы қысқаша тарихи мәліметтер.
Мақсаты: Химия ғылымының дамуы мен химия ғылымының тарихын
оқып үйрену.
Сабақ барысы: «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те
көретініміз химия ғажайыптары. Химия адам ісіне құшағын кең жаяды»
деп М.В.Ломоносов.Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың
тоттануын, судың булануын, қатуы сияқты құбылыстарды байқап
жүрміз. Тұрмыста,медицинада, бояу, майшам, дәрі-дәрмек, ыдыс,
өндірісте, ауыл шаруашылығында гербицидтер , жағар майы, минералды
тыңайтқыш, бензин т.б.
1-Тапсырма. Химия ғылымы қай ғылымдармен байланысты?
Химия
ғылымының
физикамен,
биологиямен
геологиямен,
космохимиямен байланысты екенін қалай дәлелдеуге болады?
Мысалдармен түсіндіріңіздер.
Химия өте ертеде пайда болған-ғылым. Химия негізінен күнделікті
өмірге қажеттіліктен туған.Біздің заманымызға дейін 3-4 мың жыл
бұрын да химиялық өндіріс болған.
2-тапсырма. Химия ғылымының пайда болуы мен дамуында алғаш не
зерттелді, қалай анықталды осы тақырыпта ізденіңіздер.
3-тапсырмаХимия ғылымын оқу арқылы бізді не қызықтырады, неге
қол жеткіземіз?
Жауабын табыңыз
1.Химия пәні зерттейді?
2. Химия пәнінің тарихы туралы не айта аласыз?
3. «Алхимиялық кезең» қандай аралықты қамтиды?
4. Флогистон теориясы қалай жүзеге асты.
5. Химия қандай пәндермен тығыз байланыста?
6. Химияның негізгі міндеттері қандай? Сұрақтарына жауап іздеуге
болады.
№2Тақырыбы: Қоршаған орта. Таза және қоспа заттар
Сабақ мақсаты:Қоршаған ортадағы заттар түрлері, таза зат пен қоспа
заттарды танып білу.Қосылыстардың және элементтердің физикалық
қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес
заттарды ажыратуда қолдана алу
Ресурстар:https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/ehlement-qospazhane-qosylys?mid=037e7f30-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/ehlement-qospa-zhaneqosylys?mid=%info%
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/ehlement-qospa-zhaneqosylys?mid=037e7f33-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051
1.Қоршаған орта қандай заттардан құралған?
2.Ауаның құрамы туралы не білеміз?
3.Судың құрамы туралы не білеміз?
Сабақ барысы: Қоршаған ортада заттар түрлері өте көп екені
мәлім.Олардың құрамы бойынша сөз қозғасақ. Таза зат, қоспа деп
қандай заттарды атаймыз? Мысал келтіріңіздер.
1-тапсырма.
Төмендегі заттарданқоспалардың түрін ажыратыңыз: элемент, қоспа,
қосылыстарға жіктеңіз, кестеге толтырыңыз: кетчуп, күміс, теңіз суы,
ауа, оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл
газы, кока-кола, қант, цемент, әктас, хлор.
Элемент
Қоспа
Қосылыс
2-тапсырма Берілген заттар ішіненқайсысы, қосылыс, қайсысы элемент
екенін анықтаңыздар.
№3Тақырыбы:Қоспадан заттарды тазарту әдістері№1 зертханалық
жұмыс
Мақсаты: Қоспа құрамын біле отырып, қоспаны бөлу әдістерін тәжірибе
арқылы көрсету.
Сабақ барысы:1.Қоспа дегеніміз не?
2. Қоспа түрлеріне мысал келтіріңіздер.
Ауаның газдар қоспасы екенін білеміз:оның құрамына не кіреді?
Оттегі газы- О2, көмірқышқыл газы-СО2,азот –N2т.б
-табиғи минералдар да қоспадан құралған, мысалы Балқаш көлі мен
Арал теңізінен өндірілетін ас тұзы бөлшектерінің арасында аздаған
басқа тұздар да болады.
Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты 2-ге жіктеледі.
Құрамы бойынша біртекті қоспа, әртекті қоспа деп жіктелсе,оны
мысалдар мен дәлелдеу оны бөлу әдістерін анықтаңыздар.
1-тапсырма.
№1 зертханалық жұмыс. Қоспадан заттарды тазарту әдістері
Құрал-жабдықтар: Стақан,таяқша, спиртшам, құйғы, магнит, сұйық май,
бөлгіш құйғы, су, кәрлен табақша, қағаз, тұрғы, сүзгі
Берілген заттарды көріп, анықтап қоспа түрін дайындаңыздар оны бөлу
әдісін түсіндіріңіздер.
р/с
1
2
Қоспаның түрі
Қоспа
Оқушылар арасында жұмысты орындау
оқушыларға көмектесу, дәлелді жауап беру
Бөлу әдістері
барысында
қателескен
№4 тақырыбы:«Химиялық және физикалық құбылыстар. Химиялық
реакциялар»
Мақсаты:Физикалық және химиялық құбылыстарды бір-бірінен ажырата
алу, химиялық құбылыстардан химиялық реакциялардың танып білу.
Сабақ барысы: Химия, география сабақтарында құбылыстармен
таныстық. Сол білімімізді қолдана отырып нақты құбылыстарды
дәлелдеп химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстырыңыздар.
1-тапсырма
а)алюминий сымын ию, қантты ұнтақтау, жағу, парафинді балқыту
тәжірибелерін жасаңыздар. Тәжірибе нәтижесінде заттың қасиеті туралы
не байқадыңыздар,қорытындысын жазыңыздар.
Ә)Ал қантты жағу кезінде жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне назар
аударыңыздар.
Б) магнийді, парафинді жағу, мыс тақташасын күйдіру тәжірибесін
жасап қорытындысын жазыңыздар..
2- тапсырма
Қолда бар қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау және оқулықтан
физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табу.
Химиялық
құбылыстың химиялық
реакция деп
аталатындығын,
химиялық реакциялардын белгілері тұнбаның түсуі:BaSO4, AgCl ақ
тұнбаның түсуі, H2, O2, NH3, CO2газ бөлінуін тәжірибе жасау арқылы
көрсетіңіздер:
3- тапсырма:
Тұрмыста кездесетін өзгерістерден физикалық химиялық
құбылысты ажыратып, мысалдармен көрсетіңіздер.
№5тақырыбы:Атомның құрамы мен құрылысы. Бор диаграммасын
жасау
Мақсаты:1. ХЭПЖ-дегі мәліметтерді қолданып элементтің атомындағы
протон, нейтрон, электронның орналасу тәртібін, массасын, зарядын
табу;
2. Химиялық элементтердің атом құрылысын және ядро құрамын атау,
химиялық элементтердің атом құрылысы сызбасын жасау.
Сабақ барысы:
Химияда электрондар маңызды рөл атқарады. Себебі заттардың
физикалық және химиялық қасиеттері осы бөлшектермен анықталады.
Дат ғалымы Нильс Бор және басқа да ғалымдардың зерттеулері
бойынша атомда электрондар белгілі бір қабат- бұлт түзіп, тәртіппен
орналасатыны дәлелденді. Атомдағы электрондардың энергиялары
әртүрлі, тәжірибе көрсеткендей, олардың біреулері ядроға күшті,
басқалары әлсіз тартылады. Атомның құрамы мен құрылысын анықтау
үшін х.э.п.ж кестесін қолдана отырып әр химиялық элементке сипаттама
беруден бастаңыз
1-Тапсырма. Әр оқушы 5 химиялық элементтің таңбасын оқып,
айтылуын және таңбасын жазыңыздар
а) кез-келген 5 элементті оқиды;
ә) 10 элементті оқиды;
жалпы формуланы қолдану
Ar= Z+N
Ar- элементтің салыстырмалы атомдық массасы
Z- атомдық нөмірі N= Ar+Z
N- нейтрондар саны
Нильс Бор электрондардың деңгейлерде таралып орналасуын диаграмма
көмегімен көрсетті.
2-тапсырма. ХЭПЖ мәліметтерді қолданып 5химиялық элементтің
атомдық массасын, ядро зарядын табыңыздар. Таңдап алған элемент
бойынша бос орындарға тиісті жауапты жазыңыздар
Реттік № болатын химиялық элементтің атомының ядро заряды
______тең. Оның атомында ______ нейтрон бар.
3-тапсырма.А) Төмендегі кестедегі химиялық элементтердің Бор
диаграммасы бойынша атомдардың құрылысын салыңыздар
В) Элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын,
салыстырмалы атомдық массасын, аталуын анықтап кестені
толтырыңыздар:
Элемент
B
F
Al
S
таңбасы
Аталуы
Реттік номері
Протон саны
Нейтрон саны
Электрон саны
Салыстырмалы
атомдық
массасы
№6-7тақырыбы: Электрондардың құрылысы, энергетикалық деңгейде
атомдардың орналасуы
Мақсаты:1.Химиялық
элементтердің
периодтық
жүйесіндегі
мәліметтерді қолданып элементтің атомындағы протон, нейтрон,
электронның орналасу тәртібін, массасын, зарядын табу, химиялық
элементтердің атом құрылысы сызбасын жасау, элементтердің металл
бейметалл екендігін анықтау
Сабақ барысы: Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі топ,
период дегеніміз не? Қанша период, қанша топ бар?
Периодтық жүйеде 7 период бар, 1, 2 және 3 периодтар бір
қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал 4, 5, 6, 7
периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды.
Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен
бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент
бар.Тігінен орналасқан элементтер қатарын топтар деп атайды.
Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен
белгіленген. Топ нөмірі элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне
сәйкес келеді. Әрбір топ-негізгі (A) және қосымша (Б) деп екі топшаға
бөлінеді. Негізгі топшаны табиғи ұялас элементтер ; қосымша топшаны
үлкен периодтың элементтері –металдар ғана құрайды.
Әр энергетикалық деңгейде болатын электрондардың максимал
саны мына формуламен анықталады. N=2n2 Сыртқы электрондық
қабатта сегіз электрон ғана болады, оны аяқталған қабат деп
атайды.Электрон саны максимал болмайтын электрондық қабаттар
аяқталмаған деп аталады. Сыртқы энергетикалық деңгейдің құрылысы
периодты түрде қайталанатындықтан химиялық элементтердің
қасиеттері де ұқсас болады.
1-тапсырма
А)ХЭПЖ кестесін қолдана отырып s-элемент, p-элемент, d-элемент, fэлементтерді анықтаңдар.7 период ,7-энергетикалық деңгей бар.
Ә)1-5 периодтан элементтің орналасқан орнына қарай
s-деңгейше
элементі,p- деңгейше элементі, d- деңгейше элементі, f- деңгейшеден
1 химиялық элементті анықтап, сипаттама беріңдер
2-Тапсырма.
Төменде берілген химиялық элементтерге атом құрылысы теориясы
тұрғысынан сипаттаама беріңіздер
Na, B, Be, Cu, Si, Rb, S, Fe, As, Ba, Ar, Sn, Zn, С, Р
-химиялық элементтің таңбасы, атауы;
-хэпж орны, периоды, тобы, рет саны);
-атом құрамы( протондар, нейтрондар, ядро заряды);
-энергетикалық деңгейде электрондардың таралуы;
- электрондық конфигурациясы,-(Бор диаграммасы);
- электрондардың орбитальда орналасуы-графиктік формуласы;
-элемент түрі-(s,p,d);
-валенттілігі;
-жоғары оттекті қосылыстарының формуласы;
-ұшқыш сутекті қосылыстарының фоормуласы.
3-тапсырма
Химиялық элементердің периодтық жүйесінен металдар мен
бейметалдарға мысалдар келтіріңдер
№8 тақырыбы Химиялық элементтердің табиғатта таралуы.
Биологиялық рөлі.
Мақсаты:1.Химиялық элементтердің агреаттық күйін ажырату,
табиғатта таралуы мен қосылыстарын анықтау.
Химиялық элементтердің биологиялық рөлін түсіндіруде биология
курсы бойынша білімдерін ортаға салу.
Сабақ барысы:
1-тапсырма1. Азғамызда қай мүшеде қандай химиялық элементтер бар?
Оның қызметі туралы не білеміз?
Оқушылар өз ойын ортаға салу, оқушы ойын толықтырып жауаптарын
дәлелдеу
2.»Ақыл –ой» элементі туралы не білеміз?
3.Теледидарда жарнамадан қандай дәрілердің жарнамалап жүр, ол
дәрілер қай мүше үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2-тапсырма
ХЭПЖ қолдана отырып 5 химиялық элементтің табиғатта таралуын,
биологиялық маңызын анықтаңыздар.
р/
с
1
2
Химиялық элементтің табиғатта
таралуы
Химиялық элементтің
биологиялық рөлі
3
4
5
Оқушылар жазған жұмыстарын қорғау және бір-бірінің жұмысын
толықтыру
3- тапсырма: Мырыш сульфаты медицинада антисептик терінде
қолданылады. Натрий, калий және хлор жүйке ұлпасындағы электрлік
импульстердің пайда болуы мен өткізілуін қамтамасыз етеді. Кальций
мен фосфор сүйек ұлпасының қалыптасуына қатысады, да сүйектің
беріктігін қамтамасыз етеді, қанның ұю қасиеті де кальцийге тығыз
байланысты.
Натрий, калий, фосфор, селен, т.б химиялық элементтердіің
биологиялық маңызын анықтаңыздар
Тақырыбы №9 Химиялық элементтердің ашылу тарихы
Қазіргі ғылымның жетістігі, химиялық элементтердің ашылуы
Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Мақсаты:1.Химиялық
элементттердің
периодтық
жүйесіндегі
мәліметтерді қолданып химиялық элементтердің ашылу тарихымен
танысу.
Сабақ барысы:
Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып
келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі
заттар химиялық элементтерден түзіледі.
1-тапсырма
Қандай химиялық элеметтің ашылу тарихын білеміз?
Сутегi — кең таралған элементтердiң бiрi.
Сутегi физикалық және химиялық қасиетi жағынан галогендерге ұқсас.
Бос күйiнде иiссiз, түссiз газ. Галогендер сияқты металдармен
қосылғанда терiс тотығу дәрежесiн көрсетiп гидрид түзедi (NаН). Сутегi
галогендер сияқты бос күйiнде екi атомды (Н2, С12, F2). Сондықтан оны
периодтық жүйесiнде VII Атопшаға орналастырады. Сонымен қатар,
сутегi сiлтiлiк металдар сияқты оң тотығу дәрежесiн де көрсетедi (НСI,
Н2S). Осы қасиетiне қарай оны период жүйесiнiң IА топшасына да
орналастыруға болады.
Табиғатта сутегi екi изотоп түзедi — протий және дейтерий,үшiншi
тритий изотопы жасанды. Судың құрамында 11,19% сутегi бар.
Элементтің таңбасын оқып, әр оқушы өзі танысқан химиялық элементті
таныстырады.
1-тапсырмаCілтілік және сілтілік жер металдарының ашылуы
Литий 1817ж А.Арфедрон ашты
Натрий мен Калийді 1807ж Г.Дэви ашты
Рубидий мен Цезийді 1861ж Р.Бунзен ашты
Сілтілік жер металдары
Берилий -1798ж берилл минералынан француз химигі Л.Воклен тапты.
Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р.Влер алды.
Магний, Кальцийді -1808ж ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты
Стронций -1808ж жеке түрінде Хемфри Дэви алған.
Барий -1774ж Карл Шелее ашқан.
Жер металдарды өңдеу
Борды алғаш рет 1808ж француз химиктері Ж.Гей-Люссак пен Л. Тенар
бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған.
Алюминий –бос күйінде алғаш рет 1825ж даниялық физик Ханс
Кристиан Эрстед алған.
2-тапсырма: Инертті газдардың ашылу мен оның маңызы қандай? Осы
элементтердің ашылуын таныстырайын.
Гелий-1868ж француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы
Н.Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895ж ағылшын химигі
У.Рамзай радиоактивтілік клевеит минералынан бөліп алған.
Неон-1894ж Дэвид Рэлей және У.Рамзай мен М. Траверс сұйық ауаның
ұшқыш фракциясын зерттеу кезінде ашқан.
Аргон- 1894жжылы Дэвид Рэлей және Уильям Рамзай ашқан
Криптон-1989ж ағылшын химктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық
ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан.
Платина-таза күйінде алғаш рет1803жылдан ағылшын ғалымы У.Х.
Волластон алған.
Палладий-алғаш рет 1803ж ағылшын ғалымы У.Х. Волластон ашқан
(1776
3- тапсырма:Оқушылар химиялық элементтердің ашылу тарихын
таныстыру, шығармашылық жұмыстарын қорғау
№10-11 тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық жүйеде
орналасуы
Мақсаты:1. ХЭПЖ-дегі мәліметтерді қолданып элементтің периодтық
жүйеде орналасу тәртібін, массасын, зарядын табу;
2. Химиялық элементтердің атом атом құрылысы сызбасын жасау.
Элементтердің табиғи топтарын және оларға жататын элементтерді атау.
Сабақ барысы: Ғылымның кез-келген саласында деректердің жиналып
артуына байланысты, оларды жіктеп, жүйелеу мен өзара байланыстарын
айқындау жұмысы жүреді. Сол сияқты, химиялық элементтерді де
жіктеудің қажеттігі туды, себебі олардың саны ХІХ ғасырдың басынан
біртіндеп арта бастады. Жіктеу элементтерді металдар мен
бейметалдарға бөлуден басталды; оны шведтің ұлы ғалымы Й.Я.
Берцелиус жүзеге асырды. Бұл жіктеу жеткіліксіз болды.
Химиялық элементтердің ашылу тарихымен таныстық,енді сол
химиялық элементтер периодтық жүйе кестесіне қалай орналастырылды,
қандай заңдылықтарға бағынды осы сұрақтың жауабын бірлесіп
анықтайық.
Периодтық жүйеде химялық элементтерді топтастыруда 7 период,
8 топтың жасалынуы, әр элементтің атомдық массасының артуына қарай
сол топтарға орналастырылуы ол белгілі заңдылыққа бағынады, яғни
химиялық элементтердің ашылу тарихына қарай олардың физикалық
қасиеттері, сипаттамалары арқылы топтастырылуын еске түсірейік
І-топтың негізгі топшасында сілтілік металдар,
ІІ- топтың негізгі топшасында –сілтілік жер металдары
ІІІ- топтың негізгі топшасында –В топшасы,
IV-топтың негізгі топшасында көміртек топшасы
V-топтың негізгі топшасында азот тапшасы
VI-топтың негізгі топшасында халькогендер-кен түзушілер
VII-топтың негізгі топшасында-Галогендер-тұз түзуші
VIII- топтың негізгі топшасында Инертті газдар/асыл газдар, бекзат
газдар/ орналасқан Қосымша топшада металдар орналасқан
1-тапсырма: Жоғарыда көрсетілген топтар бойынша төмендегі
альгоритмді қолданып жіктелуіне қарап әр топтан 1 химиялық элементке
сипаттама беріңіздер.
-ашылу тарихы,
-атом құрылысы,
-сол топқа жатқызу-сипаттамалары
2-тапсырма
ХЭПЖ қолдана отырып салыстырмалы атомдық массасы өскен сайын
металдық,бейметалдық қасиетінің өзгеруін, белсенділігін түсіндіру
1. Период бойынша
2. Топ бойынша
А) сілтілік металдардың
В) галогендердің
С) Халькогендердің қасиеттерін сипаттап жазыңдар
№12тақырыбы: Химиялық элементтердің ұяластары
Сабақтың мақсаты:1. ХЭПЖ-дегі мәліметтерді қолданып элементтің
периодтық жүйеде орналасу тәртібін химиялық элементтердің атом
құрылысы сызбасын жасайды.
2. Элементтердің табиғи топтарын және оларға жататын элементтерді
атайды, элементтердің табиғи топтарын сипаттайтын химиялық
қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазу
Сабақ барысы:
Химиялық қасиеттерінде ұқсастық болуына орай біріккен
химиялық элементтер тобы ұқсас элементтер немесе табиғи ұяластар
тобы деп аталады.Химиялық элементтердің табиғи ұяластарға жіктелуі
олардың қасиетіне байланысты анықталған.
Сілтілік жер металдары валенттілігі ІІ-ге тең,
Стронций мен барийге тоқталсақ; Sr- электролиз әдісімен алынады.SrO,
Sr(OH)2Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды
минералдары - целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3.
Химиялық қасиет бойынша сілтіге ұқсас, сумен әрекеттесіп
гидрототыққа Sr(OH)2айналады.
Ва- табиғатта барит (BaSO4) және витерит (BaCO3) минералдары түрінде
кездеседі.
Бейметалдардың тағы бір ұқсас тобын қарастырсақ:
S, Se және Te элементтер тобын халькогендер деп те атайды.
Бұлар
VI
валенттік көрсететін оксидтер түзе алады. Жалпы
формуласы-RO3, биэлементті қосылыстар
Оларға сәйкес қышқылдардың формулаларын құрастырыңдар
Se- +6 тотығу дәрежесін көрсетеді, қышқылдық оксид-SeO3.H2SeO4,Селен қышқылы мамандандырылған тотықтырғыш зат ретінде
қолданылады.
Теллур күмістей сұр түсті, металдық жылтыры бар элемент, тығыздығы
6,24 г/см3, балқу t 449,8
Теллурдың бірнеше әлсіз қышқылдары –H2Te, H2TeO3, H6TeO6
1-тапсырма
ХЭПЖ қолдана отырып I,II,VI, VII топтар табиғи ұяластары бойынша
химиялық элементтерге сипаттама беріңіздер.
- Формуласы,
- Қосылыстары
- химиялық қасиеттерін анықтайтын реакция теңдеулерін жазыңыздар
№13-14 тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептер
Мақсаты:1.Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу,
элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;
2. Берілген массалық үлестер бойынша қосылыстың формуласын
шығару. ХЭПЖ кестесін қолдана отырып химиялық элементтердің
салыстырмалы атомдық массасын, салыстырмалы молеулалық
массасын, молярлық массасын табу
Сабақ барысы:
Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу мен
элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын
шығаруға мысал келтіру
1-Тапсырма:
3 химиялық элемент, 3 химиялық қосылысқа мысал келтіріңіздер
Мысалы: СаО, NaCl, Al2 (SO4)3, H3PO4, т.б оқушылар бір-бірінің
жұмысын тексереді, көмек қолын созады.
2-Тапсырма.
Оқушы есепті жеке орындап,жұпта талқылауға болады
1-есеп.Қосылыстың құрамына массалық үлесі 24,7 %-калий, 34,8%марганец, 40,5%- оттек элементтері кіреді. Қосылыстың қарапайым
формуласын табыңыздар.
Есептің шығарылу үлгісі.
Бер
W(K)= 24,7%
Шешуі
W(Mn)+34,8%x:у:z=w(K)/ Ar(K) : w(Mn)/ Ar(Mn)
W(O)= 40,5% w (O)/ Ar(O)=
Т к/к KxMnyOz=?
Ar (K)= 39, Ar(Mn)=55 Ar(O)=1 6
x:y:z= 24,7/39:34,8/55: 40,5/16 = 0,633:0,633: 2,531
Бүтін сандар қатынасына айналдырамыз
x:y:z = 1:1:4 Жауабы: KMnO4
2-есеп:
Күміс сульфидіндегі- Ag2S күмістің массалық үлесін анықтаңыз:
a) 77%
B) 82% C) 87%
D) 92%
3-есеп. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында
47,83%-стронций,34,78%оттек,17,39%күкірт
болса,
молекулалық
формуласы қандай?
4-есеп. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін
қышқылдың әсерінен ашиды.Ол қышқылдың құрамында: 26,09%-С
көміртегі, 4,35% -Н сутегі, 96,50% -О оттегі бар болса, қышқылдың
формуласықандай?
5-есеп. "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы
тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58,80% барий, 13, 73% күкірт, 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай?
6-есеп. Таза күйіндегі гематит минералының молекула құрамында 70 %
темір,30% оттек болады деп есептеп, қарапайым формуласын
табыңыздар.
Осындай үлгідегі есептерді шығартуға болады.
№15 тақырыбы:Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Мақсаты:Бейорганикалық заттарды құрамына,қасиеттеріне байланысты
жіктеуге, негіздік және қышқылдық оксидтерді салыстыра білуге,
металдар және бейметалдардың генетикалық қатарын, олардың
мүшелері арасындағы генетикалық байланысты химиялық реакция
теңдеулерімен өрнектеуге үйрету.
Сабақ барысы: Бейорганикалық қосылыстың негізгі кластарын,
ережесін еске түсіру,
1.Оксидтер 2.Негіздер. 3 Қышқылдар 4. Тұздар
1-тапсырма Әр қатардан сол класқа жатпайтын формулаларды алып
тастаңыздар
«Артығын алып таста» осы қатарда қай қолсылыс артық екенін
анықтаңыздар
1. HCl, Na2SO4, H2SO4, HNO3
2.KCL,BaSO4, H3PO4, CaCO3
3. NaOH, MnO2, KCLO3, N2O5
4. SO3, NaOH, LiOH, Ca(OH)2
2-Тапсырма
Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып,
түзілген заттарды атап, қай класқа жататынын анықтаңыздар
А) Сu Cl2 → Cu(OH)2→ Cu O → Cu
В) Al2O3 → AlCl3 → Al(OH)3 → Al2O3 → Al2(SO4)3
С) Р→ Р2О5 → H3 PO4 → Ca3 (PO4)2→ CaCL2
Д) S → SO2 → SO3 → H2SO4 → BaSO4
3- тапсырма
А) Азот → азот (IV) оксиді → азот қышқылы → натрий нитраты
В) калий → калий оксиді →калий гидроксиді → калий сульфаты →
калий хлориді
4- тапсырма
Мына берілген заттардың: KOH, HNO3,CuO, Zn, SO3, H2SO4,Ca(OH)2
А) натрий гидроксидімен, ә)күкірт қышқылы, в) кальций гидроксидімен,
г)фосфор қышқылымен, ғ) магний гидроксидімен арасында жүретін
реакция теңдеулерін жазыңыздар, заттардың қай класқа жататынын
анықтаңыздар.
№16тақырыбы:Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

металдар және бейметалдардың генетикалықнегіздік және қышқылдық
оксидтерді салыстыра білуге, металдар және бейметалдардың
генетикалық қатарын, олардың мүшелері арасындағы генетикалық
байланысты химиялық реакция теңдеулерімен өрнектеуге оқушыларды
үйрету.
Сабақ барысы
1.Негіздік оксид сумен әрекеттескенде түзілетін қосылыс:
А) қышқылға жатады В) Ерімейтін негізге жатады
С) Амфотерлі оксидке жатады Д)Тұзға жатады Е) Сілтіге жатады
2. Мырыш гидроксиді түзілетін реакция:
А) ZnO+NaOH=
В) ZnSO4 + NaOH =
С) ZnO+ H2 =
Д) ZnO + H2O =
Е) Zn + NaOH =
3.Суда жақсы еритін қосылыс:
А)Li2O
В)CuO С)NiO Д)CoO Е) Al2O3
4.Калий гидроксиді түзілетін реакция:
А) Сu(OH)2 + KCl= В) K2O +H2O =
С) K + H2O =
Д) K2SO4+ H2O =
Е) AgNO3 + KCl =
5.Мына оксидтер берілген: CO2,SiO2 ,TiO2,MnO2,SnO2. Сумен
әрекеттесетін оксидтер саны:
А) 1 В) 4
С) 2
Д) 5 Е) 3
6.Мыс (ІІ) гидроксидін қыздырғанда түзілетін заттарды көрсетіңіз:
А) Cu + H2O
В) CuO + H2O
С) Cu2O + H2
Д) Cu+ H2
Е) CuOH + H2O
7.Хром (VII) оксидімен оған сәйкес келетін хром қышқылының
формуласын жазыңыз. Жауапта осы қышқылдың молярлық масасын
көрсетіңіз.
А) 59 г/моль В) 118г/моль С) 177г/моль Д) 120 г/моль Е) 126г/моль
8.Марганец (VII) оксидімен оған сәйкес келетін хром қышқылының

А) 120 г/моль В) 100г/моль
С) 110г/моль
Д) 130 г/моль
Е)
140г/моль
9.Негіздің формуласын табыңыз.
А) Al(OH)Cl2 В) Ca(OH)2 С) NaHCO3 Д) CaO
Е) Na2O
10.Калийдің генетикалық қатарына кіретін заттардың формулалары.
1. KCl
2.K
3.KOH 4.K2O
А) 1-2-3-4
В) 2-4-3-1 С) 2-3-1-4 Д) 1-3-4-2 Е) 4-2-3-1
11.Реттік нөмірі 33 болатын элемент оксидінің судағы ерітіндісі төменгі
заттардың қайсысымен әрекеттеседі
А) HNO3
В) LiOH С) KNO3 Д) CO2
Е) HNO3
№17тақырыбы: Жоба қорғау Атомның моделін жасау.
Мына қосылыстардың Су молекуласы- Н2 О көміртек (IV) оксиді –СО2
Fe2O3 aтомдарының моделін жасау
Мақсаты:Атом құрылысын хэпж кестесін қолдана отырып жазу,
берілген заттардың моделін жасау
Сабақ барысы: Химиялық қосылыстардағы
атомдардың өзара
орналасуын молекула моделі арқылы көрсетуге болады. Ол үшін сол
қосылыстың формуласын валенттілігіне сай дұрыс құрастырып алу
керек. Содан кейін атомдар арасындағы байланыс түрін анықтай
отырып сол молекуланың пішінін анықтап сол бойынша модель
құрастыруға болады.
Бұл жерде :1. Формуланы дұрыс жазамыз,
2.Қосылыстағы элементтердің валенттілігін білетін боламыз.
3.Қосылыстың кеңістіктегі пішінін анықтаңыздар.
Осы нұсқауларды толық орындаған кезде молекула моделі дұрыс
құрастырылады.
1-тапсырма.
Ермексаздан және металдан немесе пластмассадан жасалған шарлар мен
таяқшалар берілген. Берілген тапсырма бойынша мына заттардың
моделін жасаңыздар.
Судың моделі- Н2О – сутегі қара түсті, оттек ақ түсті. Көміртек (ІV)
оксиді- СО2, көміртек қара түсті, оттектер сары түсті, Темір (ІІІ) оксидіFe2O3темір қызыл түсті оттек жасыл түсті т.б
2-тапсырма
Қолда бар құралдар арқылы мына қосылыстардың:Оттек –О2, озон –О3,
азот- N2, аммиак- NH3, көмірт

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)