Материалдар / 8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан қыздар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан қыздар

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан қыздар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
207
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

Сабақтың оқу мақсаттары

8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету

Сабақтың мақсаты:

  • әртүрлі халықтың ұлттық киімінің ерекшелігі туралы түсінік береді;

  • ұлттық киімнің заманауи модельдері (этностиль) туралы түсінігін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

  1. Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар тақтаға орналастырылғанқазақтыңұлттықкиімдері бейнеленген әртүрлі фотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқкиімдер, сыртқыкиім,аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.Мұғалім тақтаға, оқушылар – альбомынанемесежұмысдәптерінеқажеттіжазбаныжазады, (1-4 слайд)

Оқушылар амандасып,бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар құндылық туралы өз ойларын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





  1. Бірлескен әңгіме (5слайд)

Мұғалімтақтаға бұрынғысына қосымша басқа ұлттық киімдер бейнеленген фотосуреттерді орналастырып, барлық оқушыларға суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

  • Бұл суреттерде не бейнеленген?

  • Оларды не біріктіреді?

  • Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде?

  • Мұнда көрсетілген киімдердің негізгі түрлерін атай аласыңдар ма?

  • Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білесіңдер?

  1. Ақпаратпен жұмыс

Ары қарай – оқушылар топта мұғалімнің ұсынған әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдері туралы ақпаратты (1 қосымша) зерттеулері және өздерінің зерттеу нәтижелерін кестеге (2 қосымша) жазуларытиіс:

Киімнің негізгі түрлері


Жасына қарай


Киім пішіні


Түс гаммасы


Ою-өрнекпен әшекейленуі


Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың сұрағына жауап бере отырып, жұмысты қорытындылайды.

  1. Бірлескен сұхбат

Мұғалім оқушыларға топта сұрақтарды талқылауды ұсынады:

  • Ойланыңдар, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма?

  • Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қандай айырмашылық және неліктен екенін сипаттап бере аласыңдар ма?

Әр топ өз ойлары мен жауаптарын сыныптастарына айтады, мұғалім оны қажеттілігіне қарай түзетеді.

  1. Әңгімеге шолу

Мұғалімберілген тапсырманы -карточка бойынша бағалау түрін топ оқушыларына алдын ала таныстырады. (4 қосымша)

  • ? сұрақ қойыңдар;

  • +ақпаратты толықтырыңдар.

  • Этностиль деген не?

  • Оның бірнеше түрін атаңдар?

  • Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?

Оқушылар бұл тапсырманы топта орындайды.


Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің әртүрлі түрлері бейнеленген карточканы таңдап, 4 топқа бірігеді.


Оқушылар бірлескен әңгімені негізгі сәттерін анықтай отырып, қорытындылайды, қажеттілігіне қарай альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.


Оқушылар топта этникалық стиль, оның түрлері туралы презентациядағыақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді:

.

Дискриптор

әртүрлі халықтың ұлттық киімінің түрлерін біледі, түсті гаммасы мен ою-өрнек түрлерін анықтайды;

- қазақтың ұлттық киімінің жас бойынша бөліну мәнін түсінеді;

- кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айыра біледі;

- этностильдегі ұлттық киім түрлерімен танысады.

Беларусс, татар, орыс халқының ұлттық киімі бейнеленген фотосуреттер



http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)

http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/

(татар ұлттық киімі)




Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.














Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Ою-өрнек және оның стилизациясы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- стилизациясы мен пішініне назар аудара отырып, ою-өрнек түрлерін зерттеу;

  • - өздерінің стильденген ою-өрнек идеясын ұсыну.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.

«Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

«Тақия кімде?» физминутка ойыны

  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Тақырып пен мақсатты анықтауда қиындық туындаса, мұғалімнің бағыттаушы сұрақтар қоюына, сонан соң тақтаға қажетті жазбалар жазуына болады.

Әңгімелеу сұрақтары:

  • Неліктен сәндік ою-өрнек белгілі бір уақыттың, халықтың, елдің сәндік-қолданбалы өнер туындысына немесе көркем туындысына тән белгі болып табылады?

  • Ою-өрнек деген не?

  • Тақиядағы қандай ою-өрнек сабақ тақырыбымен байланысты?

Оқушылар амандасы,

бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, ойларын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





  1. Бірлескен әңгіме

Мұғалім оқушылардан қазақ ұлттық әйелдер мен ерлердің бас киімдеріненазараударуынұсынады,мысалы, тақия, сәукеле, кимешек (жаулық) т.б. жәнесұрақтарғажауапберудісұрайды:

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл суреттерді не біріктіріп тұр? (ою-өрнектер, әйелдер бас киімі, белгілі бір материалдан дайындалған және т.б.)

  • жас ерекшелігіне байланысты бұл бас киімдер туралы не айта аласыңдар? (тақия- қыздар, сәукеле-бойжеткен және кимешек-әжелерге)

  • Әр бұйымнан қандай ою-өрнек көріп тұрсыңдар? (оқушылар ою-өрнек түрлерін атайды, мысалы, өсімдік текті, геометриялық пішін, жануарлар мен құстарға ұқсас және т.б. ою-өрнектер).

  • Қалай ойлайсыңдар, оларды қазіргі күнделікті өмірде киім элементі ретінде қолдануға бола ма? Мысал келтіріңдер.

  1. Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

  • Мұндай бұйымдарды танымал ету бойынша қандай идеялар ұсына аласыңдар?

2 кезең.Стилизация түсінігі туралы қысқаша сипаттаманы қарастырыңдар және әртүрлі нысандарды қалай стильдеуге болатыны туралы презентация (таныстырылым) жасаңдар.

Стилизация - бейнеленген пішінді суреті мен түсі бойынша ықшамдау және жинақтау, ою-өрнек пішінін салуға арналған пішін (фигура) туындысы. Стилизация көлемді өнер мен сәндік өнерде әсемділікті арттыру үшін дизайн құралы ретінде қолданылады(1 қосымша).

3 кезең. Таңдалғаннысанныңстильденгенсуретінсалыңдар.

4 кезең.Орындалғансуреттердіталқылау, оныңорындалуыбойыншамұғалім мен сыныптастарының ұсынысы.


  1. «Кубизм»стратегиясыбойыншазерттеу.Тәжірибелік жұмыс.

Оқушыларстильдеужәнеоныңпішініненазараудараотырып, тапсырмадаберілгеною-өрнектүрінзерттеулерітиіс. Соныменқатаркестедеберілгенсуретбойыншаою-өрнектістильдеудіңөзіндікнұсқасынұсынуытиіс.Олүшінтөмендеберілгенкестебойыншажұмысжасауқажет (А 3 форматындаорындауұсынылады) (2 қосымша).

Презентация (таныстырылым)

Әрбір топқа жүргізілген зерттеу бойынша сөз сөйлеуге 2 минут беріледі.

Бағалау – «Галереяға саяхат»

Таныстырылымнан кейін әр топ өз жұмысын «галереяға» орналастырады. Өзара бағалау мен кері байланыс жасау үшін әр топ өз көзқарасын стикерге жазып, жұмысқа дауыс бере алады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Бұл үшін оқушылар топтарға бірігеді:

1 кезең. Онлайн платформа бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.

Оқушылар топтан таныстырылым жасау үшін бір спикерді таңдаңдайды.


Дискриптор

Зерттеу үшін ақпарат көздерін өздігімен таңдайды;

-ою-өрнек жасау үшін стильдеу әдісін қолданады.

Тақия немесе басқа сәндік ою-өрнектермен әшекейленген қазақтың ұлттық бас киімдері.

Қазақтың ұлттық музыкалық композициясы: Құрманғазы Сағырбайұлының күйі



Аяқталуы



Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.








Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Этностильдегі бұйымдарды жасау

Бұйымдарды әшекейлеу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін сақтап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

- бас киім дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады;

- қажетті өлшемдерді алады;

- бұйымның сызбасын сызады.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Ақылды тас» тәсілі

Мұғалім оқушылар пакеттен немесе матадан жасалған қоржыннан бір тастан таңдап алуды ұсынады, сұрау белгісі бейнеленген тас кімде болса, сол қатысушыларға сабақ мақсатының мағынасын түсіндіреді. Қандай да бір қиындық туындаған жағдайда сыныптастары жауабын түзете отырып, көмектеседі.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы


  1. Бірлескен әңгіме

Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай сол құрамда топқа бірігеді және алдыңғы сабақта жасалған болашақ жоба бұйымының шығармашылық эскиздерін қарап шығады. Мұғалім әр топқа бір-бір сұрақтан таңдап және ойланып, жауап беруді ұсынады:

  • Бұл бұйымға қандай ою-өрнек қолайлы?

  • Бұл бұйымды жасауға қандай материалдарды қолданған ыңғайлы?

  • Өз эскиздеріңді тағы да немен толықтырғыларың келеді? Неліктен?

Топтар осы жайында өз ойларын ортаға салады

  1. Тәжірибелік жұмыс. Кестемен жұмыс. 1 кезең.

  • Бас киімнің сызбасын құру үшін өлшем алу кезінде қандай өлшем алу ережелерін сақтау қажет? (2 қосымша)

  • Бас киімнің – тақия, сәукеле және т.б. сызбасын құру үшін қандай өлшемдер алу керек?

  • Өлшем алыңдар және нәтижесін кестеге жазыңдар (3 қосымша).

Конструкциялау кезінде, яғни сызба жасау кезінде БА (бас айналымы) өлшемінің бөлінуі немесе бөлінбеуі де мүмкін. 2,4,6,8,10,12 немесе басқа санға бөлінуі мүмкін. Бұл бас киімнің моделіне байланысты. Яғни, егер артқы жағынан тір тігіс түскен жаздық бас киім болса, онда құрылым кезінде бөлінбейді. Ал егер, мысалы, қиықты тақия болса, онда 4-тен 12-ге дейін бөлінеді. Яғни БА өлшемі жоспарланған қиық санына бөлінеді.

2 кезең.

Бас киім сызбасын сызу

Бас айналымы аздап құлақтан жоғары өлшенеді және алынған санды төртке бөлу керек. Параққа негізі алынған өлшем санына тең, биіктігі -1 – 1,5 см кем етіп бесбұрыш сызу (а- сурет). Мысалы, бас айналымы 52 см-ге тең болса, онда әр бесбұрыштың негізі 52 : 4 = 13 см, ал биіктігі 13 - 1 = 12 см болады. Пішу барысында матадан 4 бөлшек пішу қажет.

3 нұсқа. Бейне материалды қарап шығу және жұмысқа ұсынылған кезең бойынша бас киім дайындау.

https://www.youtube.com/watch?v=O8sZma1be-s

3 кезең.

Бұйым дайындау кезеңі

Дайындау реттілігі

1



2



3



Сапаны бақылау

Өзін өзі бақылау, өзара бақылау:

Оқушылар мұғаліммен бірге орындалған жұмыстардың сапасын тексереді.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Оқушылар алынған ақпаратқа, дизайнерлік шығармашылық бұйымды жасауға арналған эскиздер мен таңдалған материалдарға сәйкес нұсқаулық-технологиялық картаны дайындап, оны кестеге орналастырады:

Дискриптор

- белгілі бір талаптарға сәйкес бұйым дайындау үшін альбомға немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаларды орындайды;

- осы жазбалар негізінде бұйым дайындаудың әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, өлшем алу және сызбасын сызуды орындайды.

Презентация

Альбомы, рабочие тетради учащихся

https://www.youtube.com/watch?v=87-DrwZ4fvE

https://www.youtube.com/watch?v=9ZIaQhw_HWQ

Презентация, әр топқа арналғансұрақжазылғанслайдтар.



Аяқталуы



(Қ) Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылармен бірге нобайлар көрмесімен орындалған жұмыстарды талқылау

«Бағдаршам» әдісін қолдану


Оқушының жауаптарына пікір қалдыру.





Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Сәндеу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.1.6.4-Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

Сабақтың мақсаты:

  • образды, кеңістікті ойды қалыптастыру және өз ойын нобай, сурет, көлемді пішіндер арқылы бейнелеуді үйрету;

  • шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтауды, таңдауды және біріктіруді үйрету;

  • шығармашылық жұмысты жасау үшін көркемдік материалдармен жұмыс орындау дағдыларын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сабақтың басында оқушылардың дайындығын тексеру.

Сабақ басында техника қауіпсіздігі мен санитарлы-гигиеналық нормалар туралы нұсқама жүргіpуі.

Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Жұмысты бастамас бұрыноқушыларға жостов, хохлома, гжель және т.б. жазбаларды орындау үшін қағаз ыдыстар, бір реңкті керамикалық ыдыстарды, фанера немесе тақтайшаларды т.б. материалдарды қолдануына ұсыныс жасау.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

https://youtu.be/Uy5GGacwiwQРоспись изделия, двойной мазок, имитация гжели, irishkalia

Галилео. Гжель.

Батикке, керамикаға, шыныға арналған бояулар жинағы керме, қылқаламдар


11-20 мин




Ортасы





21-35 мин


5 мин

(МК)Оқушылар өткен сабақта дайын бұйымға арнайы декордың композициясын орындап, көркемдік жазба ерекшелігін ескере отырып,материалдар дайындаған.

Жазық немесе көлемді пішін бетіне суретті көшірудің бірнеше тәсілін, сондай-ақ, мысалы, гжель, жостово немесе хохломада және т.б. еркін жазбаларды орындауда негізгі сызықтары жүргізілетінін көрсету.


Егер оқушылардың бірі мата үстінде жазба таңдаған болса, мұғалім суреттің контурын резервпен жүргізу үрдісін қадағалайды.

Оқушылардың резерв құйылған түтікшені қолдану барысында қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалау керек.


(Ө)(Қ) Сарамандық жұмыс №5


Оқушылар құрастырылған технологиялық карта бойынша жұмысқа кіріседі.Оқушылар суретті негізге көшіреді.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

образды, кеңістікті ойды қалыптастыру және өз ойын нобай, сурет, көлемді пішіндер арқылы бейнелеуді үйренеді;

шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтауды, таңдауды және біріктіруді үйренеді;



Интерактивті немесе сынып тақтасы, презентация,

пакеттен немесе матадан жасалған қоржын, сұрау белгісі бейнеленген шағын тастар


5 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.

(Қ) Сабақтыңсоңындаоқушыларменбіргеорындалғанжұмыстардыңкөрмесінөткізіп, талдау

«Қолмен белгі беру» әдісін қолдану.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.
























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Сәндеу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

- өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

- әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады, сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар шағын пікірталас жүргізеді


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.



Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар.




15 мин







15 мин


Бірлескен әңгіме

  • Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?

  • Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?

  • Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?

  • Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.

Мұғалімнің түсіндіруі

Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.

- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд).

Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:

  • Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.

  • Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.

  • Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.

  • Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.


Жұмыс сапасын бағалау

  • Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімнің жетілдірілетін жері.

Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)

Оқушылар сұрақтарды топта талқылауы қажет:

Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.



Топтар барлық сабақ бойындағыдай құрамда жұмыс жасайды.

Дискриптор

Оқушылар өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

- өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

- әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.



Бисер, жіптер – люрекс, кестелеуге арналған жіптер, ине, қайшы және т.б.









Бағалау парақтары



Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты?

Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.








Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- көрмеге арналған өз жұмыстарын дайындауға алдын-ала дайындық жасайды;

- жасалу кезеңдерін түсіндіре отырып, өз жұмысын көрсетеді;

- өзінің және сыныптастарының жобалық бұйымының шығармашылық идеясын талдап, түсініктеме береді.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

«Көлеңке» ойыны

Әр оқушыға таза ақ А4 форматтағы парақ беріледі. Ойын тәртібі: берілген қағазды умаждап, қарама қарсы қабырғаға оның көлеңкесі түсетіндей етіп, табиғи немесе жасанды жарық көзіне қарсы орналастыру қажет. Көлеңке сұлабасының неге ұқсайтынын сипаттау қажет.

Оқушылар бірдей қағаз парағынан жасалған көлеңке фигурасын көрсетеді. Өзінің умаждалған парағынан көлеңкені кім қызықты етіп көрсетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.

Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың барлығында қағаздың бірдей болғанын, ал көлеңке сұлбасының барлығында бірдей емес, әрқайсысында өзіндік ерекшелігі болғанын атап көрсетуі қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Оқушылар өздігімен сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады. Бұл ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар





Шығармашылық жұмыс.


6-20 мин




Ортасы



21-30 мин





30-40 мин

Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс жасауына болады. Әр топқа флипчарт немесе үлкен қағаз парағы беріледі. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: мысалы, онлайн платформа немесе әлеуметтік желі (1 қосымша). Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады (бірнеше рет). Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға беруіне болады.

  1. «Қазақ ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі» бейне ақпаратты көру

Оқушылар мұғалім ұсынған бейнеақпаратты көріп, әртүрлі бас киім мен кеудеше түрлерімен танысады, мысал келтіре отырып, мұндай көрсетілімдерді қайдан көргені туралы айтады.

  1. Бірлескен әңгіме.

Оқушылар бейне ақпаратты көрген соң топта талқылап, сыныптастарына ұсыну:

  • шығармашылық жұмысты көрмеге қалай дұрыс дайындауға болатыны туралы, бағалау критерийлерін талқылау, сонымен қатар келесілерді ескере отырып:

  • жобаның тақырыпқа сай болуы;

  • сәндік безендіру түстерінің тақырыпқа сай болуы;

  • шығармашылық бұйымның функционалдығы.

  1. Шығармашылық жұмыс.

1 кезең. Оқушылар сән көрсетілімін көрген соң, олар мүмкін дайын бұйымды қосымша суретке түсіріп, оны таныстырылымға қосатын болар.

2 кезең. Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу немесе бас киімдер мен кеудешелердің сәндік көрсетілімін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады.

3 кезең. Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме беру.


  1. Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді.

Оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және бұйымды қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді

Дискриптор

- мектеп қауымдастығы үшін көрменің маңыздылығын сезінеді;

- өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін талдайды;

- сыныптастарының жұмысын талқылауға қатысады;

- алғашқы идеямен бұйымның сәйкестігі туралы ойлана отырып, өз жұмысын ұсынады.

http://mir-biz.ru/biznes-plany/vystavochnyj-biznes/

Көрмелік бизнесті қалай істеуге болады

Өз шығармаңыздыңнегізгі бағасын қалай білуге болады.

http://mrsa.ru/ocenka-kartin/kak-ocenit-stoimost-hudozhestvennogo-proizvedeniya

5 мин

Аяқталуы



Рефлексия:

Оқушылар сабақ соңында рефлексия жүргізеді:

- не білдім, нені үйрендім;

- не түсініксіз болды;

- нені жетілдіру қажет.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!