Материалдар / 8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып, көркем еңбек. 2 тоқсан ұлдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2024
285
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • Тарихи және мәдени өнер туындыларын ерекшеліктерін зерттейді

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының нобайын орындап, ақпараттар жинақтайды.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

  1. Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар тақтаға орналастырылғанқазақтыңұлттықкиімдерібейнеленгенәртүрліфотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқкиімдер, сыртқыкиім,аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.Мұғалім тақтаға, оқушылар – альбомынанемесежұмысдәптерінеқажеттіжазбаныжазады, (1-4 слайд)

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Тұрмыс» сөзін естігенде сіздердің ойларыңызға не келеді?

Оқушылармен бірге қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі туралы (қолөнер, баспана және т.б.) әңгімелесіңіз.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігініңтарихына аздаған саяхат жасасақ

Сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

Этнодизайн
https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Презентация: «Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу»

Өткеннен бүгінгіге оралсақ

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз:

Бүйен, жанторсық, жуаз, зерен, күбі, кеспек,керсен, кесекқап, көзе, көнек, қазан,қарын, қасық құты, құмыра, құман, құманша, ожау, мес, саба, самаурын, табақ, таба, торсық, тостаған, тегеш, тегене, топатай, түйемойнақ,піспек, шөген, шелек, бие, шәугім, шара, шәйнек, шөміш, шанаш, шылапшын, қауға, жуаз, табақ, керсен, зағыма, сарқым, ожау, тегене, тостаған, самар, күбі, сүйретпе, бөрдек, бұлқыншақ,меске, шанақ, көнек, шанаш.

Қыштан жасалынған ыдыстар:

құмыра, көзе, кереңке.

Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Тапсырмаларды орындамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алу ұсынылады.

Тапсырма №1.Топтық жұмыс:

Ғаламтор ресурстарын (фотосуреттер немесе бейнебаян) пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделеу. Зерделеу барысында мына сұрақтарды қамти алады:

Өздері білетін қазақ халқының тұрмыстық заттарының атын атап және не себепті қолданатының айту.

Оларды не себепті халықтың тұрмыстық затына жатқызамыз?

Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған?

Қазіргі таңда қандай заманауи тұрмыстық заттар қолданылады?

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2.Топтық жұмыс:

Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.

Дискрипторлар:

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының шығу тарихын біледі;

  • Бұйымның орындалу технологияларын түсінеді;

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың шығу тарихын біледі;

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың ерекшеліктерін анықтай алады.

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың орындалу техникаларын ажырата алады.

http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)

http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/

(татар ұлттық киімі)


http://nazaccent.ru/content/4989-belorusskij-narodnyj-kostyum-strojnyj-obraz.html

(белорусс ұлттық киімі)


http://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html

(Құрақ көрпе)

http://kurakkorpe.kz/

Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.


Кесте


Бағалау карточкалары

Презентация, этностиль және оның түрлері туралы ақпарат


Аяқталуы





Рефлексия: «Сэндвич» әдісі арқылы.

  • 1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;

  • 2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады, дегенмен келесі жолы …

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.6.1-Жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, өңдеудің конструкциялық, табиғи, жасанды материалдары мен әдістерін негіздеп таңдау

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының қандай мақсатта қолданылатының және ерекшеліктерін зерделейді;

  • Зерделенген ақпараттарды пайдалана отырып,өз жобалау жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Қазақ халқының қандай тұрмыстық бұйымдарын білесіздер?

  • Олар қандай технология арқылы орындаған?

  • Қандай мақсатта қолданылған?

  • Қазіргі таңда қолданатын қандай бұйымдар сіздерге таныс?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

  • Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық хаттарымен танысатын боламыз.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, ойларын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушылармен бірге өздері білетін қазақтың ұлттық ыдыс- аяқтары туралы әңгімелесіңіз.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға торсықты жасалуы туралы қысқаша бейнебаян көрсетіңіз.

  • Ыдыс- аяқ қандай материалдан жасалған?

  • Торсықтың ерекшелігі неде?

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу керек. Бірінші топ – ыдыс- аяқ түрлерін, ағаштан және қандай мақсатта жасалғанын талдайды. Екінші топ- қымыз, шұбат, айран сусындарын сақтауға арналған былғарыдан жасалған ыдыс- аяқ түрлеріне таныстырылым дайындайды. Үшінші топ- темірден, әйнектен, қыштан жасалған ыдыс аяқ түрлерін талқылайды.

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Оқушылардан қазақ халқының ұлттық үстелі туралы не білетіндерін сұраңыз.

  • Үстел қандай материалдардан жасалады?

  • Не себепті үстел төмен және жиналмалы етіп жасалынады?

  • Неге қазіргі кезге дейін үйлер мен пәтерлерде осындай үстелдерді қолданады?

Интернет- ресурстарды және қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының ұлттық дөңгелек үстелі туралы таныстырылым дайындауларын сұраңыз. Оны орындауға қажетті материалдар мен құрал- жабдықтар туралы ақпараттар қамтылуы тиіс.

Дискрипторлар:

  • Бұйымның қолдану мақсатын біледі;

  • Бұйымның ерекшеліктерін ескереді;

Қажетті материалдармен тәжірбие жұмыстарын орындау құралдарын таныстырады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі






Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының қандай мақсатта қолданылатының және ерекшеліктерін зерделейді;

Зерделенген ақпараттарды пайдалана отырып,өз жобалау жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды.

ТОРСЫҚ ЖАСАУ

https://www.youtube.com/watch?v=hg_Far9_IB8







Кәдесый торсық жасау

https://www.youtube.com/watch?v=YJ34-WFSZIw&t=12s



Аяқталуы



Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы.

Бағдаршамды » түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз.тМысалы:

  • Қызыл түс– түсінген жоқпын;

  • Сары түс– тағы да практика қажет/ сұрақтар бар;

Жасыл түс– барлығы түсінікті.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.5.1-Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылар:

  • - Түрлі тәсілдерді пайдаланып, бұйымды дайындауға арналған тапсырмалар орындайды;

Болашақта орындайтын жоба жұмыстарының нобайы мен техникалық құжаттарын дайындайды.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Өткенге қысқаша шолу.

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Оқушылармен бірге графикалық құжаттарды естеріңізге түсіріңіздер.

  • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?

  • Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не?

  • Технологиялық карта не үшін керек?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (жиналмалы қазақша үстел) көрсетіп алғанымыз жөн.

Бүгінгі сабақта біз қазақтың дөңгелек үстелін дайындауға қажетті нобайлар мен техникалық құжаттар дайындайтын боламыз.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.


жиналмалы қазақша үстел


https://www.youtube.com/watch?v=0OdmYjMeCLo



Оқушыларды топқа бөлуге арналған карточкалар




Ортасы


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушыларға тақтада дөңнелек үстелдің жасалу жолдарының сызбалары мен түрлерінің суреттерін көрсетемін. Сол суреттерге қарай отырып, сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін, қажет жағдайда толықтырып отырамын.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Сыныпты топқа бөлу.Оқушылар топта қазақтың дөңгелек үстелінің жасалуын талқылайды.

  • Үстел қандай формада болады?

  • Үстелдің үстіңгі тақтайы және аяқтары қандай материадан жасалады?

  • Үстіңгі бетінің диаметр өлшемі қандай болады?

  • Үстелдің биіктігі қандай болады?

  • Үстел бүтін, құрастырмалы немесе жиналмалы болады ма?

  • Үстел үсті бетінің безендіруін анықтайды.


Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Қазақтың ұлттық ою- өрнектерін қолданып, үстелдің нобайын және дайындауға арналған технологиялық құжатты (материалдарды өңдеуге арналған құрал- жабдықтар сиппатамасы және орындалу кезеңдері, сызбалар мен сұлбалар жазылған) орындаңыздар.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

- Бұйым дайындауға арналған тапсырмаларды тиімді орындайды.

Жоба жұмыстарының нобайы мен техникалық құжаттарын дайындауда креативті идеялар ұсынады

Презентация

Жиналмалы домалақ шəй стол

https://www.youtube.com/watch?v=NttVtp-ABL8



Альбомдар, жұмыс дәптері, көркем материалдар және акварель немесе графикаға арналған таңдау бойынша құралдар.


Аяқталуы



(Қ) Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылармен бірге нобайлар көрмесімен орындалған жұмыстарды талқылау

«Бағдаршам» әдісін қолдану


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.



















Көркем еңбек

Мектеп: №12

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Материалдарды өңдеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.2.1-Заманауи технологиялық машиналарда конструкциялық материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Электр және қол құралдарымен материалдарды өңдеу, технологиялық құжаттар көмегімен күрделі бұйым орындайды.

  • Тәжірибелік жұмыс орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды..

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?

  • Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не?

  • Техникалық құжат не үшін қажет?

  • Қазақтың ұлттық дөңгелек үстелініңдайындалу технологиясы қандай?

  • Үстел дайындауға қандай материалдар қолданады?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық хаттарымен танысатын боламыз.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқушыларды топқа бөлуге арналған карточкалар



11-20 мин




Ортасы





21-35 мин


5 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда электр және қол құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргіземін.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады.

Материалдарды өңдеу кезеңдері;

  1. Өлшеп белгілеу жұмыстарын қандай құралдармен және қалай орындауға болатының анықтаңыз;

  2. Үстелдің сыртқы бетіне өлшеп белгілеу жұмыстарын жүргізу;

  3. Үстел үсті тақтайын аралау және оны алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізу;

  4. Үстел аяғын өлшеп белгілеу;

  5. Оны кесіп алып, алғашқы өңдеу жұмыстарын орындау.

Әр топ өздерініңдайын болған үстел үсті тақтайын және аяқтарын талқылайды.Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Электр және қол құралдарын қолдануда қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды; Өзінің орындаған техникалық құжаттарына сүйене отырып күрделі бұйымды жасайды.



https://www.youtube.com/watch?v=tUEkZ4e9QMM

ағаштан пен фанерден жасалған жиһаздардың айырмашылығы.


5 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.

(Қ) Сабақтыңсоңындаоқушыларменбіргеорындалғанжұмыстардыңкөрмесінөткізіп, талдау

«Қолмен белгі беру» әдісін қолдану.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.



















Көркем еңбек

Мектеп: №1

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бұйымды дайындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану

8.2.3.2-Өз бетінше дайындаған технологиялық құжатпен күрделі бұйым (кешенді, фасонды) жасау

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • - Қажетті құралдар көмегімен дөңгелек үстел элементтерінекүйдіру әдісі арқылы көркемдеу жұмыстарын орындайды.

  • Дайын болған үстелэлементтерін ою- өрнектермен безендіреді.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Үстелді қандай техникада орындадыңыздар?

  • Сіздің таңдаған ою- өрнегіңіз қандай?

  • Неліктен бұл өрнекті таңдадыңыз?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар.


15 мин







15 мин


Оқушылармен үстел үсті тақтайы мен аяқтарын қандай әдіс арқылы көркемдейтіндері туралы талқылайды. Сұрақтар:

  • Үстел бетінің тақтайын қандай әдіспен көркемдейсіз?

  • Күйдіру әдісі неге тиімді?

  • Бояу әдісі неге тиімді?

Алдыңғы білімдерінде оқушылар ою- өрнектермен жұмыс орындаған болатын.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргізу.

Тәжірибелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар орындалған нобайларына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізеді.Мысалы; ағашты күйдіру техникасында орындау ұсынылады.

Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:

  • Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қара-пайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.

  • Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді

  • Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).

  • Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.

Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады

Күйдіру әдісін орындап болғаннан кейін, оқушыларға өз бұйымдарын түссіз лакпен бояуды ұсынуға болады. Сонда жұмыс сапалы және нәтижелі болады.

Әр топ өздерініңорындаған жұмыс нәтижелерін талқылайды.Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтайды;

  • Электркүйдіргішқұралдарының қолдану мақсаттарын біледі;

  • Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;

Материалдарды көркемдеу/ безендіру жұмыстарына тиімдітехнологияларды қолданады;


Дискриптор

Құралдар көмегімен өздері дайындаған қазақтың дөңгелек үстелініне күйдіру әдісін тиімді орындайды;

Көркемдеу элементтеріне ұлттық ою- өрнектерден эстетикалық композиция құрады.



Электркүйдіргіш, фанер немесе ағаш.

Пирография

https://www.youtube.com/watch?v=PshLQwdcJsY

Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты?

Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.














Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- көрмеге арналған өз жұмыстарын дайындауға алдын-ала дайындық жасайды;

- жасалу кезеңдерін түсіндіре отырып, өз жұмысын көрсетеді;

- өзінің және сыныптастарының жобалық бұйымының шығармашылық идеясын талдап, түсініктеме береді.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

«Көлеңке» ойыны

Әр оқушыға таза ақ А4 форматтағы парақ беріледі. Ойын тәртібі: берілген қағазды умаждап, қарама қарсы қабырғаға оның көлеңкесі түсетіндей етіп, табиғи немесе жасанды жарық көзіне қарсы орналастыру қажет. Көлеңке сұлабасының неге ұқсайтынын сипаттау қажет.

Оқушылар бірдей қағаз парағынан жасалған көлеңке фигурасын көрсетеді. Өзінің умаждалған парағынан көлеңкені кім қызықты етіп көрсетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.

Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың барлығында қағаздың бірдей болғанын, ал көлеңке сұлбасының барлығында бірдей емес, әрқайсысында өзіндік ерекшелігі болғанын атап көрсетуі қажет.

Келесі таныстырылымда да берілетін уақыт, жұмыс барысы, құрал-жабдықтар, материал бәрінде бірдей болады, ал жұмыс әр оқушының ерекшелігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Оқушылар өздігімен сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады. Бұл ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар






6-20 мин




Ортасы



21-30 мин





30-40 мин

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс жасауына болады. Әр топқа флипчарт немесе үлкен қағаз парағы беріледі. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: мысалы, онлайн платформа немесе әлеуметтік желі (1 қосымша). Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады (бірнеше рет). Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға беруіне болады.

  1. «Қазақ ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі» бейне ақпаратты көру

Оқушылар мұғалім ұсынған бейнеақпаратты көріп, әртүрлі бас киім мен кеудеше түрлерімен танысады, мысал келтіре отырып, мұндай көрсетілімдерді қайдан көргені туралы айтады.

  1. Бірлескен әңгіме.

Оқушылар бейне ақпаратты көрген соң топта талқылап, сыныптастарына ұсыну:

  • шығармашылық жұмысты көрмеге қалай дұрыс дайындауға болатыны туралы, бағалау критерийлерін талқылау, сонымен қатар келесілерді ескере отырып:

  • жобаның тақырыпқа сай болуы;

  • сәндік безендіру түстерінің тақырыпқа сай болуы;

  • жұмыстың ұқыптылығы;

  • шығармашылық бұйымның функционалдығы.

  • таныстырылым жасаудың дескрипторын талқылау:

  • өз жұмысына қажетті ақпараттар мен иллюстрацияларды пайдаланады;

  • жобаны қорғайды;

  • жұмысты шығармашылық көрмеге дайындайды.

  1. Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

1 кезең.

Оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және бұйымды қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді. Оқушылар сән көрсетілімін көрген соң, олар мүмкін дайын бұйымды қосымша суретке түсіріп, оны таныстырылымға қосатын болар.

2 кезең.

Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу немесе бас киімдер мен кеудешелердің сәндік көрсетілімін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады.

3 кезең.

Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме беру.

  1. Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

- мектеп қауымдастығы үшін көрменің маңыздылығын сезінеді;

- өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін талдайды;

- сыныптастарының жұмысын талқылауға қатысады;

- алғашқы идеямен бұйымның сәйкестігі туралы ойлана отырып, өз жұмысын ұсынады.

http://mir-biz.ru/biznes-plany/vystavochnyj-biznes/

Көрмелік бизнесті қалай істеуге болады

Өз шығармаңыздыңнегізгі бағасын қалай білуге болады.

http://mrsa.ru/ocenka-kartin/kak-ocenit-stoimost-hudozhestvennogo-proizvedeniya

5 мин

Аяқталуы



Рефлексия:

Сыныптастар онлайн платформада жазбаша кері байланыс қалдырып, пікір алысады.

Оқушылар сабақ соңында рефлексия жүргізеді:

- не білдім, нені үйрендім;

- не түсініксіз болды;

- нені жетілдіру қажет.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!