Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

8-сынып қазақ тілі Кәсіп және еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сабақ ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар № 1


Пән:

Қазақ тілі

Жұмыс орны:

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №25 қазақ қыздар гимназиясы

Педагогтің аты-жөні:

Рахимбаева Айнур Кендибаевна

Күні:

07.11.2023

Бөлім:

3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика

Сыныбы:

8

Сабақтың тақырыбы:

Кәсіп пен еңбек. Сөздік қор

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.1.1. Тұтас және тұтас емес мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

-тұтас және тұтас емес мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстырады;

- сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы


10 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

сынып оқушыларын түгелдеу;

«Шаттық шеңбері» әдісімен сыныпта жағымды психологиялық көңіл-күй қалыптастырады.


2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Қар кесегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді.



3.Топқа бөлуді «Сый қоржын» әдісі арқылы жүзеге асырады. («Мамандық», «Кәсіп», «Еңбек», «Жұмыс» деген 4 топқа бөлінеді)



Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа қажетті оқу құралдарын түгендейді. Психологиялық көңіл-күй қалыптастырып, «Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне сәттілік тілейді.


Оқушылар «Қар кесегі» әдісі арқылы үй жұмысына берілген 50 беттегі Б тапсырмасы бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.


Қоржындағы сыйларды алады, сыйқоржында жазылған атауға байланысты 4 топқа бөлінеді.











Ауызша кері байланысты жүргізіледі.




МАН (деңгейлік оқыту)

Стратегиялар:

«Белсенді оқу әдістері»

Астана, 2013 ж., ПШО




Сыйқоржын



Сабақтың ортасы

30 минут



5 минут
















20 минут

























5 минут

















1-тапсырма

Қызығушылығын ояту:

Оқылым алдындағы тапсырма

Тұтас, тұтас емес мәтіндер туралы білімдерін еске түсіруге байланысты тапсырма береді.


Кесте толтырған соң аралас мәтіннің ерекшеліктерін атап шығуды ұсынады.



Дәйектеме

Осы әдістерді алудағы себебім:

  1. Оқу мақсатына сай сабақ барысында жұмыс жүргізу үшін мәтін түрлерін еске түсіру үшін тиімді әдіс.

  2. Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып мәтін түрлерін ажырату дағдыларын қалыптастырады.




2-тапсырма:

Әр топқа тұтас мәтін мен тұтас емес 4 түрлі мазмұнды мәтін береді. Тапсырма шарттарын түсіндіреді.


Дәйектеме

Осы салыстыру кестесін алудағы себебім:

  1. Оқу мақсатына сай оқушылар тұтас және тұтас емес екі мәтінді салыстыра отырып, ерекшеліктерін анықтайды.















3-тапсырма «Төрт сөйлем» әдісі арқылы оқушыларға еңбек тақырыбындағы 1 мақал-мәтелді алып, қорытынды жасау ұсынылады.


Дәйектеме

Осы «Төрт сөйлем» әдісін алу себебім:

  1. Оқушылар оқу мақсатына сөздік қорларын кеңінен қолданады.

  2. Бүгінгі тақырыпқа байланысты ой қорытындылайды.

  3. Ойларын жүйелі жеткізуге дағдыланады.


1-тапсырма: Әр топ төменде берілген ұғымдарды «Екі баған» әдісі арқылы топтастырады, тұтас, тұтас емес мәтіндерді еске түсіреді.

Ертегі, сурет, әңгіме, график, мақала, кесте, диаграмма, сызба.


Тұтас мәтін

Тұтас емес мәтін




Аралас мәтіннің ерекшеліктеріне тоқталып шығады.


Дескриптор

-тұтас, тұтас емес, аралас мәтіндер туралы білімдерін еске түсіреді;

-берілген ұғымдарды кестеге орналастырады;

-аралас мәтін туралы қорытынды шығарады

2-тапсырма: Әр топ өздеріне ұсынылған екі түрлі мәтінді оқып, салыстыру кестесін толтырады



Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы неде?

Мәтіндердің тақырыбы

Екі мәтіндегі деректерде қандай сәйкестік бар?

Мәтіндердегі ақпаратта алшақтық бар ма?

Мәтіндегі ақпарат кімдерге пайдалы болады деп ойлайсың?

Сіздің ойыңызша, қай мәтінді түсіну, ақпаратты қабылдау жеңіл? Неліктен?

Ал қай мәтінде ақпарат толығырақ берілген?



Дескриптор:

- оқушылар тұтас және тұтас емес мәтіндерді оқи отырып, салыстыру кестесін толтырады


3-тапсырма

Әр топ топта ақылдаса отырып, «Төрт сөйлем» әдісі арқылы ой қорытады.

Пікір. Мақал-мәтел

Дәлел. Берілген мақал-мәтелдегі пікірді бір сөйлеммен дәлелдейді.

Мысал. Берілген мақал-мәтелдегі пікірді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Қорытынды. Берілген мақал-мәтелден қорытынды ой шығарады.


Дескриптор:

- оқушылар сөздік қорларын қолданады;

- еңбек тақырыбына мақал-мәтел табады;

- төрт сөйлем арқылы ойларын жүйелейді;

- бүгінгі тақырыпқа сай қорытынды жасайды.



ҚБ. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Дәйектеме:

Осы бағалау оқушылар үшін түсінікті, орындаған тапсырмаларына бірден кері байланыс алады.









ҚБ.

Топтар бірі-бірінің жауабын тыңдап, «Екі ұсыныс, екі мадақ» әдісімен бағалап. Өз пікірлерін білдіреді.


Дәйектеме:

Осы бағалау оқушылар үшін түсінікті, орындаған тапсырмаларына қатысты пікір мен ұсыныстарды тыңдап, қателерін байқайды.










ҚБ.

«Бағдаршам» арқылы бағалайды.


Дәйектеме:

Осы бағалау арқылы кері байланыс береді..




«Бас бармақ»



















https://www.zharar.com




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2024
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12