Материалдар / 8 сынып. Тапсырмалар жинағы. Мәтінмен жұмыс.(Орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып. Тапсырмалар жинағы. Мәтінмен жұмыс.(Орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті)

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан 8 сыныптарға арналған тапсырмалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
292
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.

Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.

Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу ... отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.

Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады.

1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес?

А) Туған жерге туың тік.

В) Отан отбасынан басталады

С) Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

Д) Батыр туса,ел ырысы.

2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) болмаса

В) әйтпесе

С) сияқты

Д) сондықтан 3. Соңғы абзацтағы қарамен берілген сөзді қай сөзбен алмастыруға болады?

А) балалардың

В) ұрпақтардың

С) ағалардың

Д) кісілердің

2-мәтін

Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.

Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.

Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жоға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге ,туыстарға

тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.

Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

1. Мәтінге қайсысы сәйкес емес?

А) Бата берулің тәртібі.

В) Батаның пайдасы.

С) Батаның түрлері.

Д) Батаның дәстүрі.

2. Кіріспе қай сөздермен аяқталады.

А) рәсімдері бар

В) терең сөз

С) маңызы үлкен

Д) бата беру

3. 1-сөйлемдегі «ертеден» сөзінің синонимі қайсы?

А) қазірден

В) болашақта

С) бұрыннан

Д) әйгілі

3-мәтін

Мектеп

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Біздің мектеп қаланың орталығында ... . Мектептің ауласы кең. Аулада футбол алаңы бар. Онда оқушылар футбол ойнайды. Сынып терезелерінің алдында ағаштар өсіп тұр. Ағаштарды балалар суғарады, күтеді. Мектепте асхана, кітапхана, шеберхана жұмыс істейді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол ешуақытта бос болмайды.

1. Әңгіме қай жақта айтылып тұр?

А) 2- жақта

В) 3- жақта

С) 1- жақта

2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады.

А) орналасқан

В) жақын

С) жұмыс істейді

Д) бар

3. Мәтін қай үлгіде жазылған

А) аңыз

В) әңгіме

С) эссе

Д) ерте

4-мәтін

Белгілі балалар жазушысы – Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостебе ауылында келген. Осы жерде мектеп бітірген. Ол 14-15 жасынан бастап өлең жазған. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім

болып жұмыс істеген. Ол «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында да жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар Одағында түрлі қызметтер атқарған.

Бердібек Соқпақбаев балаларға арналған пьеса, көптеген әңгіме бірнеше киноға сценарий жазды. «Бұлақ» атты өлеңі 1950 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Жазушының «Бақыт жолы», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Жолда», «Менің атым – Қожа», Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар?» және т.б. шығармалары бар. Бердібек Соқпақбаев – балалардың сүйікті жазушысы.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі алғаш рет Мәскеудегі «Детская литератаура» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. Кейін фрацуз тіліне ... . «Менің атым – Қожа» повесі 30 тілге аударылып, дүниежүзіне тарады.

1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркем фильм шығарды. Фильмнің режиссері – Абдолла Қарсақбаев. «Менің атым – Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды.

«Менің атым – Қожа» фильмін үлкендер де, балалар да қызығып көреді. Бұл фильм барлығына ұнайды.

1. Қай абзацта Б. Соқпақбаевтың шығармалары берілген?

А) біріншіде

В) ақырғыда

С) екіншіде

Д) барлығында

2. Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес?

А) жазылды

В) аударылды

С) оқыды

Д) сөйледі

5-мәтін

Қызыл кітап

Ең алғаш «Қызыл кітап» 1966 жылы жарық көрді. «Қызыл кітап» табиғатта қорғауды қажет ететін құстар мен жан-жануарларға, өсімдіктерге арналған. «Қызыл кітаптың» парақтары төрт түсті болады. Қызыл парағына -мүлдем жойылып кету қаупі бар аң-құстар жазылады. Ақ түсті парағына – саны азайғандар, сары түсті парағына – сирек кездесетін аң-құстар, ал жасыл парағына адамдардың қамқорлығы арқасында қалпына келтірілген жан-жануарлар жазылады.

«Қызыл кітап» Қазақстанда 1978 жылы шығарылды.

1. «Сирек» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

А) аз

В) көп

С) жиі

Д) көп

2. «Ең алғаш» сөзінің синонимі қайсы?

А) бұрын

В) баяғыда

С) ең бірінші

Д) белгілі

6-мәтін

Көкқұтан мен Бақа

Бірде Көлбақа Көкқұтанмен шекісіп қалды:

Екеуіміздің қайсымыз әдеміміз?

Мен! – деді сенімді түрде Көкқұтан. – Қарашы, аяқтарым қандай әдемі!

Оның есесіне менде төрт аяқ бар, ал сенікі екеу-ақ! – деп бетбақтырмады Бақа.

Иә, менде екі-ақ аяқ бар, - деді Көкқұтан, - бірақ сенікінен ұын!

Мен бақылдай білемін, ал сенің қолыңнан ол келмейді.

Оның есесіне менің сүйріктей тұмсығым бар!

Со да мақтаныш болып па! Неге қажет ол тұмсығың!

Неге? Ал көр ендеше, - деп ашуланған Көкқұтан Бақаны жұтып жіберді...

1. Мәтін қай үлгіде жазылған?

А) аңыз

В) әңгіме

С) эссе

Д) мысал

2. «әдемі» сөзінің синонимі қайсы?

А) жақсы

В) сұлу

С) жаман

Д) әдепті

7-мәтін

«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б. V- IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17 - 18-де, бойы 165 см шамасында болса керек. Есік қорғанынан табылған екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған. Жалпы, Шығыс Қазақстан және Жетісу жерінде ерте көшпелілердің алып қорғандары жиі кездеседі. Олардың ішінде биіктігі 15-18 метрге жететіндері де бар. Бірақ олардың көпшілігі тоналған, ішіндегі құнды заттары жоғалған. Сақ жауынгері мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылған.

1. Мәтінге сай тақырыпты таңда.

А) Алтын басты адам

В) Алтын киімді адам

С) Алтын жанды адам

Д) Алтын жүзді адам

2. «ішіндегі» сөзінің антонимі қайсы ?

А) қасындағы

В) сыртындағы

С) жанындағы

Д) астындағы

8-мәтін

«Табиғат – ана деп текке айтылмаса керек. Табиғаттың адамға берері көп. Тек соны түсіне білу керек. Мысалы, табиғаттан жақсы қасиеттерді үйренуге болады. Топырақ, тау, жаңбыр, құмырсқа, бал арасы, аққу және басқалары – бәрі ғибратқа толы.

Топырақтан кішіпейіл болуды үйрен. Ол – бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы, бірақ аяқ астында жатыр. Құлпырған гүд де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады.. Мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады.

Қ.Ибрагимов «Адам мен табиғат» «Топыраққа не ексең, сол шығады» сөйлемінің мағынасын анықта.

А) Топырақсыз өмір жоқ.

В) Топырақ – байлық көзі.

С) Әркім өз еңбегінің жемісін жейді.

Д) Жамандық та, жақсылық та топырақтан шығады.

2. Автордың ойынша, табиғат:

А) Сақтандырушы

В) Қорғаушы

С) Емдеуші

Д) Үйретуші

3. «ғибрат» сөзінің мағынасын тап?

А) үлгі–өнеге

В) жамандық

С) өмірге

Д) тіршілік

9-мәтін

Зайсан көлі

Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл көлемі үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

Құсы көп, ... жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын бұрын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.

Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) әсіресе

В) өйткені

С) сондықтан

Д) себебі

ІІ абзац не туралы?

А) көлдің сұлулығы туралы

В) көлдің тереңдігі туралы

С) көл суының тұздылығы туралы

Д) көл суының құрамы туралы

10-мәтін

Қазақстанның ең ірі кітапханаларының бірі – Семейдегі Абай атындағы кітапхана және өлкетану мұражайы. 1883 жылы Е. П. Михаэлис, Н.Я.Коншиндердің жәрдем беруімен ашылған болатын. Алғашқы жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болып, 130 оқырманға қызмет көрсеткен.

Ең алғашқы мәдениет ошақтарының бірі қоғамдық кітапхананың ашылуы Семей қаласының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.

Абай қыстың бір күнінде Семейдің Гоголь атындағы кітапханасына барып, өзі оқып бітірген Толстойдың 1-том кітабын қайтарып, 2-томын сұрайды. Кітапхананың ішіндегі оқырмандар орыстар екен, басында тымағы бар, аяғында етігі, үстінде қара тоны бар қазақтың Толстойдың кітабын сұрап тұрғанын көргенде, отырған орыстар қайран қалады. Ақынның жанына Е.П. Михаэлис келіп танысып, ол таныстық баянды достықпен жалғасады.

Кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған Абай бұрын қолына түскен кітапты оқитын болса, енді Михаэлистің кеңесімен кітаптарды таңдап оқитын болды. Абай қалаға келген сайын кітапханаға соғып, өзіне қажет кітап, газет-журналдарды алып, қыста қалада жатып, ал жазда қоржынын толтырып, ауылына алып қайтып, үзбей оқыған.

1. 1883 жыл тұрғындар үшін қандай оқиға болды?

А) кітапхана мен мұражайдың ашылуы

В) Михаэлис пен Коншиннің келуі

С) Абайдың бірінші рет кітапханаға келуі

Д) Оқырмандардың қайран қалуы

2. Мәтінде Абайдың қандай қасиеті ерекшеленеді?

А) суретке құмарлығы

В) еңбекке құмарлығы

С) кітапқа құмарлығы

Д) табиғатқа құмарлығы

3. «қала» сөзінің синонимін тап?

А) ауыл

В) қыстақ

С) шаһар

Д) мәдени орын

11-мәтін

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Жеке бас тазалығының ережелері:

-күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-таңертең тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің таза және үтіктелген болсын;

-мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

Тері тазалығы – адам денсаулығы кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға ... .

1. Мәтін мазмұнына келетін мақалды тап?

А) «Жалқаудың - жаны тәтті»

В) «Жаман ауруға жақсы ас»

С) «Дені саудың - жаны сау»

Д) «Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, тамағыңды тый»

2. Ақырғы сөйлемдегі көп нүктенің орнына қай сөзді қоюға болады?

А) болады

В) жүреді

С) болмайды

Д) қояды

12-мәтін

Ырғыз, Торғай көлдері – су құстарының тұрақты мекені. Мұнда аққудың негізінен 2 түрі кездеседі. Ал жабайы қаздар мен үйректер өте көп. Бұл аймақта жыл сайын 250 мыңдай ақбөкен төлдейді. Алматы қорығында құлан, марал, бұғы, таутеке, елік, құндыз, күзен өсіріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» қорығында марал, арқар, таутеке, тағы да басқа бағалы аңдар өсіріледі.

Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.

Бүркіт – батыл, қайратты қыран құс. Ол қоян, қарсақ, саршұнақ пен тасбақаны да аулайды. Қазақ халқы бүркітті аңшылыққа пайдаланған. Онымен түлкі, қасқыр аулаған.

1. Мәтіннің 3, 4 абзацында қандай құстар туралы айтылған?

А) қаздар мен үйректер туралы

В) қаздар мен бүркіттер туралы

С) бүркіт пен аққулар туралы

Д) су құстары мен аңдар туралы.

2. «кербез» сөзінің мағынасын тап?

А) тәкаппар

В) сұлу

С) тамаша

Д) әдемі

13-мәтін

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Осы көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан

бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте орналасқан. Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде - 55˚ С-қа дейін төмендейді. Қазан - мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр.

1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес емес ақпарат?

А) Суы тұщы, мөлдір, құрамында: йод, фтор, бром бар.

В) Көл теңіз деңгейінен биік орналасқан?

С) Марқакөл Қазақстанның ең жазық алқабы болып саналады.

Д) Қыс мезгілінде ауа температурасы -55˚ С-қа дейін төмендейді.

2. «ірі» сөзінің антонимін тап?

А) үлкен

В) кең

С) ұсақ

Д) биік

14-мәтін

Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес, көгілдір. Геральдика тілі бойынша ол – адалдықтың, тазалықтың белгісі, әрі осы түстес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болатын көрінеді.

Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.

Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектер – қазақ халқының өмірлік серігі.

1. «ту» сөзінің синонимін тап?

А) елтаңба

В) белгі

С) байрақ

Д) ою-өрнек

2. «биік сөзінің антонимін тап?

А) жоғары

В) байтақ

С) зеңгір

Д) аласа

3. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

А) адалдық пен тазалықтың белгісі туралы

В) бір түсті, қоспасы жоқ туралы

С) байлық пен береке нышаны туралы

Д) тік төрт бұрыш



1-мәтін Достық туралы

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.

Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажыратамыз? –дегендерге:

-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, -деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

«Ел аузынан» кітабынан 1. Мәтінде Әйтімбеттің қандай қасиеті ерекшеленеді?

А) тапқырлығы

В) батылдығы

С) сабырлығы

Д) даналығы 2-мәтін «Қара тас»

Мейір бесінші сыныпта озық оқып жүр еді, бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, есептен үйге берген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды.

Күнде тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі қысыла берді.Мұны байқап қалған мұғалім дереу келіп Мейірдің дәптерін қараса, тапсырма орындалмаған. Күнделікке « екілік» баға қойылды. Мен Мейірді үйге қайтқан кезінде кездестірдім. Сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді.

- Сөмкеңді неге көтеріңкіреп ұстамайсың?-дедім мен.

- Хамит аға, бұл бүгін ауырлап кетті, мұның ішінде зілдей «қара тас» жатыр, -деді де жабырқау күйінде үйге беттеді.

/Х.Ерғалиев/ 2.Баланың көңілі неге жабырқау?

А) шаршағаннан

В) ұялғаннан

С) тоңғаннан

Д) ауырғаннан

3-мәтін Шие неге қызыл

Сонау ерте кезде бір аңшы болыпты. Ол аң, құс біткенді аямай ата беріпті. Көп ұзамай бұл өңірде жүгірген аң, ұшқан құс қалмайды.

Күндердің күнінде сол аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол кезде шие жемісінің түсі сары екен. Ұзақ жолдан, жылы жақтан қанаты талған көгершін демалып отырады. Көгершінді көрген аңшы дәлдеп атады. Жазықсыз құстың қанына боялған шие жемісі содан бері қып-қызыл болып кетіпті.

3. Мәтін қай үлгіде жазылған?

А) аңыз

В) әңгіме

С) ертегі

Д) эссе 4.Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) табиғатпен мақтану

В) табиғатты қорғау

С) табиғатты құрметтеу

Д) табиғатты сүю

4-мәтін Балмұздақтың тарихы

Балмұздақты үлкеніміз де, кішіміз де жақсы көреміз. Бірақ оның шығу тарихын ешкім біле бермейді.

Еуропада балмұздақтың пайда болуын тарихшылар Марко Полоның есімімен байланыстырады. Белгілі жиҺанкез Италияға алыстағы елдерден тағам жасау өнерінің көптеген құпияларын алып келген.

Олардың ішінде қытайлықтардың тоқ басар тағамы – балмұздақтың жасалу әдісі де бар еді. Бірақ бұл тағамның жасалу жолы бірнеше жыл құпия сақталып келген. Италия бекзадаларының, кейінірек Франция королінің сарайларында болатын сән-салтанатта ғана жұрт балмұздақтың дәмін тататын. Бірте-бірте оның жасалу құпиясы ашылып, бұл тәтті тағам Ресейге ХҮІІІ ғасырда келіп жетті.

5. Балмұздақтың Отаны қай ел?

А) Италия

В) Ресей

С) Қытай Д) Англия

5-мәтін Шаңырақ

Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабалар ...., күші жалғасады деседі.

Шаңырақ –үй, әулет мағынасында да пайдаланылады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінен бөлініп, жеке шаңырақ .... болып қалады. Әкесі мен шешесін ....... ұл асырайды.

Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, ал шаңырақты сақтайды. Ошақ түтінінен ол қараяды, сондықтан оны «қара шаңырақ» деп атайды.

6.Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /3 -сөйлемде/

А) рухы В) мінезі

С) дәстүрі

Д) салты 7. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /5 -сөйлемде/

А) ағасы В) иесі

С) атасы Д) анасы 8. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? /6 -сөйлемде/

А) үлкен В) ортаншы

С) кенже Д) ақылды 9. «Қара шаңырақ» ұғымы нені білдіреді?

А) жаңа үй

В) үлкен үй

С) ескі үй

Д) ата-ананың үйі

6-мәтін

Ең қымбат сыйлық

Айгүл биыл беске толады. Әкесі мен шешесінен, ағасы Арманнан туған күніне неше күн қалғанын сұрап тұратын. Міне, бүгін көп күткен туған күні! Әкесі қуыршақ, шешесі көйлек әкеліпті. Қарындасына Арман не аларын білмеді. Оның 47 теңгесі ғана бар еді. Дүкенге барды. Ішін аралап шықты. Бір уақытта «Әліппе» деген кітапқа көзі түсті.Ол кітап 45 теңге тұрады екен. Кітапты алып үйіне келді. Әкесі мен шешесі сыйлықтарын Айгүлге беріп те қойған. Қарындасына «Әліппені» ұсынды. Әкесі мен шешесі таң-тамаша болды. Екеуі де бір ауыздан: «Ең қымбат сыйлық –Армандікі!» Кітаптан қымбат нәрсе жоқ»,-деді. Мына сөзге Арманның төбесі көкке жеткендей болды.

10. «Төбесі көкке жеткендей» тіркесінің мағынасы қайсысы?

А) риза болды

В) ренжіді

С) қуанды Д) қарсы болды 7-мәтін Бернард Шоу және сұлу бикеш

Ағылшынның ұлы жазушысы Бернард Шоу бір күні өзі жас, өзі сұлу, бірақ ақылы аз бай әйелден хат алыпты. Әйел хатында жазушының жұбайы болуды армандайтынын жазыпты. «Егер біз үйленсек, балаларымыз маған тартқан

сұлу, сізге тартқан ақылды болар еді». депті әйел хатында. Сонда түрі ұсқынсыздау, көріксіз Бернард Шоу:

«Бикеш, сіздің хатыңызды оқып, көп ойландым. Сіз айтқандай бола қалса жақсы ғой. Ал керісінше маған тартқан сұлу, сізге тартқан ақылды болса не істейміз?- деп жауап жазыпты. 11. Мәтіннен жазушының қандай қасиетін аңғарылады?

А) тапқырлығы

В) мақтаншақтығы

С) әзілкештігі

Д) мейірімділігі 8-мәтін Ұн мен тұз

Бір сарайға ұн мен тұз қатар қоныс теуіпті. Тұзбен танысқан ұн:

- Мен ұнмын. Менен нан пісіреді. Дастархандағы ас атаулының төресі мен боламын,-депті мақтаныпты. Сонда тұз:

- Дұрыс айтасың. Бірақ мен болмасам, сенде ..... болмас еді ғой, -депті. Өзінің ағаттығын сезген ұн құп-қу болып, тұрып қалған екен. Осыдан кейін екеуі достасып, дастарқанда қатар жүретін болыпты.

12. Мәтіндегі ұн мен тұзды сипатта: А) мейірімді, әзілқой

В) қатаң, қатты

С) сараң,кірпияз

Д) мақтаншақ, ақылды 13. «Қоныс теуіпті» тіркесінің мағынасы

А) келіпті

В) орналасыпты

С) достасыпты

Д) кетіпті 14. Көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады?

А) нәр В) дәм

С) мән Д)дән 15. Мақалды толықтыр.

Астың дәмін ........ келтірер.

А) қант

В) су Д) тұз

С) бұрыш

16. Мәтіндегі «құп-қу» сөзінің мағынасы қайсысы?

А) сарғайды

В) бозарды

С) қарайды

D) қызарды 9-мәтін Менің қарындастарым

Бірде қолыма тамаша кітап түсті. Батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова жайында жазылыпты. Оқып шығып, ерліктеріне сүйсіндім.

Менің екі қарындасым бар. Біреуінің аты –Мәншүк, екіншісі –Әлия. Соларға қарап,батыр апаларым өз үйімде жүргендей қуандым. Қуана тұрып:

- Маған да неге бір батырдың атын қоймадыңыз?-дедім әжеме. Әжем күліп алды.

Ұл бала өз ерлігімен, қайрат-жігерімен еліне танылуға тиіс. Әлия мен Мәншүктің ерлігі тылда еңбек етіп жүрген бізді жігерлендірген еді. Мына кішкене немерелерімді де солардың рухы жебесін деп ойладым. Екі батыр қыздың атын күн сайын үйімнен естіп отырғым келді,-деді ол. Мен әжемнің тапқырлығына сүйсіндім. «Балдырған» журналынан 17. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз

А) табиғат-алтын бесік В) менің қарындастарым

С) менің әжем күлді.

Д) әжемнің тапқырлығы 18. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды анықта.

А) туған жердің ауасы да ем

В) Қыз туса –елдің көркі

С) Көппен көрген ұлы той

Д) Батыр туса- ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы

19.«Рухы жебесін» тіркесінің мағынасы қандай ?

А) көмектессін

В) қолдасын

С) марапаттасын

Д) мақтасын

10-мәтін

Көз - көру мүшесі. Адам көзбен қарап көреді. Көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішінін, түрін ажыратады.

Адам затты қолмен ұстап та қатты, жұмсақтығын, неден жасалғанын айырады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.Көздің көру мүмкіндігін күшейтетін әр түрлі аспаптар да бар. Көз – адамның ........

20.Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес?

А) белгісі

В) мінезі

С) үні Д) айнасы Қазақ тілі L2 Мәтін 1

Мысықтың балалары үй төбесіндегі шатырдың астынан ескі портрет тауып алды.

-Қандай сұсты адам еді, - деді біріншісі.

- Неге олай дейсің, қайта екі езуіне күлкі үйірілген көңілді кісі емес пе? – деді екіншісі.

1. Олар неге келісе алмады?

А) Олар суретке екі жағынан тұрып қарады.

В) пікірлері сай келмеді

С) суретте ештеңе болмады D) Ол адамның суреті болмады Мәтін 2

Балалар мектептен келе жатты да, ағаштың басындағы сары жапырақтардың жерге түсе бастағанын көрді. Ағаштардың маңайы сары жапырақтарға толы. Тек сонау шеткі ағаштың жанында жапырақтар аз. Соны түсінген Асқар басқалардан: «Мына ағаштың басындағы жапырақтар неге түспеген?» - деді. 2. Асқардың сұрағына жауап беріңдер

А) жапырақтардың құрамындағы заттар өзінің қасиетін жоғалта бастады.

В) ағаштың жас ерекшелігіне байланысты.

С) қатты жел болмады.

D) бұтақтардағы ең соңынан шыққан жапырақтар күзде кеш түседі. Мәтін 3

Компас: «Адамдар маған адасқанда ғана қарайды», - деді. «Ал маған күнде қарайды», - деді ....

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой

А) сурет В) айна

С) өзен D) терезе Мәтін 4

Африка пілдері ағашқа немесе үйдің қабырғасына сүйеніп ұйықтайды. Үнді пілдері аяқтарын созып жіберіп, жатып ұйықтайды. Арыстан мен аю

шалқасынан жатып ұйықтайды. Керіктер өте аз ұйықтаса, шимпанзе тәулігіне 12-13 сағат ұйықтайды.

4. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңдар.

А) үнді пілдері ұйықтағанда аяқтарын созбай ұйықтайды

В) арыстан шалқасынан жатып ұйықтайды.

С) керік шамалы ұйықтайды

D) шимпанзе өте ұзақ ұйықтайды Мәтін 5

Құмырсқа шөптің арасына төгілген бидай дәнін жинап жүр еді. Оның жанына қоңыз келіп: «Мынау жинап жатқаның не, құмырсқа?» - деді қоңыз. «Азығым ғой», - деді құмырсқа. «Азық жиғаның дұрыс-ау, бірақ дәннің бәрін ала бергенше, асылдарын ғана жинауың ғой. Барлығын жинап босқа еңбектенгенсің», - деді қоңыз. Құмырсқа: «Біткен іске сынша көп болады» - деді құмырсқа.

5. Мәтін қай үлгіде жазылған?

А) диалог

В) аңыз

С) ертегі D) эссе Мәтін 6

Дүние жүзінде өсетін ең биік субтропика өсімдіктерінің бірі – эвкалипт ағашы. Оның биіктігі 150 метрден асады. Жуандығы 30 метрге жетеді. Оның шыққан жері - Австралия. Ол өте тез өседі.

6. Мәтіндегі оқиғалар тізбегінен қайсысы сәйкес?

1. Сипаттама А) 2,1,4,3

2. Ағаштың биіктігі В) 3,4,1,2

3. Жуандығы С) 4,2,3,1

4. Шыққан жері D) 1,2,3,4 Мәтін 7

Дүние жүзіндегі ең ірі тасбақалар Малайзияда. Оның салмағы 1,5 тоннадай. Олар құмға жұмыртқа салады. Ең ұзын қолтырауын осында. Оның ұзындығы 10 метрге жетеді. Дүние жүзіндегі ең ең үлкен жарқанат та осында. Оның әрбір қанаты 1,5 метр. Ең ұзын питон жыланы да осында Оның ұзындығы 8,8 метр. Салмағы 150 килограмм.

7. Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) құстар

В) алыптар

С) салмақтары мен ұзындығы

D) жыртқыш жануарлар Мәтін 8

.... – биенің ашыған сүті. Оны ашытып, баптау күрделі процесс. Қазақтар оны көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада, торсықта ашытады. Оның сапасы ыдысына байланысты. Сабаны 10-15 күнде босатып, кептіріп, тобылғы түтініне ыстап алған жөн.

8. Әңгіме не туралы?

А) айран В) шұбат

С) қымыз D) ашыған сүт Мәтін 9

Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын пісіріпті.

Бір күні ауылдың қыздары отын әкелуге шығыпты. Үйлеріне келе жатқанда, жаңбыр жауып кетеді. Үш қыз отындарын арқалап, үйлеріне жүре береді.

Жетім қыз ескі шапанын шешіп, отынның үстіне жауыпты. Алыстан келе жатқан жолаушылар мұны көріп: «Ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сенің мынау отырғаның не?», - деп сұрапты. Сонда қыз : «Бара берсін. Отындары су болады», - деп жауап берді.

9. Қай абзацта жетім қыздың тапқырлығы көрінеді?

А) үшінші

В) екінші

С) бірінші

D) ешқайсысында Мәтін 10

Желтоқсан – қыстың алғашқы айы. «Жел» және «тоқсан» деген түскі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады.

10. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

А) үш ай желді және боранды болады

В) күн қысқарады

С) сөздеодің бірігуі арқылы жасалған

D) үш ай желсіз, борансыз болады. Мәтін 11

Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерін зерттеген. Су барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігердердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды

алдымен ..., кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.

11. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) алып В) қайнатып

С) қатырып

D) құйып Мәтін 12

Егер бір күн дүйсенбіден кейінгі, немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күні болмаса, ал ертеңнің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, бұл қай күн?

12. Сұраққа жауапты табыңдар

А) сейсенбі

В) жұма С) жексенбі D) бейсенбі Мәтін 13

Бір адам жұмысқа орналаспақшы болып, киімін, галстугін, тағып, үйден шығып бара жатқанда 4 жасар қызы ойыншық сиырды ұстатты. Ол ойыншықты қалтасына салып, жұмысқа орналасуға кетті. Компания басшысы: «Біздің жұмыста түрлі бассыздықтар болады, сіз одан өте аласыз ба?», - деді. Сонда сол адам ойланып, «Менің қалтамда сиыр бар!» деп қалтасындағы ойыншық сиырды алып, үстелдің үстіне қойды. Тыныштық орнады. Сосын барлығы ду күлді. Осылайша ол жұмысқа орналасты.

13. Неліктен ол адамды жұмысқа қабылдады?

А) себебі, ол оларды таңғалдырды

В) себебі, ол сұрақты түсінбеді

С) себебі, оны қабылдағысы келмеді

D) себебі, оның ойыншығы болды Мәтін 14

Есік алдында бір Бидай мен Жүгері таласты да қалды. «Мен ірімін!» - деді Бидай. «Жоқ, мен!» - деді Жүгері. Айтыс аяқталмай қалды. Әтеш келді де, екеуін шоқып, жұтты да жіберді.

14. Мәтін мазмұнына қай мақа

А) аз сөз – алтын, көп сөз - күміс

В) еңбекпен табылған нан тәтті

С) жа

D) жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Мәтін 15

Биік таудың арасында кең алқап бар. Көктемде алқапқа қызғалдақ, сарғалдақтар шығады. Мөлдір сулы тау өзені ағып жатады. Айнала жап-жасыл. Табиғаты тыныш, тек жануар мен құстардың даусы анда-санда шығады.

15. Мәтінге қай тақырып сәйкес?

А) Жануарларды сипаттау

В) Көктемді суреттеу

С) табиғатты суреттеу

D) өсімдіктер әлемі Мәтін 16

Қар түгел ериді. Ағаштар бүршік жарады. Өзеңдер сеңнен арылады. Шымшық, тырна ұшып келе бастайды. Көкек шақырады. Егісте жер жыртылып, бақшалар егіледі. Жас ағаштарды отырғызады. 16. Мәтінде қай ай туралы сипатталған?

А) наурыз

В) сәуір

С) мамыр D) қыркүйек Мәтін 17

Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп. Олардың бірі – түлкі. Түлкінің бірнеше түрі бар. Қазақстанда қызыл және қара күрең түлкі ғана бар. Ал түлкінің ең асылы – қара сұр түлкі. Бұл суық жақтағы орманда, Енисей өзені бойында болады.

17. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

А) Қазақстанда түлкінің түрлері өте көп

В) Терісі бағалы аңдар мол.

С) Түлкінің ең асылы – қара сұр.

D) Олар Енесей бойында өмір сүреді. Мәтін 18

Алматының хайуанаттар бағында салмағы бір центнер тасбақа бар. Оның үстіне балалар мініп алып серуендейді. Ол үлкен кісіні де көтереді. Ол көкөністі, жемісті, көк пиязды ерекше ұнатады. Ол сүт ішеді, кейбір күндері ол 10 литрге дейін су ішеді.

18. Әңгіме қай сөздермен аяқталады?

А) демалады

В) тамақтанады

С) шайнайды

D) сусындайды Мәтін 19

Бір бала қой бағып жүріп: «Ойбай, құтқар! Қасқыр! Қасқыр!» - деп айқай салады. Үлкендер жүгіріп келсе, онысы өтірік екен. Бала осылайша жұртты 2-3 рет алдады. Ақыры бірде шынымен қойға қасқыр шапты. Бала әдеттегідей көмек шақырды, бірақ үлкендер оған құлақ аспады. Осылай қасқыр бүкіл отар қойды талап уетті. 19. Асты сызылған сөздің баламасын табыңдар

А) шын В) жалған

С) рас D) келу Мәтін 20 Ауа-райын жан-жануарлар қалай сезеді?

Көбелектер қараңғы жерге барып, қанатын салбыратып жасырынса, 2 сағаттан кейін жаңбыр жауады. Күндіз үкі шақырса, жауын жауады. Күздігүні үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады. Бақалар судан құрғаққа шықса, жауын болады. 20. Мәтінде жауабы бар сөзді көрсет

А) үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады.

В) көбелектер болмас, күз ұзаққа созылады.

С) Үкі шақырмаса, жауын жауады.

D) бақалар судан шықпаса, жауын болады



1. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Су – тіршілік көзі

Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады. Ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдерде, жер астында, топырақта да су бар. Мұздықтар да қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады.

Су сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрінде кездеседі. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар. Табиғатта қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек зертханадан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар. Сондықтан оны ішуге болмайды.

1. Сөйлемді толықтырыңыз. Жердің үштен бір бөлігі ... , үштен екісі ... болып табылады.

A. су, жер

B. құрлық, су

C. мұхит, су

D. су, құрлық

E. табиғат, жер

2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A. Теңіз суын ішуге болмайды.

B. Таза суда мүлдем дәм болмайды.

C. Топырақтың құрамында су болады.

D. Адам тамақтанбай бір күн де өткізе алмайды.

E. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар.

3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.

A. құрлық, тұз, су

B. табиғат, су, теңіз

C. су, тіршілік, өмір

D. көл, су, атмосфера

E. су,ағаш, жапырақ

4. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A. Атмосфераның құрамы қандай?

B. Адам неге сусыз өмір сүре алмайды?

C. Су табиғатта қандай түрінде кездеседі?

D. Сусыз қанша уақыт өмір сүруге болады?

E. Табиғаттағы қоспасы бар сулар ағаштарға пайдалы ма?

5. Мәтінге сәйкес ақпаратты белгілеңіз.

A. Адам теңіз суымен қоректенеді.

B. Суда затты еріткіштік қасиет бар.

C. Сусыз біраз күн жүруге болады.

D. Құрлық судан гөрі кең жерді алып жатыр.

E. Қоспасы бар сулар ағаштарға пайдалы.

2. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Арыстан мен түлкі

(Ертегі)

Арыстан қартайып, аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды амал-айламен аулағысы келді, Өзі үңгірде жатты да;

-Аурумын, жүрүге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты, Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келе бастады, Арыстан олардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні арыстанның халін білуге түлкі келді. Ол үңгірде алысырақ тұрды да;

-Халің қалай? – деп көңілін сұрады,

-Халім нашар, неге жақынырақ келмейсің? – деді арыстан. Түлкі:

-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, - деп жүгіріп кетіпті.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

1. Мәтінде қандай антонимдер бар ?

А)арыстан, түлкі В)алысырақ, жақынырақ С)амал-айламен Д) бастады, таратты Е)жүгіріп, кетіпті

2. Мәтінде түлкі қандай?

А)ақылды В)мақтаншақ С)әдемі Д)сабырлы Е)төзімді

3. Мәтінде кім қартайды?

А)түлкі В)аңдар С)арыстан Д)қасқыр Е)кірпі

4. Мәтіндегі «жануарлар» сөзінің синонимі

А)үңгір В)хабар С)құстар Д)аңдар Е)арыстан

5. Арыстан барлық аңдарға қандай хабар таратты?

А) - Халің қалай?

В)- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да,

шыққан із жоқ

С) -Халім нашар!

Д) -Неге жақынырақ келмейсің?

Е) – Аурумын, жүруге әлім жоқ...

3. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

АСТАНА

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде

орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын «Ақмола» деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні» 6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.

Астана – жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі – Есілдің сол жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы – Атамекен» тарихи-этнографиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.

1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

1. Астана қаласы бұрын қалай аталған?

А) Целиноград

Б) Ақмола

В) Астана

Д) Алматы

2. Астана қаласының бас символы – не?

А) Сарыарқа

Б) Думан

В) Монумент

Д) Бәйтерек

3. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

А) 97

Б) 98

В) 100

Д) 96

4. Астана қандай атаққа ие болды?

А) Әлем қаласы

Б) ЮНЕСКО

В) Әлем жері

Д) Әлем бәйтерегі

5. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой. Қаланың ортасынан ... өзені ағып өтеді.

А) Ертіс

Б) Жайық

В) Сырдария

Д) Есіл

4.Мәтінді түсініп оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз. Ертеде аю болыпты. Ол өте еңбекқор әрі шыншыл болыпты. Оның үш қонжығы бар екен. Қонжықтары да анасы секілді ақылды болыпты. Олар еңбекқорлығының арқасында жақсы өмір сүріпті. Күнде бал, балық жейді екен. Бос уақытында аю қонжықтарын ойнатып, серуенге шығады екен. Олардың апандарының қасында түлкі тұрады екен. Түлкі қу әрі жалқау болыпты. Ол аю қонжықтарымен серуенге кеткенде, солардың тамағын жеп жүреді. Бір күні оны аю сезіп қалады. Сөйтіп түлкі кірген терезені жауып қояды. Түлкі шыға алмай кешірім сұрап, жылайды. Аю және қонжықтары түлкіні аяп, шығарады. Оған ұрлықтың жаман екенін, тамақты еңбекпен табу керек екенін айтады. Содан былай түлкі аюға еріп, балық тағы басқа қоректерін өзі табатын болыпты. Әрі қонжықтарды ойнатады екен. Еңбектеніп өзіне апан да жасап алыпты. Содан бері аю мен түлкі дос болыпты. Олардың балалары да бірге ойнап, тату тәтті өмір сүріпті. А) Жақсы/жаман әдеттерді сәйкестендіріңіз. (1) 1. Ұрлық жасау а) жақсы әдет 2. еңбекпен табыс табу ә) жаман әдет Ә) Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіріңіз. (2) Кейіпкер Аю Әрекеті 1.Еңбек етеді 2.Еңбек етпейді 3.Ұрлық жасайды 4.Қамап қояды Түлкі

2-тапсырма. Мәтіннен зат есім, сын есімдерді теріп жазыңыз. (2) •••••••••••••• Зат есім: Сын есім:

5. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - шынайы поэзия өкілі, лирик, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.

Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған.

Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

Тапсырмалар

1. Берілген зат есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін жалғап, сын есім жасаңыз, 3 сөйлем құраңыз.

Тау, ақын, жас, ауа, өсімдік, тас, орман, шалғын, күн, ай.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.

1. Мұқағали Мақатаевтың туған жері.

А) Қарасазда

Б) Қызылордада

С) Шымкентте

2. «Саржайлау» әнінің тууына себеп болған кім?

А) Шәмші Қалдаяқов

Б) Ахмет Жұбанов

С) Нұрғиса Тілендиев

3. Мұқағали Мақатаев қай жылы туған?

А) 1931 жылы

Б) 1933 жылы

С) 1936 жылы

4. Оның ауыл мектебін бітірген жылы.

А) 1945 жылы

Б) 1948 жылы

С) 1955 жылы

5. Ақынды кім тәрбиеледі?

А) әкесі

Б) анасы

С) әжесі

3. Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Қазақстан қорықтары

«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16- орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

А) Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпараттар

1.

2.

Ә) Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтаңыз.

Жанама ақпараттар

1.

2.

Жазылым

В) «Қызыл кітап – тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат», - деген Қадыр Мырза Әлі сөзін қалай түсінесіз? Ойыңызды айтып, шағын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданыңыз.

_________________________________________________________

7.Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Екі әйел құдықтан су алып жатты. Олардың қасына тағы бір әйел келді. Өтіп бара

жатқан қарт кісі де құдықтың жанында жатқан тасқа отырып,демалды. Әйелдер

балалары туралы мақтанып айта бастады.

Бірінші әйел:

Менің ұлым өте күшті, оны ешкім жеңе алмайды, – деді.

Ал менің ұлым әнді тамаша айтады. Ондай дауыс ешкімде жоқ, – деді екіншісі. Үшінші әйел үндемеді.

Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты. Қария да олармен бірге жүрді. Әйелдер шаршап

демалуға тоқтады. Олардың алдынан үш бала шықты. Балалардың біреуі ары-бері

секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшіншісі үндемей келіп, анасының қолындағы

ауыр шелекті алды.

Әйелдер қариядан:

Біздің ұлдарымыз қандай екен? – деп сұрады.

Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын! – деді қария.

1) Мәтінде қандай бас кейіпкерлер туралы айтылды?

__________________________________________________________________________________________________________________________

2) Сұрақтарға жауап бер.

а) Қария адам не деді?

А) Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын!

В) құдықта су бар ма?

С) ауа райы туралы сұрады

D)Ауыр шелек туралы

b) Әйелдер қарт кісіден не сұрады?

______________________________________________________________

с) Бұл мәтін не туралы?

______________________________________________________________

Қазақ тілі бойынша

функционал

Алматы Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді. ( 15 сөз) Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Балалар Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті. (11 сөз) Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Аяз болар алдында Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз) Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады?

Астық Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз) Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Астық- сөзі неше дыбыстан тұрады?

Футбол Балалар аулаға жиналды. Екі командаға бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. (13 сөз) Футбол- сөзі неше дыбыстан тұрады?

Ана Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі.

(13 сөз) Бірінші сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарының астын сыз.

Құстар Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі емшідәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. ( 11сөз) Зиянкестерден- сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Күн Күн-үлкен шар. Күнде айналып жүретін планеталар бар. Күн,жер,ауа барлық халыққа ортақ. Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Түйе Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. ( 18 сөз) Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.

Ана Ана-от басының тірегі. Анасы бар үй-береке. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балалардың бақытты болуын тілейді. Біз ананы сыйлаймыз, құрметтейміз. ( 19 сөз)

Қазақ алфавиті

1.Хат, кітап, қаһарман, шалғы, кеме, ащы, таға.-Көшіріп жазыңдар. Ғ,к,қ,х,ш,щ- әріптерінің астын сыз және оларға «а» әрпін қосып оқы.

2.Балық, велосипед, терезе, жұлдыз, газет,цирк, чемпион. –Көшіріп жазыңдар. Б,в,п,т,ц,ч- әріптерінің астын сыз және оларға «е» әрпін қосып оқы.

3.Марат,Қайрат,Сәуле, Айгүл, Болат, Әлия, Есен, Ғалия, Гүлнәр, Омар, Жамал, Шара, Зейнеп. Кісі аттарын алфавит ретімен теріп жазыңдар.

4.Күз Күз болды. Күн суыта бастады.Құстар жылы жаққа кетуге дайындалды.Түрлі құстар топ-тобымен кетіп жатты. (16 сөз) Екінші сөйлемнен жуан дауыстылардың астын сыз.

Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Ата Айтады ертек жан атам, Ақ сақалын салалап. Құмарымды таратам, Жер мен көкті аралап. Жуан айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.

Әже Мейірімі-жел жібек, Күндей ыстық құшағы. Ет жүрегі елжіреп, Құлыным деп құшады. Жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.

Ана Келбетінде ұлылық, Даладан кең пейілі. Ана деген –жылылық, Ана деген –мейірім. Жуан айтылатын сөздердің астын бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Тоқылдақ Тоқылдақ –орман құсы.Ол ертеден кешке дейін жем іздейді.Ал түнде ұясында тынығады. Тоқылдақ суықта да басқа жаққа ұшып кетпейді. (20 сөз) Жуан айтылатын сөйлемді табыңдар.

Үй қояны Күтімі жақсы үй қояндары суықтан қорықпайды. Олар көктемде көжектейді. Ана қояндар көжектерін жақсы күтеді. Олар көжектерін бауырына басып жылытады. (19 сөз)

Буын 1.Жер бусанып,көк шығып, Арықтарда су ақты. Бүрлеп өсіп көк шыбық, Жұтып жатыр шуақты. Өлеңнен бір буынды сөздерді бірінші бағанға,екі буынды сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

2.Ақылыма иемін, Тәртіпті мен сүйемін. Тақиямды қолыма ап,

Үлкенге бас иемін. Өлеңді буынға бөліп, көшіріп жазыңдар.

3.Жұмбақ Өзі таудың бөктерінде өседі, Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша) ( Е.Елубаев) Өзі, өседі, үй- сөздері неше буыннан тұрады?

Күз Күн бірте-бірте суытып келеді. Күндіз қызғанмен, кешкісін салқын.Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақты жел ұшырады. ( 17 сөз) Салқын, жапырақтар-сөздерін буынға бөліп жаз.

Тасымал. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы

Аң мен құсын даламның Баурыма балармын. Сезінеді олар да Қамқорлығын адамның. С.Асанов. Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңдар. Дауыссыз дыбыстары қандай?

Мақал Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат. Тасымалданатын сөздерді теріп, тасымалдап жаз. Дауыссыз дыбыстары қандай?

Айгүл Айгүлдің анасы дүкенге барды.Дүкеннен алма,алмұрт,жүзім әкелді. Айгүл алманың біреуін алды. Оны әжесіне берді. Әжесі алманы жеді, рақмет айтты. ( 21 сөз) Алма, алмұрт, жүзім – сөздерін тасымалдап көрсет.

Заттын атын білдіретін сөздер

1.Нан, астық, бидай, егін, егістік,диқаншы, дала,жер. Абай, Шоқан, Ахмет, Бауыржан, Мәншүк,Әлия, Тоқтар, Талғат, Жамбыл, Ыбырай. Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Ақтөбе, Астана. 2.Күн, жел, ауа, қар, мұз, су, қырау, аяз, жаңбыр, кемпірқосақ. Оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, парта, бор, сынып.

3.Тайлақ бірде тай, лақты, Менсінбеді кіші деп. Лақ маңырап, Аймақты Жаңғыртты тай кісінеп. Б. Серікбаев. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бақшада Бақшаға барып, Қырмызы қарбыз, Боласың қарық: Қызықтай нағыз Көзіннің жауын Қызғылтым сәбіз. Алатын қауын, Дорбаны салып, Тамсанар бар қыз. Қайтасың алып. Қ. Мырза Әли. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз және сұрақ қой.

Үзіліс Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ-дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады. ( 20 сөз) Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап, астын сыз.

Фермада Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы.Біз фермада сауыншыларға көмектестік. ( 20 сөз) Сиыр, қой, ешкі сөздеріне қандай сұрақ қойылады?

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер

Үшінші класта оқитын- Нұрлан, Екінші класта оқитын –Құрман, Бірінші класта оқитын –Нұрман, Бала бақшаға баратын-Құрбан, Және де бір қыз далада тұрған.

Кісі аттарын теріп жазыңдар.

Москваға да ұшамыз, Ұшақпенен балалар, Ташкентке де ұшамыз. Жердің жүзін аралар. Туваға да ұшамыз, Құтты болсын мереке, Кубаға да ұшамыз. Батыр ұшқыш ағалар. Жер - су аттарын теріп жазыңдар.

Қайық Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қайық жасады. Қайықты суға жіберді.Қайық жүзе жөнелді. Балалар қайықтың соңынан жүгірді. ( 18 сөз) Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздін астын сызыңдар.

Заттын қимылын білдіретін сөздер Көктем Көктем келді, қар кетті, Тырна көкте әндетті. Көк торғынға оранды, Сеңгір таулар сәулетті. Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар. Су ішкелі бір өгіз Барып еді бұлаққа, Бақалар көріп тарбақтап Қашып шықты ар жаққа. И. А. Крылов. Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.

Қанатты достар Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді. Сондықтан оларды қанатты достар деп айтамыз. ( 15 сөз) Бірінші сөйлемнен зат есім мен етістікті тауып, астын сызыңдар.

Алма бағында Көктемде алма бағы өте сәнді.Алма ағаштары гүлге бөленеді. Бұлбұлдар шаттық әнін сайрайды.

Балалар алма бағына барып,ойнап күліп мәз болды. ( 21 сөз) Соңғы сөйлемнен қимылды білдіретін сөздерді тауып,астын сызыңдар.

Заттың санын білдіретін сөздер

Жұмбақ Жеті бала жеті түрлі дауысты Бес жолмен кеп, Бір ән салып қауышты. (Нота) Б.Серікбаев. Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бес түйме бар өңірде, Екі түйме жеңімде. Төс қалтаны түймелер Қос оған бір түймені. Жапсырылған қиықша- Екі погон иықта. О. Ақыпбеков. Заттың санын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар, оларға сұрақ қойындар.

Бірінші досым-Берік, Екінші досым-Ерік. Үшінші досым-Үкен, Төртінші досым –Түкен. Біздер тату құрбымыз, Жазылмайды жұбымыз. О.Ақыпбеков. Нешінші?деген сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Біздің сынып Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар.Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. ( 17 сөз) Сан есімдердің астын сызыңдар.

Станция Станция ауылдан он бес шақырым жерде.Пойыз сағат жетіде келеді. Оңғарбек үйден сағат екіде шықты. Ол автобуспен станцияға жетті. ( 19 сөз) Күрделі сан есімді тауып астын сызыңдар.

Кино Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды.Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. ( 24 сөз) Дара сан есімді тауып астын сызыңдар.

Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін.Қайталау.

Наурыз Наурыз-көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Алтыбақандар құрылады,ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. ( 17 сөз) Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Екінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табыңдар.

Қызғалдақ Қар кетіп,жер жылыды.Жазық даланы қызғалдақ жапты.Балалар қызғалдақ теруге барды.Құлпырған қызғалдақтар жер анаға сән берді. ( 18 сөз) Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Ұлы ұстаз Ыбырай бала кезінен ақылды, алғыр болған.Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада білім алып,ұстаздық жолын қуған.Мектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан. (21 сөз) Мәтіннен Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

Шынығу Серік ерте тұрады.Денесін шынықтырады.Суық сумен жуынады.Суық сумен жуыну денсаулыққа пайдалы. ( 13 сөз) Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып,астын сызыңдар.

Саймандар Балға мен балта-саймандар. Бұл саймандар үй шаруасына аса қажет. Балғамен шеге қағады.Балтамен ағаш жарады. ( 16 сөз)

















ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді. 1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?

А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.

В) Қарттың немересі болатын

С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен

D) Қарт көмекке шақырған еді

Е) Америкаға қонақ болып келді.

2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.

А) Ұмытпағайсың, сен жассың

В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.

С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама

D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр

3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?

А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек

В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.

С) Иә, себебі ол қария.

D) Жоқ, келіспеймін.

Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.

«Зор тұлға»

Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.

Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.

1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды. (107 сөз)

4. Сұрақ . Мәтінде қай дәуірдің кезеңі баяндалған?

А) Кеңес дәуірі

В) Қазақстан Республикасының алғаш құрылған дәуірі

С) Азаматтық соғыс кезеңі

Д) Ақ патша дәуірі

5. Сұрақ . мәтіннің тақырыбы:

А) Адам және оның қоршаған ортасы

В) Білім және ғылым

С) Әлеуметтік қарым- қатынас

Д) Мемлекеттер мен қалалар

6. Сұрақ. Қонаевтың зор тұлға екендігі қай тіркесте ашылып тұр?

А) Біртума азамат

В) Социалистік Еңбек Ері

С) Ғылым Академиясының академигі

Д) Аты аңызға айналған

7. сұрақ . Қонаевтың еңбек жолын ретімен көрсет

А) 1912, 1931, 1936, 1952

В) 1931, 1936, 1952

С) 1936, 1952

Д) 1912, 1931

Табиғат Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

8. Сұрақ .Суреттеу қай сөйлемде?

А) Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің

В) Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді

С) Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.

Д) Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады

9. Сұрақ . Кейіптеу қай сөйлемде?

А) . Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды.

В) Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті.

С) Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс

Д) Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын

10. Сұрақ.Тіршіліктің көзі не?

А) Су

В) Табиғат

С) Ауа

Д) Жаңбыр

11. сұрақ . «Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.» Сөйлемнен ауыспалы мағынадағы тіркесті тап?

А) Көлдер қойнын ашса

В) құстар қонар

С) қаңқылдап құстар

Д) қойнын ашса

12. Сұрақ . «Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті» деп жырлаған кім?

А) А.Құнанбаев

В).Ы.Алтынсарин

С) М.Жұмабаев

Д) Қ.Мырзалиев

13. Сұрақ. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындар нені білген?

А) Табиғат сұлулығын

В) Табиғат құдіреттілігін

С) Табиғат сырын

Д) Табиғат көркемдігін

МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»1 БОЛА АЛАМЫН БА?

Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы. Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі. Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек. Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі. Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушысы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс. Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиеттердің барлығы үміткермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады. 1 «Алмасу оқушысы» біраз уақыт бойы, әдетте бір жыл бойы басқа елдегі қандай да бір отбасында тұрып оқиды

14. Сұрақ : Бұл мақаланың басты ойы неде?

A Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау

B Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру

C Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу

D Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау

15. Сұрақ. .Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).

16. Сұрақ.Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы).

17. Сұрақ Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты. Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме?

Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз. ....................................................................................................................... ....................................................................................................................... .......................................................................................................................

18. Сұрақ . Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?

A Өте жақсы оқу жетістіктері.

B Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.

C Шет тілін өте жақсы меңгеру.

D Мықты денсаулық.

19. Сұрақ. Неліктен тілді білу негізгі шарт емес?

A ) себебі тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы бағаланады.

B) себебі өте сирек ауызша экзамен арқылы арқылы бағаланады

С) өйткені үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.

D ) өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр.

20. Сұрақ. Жақсы денсаулық неліктен міндетті шарт?

A. Басқа елдің ауа райын көтере алмауы мүмкін

B. Бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін.

C . Оқуында қиындық туғызуы мүмкін

D. басқа елге жібермей қоюы мүмкін

1. А

2. В

3. А

4. А

5. А

6. Д

7. С

8. С

9. А

10. В

11. А

12. Д

13. В

14. Д

15. –

16. –

17. –

18. В

19. Д

20. В

21. А

22. В

23. А

24. А

25. А

26. Д

27. С

28. С

29. А

30. В

31. А

32. Д

33. В

34. Д

35. –

36. –

37. –

38. В

39. Д

40. В

Оқу сауаттылығы

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР

Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған. Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.

1. Сұрақ: Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына неліктен салған?

А) мрамордың құрғақ массасын өлшеу үшін

В) карбонат пен кальцийдің құрамын анықтау үшін

С) қышқыл жауын құрамын анықтау үшін

Д) қышқыл жауынның әсерін білу үшін

Е) сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі бірдей болғандықтан.

2. Сұрақ :мәтін қай стильде жазылған.

А) публицистикалық

В) ғылыми

С) көркем әдеби

Д) ресми

Е) ауызекі

СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР?

Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма? Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары мен тіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады. Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», – дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін». «Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар» – бұл норвегиялық журналдан алынған мақала.

3. Сұрақ : Мәсуек деген не?

А) тіс тазалайтын таяқша

В) тіс тазалайтын щетка

С) тіс тазалайтын паста

Д) тіс тазалайтын ақ желкен

Е) тіл тазалайтын құрал

4. Тісті неге мәсуекпен тазалаған дұрыс?

А) артық күш салмау үшін

В) қызыл иекті сақтау үшін

С) ең тиімді нәтиже болғандықтан

Д) тіс тазалауға ыңғайлы болғандықтан

Е) қарындашқа ұқсағандықтан

5. Мәтіннің жазылу стилі қандай?

А) публицистикалық

В) ғылыми

С) ауызекі

Д) кітаби

Е) экспресивті- эмоцианалды

6. Мәсуекке күш салуға болмайды себебі?:..... сай келмейтін жауапты белгіле.

А) тістің эмалі кетеді

В) тамақтың қалдықтарынан арылта алмайды

С) тіс қонуларынан арылта алмайды

Д) қызыл иек зақымданады

Е) тіл тазаланбайды

Сыныпқа мінездеме

Сыныпта 26 оқушы бар. Оның ішінде 11 ұл бала, 14 қыз бала. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Үздік оқушылар жоқ, оқу екпінділері -10, білім сапасы -38%. Себепсіз сабақ босататындар жоқ. Сынып оқушыларының математика, физика, алгебра, геометрия, химия пәндерінен білім сапасы төмендеу.

Сынып оқушылары қалалық, мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп жүр. Қазақ тілі пәнінен қалалық олипиадада Оспанова Гүлнұр жүлделі ІІІ орынды, «Айналайын» облыстық конкурста қазақ тілі пәнінен Омарова Нурай, Тұрсынова Зара, Оспанова Гүлнұр жүлделі ІІ орындарды иеленді, тарих пәнінен интернет олимпиададаға Уалиолдинов Мейірім сертификат иеленді.

Үйірмелерге қатысу туралы: қыздар көбіне би үйірмесіне, ұлдар спорттық үйірмелерге қатысады.

Оқушыларды осындай сайыстарға қатыстырып,қаржылай да, рухани дем беріп жүрген ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз.

Осы тұрғыда мектептің терезелеріне жалюзи алуда 5 мың көлемінде қаржылай көмек көрсетіп және наурыз мерекесін өткізуге ат салысқаны үшін өзімнің, мектеп әкімшілігі, ата-аналар атынан Нұрланқазы Айнұрдың ата-анасына алғысымызды айтамыз. Наурыз мерекесіне «Ең дәмді наурыз көже» дайындаған Асқарбаева Арайлымның апасына алғыс білдіреміз.

Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып старостасы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.

Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Сондықтан сыныпты жақсы сынып деп санаймын.

7. Сыныптың танымдық бағытының орташалығын қалай байқауға болады?

А) Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған

В) Әлеуметтік құрамы орташа.

С) Сынып оқушылары ұйымшыл

Д) математика, физика, алгебра, геометрия, химия пәндерінен білім сапасы төмендеу.

Е) Үздік оқушылар жоқ, білім сапасы -38%

8. Мәтіннің жазылу стилі қандай?

А) публицистикалық

В) ғылыми

С) көркем әдеби

Д) ресми іс- қағаздар

Е) ауызекі сөйлеу

9. Мәтін желісі бойынша сөздерді рет- ретімен орналастыр.

А) қарым- қатынас, сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, ата- аналар, сыныптан тыс жұмыстар

В) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, ата- аналар, сыныптан тыс жұмыстар, қарым- қатынас

С) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, қарым- қатынас, сыныпқа мінездеме

Д) қарым- қатынас, сыныпқа мінездеме, жүлделі орындар, ата- аналар

Е) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, сыныптан тыс жұмыстар, ата- аналар,қарым- қатынас

10. Ата- аналарға алғыс не үшін айтылды?

А) сайыстарға қатыстырғаны үшін

В) қаржылай көмек үшін

С) рухани қолдағандары үшін

Д) сайыстарға қатыстырып,қаржылай да, рухани көмек үшін

Е)» Ең дәмді наурыз көже» дайындағаны үшін

11. Сыныпты жақсы сынып деп айта аласың ба?

А) иа, себебі сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады

В) иа, ата- аналар үнемі көмек беріп отырады

С) иа, оқушылар себепсіз сабақ босатпайды

Д) жоқ, себебі сыныптың танымдық қабілеті орташа

Е) жоқ, себебі үздік оқушылар жоқ

12. Пайымдау қай сөйлемде?

А) Сынып оқушылары қалалық, мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп жүр

В) Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.

С) біріншіден сынып оушылары өте ұйымшыл,екіншіден себепсіз сабақ босатпайды сондықтан сыныпты жақсы сынып деуге болады.

Д) Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып старостасы мен тәрбие секторы ұйымдастырады

Е) Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Үздік оқушылар жоқ.

Алтын сағат

Тоғыз тарау Тентек өзенінен өтіп,Сайқан тауына бет алғанымызда, сәске түс мезгілі еді. Аспанды тұтас торлаған сұсты бұлт, екілене соққан суық жел көңілімізді жүдетіп жіберді. Күні кеше жайнап тұрған жанға жайлы қоңыр күз оңтүстікке қарай ығысып бара жатқандай сезілді. Қасымдағы төртпақ қара шалды жол бастасын деп «Жаңаберген» колхозының бастығы қосып жіберген. Әңгімеге жарытады, ішінді пыстырмайды, осы төңіректің ой-шұқырына шейін білетін жершіл шал деп мақтаған оны.

Сыпсып құйрық, жатаған торыны сипай қамшылап, үзеңгісін шірене тебініп қояды Оңғарбай.

Баратын жеріміз онша қашық болмаса да, жолға ермек болсын деген оймен шалға тіл қаттым:

- Ақсақал,әңгіме айтыңыз, жол қысқарсын.

- Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым,- деп, шал кеудесімен тұтас бұрылып маған қарады.- Сөзге орашолақ жанмын...

Оңғарбайдың сөзшең адам екенін ауылында үш күн жатқанда талай адамның аузынан естігенім бар. Әйтседе бітегене жақын отырып әңгімелесудің орайы келмеген. Осы кемістігімнің орнын толтырайын деп ойладым.

- Қандай әңгіме айтсаңыз да ерінбей тындайын! - Ойнақы теңбіл көк бестінің ауыздығын тартып, тізгінін тежеп қойдым.

- Осы бастан көшіріп алайын,- деді шал қуақылана жымындап.- Найманның бір мылжың шалы қай-қайдағы бірдеңелерді айтып құлағымды сарсытты деп жүрме...

Баурынан жараған оқтаудай семіз аттар құлақтарын қайшылап, есіле аяндайды. Оқта-санда шоқырақтап желдіртіп аламыз. Айтатын әңгімесін жүйелеп алғысы келеді ғой деймін, Оңғарбай біразға шейін үн шығармады. Бір белестен асып, құла беріске құлдилай бергенімізде қария кенет сөз бастады:

- Асыл анамыз ғой, жарықтық, әңгімені жер жайынан бастайын. Желмен желбіреп, кеңірдегіне үйірілген сирек тарлан сақалын умаждап қойды.

- Құлағым сізде, айта беріңіз!

- Артық жаралған жер ғой біздің Жетісу! Шөбі шүйгін, суы бал, берекетті өлке деп біздің қазақ осындай жерді айтады. Жер жүзінде, күн астында Жетісудай ғажап өңір бар дейсің бе, тегі... Жетісуды көтере мақтап қойды да, атының басын іркіп, кілт тоқтады.

13. Кейіпкердің көңілі неге жүдеді?

А) ақсақал әңгіме бастамай қойған соң

В) суық желден

С) сәске түс болған соң

Д) жол алыстығынан

Е) жілігі татымайтын әңгіме болған соң

14. «Қоңыр күз оңтүстікке қарай ығысып бара жатқандай сезілді» деген тіркестен нені байқауға болады?

А) қыстың жақындағанын

В) ауылдың артта қалғанын

С) жаздың аяқталғанын

Д) суық желдің соққанын

Е) жол ұзақтығын

15. Оңғарбайды не үшін жіберді?

А) әңгіме айту үшін

В) сөзшең болғандықтан

С) жол бастасын деп

Д) жолға ермек болсын деп

Е) жұмыс істеу үшін

16. Оңғарбайдың бейнесі қалай суреттеледі?

А) әңгімеге жарытады, ішінді пыстырмайды

В) осы төңіректің ой-шұқырына шейін білетін жершіл шал

С) торыны сипай қамшылап, үзеңгісін шірене тебініп қояды

Д) Оңғарбайдың сөзшең адам екенін ауылында үш күн жатқанда талай адамның аузынан естігенім бар

Е) . Қасымдағы төртпақ қара шалды жол бастасын деп «Жаңаберген» колхозының бастығы қосып жіберген.

17. «Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым» деген тіркестен Оңғарбайға қандай мінездеме беруге болады?

А) сөзшең

В) ақылды

С) тәкәппар

Д) көңіл- күйі жоқ

Е) сөз құдіретін түсінеді

18. Мәтінде сақалдың қай түрі кездеседі?

А) ақ сақал

В) бура сақал

С) тарлан сақал

Д) қара сақал

Е) сақал түрі жоқ

19. Жетісудың ғажап өңір екендігін қай тіркес дәлелдеп тұр?

А) Артық жаралған жер ғой біздің Жетісу

В) Шөбі шүйгін, суы бал, берекетті өлке

С) қазақ осындай жерді айтады

Д) Жетісуды көтере мақтап қойды

Е) Жер жүзінде, күн астында Жетісудай ғажап өңір бар дейсің бе...

20. Жетісу жеріне қай мақал лайық?

А) жақсы жерге жатсаң жақсы- жақсы түс көресің

В) жақсы жердің қадірін қожасы емес құл білер

С) жерге түскен шгү болар, отқа түскен күл болар

Д) жері байдың, елі бай

Е) жасыл желек жердің көркі







 Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада аялдап, ас ішіп, тамақтанбақ болады.

            Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір -түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, бәр адам тастарды уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір тастар қызуы күшейіп, жанады. Көрген керуеншілер: «Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз», -дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.

                                                                                               (Қазақ тілі хрестоматиясы)

Сұрақ: Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді?

1.Саудугерлер тоқтаған жерден тұз табылады.

2.Айтылған оқиға көмір кенінің ашылуына себепкер болды.

3.Мәтінде сипатталған оқиға Екібастұз қаласының атауына әсер етті.

Shape1

біріншісі мен екіншісі

Shape2

тек біріншісі 

Shape3

тек екіншісі

Shape4

тек үшіншісі

Shape5

екіншісі мен үшіншісі

1 -мәтін

               Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада аялдап, ас ішіп, тамақтанбақ болады.

            Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір -түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, бәр адам тастарды уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір тастар қызуы күшейіп, жанады. Көрген керуеншілер: «Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз», -дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.

                                                                                               (Қазақ тілі хрестоматиясы)

Сұрақ: Жаңа отын түрінің табылуына себеп болған жағдай?

Shape6

Саудгерлердің жол жүруі

Shape7

Тұзды қалдырып кетуі

Shape8

Жылтыр тастарға қызығуы

Shape9

От жағу үшін отын іздеуі

Shape10

Тышқанның інін табуы

2 – мәтін

          Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

  • Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.

  • Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі -арнайы қонақ, екіншісі -құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

  • Ал оны қалай айырамыз? -дегенде:

  • Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен,құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас -жораң. Міне , бұл нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп, үйден -үйді, ауылдан -ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

Міне, бұл нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы,ауыл ішіндегі түтіні түзу шыұұан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл нағыз сұғанақ қонағың,- депті, көпті көрген көне би Төленді.

 

Сұрақ:  Мәтінде қонақтың қандай түрлері көрсетілген?

Shape11

арнайы, құдайы, қыдырма, қылқыма

Shape12

қыдырымпаз, дауылпаз

Shape13

арнайы қонақ, құтты қонақ

Shape14

құтты қонақ, семіз қонақ

Shape15

жұт қонақ, қылқыма қонақ



2 – мәтін

          Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

  • Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.

  • Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі -арнайы қонақ, екіншісі -құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

  • Ал оны қалай айырамыз? -дегенде:

  • Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен,құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас -жораң. Міне , бұл нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп, үйден -үйді, ауылдан -ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

Міне, бұл нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы,ауыл ішіндегі түтіні түзу шыұұан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл нағыз сұғанақ қонағың,- депті, көпті көрген көне би Төленді.

 

Сұрақ: Қандай қонақты қылқыма қонақ дейді?

Shape16

ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ

Shape17

ауылды кезіп ет жеп жүрген сандалма қонақ

Shape18

үй торуылдайтын адам

Shape19

басы ауған жаққа тарта беретін көлденең, сұғанақ қонақ

Shape20

кетпей ұзақ жататын қонақ







Shape21 Shape22 Shape23





  Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

  • Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.

  • Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі -арнайы қонақ, екіншісі -құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

  • Ал оны қалай айырамыз? -дегенде:

  • Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен,құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас -жораң. Міне , бұл нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп, үйден -үйді, ауылдан -ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

Міне, бұл нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы,ауыл ішіндегі түтіні түзу шыұұан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл нағыз сұғанақ қонағың,- депті, көпті көрген көне би Төленді.

 

Сұрақ: Сұғанақ қонаққа қай қонақты жатқызады?

Shape24

арнайы қонақты

Shape25

сыйлы қонақты

Shape26

сыпайы қонақты

Shape27

қыдырма қонақты

Shape28

қылқыма қонақты



  Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

  • Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.

  • Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі -арнайы қонақ, екіншісі -құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

  • Ал оны қалай айырамыз? -дегенде:

  • Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен,құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас -жораң. Міне , бұл нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп, үйден -үйді, ауылдан -ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

Міне, бұл нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы,ауыл ішіндегі түтіні түзу шыұұан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл нағыз сұғанақ қонағың,- депті, көпті көрген көне би Төленді.

 

Сұрақ:«Сауап қонақ» деп қай қонақты айтуға болады?

Shape29

сыйлы қонақты

Shape30

құдайы қонақты

Shape31

әдепті қонақты

Shape32

даулы қонақты

Shape33

арнайы қонақты



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!