8 сынып тест материалы қайталау үшін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып тест материалы қайталау үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
жеке оқушыны дамытуға, топпен жұмысты қорытындылауға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика 8 сынып

Тест 2 нұсқа


1.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

А) жылу өткізгіштік;

В) конвекция;

С) жылу өткізгіштік және конвекция;

Д) сәуле шығару және конвекция.

2. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460 .Бұл сан нені білдіреді?

А) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

В) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

С) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

Д) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады.


3.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...

А) 390 ; В) 293 ; С) 3510 ; Д) 1560 .

4. Төменде келтірілген әрекеттердің қайсысында дененің (мұз, су) ішкі энергиясы өзгермейді?

А) мұз кесегін тоңазытқыштан алып, тарелкаға салады;

В) мұз кесегі тарелкада 0ºС-қа дейін қызады;

С) 0ºС температурада мұз ериді;

Д) шәугімдегі суды қайнатады.

5. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?

А) 50 ºC; В) 55 ºC: С) 63 ºC; Д) 75 ºC.

6.Екі бірдей қорғасын шар бір-біріне қарама-қарсы бағытта және 2 жылдамдықпен қозғалып келеді. Шарлардың серпімсіз соқтығысуы нәтижесінде олардың температуралары ... шамасына артады.

А) ; В) ; С) ; Д) ;

7.Екі стакан сумен тәжірибе жасалды.Бірінші стакандағы суды 1Дж жылу ала отырып, салқындатты. Екінші стаканды 1Дж жұмыс атқара отырып, биікке көтеріп қойды.Бірінші және екінші стакандағы судың ішкі энергиялары өзгерді ме?

А) біріншіде және екіншіде де азайды;

В) біріншіде азайды, екіншіде артты;

С) біріншіде де, екіншіде де өзгермеді;

Д) біріншіде азайды, екіншіде өзгермеді.

8.Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек?

А) ≈213м; В) ≈429м; С) ≈535м; Д) ≈268м.

9. Егер калориметрде жылу сыйымдылықтары бірдей, бірақ массалары әртүрлі (m ), және температуралары әртүрлі (t ) екі сұйықты араластырса, онда қоспаның температурасы ...

А) ; В) ; С) ; Д) ;

10. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?

А) меншікті булану жылуы;

В) меншікті балқу жылуы;

С) меншікті жылу сыйымдылық;

Д) жылу өткізгіштік.

11. Мұздың меншікті балқу жылуы 340 кДж/кг.Бұл сан нені білдіреді?

А) балқу температурасында алынған 340кг мұзды балқыту үшін 1 кДж жылу қажет;

В) балқу температурасында алынған 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет;

С) 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет екенін көрсетеді;

Д) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

12. Тұрақты температурада сұйық күйден газ тәрізді күйге өткенде заттың ішкі энергиясы қалай өзгереді?

А) артады; в) кемиді; С) ішкі энергия заттың күйіне тәуелді емес; Д) заттың ішкі энергиясы тәуелсіз шама;

13. 0 ºC температурадағы мұзды балқыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, дәл сондай мұз кесегін 1 ºC-қа қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерінен неше есе көп?

А) 162; В) 72; С) 330; Д) жауап мұздың массасына байланысты.

14. Қалайы және мыс 500ºC температурада қандай (сұйық немесе қатты) күйде болады?

А) қалайы сұйық, мыс қатты күйде; В) қалайы қатты, мыс сұйық күйде; С) екеуі де қатты күйде; Д) екеуі де сұйық күйде;

15. Су ішінде мұз кесегі жүзіп жүр. Екі заттың да температуралары 0ºС.Осы кезде не байқалады?

А) мұздың еруі; В) судың қатаюы; С) бір мезгілде судың аздап қатаюы мен мұздың еруі;

Д) ешқандай агрегаттық өзгеріс болмайды;

16. Әр түрлі болат бұйымдарды балқытылған болатты қатаю кезінде арнайы қалыптарға құю арқылы алады. Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз:

А) қатаю кезінде болаттың ішкі энергиясы артады;

В) қатаю кезінде болаттың температурасы төмендейді;

С) қатаю кезінде молекулалар кристалдық тор құрап, реттеліп орналасады;

Д) ішкі құрылымында ешбір өзгеріс болмайды.

17.Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.

Shape1

А) 424 кДж; Д) 890 кДж;

В) 680 кДж; г)

С) 403 кДж.




18.100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.

А) 4,1кг; В) 2,5кг; С) 0,63кг; Д) 1,026кг;

19. Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет.Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.Бұл неге байланысты?

А) адам денесінен ылғалдың булану жылдамдығының өзгеруіне байланысты;

В) атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты;

С) ауадағы оттегінің құрамының өзгеруіне байланысты;

Д) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

20. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?

А) 92г; В) 46г; С) 126г; Д)104г;





2 нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

в

а

а

а

в

а

д

в

д

в

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

в

а

а

а

г

с

д

д

а

д


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2024
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі