Материалдар / 8 сынып үйден оқыту, бейнелеу өнері, ктж.docx

8 сынып үйден оқыту, бейнелеу өнері, ктж.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып үйден оқыту, бейнелеу өнері, ктж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2024
62
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі

469 бұйрығына 99 - қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 539 - қосымша



Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 8-сыныптары үшін үлгілік оқу бағдарламасы


1 - тарау. Жалпы ережелер

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 8-сыныптары үшін «Бейнелеу өнері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларды заттардың пішінін, құрылымын, шамасын, түсін, олардың кеңістіктегі орнын дұрыс қабылай білуге және оларды бейнелеу құралдарының көмегімен бере білуге үйрету.

Оқу пәнінің міндеттері:графикалық дағдыларды және оларды оқу және тәжірибелік әрекеттерде пайдалана білуді дамыту және қалыптастыру;жанасымдылық, кинестикалық, көру талдауыштарды тірек ете отырып, оларды бейнелеу процесіне қажетті материалдармен және құралдармен таныстыру;тапсырманың мақсатын түсінуге және оны өздігінен немесе ересек адамның көмегімен орындауға, қимаүлгілерді пайдалануға, нобай бойынша сурет салуға, бөліктерінің суреттерін аяқтауға, сызықтан шықпай бояуға үйрету;бейнелеу өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру және қабылдауға қолжетімді бейнелу өнері шығармаларымен таныстыру;білім алушылардың танымдық аймағындағы кемшіліктерді жүйелі және мақсатты бағытталған дамыту арқылы түзетуге көмектесу;қимыл-қозғалыстық аймақты вариативтік және дүркін-дүркін қайталанып отыратын сан алуан түрлі бейнелеу құралдарын және материалдарды пайдалана отырып түзету сәндік және тақырыптық сурет салу, тікелей заттың өзіне қарап сурет салу, оларды оқу, еңбек процесінде және қоғамдық пайдалы әрекетте пайдалану дағдыларын қалыптастыру;білім алушыларда көркемдік талғамды, бейнелеу әрекетіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

- тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

Бағдарламаның мазмұнында меңгеру үшін құрылымы бойынша жеңілдетілген, көлемі бойынша қысқартылған, жинақтау деңгейі

бойынша қарапайым, сондай-ақ білімнің осы саласына тән болатын, құрылымдық біртұтастығы сақталған білім жүйесі қарастырылады.

Бағдарламада оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша Бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

Құндылыққа, іс-әрекетке, коммуникативтік, тұлғаға бағдарлық тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

Тұлғалық бағдарланған білім беруді өзара қарым-қатынаста өктемшілікке жол бермей жүзеге асыру білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін әр түрлі үйлесімділіктегі дайындықты құрайтын оқытудың интербелесенді тәсілдерін пайдаланған кезде мүмкін болады.

Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым- қатынас үлгісіне айналдырады.

Қазіргі кезеңде білім алушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Бағдарламада «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мағынасын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде

берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі

және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

Оқу пәнінің мазмұны ұсыным сипатында болады, мұғалім сыныптағы әрбір білім алушының мүмкіндігі мен білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес оқу қарқыны мен мазмұнына кез-келген өзгерістер ендіре алады.

Күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, икемділік және дағдыларын кез келген оқу және өмір жағдаяттарында пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, табысқа жетуге табандылықты дамытуға, өмір бойы оқып білуге уәждеуге бағдарланған Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы:

«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет»,

«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына білім алушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың оқу процесін ұйымдастыру тәсілдемесінің негізінде ақыл-ой дамымауы айқын байқалатын тұлғалардың өмірін ұйымдастырудың негізін қалаушы идея ретінде бүкіл әлемде қабылданған «қалыптандыру» педагогикалық тұжырымдамасы жатыр. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім алушы түзету педагогикалық шаралардың барлық жүйесін жобалаған кездегі негізгі және жалғыз есептеу нүктесі болып табылады.

Жоспарланған педагогикалық шаралар білім алушылармен тікелей жүргізілетін жұмыстарды ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның қайтадан құрылуын, әрбір білім алушының өзіндік әрекетін ынталандыратын жағдайды тудыруды да қамтиды.

Әрекеттердің мазмұны мұғалімге оқытудың жеке бағдарламасын құру үшін бағдар болып табылатын оқу бағдарламаларында ашып көрсетіледі. Оқытудың жеке бағдарламасын құру үшін білім алушыны бақылап, оның қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсететін болмашы белгілер байқалады.

«Қалыптандыру» тұжырымдамасының негізінде орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды арнайы мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру қағидалары қалыптастырылған.

Білім алушылардың жеке қарқында даму құқығын мойындау қағидасы әрбір баланың бірегей ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл қағиданы сақтау баланы оқытудың жеке бағдарламасының мазмұнын анықтау мақсатында оның мүмкіндіктері мен даму деңгейін тұрақты түрде зерделеуді талап етеді. Дамудағы және дағдыларды меңгерудегі кез келген, тіпті сәл ғана байқалған алға басу оқытудағы жағымды нәтиже болып есептеледі.

Педагогтың әрбір білім алушыны оқытудың мазмұнын, тәсілдерін, түрін, дидактикалық құралдарды олардың жеке мүмкіндіктері мен білім берудегі және жеке тұлғалық жетістіктерін мониторингілеу нәтижесін есепке ала отырып, өздігінен таңдау қағидасы.

Білім алушыларда тәжірибелік әрекеттер мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті мектептік ортаны құру қағидасы:

икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру оларды пайдалануға болатын жағдайларға барынша жақын жағдайларда жүзеге асырылуға тиісті;

білім алушылармен сабақ өтетін жайлар әр түрлі өмірлік жағдаяттарды бейнелейтін кеңістікке айналдырылуға тиісті;

мектептегі әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамытудың жайлы ортасы орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жас ерекшелігі мен физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып (демалыс, қимыл белсенділігі мен санитарлық-гигиеналық шаралар және жабдықталған кеңістіктер) құрылады.

Ойлау, сөйлеу тілі мен коммуникацияны әлеуметтендіру құралы ретінде дамыту қағидасы. Сөйлеу тілін түсінуді кеңейту, қарым-қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қалыптастыру, білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауын дамыту бойынша жұмыстар бірізділікпен құрылады.

Оқу-тәрбие процесінің әлеуметтендіру бағыттылығы қағидасы. Білім алушылардың ерекшеліктеріне барынша бейімдетілген оқыту және тәрбиелеу ортасының оқшау болуына және олардың қалыпты дамыған құрдастарымен өзара әрекеттенуінің шектелуіне байланысты білім алушыны күрделі қоғамдық ортаға ендіру арнайы жұмысты талап етеді:білім алушылардың өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қарым- қатынасын олар үшін қолжетімді шамада кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде кеңейту;білім алушының қоғамға ауыртпалықсыз кіруі үшін шыдамды және мейірімді қоршаған ортаны қалыптастырылады. Осы мақсатта мектептегі баланың жанұясымен және қоғаммен жоспарлы түрдегі жұмыс қарастырылады.

Оқыту процесі мазмұны жағынан да, сонымен бірге ұйымдастыру түрі жағынан да қатал реттелуі мүмкін емес.

Оқыту процесінде келесідей әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді:

бала мен ересек адамның бірлескен әрекеті, еліктеу бойынша әрекеттену (әсіресе оқытудың бастапқы кезеңінде);

білім алушының әсіресе сәндік сурет салу сабақтарындағы үлгі бойынша әрекеттері;

бейнелерді сұлбасы бойынша бояу;

бейнеленетін заттың бір тұтас бейнесін беру үшін қима үлгілерді салу және бойымен жүргізу тәсілдерін пайдалану;

затты алдын ала қолмен және қарау арқылы зерделегеннен, «суретін салғаннан» кейін суретті тікелей заттың өзіне қарап отырып орындау;

арнайы таңдап алынған суреттерді, халық ойыншықтарын алдын ала қарау, өздігінен атау, мұғалімнің сөздік нұсқауы бойынша көрсету Білім алушының мүмкіндігіне қарай оқыту барысында материалдың өту қарқынын баяулатуға немесе арттыруға болады. Сабақты өткізу барысында білім алушылардың ұсынылған әрекетке деген қызығушылығын қолдауға, оларды тапсырманы орындауға бағдарлауға, оларды сабақ бойы алып жүруге көмектесетін ойын сәттерін ендіру, ойын кейіпкерлерінің қатысуы жағымды әсер етеді.

Классикалық музыка бейнелеу өнері сабағының маңызды элементі болып табылады. Ол ерекше көңіл күй тудырып, сурет салу процесін ырғақты ұйымдаструға көмектеседі, салынатын бейненің мәнерлілігін күшейтеді және оларды ойынмен байланыстырады.

Ұсынылған мазмұн оқу жылдары бойынша бөлінеді, мұғалім әрбір сыныпты оқыту мазмұнын сол сыныптағы білім алушылардың даму деңгейі мен психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау шараларына қойылатын талаптар гуманизим идеяларына, мектептік оқу табиғатының сәйкестігіне шартты болады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жеке оқу бағдарламасында тұжырымдалған міндеттер олардың оқудағы жетістіктерін бағалау үшін пайдаланылады.

Бейнелеу әрекетін бақылау және білім алушылардың әрекеттерінің өнімін зерделеу бағалау әрекеттері болып табылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін білім алушының жетістіктерінің сапалық көрсеткіші болып табылатын сипаттамалық бағалау пайдаланылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін критериалды сипаттамалық бағалау тәсілін қолдану педагогтардың бағалау әрекеттерінің әділ болуына мүмкіндік береді.

«Бейнелеу өнері» пәнін оқыту кезінде курстың тәжірибелік бағытын күшейту тиімді болады. Оқу материалының басым бөлігі тәжірибелік тапсырмаларды орындауға беріледі.

Педагогикалық тәсілдемені жүзеге асыру оқыту мен үйретудің төмендегідей әр түрлі стратегияларын пайдалануды көздейді:

мұғалім мен білім алушының арасында сенімділік атмосферасын құру;

әрбір білім алушының пікірін тыңдау;

білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, мұқият таңдалған тапсырмалар мен әрекеттер түрлерінің көмегімен оларды ынталандыра және дамыта оқыту;

білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмаларды құру;

білім алушылардың жеке, топтық әрекеттерін және бүкіл сынып жұмысын ұйымдастыру.

Аталған пәнді оқыту процесінде білім алушылардың ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану дағдыларын дамыту үшінжағдай жасалады:

білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиалық қорды пайдалану;

белсенді оқытуды ұйымдастыруды техникалық қолдауға арналған интербелсенді тақталарды пайдалану.

3 - тарау. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

. . 8- сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) бейнелеу өнері туралы теориялық мәліметтер. Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері. Халық шығармашылығы. Алтын адам. Графика (кітаптық иллюстрация, плакат). Қазақстанның сурет галереясы. Ұлы суретшілер. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнері; 2) сәндік сурет салу. Қазақ оюын дөңгелекте құрау (табаққа сурет салу эскизі), (қарындаш, гуашь). Жолақта өрнек құрау (қарындаш, гуашь). Жаңа жылдық ашық хат (қарындаш, акварель). Карнавалдық бетперде жасау. Қазақ оюын тікбұрышта құрау (сырмақ эскизі), (қарындаш, гуашь немесе жапсырмақұрақ). Көркем шығарманы иллюстрациялау (қарындаш, акварель). Дәстүрлі тұрмыстық заттар, оларды әшекейлеу (қарындаш, гуашь); 3) тақырыптық сурет салу. Ыдысқа арналған қазақ оюы (қарындаш, гуашь). Ер адамның бас киіміне арналған қазақ оюы (қарындаш, гуашь). Мерекелер және айтулы даталар. Қазақтың «Сызықты» оюы (қарындаш, қара 8 тушь). Қазақ оюын пайдалана отырып, түксіз кілемге ою құрастыру. Қазақтың «Кесіп алынған» оюы (жапсырмақұрақ). Басқұрға арналған оюлардың эскизін құрастыру (гуашь немесе жапсырмақұрақ); 4) тікелей заттың өзіне қарап сурет салу. «Қазақтың ұлттық ыдыс-аяғы» (қарындаш, акварель). Тікбұрыш пішінді көлемді зат (қарындаш, акварель). Қазақтың ұлттық музыка аспаптары (қарындаш, акварель). Конус пішінді көлемді зат (қарындаш, акварель). Күрделі пішінді зат (құрамды), (қарындаш, акварель). Шар тәрізді пішінді зат (қарындаш

4 - тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

Оқыту мақсаттарының мазмұны: Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімділігі үшін кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сынып, екінші және үшінші сандар бөлім мен бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 8.2.1.2 кодындағы «8» сынып,

«2.1» – бөлімше, «2» оқу мақсатының реттік саны. Оқыту мақсаттарының жүйесі:


Тақырыптары

Бөлімдері

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні

Ескерту

1-2

Бейнелеу

өнері

туралы

1.1

Бейнелеу

өнері

туралы

теориялық

мәліметтер

8.1.1.1 суретті мәнерлеу құралдары (нүкте, штрих, сызық) туралы түсінік болу;

2



3-4


Атақты суретшілердің суреттері


8.1.1.2 сәндік-қолданбалы өнердің шығармал арының айырмашы лықтары туралы түсінік болу;

2



5-6


Бейнелеу өнерінің жанры


8.1.1.3 бейнелеу өнеріндегі ең бір атақты шығармал ардың авторлары н білу және олардың жұмыстар ын атау

2



7-8

Бейнелеу өнерінде

материалдармен танысу.


; 8.1.1.4 түстердің жарықка, күннің жарығына, кеш батқан кезге, бұлтты ауа райына тәуелді өзгеретінді гі туралы түсінік болу.

2



9-10


Әлем

халықтарының

мәдениеті

мен салт-дәстүрі

1.2

Әлем

халықтарының

мәдениеті

мен салт-дәстүрі

8.1.2.1 ұлттық сәндікқолданбал ы өнер туралы түсінік болу.

2



11-12

Өнер

туындысы


1.3 Өнер

туындысынан алған сезімді

эмоциялық тұрғыда

және

сөзбен

білдіру

8.1.3.1 өнер туындысы н мақсатты бағытытыл ықпен қабылдау және оларға қатысты өз пікірін білдіру, авторын атау.

2



13-14

Жылы және суық реңк туралы түсінік болу,


8.1.3.1 өнер туындысы н мақсатты бағытытыл ықпен қабылдау және оларға қатысты өз пікірін білдіру, авторын атау.

2






«Шығармашылық жұмыстарды құру және жасау»




15-16

Қоршаған

әлемді

бейнелеу

2.1

Қоршаған

әлемді

бейнелеу

8.2.1.1 киімге, кииіз үйге арналған қазақ оюының эскизін құру;

2



17-18

Суретте байланыстырылан мазмұнды;

оқығаннан алған әсерді бере білу;



8.2.1.2 суретте байланысты рылған мазмұнды беру; сюжеті құру үшін негізгілерді таңдау;

2



19-20

Өсімдіктер мен жануарлардың суретін

салу


8.2.1.3 суретте әдебиет бейнелері туралы өзінің түсінігін бейнелеу;

8.2.1.4 қысқы киімдегі адамның суретін салу

2



21-22

Сурет салу

2.2

Орындау

технология

сы

8.2.2.1 бейнеленеті н заттардың пішінін, құрылысын, көлемін, түсін және кеңістіктегі орнын талдау және бере білу;

2



23-24

Сурет салу


8.2.2.2 сурет салғанда көмекші сызықтарды пайдалану;

2



25-26

Түстерді үйлестіре білу;


8.2.2.3 бейнелеу өнерінде пайдаланыл атын материалдар дың (гуашь, акварель), ерекшелікте рін білу

2



27-28

Өзінің суретін бейнеленетін затпен салыстыру,


8..2.2.4 әуелік көрініс заңдарын пайдалану

2



29-30

Сурет салу


8.2.3.1 суретті белгілі бір дәйектілікпе н (жалпыдан жекелерге) орындау, жұмысты алдын ала жоспарлау;

2



31-32

Сурет салу

2.3

Жоспарлау

8.2.3.2 терминдерді пайдалана отырып, жоспар бойынша жұмыс туралы есеп беру

2



«Презентация және талдау»:

33

Сурет салу

3.1

Презент

ация

8.3.2.1 жұмысты оны орындау тәртібін, мазмұнын түсіндіре отырып көрсету


1



34

Талдау


8.3.2.1 жұмысты ұсынылған толық жоспар бойынша талда

1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ