Материалдар / 8-сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиетінен тест.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8-сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиетінен тест.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест сұрақтары дұрыс жауаптарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері үшін арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
18312
75 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-НҰСҚА


# Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауды анықтаңыз.

+Қазақстан Республикасы

-Әлем мемлекеттері

-Ел астанасы

-Мемлекет басшысы


# Күрделі сөздердің түрлерін анықтаңыз.

+біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер

-қысқарған сөздер, атаулы сөздер, еліктеуіш сөздер

-қос сөздер, заттың атын білдіретін сөздер.

-тіркесті сөздер, қарапайым сөздер, бөлек жазылатын сөздер

 

#Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
+ Үлкенірек.

- Ұп-ұзын.
- Сұп-суық.
- Аппақ.

#Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біз кеше екі-екіден бөліндік.
+Екі-екіден
- Біз.
- Кеше.
- Бөліндік.

 # Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
+ Келерміз.
- Бармақпын.
- Кетпекпіз.
- Алмадық.

# Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
+ Жазбақпын.
- Айтармын.
- Келмеспіз.
- Сөйлепті.

 # Лепті сөйлемді анықтаңыз.
+ Па! Шіркіннің сөзі!
- Мынау қоян жепті ғой.
- Не күдігіңіз бар еді?
- Қандай айғақ таптыңыз?

 # Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
+ Сабағыңды дұрыстап оқы.
- Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
- Ауылға ақындар келді.
- Мен шебер бола алар ма екенмін?


 # Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
+Десятниктерің кім.

- Ол бізге келмеді.
- Ол бір қызық дәуір екен.
- Үйде пеш жоқ.


Астарлы, бейнелі, экспессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.
+ Көркем әдеби стиль.

- Ауызекі стиль.
- Ғылыми стиль.
- Публицистикалық стиль.


Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
+Көлбең - көлбең етеді.
- Ұлпан бүгін көілді.
- Көшеде біреу кетіп барады.
- Қызық еді Аянның мінезі.


Қаратпа сөзді табыңыз.
+ Пұшайт - пұшайт, қозым, қоңырым.
- Сенің ойыңша, келешек туралыойламау керек пе?
- Бәсе, бұл – соның ісі.
- Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз.

Қорқыт өмір сүрген аймақты анықтаңыз.

+Сырдария бойы

-Жетісу өңірі

-Балқаш көлінің жағасы

-Каспий теңізінің маңайы


«Қорқыт ата кітабының» нұсқасы сақталған кітапхана қай қалада орналасқанын анықтаңыз.

+Германия, Дрехден қаласы

-Ұлыбритания, Лондон қаласы

-Франция, Париж қаласы

-Италия, Рим қаласы


«Қорқыт ата кітабының» алты жырдан тұратын нұсқасы сақталған кітапхана қай қалада орналасқанын анықтаңыз.

+Ватикан

-Рим

-Париж

-Лондон


Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келген қаланы анықтаңыз

+Испиджаб

-Түркістан

-Шымкент

-Тараз


Қожа Ахмет Ясауидің ұстазын белгілеңіз.

+Арыстан Баб

-Махмұд Қашқари

-Жүсіп Баласағұн

-Қорқыт


«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының авторын белгілеңіз.

+Ақтамберді жырау

-Доспамбет жырау

-Шалкиіз жырау

-Шортанбай жырау


«Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз,

Күдеріден бау тағып,

Ақ кіреуке киер ме екеміз!?». Үзіндіде кездесетін көріктеу құралын анықтаңыз.

+Эпитет

-Метафора

-Метонимия

-Ауыспалы мағына


«Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған». Үзіндідегі көріктеу құралын анықтаңыз.

+Теңеу

-Эпитет

-Метонимия

-Метафора


«Сарыарқа» толғауынан автордың бойындағы қандай сезімді байқауға болатынын табыңыз..

+«Мәңгілік елдікті» аңсау мен оған деген сенім.

-Ел ертеңі жастардың болашағына деген үміт.

-Ерлер бастаған игі істі әрі қарай жалғастыру.

-Өткеннен қалған дәстүрді жаңғырту.


#  «Көзі өткір, қара торы жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау, кең иықты». Кебек портретін беруде қолданылған көріктеу құралын анықтаңыз

+Эпитет

-Метонимия

-Теңеу

-Метафора


# Кебектің Еңліктің аулына қалай тап болғанын анықтаңыз.

+Аң аулап жүріп, адасып келді.

-Жолдастарымен тойға келді.

-Ауылының үлкендері елшілікке жіберді.

-Күйеу жолдас болып келді.


Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінің идеясын анықтаңыз.

+Барлық жауап дұрыс

-Жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру.

-Надандыққа, жалқаулыққа, ала ауыздыққа қарсы күресу.

-Ғылым- білім үйренуге, адал еңбек етуге шақыру.


«Шүу дегенде бұл сөзі жанға батты,

Бұрын ондай көргем жоқ жаманатты.

Қайырусыз, қағусыз өскен басым,

Бұлқындым шу асаудай мойны қатты» өлең шумағында кездесетін көріктеу құралдарын анықтаңыз.

+ауыспалы мағына, теңеу

-эпитет, риторикалық сұрақ

-сарказм, метафора

-метонимия, ирония



2- нұсқа


# Біріккен сөзді анықтаңыз.

+Жетісу

-Балқаш

-Алматы

-Түркістан


# Қос сөзді анықтаңыз.

+ыдыс-аяқ

-барған-ды

-оқыпты-мыс

-сен-ақ


# Тіркесті сөзді белгілеңіз

+он бес

-жиырма оқушы

-ақ көйлек

-сені көрдім


Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
+Тұрмын.

- Оқисың.

- Баратын.
- Жазған.

 #  «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.
+ Жылдам.

- Әдемі.
- Жай жүру.
- Алыс жер.

  # 
Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
+ Кітап.
- Өзек.
- От.
-Қазы.

Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
+3

-9.
- 2.
- 8.

Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кезедседі?
+ Ғылыми.
- Іс - қағаздар.
- Көркем әдеби.
- Ауызекі.

Ресми іс қағаздар стиліне жататын қатарды көрсеріңіз.
+ Өтініш, сенімхат, қолхат.
-Қоғамдық – саяси әдебиет.
- Көркем шығарма.
- Газет – журнал тілі.

Антоним сөзі бар мақал – мәтелді табыңыз.
+ Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
- Адал достық алтыннан да қымбат.
- Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
- Ашуың келсе, қолың тарт.

Еліктеуішті белгілеңіз.

+ Бырт-бырт шайнады.

- Қызараң-қызараң етті.

- Далаң-далаң жүгірді.

- Маң-маң басты.


Еліктеуішті сөз тіркесін көрсетіңіз.

+Тырс ете қалды.

- Қырық сүрінді.

- Бүгжең жүрді.

- Қызараң-қызараң етті.


Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.

+Гүрс-гүрс шығады.

- Кілт тоқтады.

- Қолп-қолп етіп жүргізбейді.

- Жарқ-жұрқ ойнайды.


Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.

+ Сылқ-сылқ.

- Қырықбуын.

- Төбе-төбе.

- Ирелең-ирелең.


Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

+Шарт-шұрт сынды.

- Жұлқи тартты.

- Енді-енді танылды.

- Салпаң-салпаң етті.


Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.

+ Бүгжең қақты.

- Сарт етті.

- Саңқ етті.

- Топ ете түсі.


Қорқыт ата архитектуралық кешені еліміздің қай облысында тұрғызылды?

+Қызылорда

-Алматы

-Солтүстік Қазақстан

-Маңғыстау


«Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?

+12

-15

-10

-9


Ахмет Ясауи кітабында «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында неше басқыштан өтуі керек екенін айтады.

+4

-5

-3

-6


Суфизм қай діндегі ағым?

+ислам

-христиан

-буддизм

-шаманизм


«Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын белгілеңіз.

+Ақтамберді жырау

-Доспамбет жырау

-Шалкиіз жырау

-Қазтуған жырау


Шалкиіз жырау дүниеге келген аймақты белгілеңіз.

+Жайықтың шығыс беті

-Сырдарияның оң жағы

-Балқаш жағасы

-Қаратау маңы


«Сарыарқа» толғауында есімдері аталған жырауларды анықтаңыз.

+Асан қайғы, Қазтуған

-Бұқар жырау, Шал ақын

-Ақтамберді, Үмбетей

-Мұрат, Доспамбет


Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдарын анықтаңыз.

+1858-1931

-1845-1897

-1830-1900

-1865-1935

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!