Материалдар / 9 санының құрамы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

9 санының құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ математика пәні 1 сынып . Бұл сабақта оқушылар 9 санының құрамымен танысады . Берілген тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін шыңдайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
1628
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Математика

Бөлімі:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні:

Джайлыбаева Жадыра

Күні:

04.10.2021

Сыныбы: 1 Ж

Қатысушылар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

9 санының құрамы / Әліппе сабағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленгеннүктелердің бір-біріне қатыстыорналасуын анықтау; 1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату,көрнекі түрде бір таңбалы сандардытүрлі тәсілдермен: нүктелержиынтығымен, таяқшалармен жәнесан сәулесінде көрсету;

Сабақтың мақсаты:

9 санының құрамын анықтайсың.

Сабақтың барысы:

Уақыты/кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (3 мин)

Ынталандыру.Әліппе сабағына математикалық білім қажет пе? Біздің кейіпкерлер әліппе сабағында нені санайды? Сен қалай ойлайсың?

Өзектендіру.«9 санының құрамы» ойыны.

Мұғалім балаларға 1,2,3,4,5,6,7, 8 сандары жазылып, араластырылған стикерден біреуден алуды ұсынады.

9 санының құрамын құру үшін жұппен тұрыңдар.

Мұғалім сұрағына өз пікірін айтады.

9 санының құрамын құрады.

Мақтау.

Оқулық.

Cандар.

Сабақтың ортасы (26 мин)

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Оқулықтағы №1 тапсырма.Суретке мұқият қара. Оқушылар қандай тапсырманы орындады? Олар нені санайды? (Дауысты, дауыссыз дыбыстар.) «Қазақстан» сөзінде барлығы неше дыбыс бар? (9).Неше дауысты бар? (3)Нешедауыссыз бар?(6)

Жазуларға қарап, оларды түсіндір.Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындайды.

9 санының құрамын есіңде сақта!

Оқушылар жұппен 7, 8, 9 cандарының құрамына сұрақтар құрастырады. Сыныптағы оқушыларға сұрақтар қояды.

Тоғыз – бұл 6 және неше? Тоғыз – бұл 5 және неше?

Сегіз – бұл 3 және неше? Сегіз – бұл 7 және неше?

Жеті – бұл 2 және неше? Жеті – бұл 4 және неше?

Жаңаны қолдану

Оқулықтағы №3 тапсырманы өз бетімен дәптеріне орындайды. Суретке сәйкес жазбаны таңда. Есепте.

Берілген сөздерде барлығы неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс барын анықтайды.Жазуларды түсіндіреді.

9 санының құрамын есінде сақтайды. 7, 8, 9 cандарының құрамына сұрақ құрастырады.


Суретке сәйкес жазбаны таңдайды. Есептеуді орындайды.

Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды.

Жұлдызша – «Жарайсың»,

Төртбұрыш – Жақсы,

Үшбұрыш – Талпын.

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқулық, дәптер.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері Оқулық, дәптер.










Оқулық, дәптер.


Сабақтың соңы (6 мин)























Рефлексия


Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру .«Жаңылмадым» ойыны. Оқушылар жаңылмай тапсырманы орындауы керек.

Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындайды.

3 санын қалай қосуға және азайтуға болады?

Жазбаны сандық кесіндіні пайдаланып түсіндіреді.

6 + 3 = 9

6 + 1 + 1+ 1 = 9

6 + 2 +1 = 9

1) 6 санына 3 санын қосу үшін, сандық кесіндіде оңға қарай үш бірлік аттаймыз. Сөйтіп, 9 санын аламыз.

2) 6 санына 1 санын қосу үшін, сандық кесіндіде оңға қарай бір бірлік аттаймыз. Сөйтіп, 7 санын аламыз. Тағы оңға қарай бір бірлікке аттап, 8 санын аламыз. Бұдан кейін оңға қарай тағы бір бірлікке аттап, 9 санын аламыз.

3) 6 санына 2 санын қосу үшін, сандық кесіндіде оңға қарай екі бірлік аттаймыз. Сөйтіп, 8 санын аламыз. 8 санына 1 санын қосу үшін, сандық кесіндіде оңға қарай бір бірлік аттаймыз. Осылай 9 санын аламыз.

Берілген санға 3 санын қосудың үш түрлі жағдайын, сандық кесіндіні пайдаланып түсіндіреді.

Бөлшектеп қосуды және азайтуды түсіндіреді.

Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.

Оқулық, дәптер.

Жаңылған жоқпын» ойыны.


«Себет» стратегиясы.

Себеттің суреті алдын ала ілінеді. Осылайша мұғалім оқушылармен кері байланыс жасайды.

Сабақтың соңында оқушылар мұғалімге қоятын сұрақтарын стикер түрінде жапсыра алады.


«Себет» стратегиясы









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!