Материалдар / 9 сын 1 тоқсан әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сын 1 тоқсан әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сын 1 тоқсан әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
312
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Киім және аяқ киім

Сабақтың тақырыбы:

Киім, аяқ киім және бас киім түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

9.2.1.1дүкенге шығып,өз өлшеміңіз бойынша киім мен аяқ киім тауып, киім мен аяқ киім сатып алуды білу;

9.2.1.2 киіміңіздің өлшемін ,сатып алу кезінде киімдегі ақаулар туралы білу;

9.2.1.3 өзіңізден және досыңыздан өзіңіздің киіміңізді өлшеуге арналған өлшемдерді ала білу;

9.2.1.4 киім сатып алған кезде сатушыконсультанттың кеңесінен сыпайы түрде бас тартуа білу;

9.2.1.5 киімнің қажетті заттарын таңдауға, көруге және оларды сатып алуды білу;

9.2.1.6 төсек төсеніштерін таңдауды сатып алуды, жууды, және сақтауды білу;

9.2.1.7 маусымдық киімдер мен аяқ киімді сақтауды орналастыра білу

Сабақтың мақсаты:

  • Өзін және өзінің отбасы мүшелерін: атасы, анасы, ағасы, әпкесі және әжесін атай біледі;

  • Отбасындағы өзіңіздің әлеуметтік рөліңізді (ұлыңыз немесе қызыңыз, немере не немере, ағаңыз, апайыңыз) анықтай біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

  2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Ұй жұмысын «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы сұрау

ІІІ.Үйтапсырмасынбекіту.

Киімнің шығу тарихы.

Мата түрлері

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Жаңа сабақты түсіндіру.

Киімдерді күту.(слайд)

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.

Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

  • Сырт киім

  • Жеңіл киім

  • Іш киім

  • Жағажай киімі

  • Бас киімі

Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
- Сырт киім,

  • Жеңіл киім,

  • Іш киім.

Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:

  • Тығыздап тоқылған,

  • Біркелкі боялған,

  • Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.

Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).

Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).

Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады.

Олардың ішіндегі негізгілері:

Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.

Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.

Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады. Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты.

Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т.с.с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық түрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс  желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шүлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек.

Пайдалы кеңес. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетірудің 6 ережесі.(видео)

Киімдерді күту ережелері.

  1. Киімдерді таза ұстау керек.

  2. Әрдайым жуып отыру керек.

  3. Үтікпен үтіктеп отыру керек.

  4. Сөреге әдемілеп, бүктеп жинап қою керек

Киімді күтуге қатысты негізгі белгілер.(видео)

Кітаппен жұмыс.кітаптағы киімді күтуге қатысты затбелгіні қарап,оларды киімдерден тауып,ажырата білу.

Жеке жұмыс.

Дәптермен жұмыс(жеке оқушыға берілген киімнің затбелгісіне қарай отыотырып,сипаттама жазу)

Тәжірибе жұмысы.

1.Үтікпен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

2.Жейдені үтіктеп көрсету.

3.Аяқ киімді тазалауды көрсету.

Сергіту.

Дескрипторлар:

- Ұқыпты салады

- Түрлі-түсті бояйды

- Берілген стильге сай орындайды

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы киім тазалығы туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушы әңгімелей бастайды.

Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.

Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды.

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Киім түрлері бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://stud.kz/sabak-zhospary/id/17280

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Киім және аяқ киім

Сабақтың тақырыбы:

Киім, аяқ киімге күтім жасау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

9.2.2.1 киім, аяқ киімге күнделікті күтім жасай білу;

9.2.2.2 қолмен және кір жуғыш машинада жуа, құрғата, үтіктей, әртүрлі маталарға арналған киімді сақтай білу;

9.2.2.3 кәдімгі рәміздер бойынша киімді жуу, кептіру және үтіктеу талаптарын анықтай білу;

9.2.2.4 үйде киімнен дақтарды кетіре білу;

9.2.2.5 жасалған материалына байланысты аяқ киімге күтім жасай білу

Сабақтың мақсаты:

  • Қолмен және кір жуғыш машинада жуа, құрғата, үтіктей, әртүрлі маталарға арналған киімді сақтай біледі;

  • Кәдімгі рәміздер бойынша киімді жуу, кептіру және үтіктеу талаптарын анықтай білу біледі;

  • Жасалған материалына байланысты аяқ киімге күтім жасай біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Үй шаруашылығын басқаруға, отбасы мүшелеріне қамқорлық жасай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Жаңа ақпарат.

Аяқ киім – адамның аяғына киюге арналған киім.Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың әртүрлі құбылмалы әсерлерінен қорғайды.

Мысалы, аяқ киім ыңғайлы, берік, сәнді, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет.Ол табанды жарақаттанудан сақтап, аяқтың қозғалысына кедергі келтірмейтіндей сыйымды болуы керек.

Жаңа аяқ киімді таңдағанда киіп көріп және жүріп көріп барып алған дұрыс.Аяқ киім сатып алғандағы талаптар:

  • Ыңғайлылығы;

  • Әдемілігі;

  • Мықтылығы;

  • Гигиеналығы.

Су жаңа аяқ киіміңіздің лай батпақ, балшық, шаңнан артық жауы жоқ шығар, сірә. Сондықтан, аяқ киіміңіз киіс берсін десеңіз, оны дұрыс күте білуіңіз қажет. Аяқ киім күтіміне арналған қымбат қүралдарға шығындалу тіптен міндетті емес, тек оның жаңа қалпын сақтауға көмектесетін бірнеше қулықты білсеңіз болғаны.

Үй жағдайында феннің көмегімен аяқ киімді созу үшін, келесі әрекеттерді жасап көріңіз: аяғыңызға қалың шұлық киіп, былғары туфлиіңізді не бәтеңкеңізді киіңіз. Аяқ киімнің созғыңыз келген тұстарын фенмен жарты минут көлемінде қыздырыңыз. Мұнан кейін фенді өшіріп, аяқ киім салқындағанша аяғыңыздан шешпеңіз.

Естен шығармаңыз: аяқ киімде дақтар пайда болмас үшін, фенді 10 см арақашықтықта ұстау керек.

Барқыт мата лакталған туфлиді су жаңа қалпына келтіреді

Аяқ киімді жуып қойған соң оны барқыт матамен жылтыратып сүрту қажет. Егер бұл әрекетті әдетке айналдырып, аяқ киіміңізді күнделікті сүртіп отырсаңыз, бір аяқ киімді ондаған жылдар бойы киіп жүргеніңізді ешкім аңдай қоймас.

Күдері туфлидегі дақты кетіру жолдары

Күдері туфлиіңіздің бетінен майлы дақ байқасаңыз, оның үстіне крахмал не тальк сеуіп қойыңыз. Бұл сусымалы заттар дақты өзіне сіңіріп алады.  4-5 сағаттан кейін аяқ киіміңізді щеткамен тазалап қойсаңыз, дақтың ізі де қалмайды. Ал қоңыр аяқ киімдерге кофе тұнбасын қолдануға болады. Оның қолданылуы мен әсері – дәл жоғарыдағыдай.

Ұлтанның бастапқы ақ түсін қалпына келтірудің оңай тәсілі

Аяқ киім ұлтанын ағартуға тіс пастасы көмектеседі. Ескі тіс щеткасына тіс пастасын тамызып, онымен аяқ киім ұлтанын тазалаңыз. Тіс пастасының бояулы қоспасыз, ақ түсті болуы маңызды. Тіс тазалауға арналған ұнтақ та ағартатын әсерге ие.

Су тиген аяқ киімді кептіру

Былғары аяқ киімді газет не соданың көмегімен құрғатуға болады. Умаждалған газетті аяқ киім ішіне әбден нығыздап салып, сыртынан газетпен орап қойса, аяқ киім жылдам құрғайды. Алайда  суреті мен жазуы аз газет парақтарын таңдап алған жөн. Аяқ киім ішін толтырған газетті бірнеше сағат сайын ауыстырып отыруды ұмытпау қажет.

Күдері аяқ киімді бастапқы қалпына келтірудің амалы

Күдері су мен жылудың, басқа да факторлардың нәтижесінде қатайып, өңін жоғалта басатайды. Күдеріден тігілген аяқ киім киіс беріп, ұзақ жылдар киюге жарасын десеңіз, бу арқылы күдеріні бастапқы қалпына келтіруге болады. Мұны қарапайым үтіктің көмегімен іске асыра аласыз. Аяқ киімге үтікті тигізбей, бумен тазаласаңыз, күдеріні жаңартуға жетіп жатыр.

Былғары аяқ киімді созамыз

Бұл әдіс – жасанды былғарыдан тігілген аяқ киімдерді тазалауға тиімді. Бірақ жасанды былғарының сапалы болғаны дұрыс. Ең алдымен, суды ысытып алыңыз. Су қайнаған бойда, оны аяқ киімнің ішіне құйып, бірнеше минуттан соң суын төгіңіз. Мұнан кейін аяқ киімді киіп, кепкенше шешпеңіз.

Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіреміз

Сірке су аяқ киімдегі жағымыз иісті кетіреді. Мақтаны 6% не 9%-дық сірке суымен дымқылдап, аяқ киіміңіздің ішін сүртіп қойыңыз. Артынша далаға шығарып, біраз уақыт таза ауада ұстаған абзал.

Кедаларды тазарту

Кедаларды дымқылдап, ағартатын ұнтақпен жақсылап ысқылаңыз. 15 минутқа қалдырып, мұнан соң щеткамен тазалаңыз. Аяқ киім әбден тазарған соң сумен шайыңыз.

Су өткізбейтін аяқ киім

Аяқ киіміңіз су өткізбес үшін, тігісінің бойын бірнеше рет зығыр майымен сүрткен жөн.

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнелеу материалдарын пайдаланып, Ата- алдындағы баланың парызын жалғастырып жазады.

Дескрипторлар:

- Жұмбақты шешеді.

- Диалогты жалғастырады.

- Ойын жалғастырып жазады.

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Оқушы әңгімелей бастайды.

Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.

Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://web.ust.kz/?doc_id=156426&type=1&raw=doc&name=1559112042.doc#panel_download_d

Сурет: shutterstock.com
Сурет: millioner.com.ru

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Тұрғын үй

Сабақтың тақырыбы:

Тұрғын үй түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.4.1.1 киіз үйде киім мен үй тұрмысындағы заттардың сақталу ерекшеліктері туралы білу;

8.4.1.2 тұрғын үй түрлерінде бағдарлауға, тұрғын үй және қосалқы үй-жайларға бөлуге, олардың мақсатын және мазмұнын анықтай алу;

8.4.1.3 пәтер мен үйде жиһаз және интерьер заттарын ұтымды орналастыра білу.

Сабақтың мақсаты:

  • Киіз үйде киім мен үй тұрмысындағы заттардың сақталу ерекшеліктері туралы біледі;

  • Тұрғын үй түрлерінде бағдарлауға, тұрғын үй және қосалқы үй-жайларға бөлуге, олардың мақсатын және мазмұнын анықтай алады.

  • Пәтер мен үйде жиһаз және интерьер заттарын ұтымды орналастыра біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Тұрғын үй түрлерін бағдарлай білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Оқушыларға «Қызықты мозайка» ұсынылады.

Қызықты мозайка – оқушыларға ойын арқылы алдыңғы сабақтағы ережені еске түсіру.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушы қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Бейнематериал көру немесе тыңдау

Бейнебаянда берілген сурет бойынша «Демалыстағы отбасындағы қызықты оқиға» тақырыбында сюжетті әңгіме құрастыру тапсырылады.

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:

1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:

1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).

2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

3. Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).

Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады. Әсіресе Керей, Әз Жәнібек, Тәуке хан, хан Абылай, Кенесары, ұлы Абай, ғұламалар Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтердің кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген. Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі, мүмкін, осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін құйған болар.

Қазақ өмірі мен мәдениетінің, әлеуметтік жайының бір түйіні киіз үй мен төрт түлікке байланысып жатады. Сәлемі, киімі, ыдысы, салт-дәстүрі де осыған келіп саяды. Сондықтан да олар бұған лайық қанатты сөздер, ырымдар, әдеттер, тыйымдар, аңыздар да шығарған.

Киіз үй берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Оларға құрт түспейді, басқа ағаштар сияқты тез шірімейді. Талдың керегеге қажетті жуан, жіңішкесін таңдап алуға да болады.

Үйдің сүйегін үйшілер жасайды, оны «үй басу» дейді. Қажетті ағаштар 6 ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі. Мезгілі жеткен кезде үйшілер бұл ағаштарды қажетінше жонып, морға, қозға (ыстық қоламтаға) салып балқытып, тезге  салып түзетіп алады. Олар үй сүйегіне лайықталған ағаштарды жонып, түзетіп шауып, қырнап болғаннан кейін, оны тағы морға салып, кереге, уыққа, күлдіреуішке лайықтап ырғаққа (қалыпқа) салып, белгілі бір үлгі, жобаға келтіреді де, оны құрастыра бастайды.

Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге  байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.

Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықылауық-ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.

Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір-біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдйшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.

Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің  күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Уық алақандағы уық бау арқылы кереге басына байланып, қаламы шаңырақтың қаламдығына сұғылады. Қалам мен қаламдық төртбұрышты қырланып, ойылады. Мұндай уық берік болады, әрі ауып, қисайып кетпейді. Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді. Әр үйде көлеміне қарай 60-160-тай уық болады.

Шаңырақ – киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағың биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.

Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқатылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.

Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп, сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі сондай, 25 мың қойы бар қызылжарлық Қосшұғыл деген бай қойдың жабағысымен құрт қайнатады екен. Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді.  Туырлық пен үзік баулары кестелі, оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.

Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті, 4 шашақты бау болады. Ол желді күні шаңырақты  бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.

Үй киіздерін әзірлеп болғаннан кейін, оны ақ  бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.

Киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши. Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Оны шым ши дейді, ораусыз шиді ақ ши дейді.  Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына келеді. Оның әсемдікке әрі жылылыққа әсері мол. Сондай-ақ ши тұрғанда  сырттан құрт-құмырсқа, кесіртке, жылан тағы басқа жәндіктер кіре алмайды.

Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар,  жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді.Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң   түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар   көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.

Композиция (латынның compositio сөзінен) құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді (87- сурет). Тұрғын үй интерьерінің  композициясы – тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементердің өзара  үйлесімділігі.

Тұрғын үй маңызды әлеуметтік-гигиеналық мәселе болып саналады.Тұрғын үйде адам өзінің өмірінің көп уақытын өткізеді,сондықтан тұрғын үй адамның денсаулығына ,көңіл –күйіне,жұмыс қабілетіне әсер етеді.Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен; ыстық,суық,қар,жаңбырдан қорғану үшін,жұмыс істеуге және дем алуға онтайлы жағдай жасау үшін қажет.
Үйде даладағы микроклиматтық жағдайға қарамастан тұрақты климат болу керек,оны микроклимат деп атайды,ол адамға жақсы жағдай тудырады.

Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз,ол сол бөлменің;
Микроклиматқа температурадан басқа ауа ылғалдылығы да әсер етеді.
Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40-60 %
Қошаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдылығына байланысты.
Ауа жылдамдылығы өскен сайын конвекция жолымен жылу беру өседі. 

Адам өз өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің атқаратын ролі ерекше. Үй адамды климаттық факторлардың (ыстықтан, желден, атмосфералық жауын-шашындардан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен айналысуына, бала тәрбиесі, демалуы үшін, еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруіне және жеке басының гигиенасын сақтауға қолайлы жағдайлар туғызады. Жақсы тұрғын үй адамның денсаулығына, оның эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілетіне және барлық тұрмыс тіршілігіне қолайлы әсер етеді.

Дескрипторлар:

- Ұқыпты салады

- Түрлі-түсті бояйды

- Берілген стильге сай орындайды

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушы әңгімелей бастайды.

Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.

Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://stan.kz/ayak-kiim-k%D2%AFtimine-arnalgan-10-kenes/

Источник: https://www.tarbie.kz/10057

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Тұрғын үй

Сабақтың тақырыбы:

Тұрғын үйді тазалау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.4.2.11 пәтерді (үйді) күнделікті, апталық, маусымдық тазалауды жүзеге асыра білу;

8.4.2.2 үйді косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жөндеуге дайындық бойынша қызметті қамтамасыз етуге басшылық жасай білу;

8.4.2.3 косметикалық жөндеуге арналған құрылыс материалдарын сатып алу орындарын бағдарлай білу; (асүйді, жуынатын бөлмені) тазалай білу;

44 8.4.2.4 айналарды күтуді, жуғыш заттарды таңдай және сатып ала білу

Сабақтың мақсаты:

  • Пәтерді (үйді) күнделікті, апталық, маусымдық тазалауды жүзеге асыра біледі;

  • Үйді косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жөндеуге дайындық бойынша қызметті қамтамасыз етуге басшылық жасай біледі;

  • Косметикалық жөндеуге арналған құрылыс материалдарын сатып алу орындарын бағдарлай білу; (асүйді, жуынатын бөлмені) тазалай біледі;

  • Айналарды күтуді, жуғыш заттарды таңдай және сатып ала біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Сәлемдесу.

Бағалау критерийлері:

  • Тұрғын үйлердің аттарын атай білу, тұрғын үйлерді пайдалана білуге үйренеді;

Есте сақтау қабілетін арттырады.

Өткен сабақты қайталау.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушымен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру

Үйдің таза болғанын  қай-қайсымыз да  жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас. Сондықтан да әркезде  үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды. 

Ең бастысы, процесті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз!

– Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызығырақ. Әрбіреуіңіз  тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады.

– Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз. Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді.

– Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз.

– Тез жұмысты аяқтау үшін  алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз.

– Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз.

– Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады.

– Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кір киімдердерді кір жуғыш машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз.

– Күнделікті  жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн. 

Бейнематериал көру немесе тыңдау

2. Тапсырма;(Т) Оқушы көрген бейнебаян материалдарын пайдаланып, есте сақтау қабілеті бойынша дәптерге түсіреді.

Дескрипторлар:

- Бейнебаянды есте сақтайды;

-Д әптерге түсіреді.

3. Рефлексия:

Сабақта мен .....................жұмыс істедім, өйткені......

...........................................................................................

Мен .................................... ..............идеяны ұсындым

Мен мақсатқа жеттім...................өйткені.....................

Сабақ мен үшін................................................... болды

Менің көңіл күйім............................................................

Сабақтың қорытындысы: оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау

Оқушы отбасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушы әңгімелей бастайды.

Жауабын нақтылап, ой түйіп дәптерге сурет арқылы түсіреді.

Ұқыпты салады

Түрлі-түсті бояйды

Оқушы ойын жинақтайды.

Дискриптор

Сән саладағы стильдік бағыттарын зерттейді

Белгілі бір стильде шығармашылық жұмысты орындайды

https://bilim-all.kz/article/2306-Kiiz-uidin-turleri-men-qurylysyttps://u-

https://ust.kz/word/turgyn_ui_gigienasy-4257.html

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/46515/

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушы рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушы бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушының айтқан жауабына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!